Ауырсынуды түйсіну
Біздердің көбіміздің жүрегімізде өтіп кетпейтін бір ауырсыну болады. Ұлғая
келе ол біздің өміріміздегі негізгі орынды алады да оны төзгісіз жағдайға алып барады,
сөйтіп іштен мүжи бастайды.
Ауырсынудың түрі көп. Кесіп алу. Ұрып алу. Күйік. Ауыру. Ұйқының тыныш
болмауы. Қорқыныш, Асқазанның түйнеуі. Қол мен аяқтың салдырап, әлсізденуі.
Ауырсыну бірде қатты, бірде жай сезіледі, бірақ біз оның бар екенін біліп тұрамыз.
Кейде ол өзінен-өзі қойып қалады, кейде күшейеді.
Осылардың бәрінде біздің организміміз бізге бір ескерту жолдап тұр, тек соған
құлақ түре білуіміз керек. Ол біздің бір нәрсені дұрыс жасамағанымызды көрсетіп тұр.
Біз ауырсына қалсақ не істейміз. Алдымен медициналық кабинетке, я болмаса
дәріханаға жүгіреміз. Онымызбен бір организмімізге “осыны жұт та, тыныш жат”
дегенді айтамыз. Бір мезгіл ол тыншуы да мүмкін. Бірақ уақыт өте келе ол бұрынғыдан
гөрі қаттырақ дабыл көтереді.
Біз дәрігерге барамыз, денемізге ине тықтырамыз.
Мүмкін осының бәрі басталар сәтте-ақ түнгі тыныш ұйқымен, кешке таманғы
ауыртпалықтарды азайтумен-ақ қалпына келіп кетер еді…
Сондықтан организмге құлақ түріп үйреніңіз. Оның өз де ЖАЗЫЛҒЫСЫ келіп
тұр. Сіз тек жәрдем беріңіз.
Ауырсыну сезініп, жайсыздық болған кезде мен өзімді-өзім тыныштандыра
бастаймын. Менің аурулардан айығуым үшін өміріме қандай өзгерістер енгізуім керек
екенін менің Ішкі Күшім білуге мүмкіндік беретініне сенемін. Тынышталамын да содан
жауап күтемін. Мүмкін жауап тез бола қоймас, бірақ мен жауапсыз қалмайтыныма
53
сенемін. Сол ішкі сенімнің айтқанын орындағанда менде барлығы жақсы болып, жаным
жай табады.
Өзгеруге тырысып көріп, ауырсыну бір түнде кете қалмады демеңіз. Төзімді
болыңыз, өзіңізді асықтырмаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |