Ұлттық Банкінің ресми бағамы теңгенің шетел валютасына Қазақстан қор биржасының негізгі сессиясында қалыптасқан орташа өлшелген биржалық бағамы болып табыла ма? Валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын қалай қолдануға болады?
«Валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын анықтау тәртібін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2002 жылғы 23 желтоқсандағы № 629 бірлескен бұйрығының және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 23 желтоқсандағы № 512 бірлескен қаулысының (бұдан әрі – бұйрық/қаулы) 1-тармағына сәйкес Қазақстан қор биржасының ертеңгілік (негізгі) сессиясында (бұдан әрі – сессия) сауда-саттық өткізілетін (жүргізілген) шетел валюталары бойынша валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы теңгенің Алматы уақытымен 11-00 сағаттағы жағдай бойынша сессияда қалыптасқан осы валютаға шаққандағы орташа өлшелген биржалық бағамы ретінде анықталады, ал сессияда сауда-саттық өткізілмеген (жүргізілмеген) шетел валютасы бойынша валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы Алматы уақытымен 15-00 сағаттағы жағдай бойынша қалыптасқан АҚШ долларына кроссбағамын пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі есептейді.
Көрсетілген тәртіппен анықталған валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы сессияда сауда-саттық өткізу күнінен кейінгі келесі күн қолданылады (бұйрықтың/қаулының 2-тармағы).
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 56-бабына сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы айқындайтын тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгiлейдi.
Бұл ретте, ҚР Ұлттық Банкi Ақша-кредит саясаты жөніндегі техникалық комитетінiң 2003 жылғы 23 мамырдағы № 21 шешіміне, сондай-ақ «Теңгенің шетел валютасына ресми бағамын белгілеу механизмі туралы» 2003 жылғы 6 маусымдағы № 013 баспасөз-релизіне сәйкес, бұйрықпен/қаулымен белгіленген нарықтық бағамдар 2003 жылғы 9 маусымнан бастап сондай-ақ «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 56-бабында айқындалған өкілеттіктерге сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкінің ресми бағамдары болып табылады.
Осылайша, қазіргі уақытта теңгенің ресми бағамының бұйрықта/қаулыда көзделген тәртіппен анықталған валюталар айырбастаудың нарықтық бағамынан айырмашылығы жоқ және Ұлттық Банктің ақпараттық сайтында валюталар айырбастаудың ресми (нарықтық) бағамы ретінде жарияланады.
Сонымен қатар, жаңа Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты валюталар айырбастаудың нарықтық бағамының Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 36 бұйрығында және «»Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 4 қаулысында белгіленген тәртіппен анықталатынын Сіздердің назарыңызға жеткіземіз. Осы нормативтік құқықтық акт Әділет министрлігінде 2009 жылғы 27 ақпандағы № 5570 тіркелген және ол алғашқы жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі қазіргі уақытта осы актіні жариялау жөніндегі іс-шараларды жүргізуде.
Бұл ретте, көрсетілген нормативтік құқықтық актімен белгіленген валюталар айырбастаудың нарықтық бағамын анықтау тәртібі бұрынғыша қалды, осыған байланысты оны ол алғашқы жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін басшылыққа алу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |