М. С. Атабаева PhD доктор, профессор


(денотат)   атаудың мәні



Pdf көрінісі
бет13/89
Дата07.09.2023
өлшемі2.57 Mb.
#476850
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   89
Бисенбаева

(денотат

атаудың мәні (сигнификат) қатынасы арқылы түсіндіріледі де, 
басты мән ретінде болмыс табиғаты зерттеуге алынады. Ал семасиологиялық 
аспектіде атаудың мәні таным тәсілдері мен болмыстың атын айқындау 
негізінде қарастырылады. Тіл ғылымында атаудың табиғаты мен құрылымын 
талдап түсіну де атауды қалыптастыратын үш мүшенің қарым-қатынасы 
негізінде жүргізіледі: болмыс

ұғым

атау. А.Салқынбайдың пайымдауынша, 
«Атаудың осы аталған әмбебап-логикалық қатынасының әрбір сыңары әлем 
бейнесінің тілдегі көрінісін таңбалауда ұлттық танымға тән белгілер арқылы 
түрленеді. Болмыс атаудың денотаты ретінде өмір сүреді де, атаудың қасиеті 
мен мәнін, белгілерінің табиғатын, төркінін көрсетеді. Атау – сөйлеу нәтижесі» 
[11,328-329-бб.]. «Халық танымында танылған ұғымның кез келгеніне атау 
тағуда, оның ішкі уәжділігіне, негізіне, тегіне мән берген. Қазақ лексикасының 
қоры мен құрамын зерделеу барысында ондағы жеке атау сөздердің тұлғалық 
және мағыналық құрылымының жасалуы зергерліктің, шеберліктің, бастысы, 
ойлылық пен данышпандықтың нәтижесі екеніне көз жеткізу қиын болмайды. 
Денотаттық мағына мен сигнификаттық мағынаны танытушы атаулар 
логикалық қисындылығымен, мағыналық және мазмұндық тереңдігімен, 
дыбыстық үйлесімділігімен ерекшеленеді. Тіпті, кез келген сөз халықтың 
таным-түсінігінен, сезім күйінен, рухани болмысынан, материалдық игілігінен, 
замана тынысынан ақпарат жеткізіп тұрады» [11,122-123-бб.],-деп түйінделеді. 
Атау – таным үдерісінің тілдік бейнесі, тілдік таңба. Ф.Соссюр тілдік 
таңба зат пен оның атауын байланыстырмайды, ұғым мен акустикалық образды 
байланыстырады деп есептейді. Тілдік таңбаның «идеялық жағы» осы ұғымды 
пайымдаудан туатын адам санасындағы бейне – «акустикалық бейне» болып 
табылады. Тілдік таңба деп, осы ұғым мен акустикалық бейненің бірлігін 


24 
айтады [6,99-100-бб.]. Б.Қасымның тұжырымдауында, ұғым таңба негізінде 
айқындалады, ал оның нақты көрінісі атау (таңба) арқылы жүзеге асады, яғни 
сөзжасамдық тәсілдер арқылы қалыптасады [13,145-б.].
Адамның осы танымдық әрекеті ақиқат болмысты тануға, қоршаған 
ортаны түйсініп, жинақтаған білімдер негізінде әлемдегі орнын түсінуге 
бағытталады. Адам қашан да әлемді танып, ондағы өз орнын айқындауға 
талаптанады. Тіл – сөйлеушілердің дүниетаным ерекшеліктерін бейнелейтін 
құрал, ерекше ұлттық ділдің көрсеткіші, мәдениеттің негізі. Адамның 
когнитивті қызметінің нәтижесінде тіл қоршаған орта туралы әсерді ғана 
жинақтап қоймайды, сонымен қатар халықтың зерттеушілік ойларын да 
жеткізіп, халықтық, ұжымдық этномәдени санасында қалыптасқан ғалам 
бейнесін сақтайды 

7,12-13-б.]. Тілдің бұл қасиетін В. Гумбольдт: «Язык есть 
орган, образующий мысль (Die Sprache ist das bildende Organ des Gedanken). 
Интеллектуальная деятельность, совершенно духовная, глубоко внутренняя и 
проходящая в известном смысле бесследно, посредством звука материализуется 
в речи и становится доступной для чувственного восприятия. Интеллектуальная 
деятельность и язык представляют собой поэтому единое целое. В силу 
необходимости мышление всегда связано со звуками языка; иначе мысль не 
сможет достичь отчетливости и ясности, представление не сможет понятием» 

