ҚЎлпыбаев с


сызба. Қаржылық ресурстардың (қорланымдардың, қорлардың) сыныптамасы



бет27/315
Дата24.11.2023
өлшемі3 Mb.
#484375
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   315
каржы-кулпыбаев-2007

1.6 сызба. Қаржылық ресурстардың (қорланымдардың, қорлардың) сыныптамасы


БЮДЖЕТТЕН ТЫС ҚОРЛАР
Жеке меншіктік


Меншік нысандары бойынша қ о р л а р
Ұжымдық

Қоғамдық

Аралас

Мемлекеттік



Мақсатты белгісі бойынша (пайдаланылуы бойынша)

Экономикалық

Әлеуметтік

Ғылыми зерттеу (инновациялық)

Экологиялық (табиғат қорғау)

Мәдени арналы (ізгілік)

Құрамдастырылған

Басқа (көші-қон және т.б.)



Басқару деңгейі бойынша



Мемлекетаралық

Ұлттық

Жергілікті (өңірлік)



Жасалу әдісі бойынша

Міндетті

Ерікті

Қаржылық қатынастар өзінің экономикалық табиғаты жөнінен бөлгіштік қатынастар болып табылады, оның үстіне құнды бөлу ең алдымен субъектілер бойынша жүзеге асырылады. Сондықтан қоғамдық өндірістегі субъектілердің рөлі қаржылық қатынастар жіктемесінің алғашқы объективті белгісі ретінде көрінеді.


