Үлкенбөкен селолық округі әкімінің 2014 жылғы есеп-беру баяндамасы. Құрметті жерлестер! Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу



Дата24.02.2016
өлшемі89.56 Kb.
#17835
Үлкенбөкен селолық округі әкімінің 2014 жылғы есеп-беру баяндамасы.

Құрметті жерлестер!

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру мақсатында жыл сайын облыстағы селолық кент округтері мен аудан,қала әкімдері жұртшылық алдында жыл бойы аткарылған жұмыстары, өңірдің әлеуметтік экономикалық, мәдени дамуы мен алдағы міңдеттері туралы есеп беруде. Бұл билік пен халықтың арасын жақындату, түйінді мәселелерді шешу, зерттеу бағытындағы оң шешім екенін өмірдің өзі дәлелдеуде.


Тұрғындардың демографиялық көрсеткіштері

Үлкенбөкен селолық округінің құрамына 3 елді-мекен кіреді: Үлкенбөкен, Жансары, Ақтас. Осы елді мекендерде 505 үй бар, онда 1766 адам тұрады. Соның ішінде:



Жұмысқа жарамсыз тұрғындар: барлығы 695

Соның ішінде: Зейнеткерлер мен мүгедектер -323 адам;

16 жасқа дейінгі балалар - 372

Жұмысқа жарамды белсенді халық -1071 адам.

Соның ішінде: бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтіндер-170 адам,

Коммерциялық құрылымдардағы жеке кәсіпкерлер-25

Ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істейтіндер – 210

Почта, байланыс мекемелерінде жұмыс істейтіндер-4 адам

Өзін – өзі жұмыспен қамтығандар 657 адам.

Тіркелген жұмыссыздар- 5

2014 жылы туған сәбилер саны-22

2014 жылы қайтыс болғандар -7 адам

Үлкенбөкен селолық округінің жалпы жер көлемі-82457 га, ауыл шаруашылығы бағытындағы жерлер-49193 га, өндірістік жерлер-50 га, орман шаруашылығының жері-5048га, су қорының жері-20 га.


Ауыл шаруашылығы

Үлкенбөкен селолық округінің агроөнеркәсіп кешеніне 53 шаруа қожалық және арнайы салық режимінде тұратын ауыл шаруашылық өнімдерін шығаратын 3 ЖШС кіреді. Осы шаруа қожалықтарының ауыл шаруашылық бағытындағы жалпы жері 49193 га құрайды, соның ішінде егістік 10422 га.

2014 жылдың ауыл шаруашылық өнімдерінің мал шаруашылығы саласындағы жалпы өнімі 2013 жылмен салыстырғанда ет өндіру 8,8% өсті. Жеке меншіктегі және шаруа қожалықтарындағы ірі қара мал: 4845 бас, қой-ешкі – 3275 бас, жылқылар - 801 басты құрайды.

Егіс алқабы 10369 га. Жалпы дәнді-дақылдарды жинау көлемі 4885 тоннаны құрайды. Үлкенбөкен жерінің байлығы картоп және көкөніс өсіруге өте қолайлы. 2014 жылы жеке сектордағы картоп жинау 309 тоннаны, көкөніс 4425 тоннаны құрады.

Бүгінде аудан әкімімен ішкі сауда-саттықты қол жетімді бағадағы өз өнімдерімізбен қамтамасыз етуді алдымызға міндет етіп отыр. Округте картоп өнімін шығару ең бірінші мәселе болып тұр. Көкеніс өсіруге «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы арқылы К.Баймолдин несие алып, егу жұмысын 2015 жылдан бастайды. Үлкенбөкен селолық округінің табиғи-климаттық жағдайы ауыл шаруашылығының тағы бір саласы- ара өсіруді дамытуға қолайлы. Шаруашылық кітабының мәліметі бойынша 152 ара ұясы бар. Ара өсірумен 14 ауыл тұрғыны шұғылданады. Келесі жылы Хощянов Кенжетай мал бордақылау алаңын ашады.

2015 жылдан бастап бүкіл облыс сүт бағытында жұмыс жасауды жоспарлап отыр. Үлкенбөкен селолық округі бойынша жеке кәсіпкер М.Нугуспанов халықтан сүт жинау жұмысымен айналысады. Мемлекеттен алынған қаржыға бүгінгі күнге 15 сауылатын сиыр және сүт бағытында жұмыс істеуге керекті құрал-жабдықтарды сатып алып, іске кірісуге дайын.

Мемлекет ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілерге қолдау көрсетеді. Бүгінгі күнге «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша 9 адам несие алып, жаңадан жұмыс орындары ашылды.
Шағын және орта бизнес

Үлкенбөкен селолық округінде шағын бизнес сауда-саттық, дәріхана бизнесі, қоғамдық тамақтану және халыққа қызмет көрсету орындарында жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлерден құралған. 2014 жылы белсенді жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлер-23, 2013 жылы -21 болған. Округте 13 дүкен бар, соның ішінде 6 азық-түлік дүкені, өндірістік және шаруашылық дүкендер-6. Дүкендерге тауарлар Өскемен және Семей, Алматы қалаларының көптеп сату базарларынан әкелінеді. Нан және нан өнімдері Самар және Көкпекті ауылдарынан жеткізіледі. Әлеуметтік маңызды тауарларға баға қоспау жөнінде жеке кәсіпкерлермен меморандумдар жасалған. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында Увалиев Ержан 3 млн. несие алып, ағаш кесу цехын ашты.

Ағайынды Умутпаевтар брусчатка жасаумен айналысып, 2015 жылы кірпіш зауытын ашуды жоспарлап отыр.
Салық жиналымы.

Үлкенбөкен селолық округі бойынша қосымша салық базасын кеңейту бойынша 2014 жылға жоспар 2 млн. 371 мың теңге, оның орындалғаны 1 млн. 24 мың  912 теңге, 43 % орындалған. Негізгі орындалмай отырған себебі, жер учаскелерін сату бойынша 26 объектінің негізгі иелері болмағандықтан, жер учаскесін сатып алу мүмкін болмай отыр. Бұл бағытта жұмыстар жасалып жатыр. «Шегелек LTD» ЖШС-нің нысаны болған 24 нысан Көкпекті ауданының Әділет басқармасында 13.03.2014ж. иесіздер есебі ретінде тіркелген.


Көріктендіру және көгалдандыру

Келесі 2015 жылдағы бүкіл еліміз үшін, бүкіл адамзат үшін ең маңызды оқиғаның бірі Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойы. Үлкенбөкен ауылдық округі бойынша осы Ұлы датаны атап өту үшін Ұйымдастыру комитеті құрылып, халық арасында «Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды» атты айдармен жүргізілуде. Бірінші кезекте ауылдың активі, яғни Ақсақалдар кеңесі, Әйелдер кеңесі, Жастар қозғалысы, шаруа қожалық басшылары, кәсіпкерлер, ауыл тұрғындары арасында қызу қолдау тапты. Бірінші кезекте ауыл әкімшілігі соғысқа қатысқандар тізімін Үлкенбөкен орта мектебімен бірлесе отырып тексеріп, түгендеді. «Тұған жерге тағзым» акциясының аясында 2,5 млн тенгеге жеңіс саябағына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Мұсылман зираттарын қоршау жұмысы 50 % орындалды, бүгінгі күнге демеушілерден 210 м.тенге қаражат жиналды, қалған 350 м.т. көктемге дейін жинап зираттарды қоршау жұмысы аяқталады.
Елді-мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету.

Үлкенбөкен селолық округіннің санитарлық тазалығын сақтау мақсатында әрбір көшеге әкімшілік қызметкерлері жауапты болып бекітілген.

Округтегі үй иелеріне көктем және күз кезінде ауласын тазалау, қоршауларын қалыпқа келтіру, сырлау, үйлерінің сыртын ағарту жөнінде ескерту қағаздары таратылады. Барлық мекемелер қызметкерлері және ауыл тұрғындарының қатысуымен сенбіліктер өткізіліп тұрады.

2014 жылы Үлкенбөкен ауылында бүгінгі күннің талабына сай мал қорымын қоршау жұмысы жәнеде малға мал дәрігерілік жұмыстарды жүргізетін мал қорғаны пайдалануға берілді. 26 қаңғыбас иттер атылып, қоқыстар шығарылып, қоқыс орындары тазаланып, т.б жұмыстар атқарылды. Сонымен бірге қоқыс, көн және басқа да тұрмыстық қалдықтар санитарлық қорғалған зонаға төгіледі. Ветеринария заңына сәйкес, малды үйде союға және кез-келген жерлерде еркін жайылуына рұқсат етілмейді. Сондықтан, 2015 жылдан бастап Қ.Баймолдин мал сою пунктін ашады.


Халықты әлеуметтік қорғау.

Округтегі зейнеткерлер мен мүгедектер саны 323. «Үйде арнаулы көмек көрсету орталығының» көмегін 5 зейнеткер мен 7 мүгедек бала алады. Округ бойынша 2014 жылы әлеуметтік көмек алғандар саны- 7 отбасы, балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы алған 31 отбасы бар. Қоғамдық ақылы жұмысқа тартылғандар-14 адам. Округ бойынша тіркелген жұмыссыздар саны-5 адам.

«Өрлеу» бағдарламасы бойынша 14жағдайы төмен отбасы шартты ақшалай көмек алады.

Білім беру.

Округте 1 «Мектеп балабақша кешені» және 1 агротехникалық колледж жұмыс істейді. Мектепке дейінгі тәрбиелеумен 76 бала қамтылған. Мектепте 224 оқушы білім алады. Оқытушылар құрамы толығымен жабдықталған, 44 мұғалімнің 37 жоғары білімді. 9 мұғалім жоғарғы санатты, 1 санатты – 17, 2 санатты – 10 мұғалім.

2013 жылы мектеп түлектері ұлттық бірыңғай тестілеуден орташа ұпай 79,8% алып, аудан бойынша 2 орында болса, 2014 жылы 94,5% құрап жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп 1 орынға ие болды.

Тегін тамақпен 1-4 сынып оқушылары 99 бала қамтылған. 100% ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.

2014 жылы мектеп төбесі күрделі жөндеуден өтті. Құны 16 895 мың теңгені құрайды.

Самар агротехникалық колледжінің жалпы қызметкерлері – 39 адам.

Жалпы оқытушылар құрамы ішінде 1 оқытушы жоғары санатты, 3 оқытушы және бір өндірістік оқыту шебері 1санатты, 4 оқытушы және 2 өндірістік оқыту шебері 2 санатты. 11 оқытушы жоғары білімді, 3 арнаулы орта білімді.

2014 жылдың 1 қыркүйегінде оқушылар құрамы 62 студентті құрады. Соның ішінде келесі мамандықтар бойынша әзірленеді:

-«дәнекерлеу ісі», біліктілігі «электросварщик» - 5 оқушы

- «Техникалық қызмет көрсету және ауыл шаруашылық техникасын жөндеу», біліктілігі «тракторист- машинист»- 29 оқушы.

- «Тамақтануды ұйымдастыру», біліктілігі «аспаз» -21 оқушы

- «Тамақтануды ұйымдастыру», біліктілігі «официант-бармен» -5 оқушы

Жоғарыда көрсетілген мамандарды сапалы даярлау үшін оқыту-өндірістік кешенде теориялық оқытуға жабдықталған 11 іс бөлме бар, дәнекерлеу ісін өндірістік оқыту бөлмесі, аспаздарды өндірістік даярлау зертханасы, жөндеу шеберханасы, тракторист-машинисттерді даярлау зертханасы бар.



Инфроқұрылым.

2010 жылы MS-240 сандық станциясы іске қосылып, Үлкенбөкен ауылына 320 номер қосылды, соның ішінде 29 заңды тұлғалар:

Интернет желісіне қосылғандар саны – 132. Жылдамдығы: 4 мБит/с.

Жансары ауылында 19, Ақтас ауылында 19 сымсыз радиотелефон орнатылған. Барлығы округ бойынша 358 телефон жұмыс істеуде.

Көкпекті аудандық телекоммуникация түйінімен Үлкенбөкен ауылының кабель жүйесіне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ауыл турғындарынан байланыс сапасына шағымдар жоқ.

Округте 15 КТП бар. Жыл сайын көктем-жаз айларында санақ және ағымды жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Округ бойынша электроэнергия тапшылығы жоқ.


Денсаулық сақтау.

Тұрғындарға кепілді медициналық көмекті жергілікті дәрігерлік амбулатория көрсетеді. Меңгерушінің міндетін атқарушы Ж.О.Умутпаева. 7 арнаулы орта білімді мамандармен және 2 тех. жұмысшымен толығымен жабдықталған. Бір жедел жәрдем автокөлігі бар. Емхана ағымдағы жөндеуден өткен. 2014 жылы амбулаториялық қаралғандар-1968, үйде қаралғандар-1820 адам.

2013 жылы өмірге 17 сәби келсе, 2014 жылы 22 сәби дүниеге келді. Қайтыс болғандар саны 2013 жылы-12, 2014 жылы-7 адам. Ағымдағы жылы туберкулез, бруцеллез ауруымен ауырғандар жоқ. 2014 жылы тұрғындарды жаппай флюрографиядан өткізу жұмыстары жүргізілді. 640 адам флюродан өтті.

Дәргерлік емхана қызметкерлеріне ауыл тұрғындарынан түскен арыз шағымдар жоқ.



Мәденит және спорт салалары бойынша

Әкімшіліктің ұйымдастыруымен өтетін мәдени іс-шараларға мектеп балабақша кешені, агротехникалық колледж, аурухана қызметкерлері және ауыл шаруашылығы жұмысшылары қатысады. «Халықтың рухани байлығы – өнер», сол өнерді іске асырып, көрсететін мәдениет қызметкері Қ.Баймолдина. Өткен 2014 жылы ауыл тірлігіне мәдениет саласы өз үлестерін қосты. «Ел іші-өнер кеніші» демекші жыл бойы үлкен кішілі мерекелер атаусыз қалғаны жоқ. Өткен жылғы 8-ші наурыз Халықаралық әйелдер күні, Наурыз мейрамы, Ұлы Жеңістің 69 жылдығы, Ата Заң күні, Тәуелсіздік Күні сияқты мемлекеттік мерекелер жоғарғы деңгейде аталып өтті. Ауылымыздың өнерпаздарына – өнерлерін өрге жүзіп, әрқашан биіктен көрінуін тілеймін. Үлкенбөкен ауылында ауданы 450,5 шаршы метр болатын клуб үйі бар. Жаз айларында ауыл жастарына орталық сахна алаңында дискотека, би кештері өткізіліп отырады. Клуб үйінің апатты жағдайда екені бәрімізге аян, осы 2015 жылы сметалық құжаттары жасалса, жөндеу жұмыстары басталады.

Үлкенбөкен және Ақтас ауылдарында кітап қоры 12640 дананы құрайтын кітапхана бар. Округе үнемі республикалық, облыстық және аудандық газеттерге жазылу жұмыстары жүргізіледі. Әр отбасының ауданда болып жатқан жаңалықтармен таныс болу үшін, аудандық газетке жазылушылар санын жылдан жылға көбейтуіміз қажет.

Мәдениет пен спорт егіз! Екеуі де өнердің екі буыны. Бұл бағытта бас маман Е.Жотабаев мектептің денешынықтыру ұстаздарымен ауылдағы спорттық шараларды ұйымдастырып өткізеді. Ауылдық әкімшілік және жастар саясаты мектеп балабақша кешені, агротехникалық колледж ұжымы тығыз байланыста жұмыстар атқарады. Өткен жылы аудан әкімінің арнайы жүлдесіне өткізілген спартакиадада Үлкенбөкендік спортшылар командалық есепте жүлделі төртінші орынды жеңіп алды. «Қазақ күресінің» де деңгейі көтерілуде. Бұл жерде мектептің спорт жаттықтырушысы Д.Данабековтың еңбегі айырықша екені сөзсіз. 2014 жылдың 29 желтоқсанда аудандық хоккей жарысы өтті. Үлкенбөкендіктер 1 жүлделі орынды алды.



Құқықсақтау саласы.

Округтің әкімшілік ғимаратында полицияның тіректі пункті бар, учаскелік инспектор полиция капитаны Қ.Бытымбаев. 2013 жылы округ бойынша 17 қылмыс болса, 2014 жылы 5 қылмыс тіркелген. Былтырғы жылмен салыстырғанда қылмыс жасау 70% азайған. Әкімшілік жауапқа тартылғандар 2013 жылы 96, 2014 жылы 108. 2014 жылда маскүнемдіктен емделуге 3 адам жіберілген.



Қоғамдық- саяси жағдай

Ауылдың қоғамдық өміріне ардагерлер алқасы, ақсақалдар алқасы, әйелдер кеңесі белсене араласады. Олар ұлтаралық татулықты сақтауға, бірлік пен ынтымағымызды жарасты етуге көп үлестерін қосуда. Ақсақалдар алқасының төрағасы К.Темірғалиев, әйелдер кеңесінің төрайымы Б.Нугуспанова. А.Нургожина, Л. Осипова, Н.Керенцев, Жансары ауылында Б.Оразбаева, Р. Дарабаева, Ақтас ауылында Б.Уксомбаева, Ж.Утеджанова сынды үлкендеріміздің белсенді азаматтық көзқарастарын айта кеткім келеді.



Елбасы Н.Назарбаев «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында: «Ел бірлігі - біздің барша табыстарымыздың кілті. Тұрақты дамудың қазақстандық моделі бүгінде бүкіл әлемге үлгі» деген болатын. Сондықтан татулығымыз жарасып, бейбітшілікте өмір сүре берейік, ағайын.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет