Кәсіпорын экономикасы пәнінен ДӘріс материалдары



Pdf көрінісі
бет1/25
Дата17.09.2023
өлшемі0.54 Mb.
#477750
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
дәріс материалдары КЭ



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ 
МИНИСТРЛІГІ 
АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 
 
 
 
 
Кәсіпорын экономикасы
пәнінен 
ДӘРІС МАТЕРИАЛДАРЫ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Алматы
 


Модуль 1. Ұлттық экономика жүйесіндегі кәсіпорынның орны 
МБ-1.1. Кәсіпорын - экономикалық жүйенің негізгі буыны ретінде 
1. Кәсіпорынды дамыту, құру және оның негізгі мақсаты 
2. Кәсіпорынның түрлері мен ұйымдық құрлымы 
1. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын экономикасының барлық негізгі бағыты, 
өндіріс салаларының тиімділігін арттыру, өндірілетін өнім көлемі, тұтыныушылардың сұранысы, 
өнімнің саны мен сапасы жағынан жоғарғы көрсеткіш деңгейіне жеткізуге бетбұрыс жасау. Бұл 
тұрғыда кәсіпорынға ресурстарды үнемді пайдалану жоғарғы еңбек өнімділікке істейтін техника 
және технологияны меңгеру қажет.
Біздің елімізде кәсіпорынның экономикалық өмірі мемлекеттік, акционнерлік, кооперативтік
аралас кәсіпорын және кооперация туралы заңдар арқлы және басқада кооперативтік ұйымдардың 
жарғылары арқылы реттеліп отырады. Кәсіпорынның қай түрі өз ісінің нәтижесіне жауап беретін 
заңды шаруашылық орны. Әр кәсіпорын шаруашылық, коммерциялық есептің негізінде қоғамдық 
және ұжымдық, оның мүшелерінің мүддесін көздейді. Матриал, еңбек, қаржы ресурстарын тиімді 
жұмсап өз шаруашылығын нәтижелі ұйымдастыру шарт.
Қоғамдық еңбек бөлісінің орын алуы және кәсіпорынның экономикалық жағынан бөлектенуінен 
олардың өндірген өнімі тауар формасын алады. Ол айырбас, сату, сатып алу сатысынан өте 
отырып қоғамдық тұтынуды қанағаттандырады.
Кәсіпорын бұл өнім өндіріп оны өткізетін, істелген жұмыстар мен көрсетілген қызметтер 
нәтижесін сата алатын заңды құқы бар дербес шаруашылық. 
Өндірістік жүйе ретінде кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасы болады. Сыртқы ортаға 
экономикалық саясат құқықтық жағдай, әлеуметтік, экологиялық, технологиялық жағдай жатады. 
Ішкі ортаға еңбек ресурстары бәсекелестік, техника және технология, маркетинг және т.б. жатады.
Кәсіпорынның нарықтық экономикадағы негізгі мақсаты бәсекелесуге қабілетті өнім шығару 
арқылы неғұрлым көп пайда табу және ең аз шығын мен жоғарғы сұранысқа ие өнім шығару 
болып табылады. 
Кәсіпорынның негізгі атқаратын функциялары: 
Өндіріске және жекеше тұтынылатын өнім шығару; Тұтынушыға өнімді жеткізу, сату; 
Кәсіпорындағы өндірістік материалды техникамен жабдықтау; Кәсіпорын жұмысшыларының 
еңбегін ұйымдастыру және басқару; Кәсіпорындағы өндіріс көлемін жан-жақты дамытып ұлғайту. 
Кәсіпкерлік Салықтарды төлеу, қаржы ұйымдарының міндетті және міндетті емес төлемдерін 
орындау; Мемлекеттік заңдарды нормативтер мен стандарттарды орындау. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет