Парағылым - ғылымға қатар келетін идеялы теориялық бағыттар мен оқулардың шегінен тыс өмір суретін, бірақ онымен методология немесе ұқсастықтарымен бipre айырмашылықтары да бар: Вернадский ғылыми білімнің пайда болуы мен дамуын тіршілік иесі эволюциясының негізгі векторы деп танып, жоғары бағалады.
Номогенез - ағзалар эволюциясы ішкі заңдылықтардың негізінде жүзеге асатын жорамал. Бұл жорамалды Л. С. Берг (1922) Дарвинизмге қарсы ұсынды. Номогенез алғышарты тipi заттардың сыртқы әсерге реакциясы болып табылады.
Номотетикалық әдіс - жалпы заңдылықтарды қалыптастыратын әдіс. Бұл әдіс бойынша, құндылықтар субъекті мен объектіден тыс жатқан трансцендентті мән әлемін құрайды.
Операционализм (лат. operatio - әрекет) - логикалық позитивизм мен прагматизмнің синтезі ретінде құрылған қазіргі заманғы буржуазиялық философиядағы бағыт. Негізін қалаған Бриджмен. Операционализмдегі негізгі қағида операционалдық анализ идеясы болып табылады. Түрлері: аспаптық және ой операциялары. Нақты ұғымдардың бірігуінен сөйлем, ал одан теория құралады.
Достарыңызбен бөлісу: |