«Бекітемін»
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым вице-министрі
______________ М.Н.Сарыбеков
«___»_________________2012 ж.
Тест спецификациясы
1. Тақырыбы: «Құқық негіздері» пәні бойынша жалпы білім беретін орта мектеп мұғалімдеріне арналған тест.
2. Құрастырылу мақсаты: Тест педагог қызметкердің біліктілік деңгейінің біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында құрастырылған.
3. Мiндетi: Кәсіби құзыреттілік деңгейін анықтау.
4. Тест мазмұны: Тестке негізгі бөлімдердің материалдары енгізілді.
№
|
Тақырып
|
№
|
Тақырыпша
|
Тапсырманың тестідегі орны
|
Қиындық деңгейі
|
1
|
Құқық ұғымы.
|
1
|
Құқық туралы түсінік және оны реттеудің әдістері
|
1
|
А
|
2
|
Мемлекет
|
1
|
Мемлекет, мемлекет белгілері және олардың атқаратын функциялары
|
2
|
А
|
3
|
Демократия. Құқықтық мемлекет
|
1
|
Демократия және оның түрлері, мемлекетті басқару формалары, құқықтық мемлекет белгілері
|
3
|
А
|
4
|
Конституциялық құқық
|
1
|
Конституциялық құқық, Қазақстан Республикасының Конституциясы, сайлау құқығы
|
4
|
В
|
5
|
ҚР азаматтарының құқықтары мен міндеттері
|
1
|
ҚР азаматтарының конституциялық құқықтары, бостандықтары, міндеттері
|
5
|
А
|
6
|
Азаматтық
|
1
|
ҚР азаматтық институт, ҚР азаматтықты алу мен тоқтату
|
6
|
В
|
7
|
Азаматтық құқық
|
1
|
Азаматтық құқықтың түсінігі, қайнар көзі және қағидаттары, меншік құқығы
|
7
|
В
|
8
|
Азаматтық құқықтық жауапкершілік
|
1
|
Мүліктік залал үшін жауапкершілік, кәмелетке толмағандардың азаматтық жауапкершілігі
|
8
|
В
|
9
|
Еңбек құқығы
|
1
|
ҚР еңбек бостандығы, мамандық, кәсіпорын түрлері
|
9
|
В
|
10
|
Еңбек шарты
|
1
|
Еңбек шарты және оны бұзу тәртібі, жұмыс беруші мен қызметкердің құқығы мен міндеттері
|
10
|
В
|
11
|
Әкімшілік құқық
|
1
|
Әкімшілік құқық, субъектілері және қайнар көзі, классификациясы, әкімшілік жаза мен оның түрлері
|
11
|
С
|
12
|
Кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауапкершілігі
|
1
|
Кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауапкершілігі, еңбегі, олардың өмірі үшін жауаптылық
|
12
|
С
|
13
|
Қылмыстық құқық
|
1
|
Қылмыс, қылмыстың құрамы, қылмыстың түрлері
|
13
|
С
|
14
|
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі
|
1
|
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жазалау тәртібі, оларды жауапкершіліктен босату
|
14
|
С
|
15
|
Отбасы құқығы
|
1
|
Неке, некенің түрлері, некеге тұру мен оны бұзу тәртібі
|
15
|
В
|
16
|
Отбасындағы ата-анамен балалардың құқықтары мен міндеттері
|
1
|
Ата аналар мен балалардың құқықтары мен міндеттері
|
16
|
В
|
17
|
Экологиялық құқық
|
1
|
Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі қағидаттары мен заң алдындағы жауаптылық
|
17
|
В
|
18
|
Халықаралық құқық
|
1
|
Халықаралық құқық, негізгі қағидалары, актілер мен шарттар
|
18
|
С
|
19
|
Құқық қорғау органдары
|
1
|
Құқық қорғау органдары ұғымы, авдокатура, прокуратура, нотариат
|
19
|
С
|
20
|
Халықаралық және ұлттық нормативтік құқықтық актілердегі бала құқықтары
|
1
|
Бала құқықтарының Декларациясы және Конвенциясы, ҚР «Бала құқықтары туралы» Заңы
|
20
|
В
|
Тест тапсырмалары 3 қиындық деңгейінен тұрады.
Бірінші деңгей (A) - 4 тапсырма.
Екінші деңгей (B) - 10 тапсырма.
Үшінші деңгей (C) - 6 тапсырма.
5. Әрбір тапсырманың сипаттамасы:
Тарих және теория: әлем және Қазақстандағы құқық жүйесінің қалыптасуының негізгі кезеңдері. Мемлекеттің атқаратын функциялары мен белгілері; демократияның формалары мен түсініктері;
Конституциялық құқық: конституциялық құқықтың түсінігі мен пәні; ҚР Конституциясы; ҚР сайлау құқығы; ҚР адам және азаматтың конституциялық құқықтары мен міндеттері; ҚР азаматтық.
Азаматтық құқық: азаматтық құқықтың түсінігі, қайнар көздері мен қағидаттары; меншік құқығы; міндетті құқық; мүліктік залал үшін жауапкершілік; кәмелетке толмағандардың азаматтық жауапкершілігі.
Еңбек құқығы: ҚР еңбек ету бостандығы; мамандық түрлері; кәсіпорындардың түрлері; еңбек шартын жасау және бұзу тәртібі; жұмыс беруші және қызметкердің құқығы мен міндеттері.
Әкімшілік құқық: әкімшілік құқықтың түсінігі, субъектілері және қайнар көздері; әкімшілік құқықтық нормалардың классификациясы; әкімшілік жаза мәні және түрлері; кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауапкершілігі.
Қылмыстық құқық: қылмыс; қылмыстың құрамы; қылмыстың түрлері; қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін және ауырлататын жағдайлар; кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі.
Отбасы құқығы: неке; некенің түрлері; некге тұру; некеге тұру және бұзу тәртібі;ата– ана және балалардың құқықтары мен міндеттері.
Экологиялық құқық: қоршаған ортаны қорғаудың негізгі қағидаттары; қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңдарды бұзғаны үшін заң алдындағы жауаптылық.
Халықаралық құқық: халықаралық құқық түсінігі; халықаралық актілер мен шарттар.
Құқық қорғау органдары: құқық қорғау органдары ұғымы және олардың атқаратын функциялары; адвокатура, прокуратура, нотариат.
Бала құқығы: бала құқықтарының Декларациясы және Конвенциясы; ҚР «Бала құқығы» туралы заң.
6. Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:
Тестінің бір тапсырмасын орындап шығуға белгіленген уақыт –2 минут. Тестінің толық орындалу уақыты – 40 минут.
7. Нұсқалар мен тапсырмалар саны:
Тест нұсқаларының баламалылығы:
- тестілердің спецификацияға сай құрылуымен;
- өзара ауыстыруға келетін тапсырмалардың әр түрлі нұсқаларда бір орында келуімен;
- барлық нұсқаларда қиындық деңгейінің бірдей болып келуімен жүзеге асырылады. Бір тестіде 20 сұрақ.
8. Тапсырмалар формасы:
Берілген бес жауап нұсқасында бір дұрыс жауапты таңдау.
Нұсқау: «Таңдаған жауапты жауап парағында берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет».
9. Жеке тапсырмалар мен жалпы жұмысты бағалау:
Дұрыс орындалған әр тапсырма үшін- 1 балл. Дұрыс орындалмаған тапсырмаға – 0 балл.
10. Ұсынылған әдебиеттер:
1. «Адам.Қоғам.Құқық» 9 сынып. Қ.Жүкешев, Ғ.Сапарғалиев, Г.Асанбекова, 2009 ж.
2. «Құқық негіздері» 10 сынып (жмб), Ө.Қопабаев, Қ.Айтхожин, Н.Қыдырқожаева, Ғ.Жайлин,
А.Жұмағали, 2010 ж.
3. «Құқықтану» 10 сынып (қгб), А.Ибраева, Г.Әлібаева, Қ.Айтхожин 2010 ж.
4. «Құқықтану» 11сынып (қгб) А.Ибраева, Б.Қуандықов, Ш.Маликова, С.Есетова 2011 ж.
5. ҚР Конституциясы
6. ҚР еңбек кодексі
7. ҚР еңбек туралы заңы
8. ҚР білім туралы заңнамасы
ҰТО директоры Қ. Әбдиев
Достарыңызбен бөлісу: |