Қаржылық қатынастар негізінен мына екі сфераны қамтиды:
1) мемлекеттік бюджетке жинақталатын мемлекеттің орталықтандырыл­ған ақшалай қаражаттарын қалыптастырып, пайдаланумен байланысты болатын экономикалық ақшалай қатынастар;
2) кәсіпорындардың орталықтандырылмаған ақшалай қаражаттарының толық айналымын ортақтастыратын экономикалық ақшалай қатынастар.
Қаржылық қатынастардың буындарына тән болып келетін тиісті орталық­тандырылған және орталықтандырылмаған ақшалай қорлардың жиын­тығы қаржы жүйесінің екінші бөлігін құрайды.
Қаржының материалдық мазмұны өзінің көрінісін бюджеттік, мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік сақтандыру және қамсыздандыру, амортизациялық, айналым қаражаттары, тұтыну, резерв және басқа көптеген ақшалай қорларды кіріктіретін қаржылық ресурстарды қалыптастырып, пайдалануда табады (1.5 сызбаны қараңыз). Бір қорлар едәуір дәрежеде, біреулері аз дәрежеде орталықтандырылған. Бір қорлар үнемі жұмсалады (тұтыну қоры), басқалары уақытша сақталады (резервтік капитал), үшіншісі қорланады (амортизациялық аударымдар).
Қаржылық қатынастардың нысандары қаржылық ресурстар және ақшалай қаражаттардың қорлары басқарылатын материалдық объектіні құрайды. Басқарушы субъект қаржыны басқарудың мемлекеттік, өндірістік және қоғамдық аппараттарының жүйесі – қаржылық аппарат болып келеді, бұл қаржы жүйесінің үшінші бөлігі болып табылады. Қаржылық қызметті ұйымдастыру мен жоспарлау үдерісіндегі экономикалық және бақылау жұмысымен, қаржылық қатынастар буындарының байланысын жетілдірумен айналысатын қаржылық аппарат қаржы жүйесінің басқа бөліктерімен қабысып, етене ұштасып жатады. Бұл қаржы жүйесінде базистік қатынастардың да, қондырмалық қатынастардың да айқыш-ұйқыш тоқайласуын және оның басқарымдылығын білдіреді.
Қаржы жүйесін құрудың негізіне мына қағидаттар қойылған:
Мемлекеттердің көпшілігінде қаржы жүйесін құрудың қағидаты – фискалдық (қазыналық) федерализм қағидаты.
Қаржы жүйесін ұйымдастыруда централизм мен демократизмнің үйлесуі. Мемлекеттік қаржы органдары тарапынан болатын орталықтандырылған басшылықпен бір мезгілде жергілікті қаржы органдарына және шаруашылық жүргізуші субъектілерге кең құқық пен дербестік берілген.
Бұл қағидат жергілікті қаржы органдарының тиісті жергілікті әкімшілікке және жоғарғы қаржы органдарына екі жақты бағынышты жүйесін алдын ала айқындайды.
Салалық қаржыларды басқарудағы демократиялық негіз шаруашылық жүргізуші органдарға капиталды (негізгі және айналым капиталдарын) бекітіп беруге, оларға әр түрлі мақсатты арналымның ақшалай қорларын жасауға және оларды пайдалануға құқық беруде көрінеді. Жоғарғы органдар өзінің құзыры шегінде салалық қорлар мен резервтерге орналастырылатын қаражаттардың бір бөлігін қайта бөлу туралы шешім қабылдайды, оларды мақсатты пайдаланудың тәртібін анықтайды.
Кәсіпкерлік секторда қаржылық дербестік неғұрлым толық көрінеді: оның қатысушылары мемлекеттің қаржы жүйесі алдындағы міндеттемелерді орындағаннан кейін қаржылық ресурстарды еркін иемденеді.
Ұлттық және өңірлік мүдделерді сақтау. Өңірлерді дамытудың әлеуметтік жағынан қабылдауға болатын деңгейі сияқты бұл қағидаттың талаптары да қаржылық қатынастарда ұлттық теңдікті қамтамасыз етуге шақырады. Қаржы жүйесін құрудағы оның көрінісі мемлекеттік қаржы органдары құрылымының ұлттық-мемлекеттік және әкімшілік-өңірлік құрылымына сай келуі. Әрбір облыста, ауданда және қалада қаржы органдарының тиісті аппараты бар. Төменгі құрылымдарда арнаулы қаржы органдарының болмауы мүмкін, онда олардың функцияларын жергілікті әкімшіліктің аппараты атқарады. Федеративтік құрылысы бар көп ұлтты мемлекеттерде бұл қағидаттың маңызы айтарлықтай артып отыр.
Қаржы жүйесі бірлігінің қағидаты орталық қаржы органдары арқылы мем­лекеттің жүргізіп отырған бірыңғай мақсаттарымен алдын ала айқындалып отырады. Қаржылардың барлық буындарын басқару бірыңғай негізгі заңнамалық және нормативтік актілерге негізделеді. Қаржы жүйесінің бірлігі қаржылық ресурстар­дың басты көздерінің ортақтастығында (бірлігінде), олардың қоз­ғалысының өзара байланыстығында, қажетті қаржылық көмек көрсету үшін қаражаттарды өңірлер, салалар арасында қайта бөлуде болып отыр. Қаржы жүйесі бірлігінің қағидаты экономиканы басқарудың барлық деңгейлерінде жасалатын қаржы жоспарлары мен баланстардың өзара үйлесу жүйесінде өзінің нақтылы қөрінісін табады.
Қаржы жүйесінің жекелеген құрамды элементтерінің функциялық арналым қағидаты қаржының әр буыны өз міндеттерін шешіп отыратындығынан көрінеді. Оған айрықша қаржылық аппарат сәйкес келеді. Мемлекеттік бюджеттің ресурстарын құрып, пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жүзеге асырады.
Бюджеттен тыс қорлардың (ресурстардың) мақсатты міндеттерін тиісті аппараттар анықтайды және шешеді немесе белгілі бір министрліктің және үкіметтің басқаруына беріледі.
Ұлттық шаруашылықты басқарудың сатылас қағидаты жоғарғы органдар (министрліктер, ведомстволар, холдингтер, ассоциациялар, бірлестіктер) деңгейінде де, сондай-ақ төменгі (фирмаларда, компанияларда және т.б.) деңгейде де қаржылық аппараттың тиісті құрылымын байланыстырады (қамтамасыз етеді). Бұдан басқа, қаржылық аппаратты ұйымдастыруда акционерлік, бірлескен, аралас, кооперативтік, сондай-ақ қоғамдық кәсіпорындар мен ұйымдарды басқарудың ерекшеліктері бейнелеп көрсетіледі.
Қазіргі кезде қаржы жүйесі терең өзгерістерге ұшырап, қайта құрылуда. Каржы жүйесін қайта құрудың басты міндеті оның Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуын тұрақтандырып, одан ары тездетуге қаржы жүйесінің ықпал етуін күшейту, жиынтық ұлттық табыстың, қаржылық ресурстардың үздіксіз өсуін қамтамасыз ету, қоғамдық өндірістің барлық буындарында шаруашылық-коммерциялық есептерді нығайту болып табылады.
Рыноктық қатынастар барысында қаржы жүйесінің рөлі мен маңызы шұғыл артады. Қаржы-кредит секторы рыноктық механизмдердің негұрлым тиімді жұмыс істейтін секторларының біріне айналуы тиіс.
Қаржы және ең алдымен бюджет жүйесі ішкі жалпы өнімнің өсуіне және оның басты бөлігі – ұлттық табысқа, макро-және микроэкономика кәсіпорындарының, фирмаларының және салаларының дамуына және халықтың көптеген жігінің хал-ахуалына айтарлықтай ықпал жасайды.
Қоғамда істің жайы қаржылық ахуалмен анықталады, сондықтан тұрақтану мен дамудың бағдарламасы бірінші кезекте экономиканың тиімділігін арттыру жөніндегі жалпыэкономикалық шараларды іске асыруды қарастыруы тиіс. Бұл шаралардың қатарында – өндірістік қатынастарды жетілдіру, экономиканы әлеуметтік қайта бағдарлау, ұлттық шаруашылықтың құрылымын жаңғырту, ғылыми-техникалық прогресті тездету, сыртқы экономикалық қызметті жандандыру, ішкі өндіріс есебінен тұтыну рыногын толықтыру проблемасын шешу шаралары және тұр. Қаржылық шаралардың ішінде инвестицияларды оңтайландыру, басқару аппаратын ұстауға жұмсалатын шығындарды азайту, шаруашылық жүргізудің барлық деңгейінде үнем режімін қатаңдандыру қажет; экономиканың төменгі деңгейлерінде залалдықты болдырмау, коммерциялық есепті дамыту, қаржы жүйесінің барлық буындарында қаржылық өзара қарым-қатынастарды индикативтік реттеу қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   315




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет