Әдеттер мен жарамсыз қылықтардан арылу
Адамдарда өзіне белгілі бір ойлау мен мінез стереотипін жасап алуға құмарлық
бар. Кейбіреу қиын сәтте дәрілерге жүгінеді, кейбіреу тамақты көп жей бастайды.
Біреулер кінәні басқа біреулерден іздеуге бейім. “Содан, соның кесірінен. Мені
тағы ренжітті” деп отырады.
Біреулер ақша шашуға, я қарызға батуға бейім.
Біреулердің алдынан ылғи да “жоқ” деген сөз шыға келеді. Алдында сізді
түсінгендей, жақындасқандай болғанымен, кейінірек қашқалақтай бастайды. Олардың
сізді қабылдамауы сіздің өзіңізді-өзіңіз қабылдай алмауыңыздан.
Біреулер бас салып ауру туралы айта береді. Қашан сөйлессең қалай ауырғаны,
қалай болып жатқаны сөз болады. Олар ауру адамдар, я ауыра бастағандар. Олардың
әңгімелерінің бәрі - өз кеселдері төңірегінде.
Егер сіз бір нәрсемен шындап айналысқыңыз келсе, неге өзіңізді жақсы көрумен
айналыспасқа?
Достарыңызбен бөлісу: |