Ұлттық лириканың туу, дамуы және тарихи даму негіздері Орындаған: А. Ибраева Ғылыми жетекшісі: А.Қажыбай Тақырыптың өзектілігі



бет1/4
Дата10.03.2023
өлшемі1.02 Mb.
#470600
түріДиплом
  1   2   3   4
Слайд дипломдық


Ұлттық лириканың туу, дамуы және тарихи даму негіздері
Орындаған: А.Ибраева
Ғылыми жетекшісі: А.Қажыбай
Тақырыптың өзектілігі.Ұзақ уақыт бойы қордаланып қалған мәселелерді оңды шешудің бір жолы – өткен ХХ ғасырдың әр жылдарында қазақ лирикасының дамуын әр қырынан алып тексерген ғалымдар еңбектерінің астарына үңілу, сол арқылы олардың ұлт әдебиеттану ғылымының дамуына қосқан еңбектерін анықтап, сараптау – бұл жұмыс тақырыбының өзектілігіне сеп болмақ.
Дипломдық жұмыстың басты мақсаты – қазақ лирикасының күретамыр түпқайнарларын айқындап, қалыптасу, даму жолдарын ашып-анықтауды және соның барысындағы тақырыптық, проблемалық, жанрлық, формалық өзгерістерді біртұтас бірлікте парықтап-пайымдау.
Міндеттері:
  • Қазақ лирикасының жанрлық дамуын, әдебиеттегі тарихи және көркемдік шындық пен типтендірудің теориялық негіздерін айқындау.
  • Көне түркі жазба ескерткіштердегі лирикалық белгілерді бажайлап, қазақ лирикасының фольклорлық дәстүрін аңдату;
  • Анықтап, поэтикасын, стиль мәселесін көрсетіп, жаңашылдығын, дәстүр сабақтастығын саралау, жанрлық-поэтикалық үрдістерді ғылыми тұрғыдан зерделеу арқылы поэзиялық шығармалардағы авторлық таным, стильдік даралық және ортақ тақырыптық сипаттарды зерделеу, ғылыми-теориялық негіздеу;

А.Байтұрсынұлы өлең сөзді талдаудың қандай үлгісін көрсетті десек, ол төмендегіше ретті құрайды:

А.Байтұрсынұлы

  • А.Байтұрсынұлы
  • Сап толғайу Марқайыс Налыс
  • Ойламалдау Сұқтаныс Намыстаныс
  • 1. Сөгіс толғауы яки даттау. Мазақ

    2. Күміс толғауы яки күлкілеу. Мысқыл

    3. Масқаралау Қулық

    Сықақ Әзіл

Абай Құнанбайұлы – ғасырлар бойына алалы жылқы, ақтылы қойын шұбыртып, қыс қыстау, жаз жайлау арасында көшпелі өмір кешірген қазақ халқының еркінен тыс бір сападан екінші сапаға ауысу процесі қауырт басталған, яғни орыс отаршылдығының зорлық-зомбылығының нәтижесінде өркениеттің өзге сатысына біржолата бет бұрған кезеңнің ғұламасы.


«Рух саласындағы аса ұлы құбылыстардың өткел ретіндегі мәні әрі аяқтау, әрі бастау болып табылады. Олар аралық міндетті атқарып, тек белгілі бір тарихи дәуірдің еншісіне ғана бұйырған ақиқатты айқындайды; ал мұның бейнесі адамдардың жадында өшпестей сақталады, бірақ ендігәрі қайталануы да, тыңнан тууы да мүмкін емес. Адамның ұлылығы, бәлкім, осындай өткелден өрбіп-өнетін болар».
Карл Ясперс
«Абай – өз ортасының Данте сияқты адамы», – деп оның бойынан ренессанстық, тың реформаторлық сипат іздеуі әсте тектен-тек емес.
Құдайберген Жұбановтың
ХХ ғасырдың басында-ақ Алаш арыстарының көшбасшысы Ахмет Байтұрсынов Абайға «Қазақтың бас ақыны» деп, ал Мағжан Жұмабаев «Хакім ақын» деп, Сұлтанмахмұт Торайғыров «Ақындар пайғамбары» деп лайықты бағаларын берген.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет