1.2 Қозғалыс ойындардың тәрбиелік мәні
Қозғалыс ойындарды пайдалану арқылы оқушылардың дене қасиеттерін тәрбиелеу үшін, қозғалыс ойындар туралы мәселені анықтап алуды жөн деп білеміз.
Дүние оның құбылыстарының әлеуметтік негіздерінде байланыссыз ештеңе жоқ. Олай болса, халықтың ғасырлар бойы жасаған тәрбие құралдары да бірін-бірі толықтырып, бір-бірімен ұштасып, байланысып, қиюласып жатады. Бұл тұрғыдан келгенде қозғалыс ойындар халық педагогикасының ажырамас бір саласы, ол халықтың ділдің (менталитеттің) түп негізі, қозғалысқа тән қасиеттердің ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші, салт-санамен, әдет-ғұрып, дәстүрлерді жалғастырушы, этностың өзіндің ерекшелігін жастардың бойында алғаш рет психологиялық жағынан негіздеп ерекшелеп көрсетудің аса қолайлы қарапайым жолдарын жасаушы. Сондықтан ол халық педагогикасын толықтырып, мазмұн жағынан бірін-бірі байытып отыратын, қос өзеннің бір жерге келіп тоғысқан екі арнасы іспеттес. Халық педагогикасы қозғалыс тәрбиесіне қатынасты барлық өмірлік негіздерді қамтып, олардың күш қуатын қозғалыс ерекшелікті даралай көрсете отырып, бүкіл адамзат қауымымен үндестіре, қиюластыра дамытуға күш-қуат жұмсайды. Қозғалыс ойындары халық педагогикасының қомақты бір бөлігі ретінде, аса белсенді, үнемі өзгеріп үздіксіз келіп жататын ұрпақ арқылы жаңара беретін бөлігі болып табылады. Сондықтан оның атқарар қызметі кең өрісті-салмақтылығы мықты салауатты өмір салтын мұрат тұтқан, асыл жанды арманшыл, елі мен жерінің қамын ойлайтын, қозғалысқа тән нәрсенің бәрін қадір тұтатын білетін, жолдастық пен достықты бағалай алатын интернационалист, басқадан үйренуді жатсынбайтын, дара тұлға жаңа адамды тәрбиелеп шығарудың құралы.
Қозғалыс ойындары ұжымдық ой-қиялдан бас құрап, жеке адамдардың игілігіне асатын, қозғалыс өкілдерін түгел қамтитын тұтас қозғалысқа тән рухани қазына. Қозғалысқа тән дейтініміз қозғалыс ойындары сол қозғалыстың өсіп жетілу барысындағы ұзақ жолда пайда болып, оның санадағы ұрпағының рухани азығына айналған, қиялын қозғап, қозғалыс болмысы мен өзіндік ерекшелігін қалыптастыруға игі әсерін тигізген.
Осы тұрғыдан қарағанда халық ойындары қозғалыс ғасырлар бойы жасаған, іріктеліп, сұрыпталып бізге жеткен мәдени мұралардың заңды бір саласы, оның игілігіне қызмет ететін онын жас ұрпағын жетілдіріп шындайтын әлеуметтік педагогикалық мүмкіншілдігі зор тәрбие құралы. Ұзақ жылғы зерттеулерге қарағанда қозғалыс ойындары атадан балаға мұра болып келе жатқан рухани, мәдени қазына. Ол халықтың сәби шағы мен бүкіл өскелең дәуірдің куәсі ретінде, адам баласының фантазиялық ой-жүйесінің жемісі ретінде де оны үйренудің, зерттеудің және оның заманымызға жарасымдыларын бүгінгі ұрпақты оқытатын тәрбиелік маңызы бар деп білеміз.
Қозғалыс ойындары халық педагогикасының құрамды бөлімі бола отырып, ол өзін дүниеге әкелушілерінің есеюіне, ақыл-ойының жетіліп, толысып қалыптасуына, олардың әркезде көңілдерінің түрленіп, өмірге құштарлығының артуына, жасампаздық көніл күйінің көтеріліп, дене қуатының молығуына, адамгершілік қасиеттердің қалыптасып жетіле түсуіне әсерін тигізеді. Қозғалыс ойындарының осы қызметін жақсы танып білген адам баласының алдынғы қатарлы ақыл-ой, парасат иелері әркез оны жоғары бағалап, ұмыт болудан сақтап, оны жиып-теріп қағаз бетіне түсірумен байланысты.
Қазақ халқының рухани байлығын оның ішінде қозғалыс ойындарын алғаш рет қағаз бетіне түсіріп әлем жұртшылығына паш еткен бүгінде бізге белгілері Италия саяхатшысы Плано Карпини ХІІІ ғасырда Жетісу, Тарбағатай өлкелерінде болған кезде, осы өлкедегі халықтың тұрмысын, әдет-ғұрыптарын, ойын-сауықтары жайлы көптеген этнографиялық материалдар жинап жазып кеткен [6].
Солай бола тұрса да, тіпті, бергі ХІХ ғасырдың екінші жартысына дейін халқымыз жасаған басқада рухани байлығы секілді, қозғалыс ойындары да өзінің баға жетпес қызметін, тек ауыз екі ғана орындап, ел есінде сақталып, жаңа ұрпақпен жанарып, дамып өзгеріп, толысып бізге дейін жетті. Кейін жаңа толқын, жас түлек әр қозғалыс зиялылары қозғалыс ойындарының бойынан өзгеше бір қасиет танып, үдіре өсіп, өркен жайып келе жатқан өркениттің керегіне таратып, өгейсімей әлем алдында, әлем жұршылығына, әлі әлемге танылмаған халықтың мәдени қазынасы ретінде қозғалыс ойындарын сол кезде шығып тұратын күнбе-күнгі басылым беттерінде үзбей жариялап, өз пікірлерін білдіріп тұрды.
Әр кез, әр қозғалыс өкілдерінің кезінде көшпенділер атанған елдің тұрмыс-тіршілігі, ойын-сауықтарына көңіл бөлуі, зерттеуі, сол арқылы өздерінің жүрек жарды пікірін айтулары тегін емес. Біздің пікірімізше оның себебі, біріншіден, ойын атаулының ешкімді де,ешуақытта жайбырақат қалдыра алмауынан болса; екіншіден, ойын шекара дегенді білмейді, өйіткені ойын тілі біреу, ол әр халықтың сәбилік кезеңімен орайласс келіп рухани жақындастыра түседі; үшіншіден,ойын арқылы халықтар арасында түсіністік орнап, өзгелерді танып білуге деген ынтасын артырады; төртіншіден, ойын интерноционалдық тәрбиенің жаршысы, халықтың психологиялық ақуалын білудің, зерттеудің құралы; бесіншіден, ойын арқылы белгілі бір халықтың өмірбаянын зерттеп білуге кең жол ашады, қозғалыс ойындарын этнографиялық материал ретінде пайдаланады.
Олай дейтініміз қозғалыс ойындары туралы алғашқы пікір айтушылар мен оның жеке нұсқаларын жинаушылардың қай қайсысы болмасын, көшпелі халықтың өздерінің мұндай өрелі өнерді күтпегендіктерін сөз етеді. Неміс ғалымы А.Гумбольттың достарына жазған бір хатындағы пікіріне көңіл аударып көрейік; «мен қазақ ауылында болған кезімді өмірімнің аса бір қуанышты кезеңі деп есептеймін. Себебі, көшпелі халықтың біздерге көрсеткен сый-құрметімен ойын-сауықтары естен кететін шаруа емес... Мен өмірімде осындай қысқа уақыт ішінде мұндай үлкен тарихтан осынша материал жинап көрген емес едім, бірақ бұл кең дүниенің ортасында болғандықтанда солай болуы керек» - деп ағынан жарылған [7].
ХІХ ғасырдың бірінші жартысында қазақ даласын аралаған поляк халқының өкілі А.Янушкевич қазақ халқының тұрмысын әр қырынан суреттей отырып, олардың өнерінің, ойын-сауықтарының өзіне қатты ұнағанын айтакеліп,былай дейді; «Кешкісін біздің үйде бір қазақ болды. Ол әр түрлі аңдармен құстардың, әсіресі түйенің,құланның, бүркіттің даусын айныпай салады. Бұны одан артық айнытпай салу ешкімнің қолынан келмейді» [8].
Халықтың жасаған рухани мұралар саналуан. Солардың ішінде өршіл арманға меңзейтін шытырман оқиғалы, қиял ғажайып әңгімелер,тіл дамыту, ой өрісін кеңейту, ойлау мүмкіншілігін байытудан туындайтын жаңылтпаш, балалар ертегілері, балалар ойыны, ойын- сауық жоралғылары туғызады. Осылардың бәрі сайып келгенде тәрбие мүмкіншілігін арттырып ауқымын кеңейте түседі.
Осыдан болар кезінде М.О.Әуезовтың қозғалыс ойындары туралы айтқан мына сөздері ойға орала береді; «Біздің халқымыздың өмір кешкен – ұзақ жылдарында - дейді ұлы Мұхтар Әуезов, - өздері қызықтаған алуан ойын өнері бар ғой. Ойын деген, менің түсінуімше, көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған» [9].
Ұлы ойшыл, ғалым, заманымыздың ззағар жазушысы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың бұл пікірімен толық келісе отырып, қазақ өмірінің өткеніне көз жіберсек әрбір күзгі, қысқы шаруашылықтың табысты аяқталуынан кейін, сәтті аяқталған аңшылықтан соң немесе ел шетін басып кірген жаудан ек алып, жеңіске жеткенде, ас бергенде халық мерекелерін, ойын-сауықтар өткізілген. Бұл ойын-сауықтар тек көңіл-көтеру, той-думан үшін ғана емес ұрпақ тәрбиесін өркендетіп, дамытатын, үлгі өнеге көрсететін, халықтың рухани мүмкіншілігінің байқауы тәріздес өнер сайысына ұласып жаңаның сыналып ел талқысына түсер ортасы, көпшілікке жетер сақынасы іспетті де болған. Мұндай ойын тойларға жастар көптеп қатынасып, өзінің бағын сынар, өнер көрсетер аренасына айналдырған. Әсіресе өздерінен ересек аға буыннан, халық алдында сыналған атақты ардагерлерден үйреніп, тәлім алған.
Қозғалыс ойындары; көкпар, сайыс, күрес, теңге алу, қыз қуу, алтын қабақ ату, жамбы ату т.б. спорттық сипатпен бірге әскери патриотизмді тәрбиелейтін үлкен маңызға ие болды. Бұл ойындардың бәріде атпен ойналатын ойын болғандықтан оларға күн ілгері зор әзірлік, мұқият даярлық керек болды. Сол даярлықтың басы-қасында болған жас баладан бастап, бозбалалармен жігіт ағалары, атбектері мен ауыл ақсақалдары болып түгел қатынасатын. Жоғарыда аталған ойын түрлері мен бәйгенің алуан түрлеріне қосылатын аттар, оған мінгізілетін балалар, балуандар, көкпаршылар, қыз қууға қатысатын қыз бен жігіттер ауыл ақсақалдарының алқасында талқыланып солардың ұйғаруы бойынша қатынасуға мүмкіншілік алатын болған. Бұл, бір жағынан, халықтық тәлім-тәрбиенің маңызын арттырса екінші жағынан, үлкендерге деген ілтипат пен сенімді, басқаның пікірімен санаса білуді; төртіншіден, жеңіске деген құлшынышты туғызып, баланың ақыл-ойын, қиялын ұштайды, көпшіліктің үмітін ақтау деген жауапкершілігін шыңдай түседі. Осы жағынан келгенде қозғалыс ойындары халық педагогикасының ажырамас бір бөлігі ретінде өзінің маңызды қызметін осы күнге дейін атқаруда және егеменді елге айналуымызбен жалпы халықтың, әлемдік маңызы бар ұлы Абай мен Мұхтар Әуезовке арналған тойларда қазақтың ескі дәстүрі бойынша балалардың қозғалыс ойындарына белсенді қатынассуы ескі дәстүрдің қайта жаңғырығын, жастарға сенімділік пен талпынысты қайта жандандырып, оларды өмірге ерте араластыру орын ала бастады.
Ұлы Абай айтқандай; «Адам ата-анадан туғанда есте болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе дүнедегі жақсы-жаманды танидыдағы, сондайдан білгені, көргені көп болғанадам білімді болады» [10].
Біздің пікірімізше, Абай айтқандай адам естіп, көріп, ұстап, татып көрмесе, дүние сырларын, оның құбылыстары мен болмыстық формаларын сырттай болмаса, ішіне үңіліп көруге, ұғуға мүмкіншілігі болмас еді.Осының бәрін жас бала әбден толысып, ер жеткенге дейін күнбе-күнгі өмірден, бір-бірімен қатынас арқылы танып біледі. Әсіресе, өзін қоршаған өмір заттары мен құбылыстарының мән-мағынасын ең алдымен ойын үстінде біледі. Өмір сабақтарын; ненің жақсы, ненің жаман екенін, нені істеуге болады, нені жасауға болмайды, өзара қарым-қатынас арқылы «мінез» деген қайшылығы мол, сыры терең адам бойындағы құпия құбылысқа кезігеді. Кейде түсініп, бірігіп әрекет жасайды, бірде тауаны қайтып , опық жейді. Қуанышыда мол, азабыда мол өнер жолын бастайды. Бірде жеңіп, бірде жеңіліп, өмір сүрудің әдіс тәсілін үйреніп тәжірбие жинақтайды. Осының көбін бала өмір тәжірбиелері арқылы алады десек, соның көбі ойын арқылы қабылданылып, ойын арқылы бойға дарып, өзін қоршаған ортаның әдет-ғұрыптары мен салт-санасын, дәстүрін қабылдайды. Егерде біз, осының бәрін жас адам алдымен қозғалыс ойыны арқылы қабылдап бойына сіңіреді, ойын арқылы өмірге көз жіберіп, көрген білгенін ой елегінен өткізеді, сол арқылы ол өз қозғалысының психиологиялық негізін қабылдайды десек, мұнымыз шындықтан алшақтап кетеді деп айтуға болмайды. Өз қозғалысының рухани байлығын қабылдаған адам, өзгенің өнері мен рухани байлығынаүңілмей, білгісі келмей, үйренбей тұра алмайды. Мұның негізгі қозғалыс ойындары адамға, адам баласын сүйетін, басқаның ой-арманы мен тілегін аяқ асты етпейтін нағыз интерноционалист азамат етіп тәрбиелеудің құралы.
Қозғалыс ойындарының халық педагогикасына ұласып, қабысып келетін бір тұсы ауыз әдебиет үлгілерінде жиі кездеседі. Әсіресе ақындар айтысында ойын туралы пікірлер оның адам өмірінен алатын орны туралы пікірлер көп болса, ақындар айтысының үлгілерімен балалар айтысы халық арасында көп болған. Бұл ойын арқылы баланы әлеуметтік өмірге ерте араластыру, ақыл ойын шыңдау қамымен үлкендердің үлгі-өнегесін олардың бойына ерте сіңіру ниетінен туған. Мысалы, «Айтыс ойыны», «Қыз бала мен ұл баланың айтыс ойыны», «Сан айтысы», «Бала мен шалдың айтысы» т.б. секілді неше алуан ойын өлеңдеріде кездеседі [11]. Өнердің бұл түрі басқа халықтардан кездесе бермейтін, қазақ халқының өзіндік ерекшелігін көрсететін, даралап таратып жас баланың зердесін шыңдап, шығармашылық қабілетін еселеп арттыратын осы өнер саласына баланы ерте еліктіріп, баулитын бұл өнерді халқымыз әлі де ұмыт қалдырмай жастарға үлгі ретінде ұсынуда. Содан болар қазақ халқында өз ойынан бір ауыз өлең құрап айтпайтын, адамды тіпті кездестіре алмайсың. Бұл ерекшелік күні бүгінге дейін жалғасын табуда. Олай дейтініміз бүгінгі қазақ мектептерінде айтыс өнері жаңарып, жалғаса түсуде. Ойын ретінде бастау алған бұл өнер баланың шығырмашылық талабын шыңдап, өнерге деген құштарлығы мен бейімділігін ерте оятып, талантын ерте танытады. Егемендігін алғаннан кейін мектептердегі тәрбиенің жаңа бет бұрысы қозғалыс мүдделерге бет бұруының нәтежесі елімізде жиі өте бастаған ақындар айтысында кейінгі жылдарда мектеп бітірген жаңа талап жас ақындардың жүлделі орындарды жеңіп алуынан айқын көрінеді. Бұның негізгі этнопедагогикалық, қозғалыс мүдденің қозғалыс ойындардың оқу-тәрбие жұмысына қолданыла басталуынан да деп түсінген орынды.
Алайда біз халықтың ділі (менталитеті) туралы сөз еткенде мұны көп ретте ойға ала бермейміз. Бұл халқымызды өзге жұрттардан ерекше даралап тұратын өзіндік ерекшелігі ретінде көрсететін дәлелді мәселе екенін білдіреді. Олай болса тарих қойнауынан бастау алып бізге жеткен қозғалыс ойындары ұрпақ тәрбиесінде әлі де өзіндік орны бар тәрбие құралы екенін айқындай түседі.
Осы күнге дейін халқымыздың өткені туралы пікір айтушылар қазан төңкерісіне дейін қазақ халқы оқымаған надан халық болды деп танытуға тырысып келді. Ол үшін көптеген еңбектер, кітаптар жазып, үн қағаз бетіне пікірлер таратты. Еліміз егемендігін алып, өз тізгіне өзіне тиген аз жылдардың ішінде ғасырлар бойы жағылған күйені мүлде тазартып алалмасақта, көптеген істер істелді. Сол сауатсыз «надан» ек деп келген халықтың байырғы руларынан қазақтың көне қалаларының бірінде дүниеге келген, әлемге екінші оқытушы ретінде танылған әл-Фараби, бүгінде әлем халықтары мойындап ЮНЕСКО арқылы туған күндерін атап өтіп отырған Абай Құнанбаевтың 150, Мұқтар Әуезов пен Қаныш Сәтпаевтың 100 жылдық мерей тойы, Түркістан қаласының 1500 жылдығын т.б. халқымыздың әлем халықтарының алдында өзіндік орыны бар халық екенін дәлелдей түседі. Осының бәрі кезінде бүкіл елге жалпақ жайылған мектебі жоқ елде өмірге келіп, танылып отырғанын еске алсақ, ойын тек көңіл көтеру үшін ермек ретінде емес, оның өмір, білім, ойлау мен қиялды дамытып адамның дене, ой қабілетін еселеп арттыра түсетін өмір сабақтарын елеп-ескермей кетуге болмайды.
Егер біз сол кездегі жартылай сауатсыз деген ақындардың жұмбақ өлеңдерін немесе жұмбақ айтыстарын оқысақ, соларды бүгінгі біліміміз кемелденеді деген кезде адамдардың бәрі бірдей қолма-қол суырып салып жұмбағымен жаубын бірден айтып беруі оп-оңай деп айту қиын.
Айтыс өнері. Ал өнердің бәрі де ең алдымен ойынға міндетті. Оның ішінде қозғалыс ойындары, оның сыртқы дүниені қабылдап түсінуінің нәтежесінде ішкі логикасын жете менгерудің негізінде мүмкін екенін түсіну қиын емес.
Олай болса, қозғалыс ойындары адамның денесін, ақыл-ойын жаттықтырушы, адамның адамгершілік қасиеттерін шыңдап жетілдіруші әлеуметтік ортасының жемісі болып табылады. Адам өзінің көргені мен ұстап білгенін, ой-сезімі арқылы ішкі жан дүниесінен өткізіп қортуы нәтежесінде, белгілі бір шншімге келеді де, сол өзінің ішкі сезімі арқылы өткізіп қайта жанғыртқан дүниесін әлеуметке жеткізгенде ол өнер ретінде танылып, көпшілік талқысына тартылады. Солардың көпшілігі ойын-тойда, көпшілік бас қосқан үлкен жиындарда өмірге келетін болған. Халқымыздың өткеніне көз жіберсек басқа емес көпшіліктің бас қосатын, жиналатын жері де үлкен астар мен ұлы дүбір той-думан болғаны шындық. Кең пейілді халқымыздың той-думаны да мол болған.
Қазақ тілі мен граматикасы тарихын зерттеуші, академик Ғ.Мұсабаевтың мына деректі мәліметтеріне көңіл аударып көрейік. «Сондай-ақ жалпақ тастың үстіне тоғыз құмалақ ойынының тақтасының суретін, қазанның, үйін түгел түсіріп, тастың екі шетінен екі кісі отырғандай орын қалдырып, тамаша етіп жасаған. Ондай тасты екі жерден Бүйен суының тарауынан кездестірдік. Мұнымен қоймай, шахмат-шатыраш (дойбы) тақтасын таудың тасына қашап сызғанын көрдік (Алакөл ауданында)» - деп жазады [12].
Сөйтіп қазақтың қозғалыс ойындары ендігі жерде материалдық негізі бар ескерткішке айналғанын және оның ғасырлар түкпірінен орын алып ұмтылмайтын, өшіп жоғалмайтын ескерткішке айналды. Ғалымның бұл еңбегі қазақ халқы, оның рухани және мтериалдық байлығына иегер болатын бүгінгі және келер ұрпақ үшін баға жетпес, айта жүрелік еңбек деп білеміз. Олай дейтініміз қазақтың қозғалыс ойындары әліде кімдердің ойлайтынындай бергі заманда емес тариз түкпірінен бастау алып, көне дәуірлерде өмірге келіп, бабалар қолымен тас бетіне қашалып таңбаланған дүние екенін дәлелдейді.
Қазақтың қозғалыс ойындары араласпайтын бірде-бір өмір саласы жоқ. Ойын жас адамның денесін шыңдап, күш-қуатын молайтып қана қоймай, оны шапшаңдыққа, дәлділікке, қиындықтан жол тауып шығу секілді, оның ақыл-ойының толысып жетілуіне де әсер етіп пайдасын тигізеді.
Өмірдің қай саласы болмасын ойын-сауықсыз болмаған. Алайда бұлардың бәрі тек ермек үшін ғана емес, үлгі-өнеге негізделетін.
«Бұл мерекелер күні ілгері жарияланып отырылады. Сондықтан мерекелерге қатысушылар қозғалыс ойының әр түрлеріне күні ілгері даярланып, әзірлікпен келінді. Қыз ұзату, келін түсірумен байланысты «Қалыңдық ойнау» салты пайда болды. Қыз ұзату тойында жар-жар, ал келін түсіру тойында «бет ашар» айтылды. Бұл нағыз творчестволық негізі бар, салттық ойынның жоғары түрі және қазақтың «домостройы» болатын» - деп түжырымдайды қазақ тарихын жазушы көне көз авторлары.
Қазақ халқының күнбе-күнгі тұрмысына байланысты шаруашылығына орайлас әдет-ғұрып, сал-санасы да, дәстүрі де қалыптасқан. Осыған орай айта келіп аса көрнекті жазушы Сәбит Мұқанов «Халық мұрасы» атты тарихи және этнографиялық шолуында былай деп жазады:
«Жүн сабайтындар, көбінесе жастар болады. Олар жүн сабайтын үйге жиналады да, сабайтын жүнді киіз үйдің ортасына төселген тулаққа (кепкен, иленбеген тері) үйеді де, айнала отыра қалып, ек қолына алған сабаумен ұра бастайды. Әдетте, жастар бұған ойын-сауық үшінде жиналған. Себебі жүн сабау үстінде жастар жарыса қимылдап, оны ойын күлкіге, әзіл-оспаққа айналдырып әкеткен. Сабауды ұстай, ұра білмегендер көршілеріне күлкі болады, әрі алақандарын ойып алады».
Қозғалыс ойындарының халық педагогикасының негізгі бір тарауы саласы екенін дәлелдейтін тағы бір негіз – ол қозғалыс ойындары қатынаспайтын бірде бір тұрмыстық, шаруашылық сала жоқ. Ол бәрінде де адам баласына тән адамгершілік қатынасына дәнекер ретінде, адамға қажетті өмірлік салаға қатынасуымен болады. Мұны біз көрнекі жазушы Ғабит Мүсіреповтың «Ұлпан» повесінен оқып білеміз.
