М.Жұмбаевтың педагогика-психологиялық көзқарасы Капенова Нурай ПИП-11
Мағжан (Әбілмағжан) Бекенұлы Жұмабай (25 маусым 1893, Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы, Сасықкөл жағасы – 19 наурыз 1938, Алматы) — алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы.
Педагогикалық көзқарастары - Мағжан Жұмабаев: «Тәрбие — кең мағынасымен алғанда, балаға тиісті азық беріп, сол баланың дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз. Тәрбие, негізінде, төрт түрлі болады:
- 1) дене тәрбиесі,
- 2) ақыл тәрбиесі,
- 3) сұлулық тәрбиесі,
- 4) құлық тәрбиесі.
- Бала тәрбиесі — бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер. Жалпы тәрбие пәні — педагогика деп аталады. «Педагогика грек елінің сөзі. Пед — бала, агоги — жетектеу деген екі сөзден құрылған.
Тұңғыш педагогикалық оқулықтар жазып қалдырды. Ақынның “Бастауыш мектепте ана тiлi” (1925), “ Сауатты бол” (1926), “Педагогика” (1922) атты оқулықтары бүгінгі күннің өзінде педагогика және әдiстеме ғылымдарына қосқан тың үлес болып саналады. М.Жұмабаев орыс, батыс педагог-психолог ғалымдар еңбектерiн оқи отырып, сонымен бiрге тәрбиенiң ұлттық ерекшелiктерiн ескере өзiнiң “Педагогика” атты оқулығын жазудағы ұстанымын былайша сипаттайды: “Тәрбие ғалымдарының пiкiрлерiн таңдап алуға ұмтылдым. Шамам келгенше қазақ жанына қабыстыруға тырыстым… Бiзде бұрын пән тiлi болмағандықтан түрлi терминдерге тап басқанда қазақша сөз табу көп күшке тидi. - Тұңғыш педагогикалық оқулықтар жазып қалдырды. Ақынның “Бастауыш мектепте ана тiлi” (1925), “ Сауатты бол” (1926), “Педагогика” (1922) атты оқулықтары бүгінгі күннің өзінде педагогика және әдiстеме ғылымдарына қосқан тың үлес болып саналады. М.Жұмабаев орыс, батыс педагог-психолог ғалымдар еңбектерiн оқи отырып, сонымен бiрге тәрбиенiң ұлттық ерекшелiктерiн ескере өзiнiң “Педагогика” атты оқулығын жазудағы ұстанымын былайша сипаттайды: “Тәрбие ғалымдарының пiкiрлерiн таңдап алуға ұмтылдым. Шамам келгенше қазақ жанына қабыстыруға тырыстым… Бiзде бұрын пән тiлi болмағандықтан түрлi терминдерге тап басқанда қазақша сөз табу көп күшке тидi.
- Бала берiк денелi болса, түзiк ойлайтын, дұрыс шешетiн, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы әуен, әдемi түрден ләззат алып, жан толқындырарлық болса, жамандықтан жаны жиренiп, жақсылықты жаны тiлеп тұратын құлықты болса ғана адам баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы… Балам адам болсын деген ата-ана осы төрт тәрбиенi дұрыс орындасын…” Баланы келешек заманына лайық қылып шығару” – деген пікірі арқылы М.Жұмабаев тәрбие мақсатын айқындап бередi.
Психологияға қосқан үлесі М.Жұмабаев елімізде педагогикалық психологиядан тұңғыш еңбек жазған ерекше тұлға. Оның «Педагогика», «Бастауыш мектептегі ана тілі», «Сауатты бол» еңбектеріндегі айтылған ойлары мен түйген тұжырымдарының ғылыми мәні жоғары. Бұл еңбектер тек әдістемелік және дидактикалық құрал ғана емес, педагогикалық, психологиялық құнды кітаптар болып табылады. Педагогикалық қызмет М.Жұмабаевтың пікірінше, оқу-тәрбие процесі баланың әр жас кезеңіндегі жан көріністерін білсе, сапалы болмақ. Сондықтан да баланың жан көріністерін жақсы біле отырып, оны оқу-тәрбие процесінде тиімді пайдалана білуіміз қажет. Мағжан Жұмабаевтың адам жанын түсінетін мықты психолог екенін осы еңбектерінен аңғаруға болады. Мұнда «ішкі сезім мен көңіл көріністерін» тереңінен зерттеп жазады. Оның ішінде баланың көңіл-күйіне егжей-тегжейлі тоқтап, оның ішкі сезімінің дұрыс дамуы үшін үлкен тәрбиенің керек екенін айтады. Мәселен, ата-ана қатал болса, бала да қатал, ата-ана жұмсақ болса, бала да жұмсақ. Сондықтан баланың қасындағы адамдар дұрыс мінезді болу қажет. Оның ойынша.... - – Баланы қорқыту, оны жазалау дұрыс емес. Бір нәрсені бала жазадан қорыққаннан ғана істейді, бала өтірік айтуға, алдауға үйренеді, – деген жазушының пікірін өркениетті елдердің бала тәрбиесіндегі озық ойларымен сабақтас екенін көреміз. Расында, әлі күнге дейін ата-аналар, мұғалімдер балаға зекіп сөйлейді. Жасыратын несі бар, баланың намысына тиетін, өсіретін емес, өшіретін сөздер айтудан толықтай арылған жоқпыз. Бұл мәселені педагог-ғалым өз заманында көтергенімен, өкінішке орай күні бүгінге дейін орындалмай келе жатыр. «Бала нашар істі өзі істемеуіне, нашар мінезден өзі қашуына тырыссын. Ешкім айтпай, қорқытпай, баланың өзі жамандықтан, нашар мінезден жиренетін болсын. Балаға махаббат, жылылық сезім, жұмсақ іс арқылы ғана болуға мүмкін», – дейді педагог.
- «Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері саналып келе жатқан тақ-тақ жол болғандықтан әрбір тәрбиеші сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиіс…» – деп педагог Мағжан Жұмабаев қалың жұртты ұлттық тәрбиені жоғалтып алмауға міндеттейді. Оның тәрбиеге көңіл бөлуі қазақ халқын надандықтан ада ету еді. Сол үшін де алғашқы педагогика саласындағы қазақтың оқулығы осы Мағжанның «Педагогика» кітабы болды. Ғалым қазақ халқының ұлттық болмысы мен сана-сезімге жақын этнопедагогика, психология ұстанымын негізге ала отырып жазған. Бұрынғы заманда ұлттық тәрбиеге адамзат қалай қараған, қандай жолдармен жүрген, тәрбиеде нені ескеру керек. Бұл сауалдарға «Педагогика» кітабы жөн көрсетеді.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
Достарыңызбен бөлісу: |