Бұл елдің ескі бір салты бойынша, көші-қон кезінде жастар «әуелі үлкендердің үйін тігісіп береді. Одан соң жесір-жетім қалған үйлерді тігіседі. Ең соңында отау үйлерді қалдырып, аяғын ойын-сауыққа айналдырып әкетеді», - деп жазады Ғ.Мүсірепов.
Біздің ой жүгіртіп, барлап, абайлауымызша, жоғарыдағы қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінен келтірілген мысалдары, салыстырмалы түрде басқа халықтардың да тарихынан, эпостарынан да келтіруге болады екен. Біз бұл жерде таптауырынд болған батысқа жүгіне бермей, Азия құрлығының тағдыры өзімізге көп ұқсас халқы, Үнділер туралы айта отырып, қозғалыс ойындарының халық тәлім-тәрбиесінің арқауы екенін, оның араласпайтын жері, қолданылмайтын орны жоқ, тіпті жастардың тағдырында шешіп беретін қазылық рөлін көрсететінен бірер мысал келтіре отыруды да жөн деп таптық. Бұдан шамасы төрт мың жыл бұрын өмірге келген Үнді халқының көне эпосы «Рамаянада» жырланатын үйлену салты былай орындалатын болған: бозбалаларды жиып, олардың арасында ерлікке, шапшаңдық пен әскери өнерге жарыс өткізген. Жеңімпаз атанғанға қалыңдық өз қолымен гүлден өрілген алқа кигізіп, ерлі-зайып атанған.
Үнді халқының тағы бір көне эпосы «Махабхарата» да қалыңдық өзіне лайық жар таңдау рәсімдерін жарыс түрінде ойын-сауық ретінде жарысқа қатынасушылардың бәріне бірдей ортақ жағдай жасайтын шарт бойынша өткізген. Бұл елдің бәріне ортақ болғандықтан, жастар күні ілгері өзін-өзі мұқият әзірлеген. Жас адамның әлі де шарты белгісіз сынаққа әзірленуі, оның жақсылық үшін, келешек болашағы үшін әзірленуімен тең. Олай болса, қозғалыс ойындарының қай халық болмаасын алдына қоятын негізгі мақсаты, өз уақытының талабына сай, жақсы ұрпақ тәрбиелеу болып табылады.
«Әр түрлі ойын-сауықпен он бес күн өткен соң, он алтыншы күні үлдемен бүлдеге бөленіп құлпырған, ашық күндей жарқырап Драупади салтанатты сарайдан шықты. Патша қызының ағасы жарыстың шартын хабарлады. Драупадидың ері болғысы келетіндер, аса үлкен садақты тартып, бес оқты бірдей алдында шабақты дөңгелеп айналып тұрған, алтын балықтың көзіне тигізу керек». Жеңіске жеткен жігітке қыз тұрмысқа шығады.
Мұндай қызға берілетін еркіндік қазақ эпостарында кездесіп отырады. Олардың алдына қойылатын шарттар да осы тәріздес болып келеді.
Адам баласының саналы ұрпағы пайда болып өмір сүргеннен бері, өз ұрпағын, өзінің өмір салтына баулу, өмірге әзірлеу, күн көріс пен тұрмыс ерекшелігін сақтап ары қарай даму, саналы-санасыз болсын күн тәртібінен бірде түсіп көрген жоқ.
Адам баласының нәсілі өсіп-өніп, етек жайып, құлашын кеңге сермеген кезде, ру-ұлыстар пайда болып, тарамданып жеке тайпалар мен халықтар, қозғалыстар қалыптасып, жер бетіне тарап бір-бірін өгейсіп, жат бауыр болып, бір-біріне жаулық жасап, таласқа түсті.
Солардың қай-қайсысы болса да өз ұрпағын өздері қадір тұтып ұстанған әдеттері мен өмір салттарын туғызады. Сол өмір салттары мен әдет-ғұрыптары салт-сана, дәстүрлері алмасып отыратын жаңа буын жас ұрпақтары арқылы жаңарып, қайталанып, жанғырығыпәр қозғалыстың өзіндік ерекшелігіне ұласып, белгілі бір халықтың психологиялық айырмашылықтарына айналды. Осының бәрі қосылып сол халықтың рухани негізін құрап оларды басқалардан даралап көрсетудің алғы шарты болды. Ғасырлар бойы ұрпақ алмасумен жаңа келген ұрпақ өмір тәжірбиелерін жетілдіре келіп, оны үнемі жаңа өмір талаптарына сай өзгертіп, жаңартып, дамыта береді.
Ұзақ ғасырларға созылған өзгері, жаңарудың барысында алуан түрлер мен формалар туып қалыптасты. Солардың мақсат мүдделерін құрайтын мазмұндарының алуандығына қарамай адам баласының мүдделері бір арнаға тоғысып – жақсы ұрпақ, жақсы азамат тәрбиелеу болды.
Тілі, ділі, алуан салаға бөлініп, әдет-ғұрыптары тарамдалып кетіп жатқан өзіндік ерекшелік ең алдымен «...ұрпақтың сыртқы бейнесі болып табылады, - дейді В.Г.Белинский. – Онсыз халық бет әлпетсіз бейне, болмыссыз тас түйін тәрізді» [13].
Өзіндік ерекшелік аталы елмен рулы елдің, тайпалары мен халықтардың, ұлыс пен қозғалыстың тұтастығын қамтамасыз ететін кеңістік, табиғатының қолайлығы мен байлығына жылдық жылылықтың адамның өмір сүруіне ететін әсеріне байланысты. Осының бәрі қозғалыс тек, «Сыртқы бейнесін» ғана қалыптастырмайды, ішкі мазмұнын байытып, алуан формалардың пайда болып қалыптасуына ықпал етеді. Қозғалыс сананы өмірге әкеліп, оның үнемі дамып жаңарып отыруы арқылы қозғалыстың қасиеті құралып, өзіндік ерекшеліктері айқындала түседі. Бүгінде оның қозғалыс менталитет (діл) деп атап жүр.
Тәрбие адам ғұмырын тұтас қамтығанмен, сәбилік алғашқы балалық, жастық шағында алған тірбиесі оған туған ортасының психикалық ерекшелігін сіңіруде шешуші рөл атқарады. Сондықтан баланың отбасында алған тәлім-тәрбиесі оның қай қозғалысқа жататынын анықтап қана қоймай, бүкіл өмір жолының анықтаушы бағдарына айналды. Оны атықтаушы дейтініміз адамның әлеуметтік ортадағы әрекеттері арқылы келер ұрпаққа беріліп отырады.
Бұл салада халық педагогикасының негізгі құрамды бөлімі болып табылатын қозғалыс ойындарының тұла бойына қозғалыс тірбие мен қозғалыс психологияның қозғалысқа тән дүниені танып білу, қабылдау қабілетінің өзіндік ерекшеліктері топтасқан. Өйткені ойын объективтік дүниенің, шындық болмыстың бала санасында шағылысуы арқылы туып, өмірге келген кішірейтілген моделі. Сондықтан қозғалыс орналасқан аймақтың барлық болмысы қозғалыс ойындарының тұла бойына сіңіскен. Өйткені қозғалыс деп ат қойып, айдар тағып жүргеніміздің өзі де осы табиғат ерекшеліктерінен туындайтын шаруашылықтың әркелкілігінен пайда болып, қоршаған ортаны қабылдау ерекшеліктеріне байланысты қалыптасқан психологиялық негізі болып табылатын мінез-құлық, әдет, салт, дәстүр адам бойынан тілі, ділі, діні арқылы өзіне тән көрініс табуы. Мұның бәрі адам санасы арқылы материалдық дүниені қабылдауда адамның өмірге икемделуін ғана емес, сол өмірге белсенді қатынасып әсер етуін қажет етеді. Осыған бала жастайынан өзінің күнбе-күнгі ойының өзгертіп, жетілдіруі арқылы ықпал етіп, дүние танымы мен қиялын дамыту арқылы өзін қоршаған ортаға әсер етеді, өзіне керегін алады.
Достарыңызбен бөлісу: |