14,74-75-бб.],-деп түсіндіреді. 
Табиғи тілдің таңбалар жүйесі арқылы адамның ішкі ментальді лексиканы 
– ақпаратты когнитивті тұрғыда өңдеудің ерекше маңызды болатын жолдары 
айқындалады. Когнитивтік бағыттағы зерттеулер тілдің ақиқат болмыс туралы 
білімді сақтап, жеткізуші қызметін ескере отырып, тілдік категориялар мен 
олардың құрылымдарын жаңаша сипаттауға мүмкіндік береді. О.С.Жұбаева 
грамматикалық категориялардың антропоөзектілігіне байланысты зерттеуінде: 
«Тіл – таным құралы болса, таным – ақиқат болмыстың ойдағы көрінісі болып 
табылады, сол арқылы білім қоры жинақталып, ақпарат қабылданады. Тіл 
таным нәтижесінде түзілген әлем туралы біліммен, оның адам санасындағы 
көрінісімен тығыз байланысты болады. Ой сөз арқылы көрініс табады» 

7,12-
13-б.],-дейді.
Тұтастай алғанда, тіл – екі жақты құбылыс, тілдік таңбалардан осы екі 
жақты қасиетті толық сақтап, «атауыштық» қызмет атқаратын таңба – Сөз. Сөз 
– шындық өмірдегі болмыстың адам санасында бейнеленген тілдік таңбасы
осы тұрғыдан алғанда, атау теориясы мен сөзжасам теориясының байланысы 
туады. Ф.Соссюрдің тілдің таңбалық сипаты туралы теориясына байланысты 
қалыптасқан «Тіл – ерекше таңбалар жүйесі» тұжырымын дамыта келе, 
А.Соломоник: «Слово – базисный элемент любой языковой системы» деп, осы 
жүйедегі сөздің алатын орнына айрықша мән береді. «Дабы о чем-то вести 
речь, его прежде всего надо обозначить. В этом и проявляется основная, 
изначальная функция слова» деген түйін сөздің тіл жүйесіне енуіндегі қарым- 
қатынастың орнын анықтап, алғашқы баспалдақ оның атауыштық қызметінде 
деп пайымдайды. Сонымен қатар, сөз – белгілі тілдік қауымдастықтың келісімі 
бойынша зат-құбылысқа ерікті түрде таңдалып таңылған шындық – бейнесі, 


25 
таңбасы. Қайсыбір тілдік таңбаны қолдануда тілдік қауымдастықтың әр 
мүшесінің келісімі қажет етілмейді. Қауымдастық мүшесінің қатысым 
әрекетіне енуінің өзі оның тілдік кодты (кілтті) қабылдауға келіскенін білдіреді. 
«Согласие в данном случае не выражается волеизъявлением, оно внедряется 
необходимостью существовать внутри данного сообщества, принятым 
порядком вещей, традицией и образованием» [15,264-б.]. Тілдік қауымдастық 
мүшесі – сол тілдің иесі. Тіл қоғамдық сананы қалыптастырушы құрал бола 
отырып, белгілі этникалық ортаның ұлттық дүниетанымын мәдениетін 
қалыптастырады, оны қордалап-жинақтап ғасырларға жеткізіп отырады. Әр тіл 
иесі белгілі этникалық мәдениетке тән болады, сол мәдениеттің өкілі ретінде 
танылады. Әр тілдік тұлға өзінің этникалық мәдениетін жеткізуші болып 
табылады, тілдік таңбалар мәдениет таңбасы ретінде қолданылып, ұлттық 
мәдениеттің ерекшелігін білдіреді. 
Бастапқыда тіл жүйесінен тыс ақиқаттың бір бөлігін таңбалау үшін пайда 
болған атау-сөздің тіл жүйесіне еніп, ұлттық байлыққа, ұлттық дүниетаным 
көрінісіне айналуының жолы ұзақ. Ол белгілі заңдылықтар арқылы берілетін 
сөз семантикасынан, тілдің құрылымдық табиғатына сәйкес қалыптасатын 
сөзжасам амал-тәсілдерінен көрінеді. 
Тіл белгілі этникалық ортаның мәдениетін таныту құралы, сол тіл мен 
мәдениет иесінің, этникалық тұлғаның, өзегін құрайды. Әр тілдік тұлға өзінің 
этникалық мәдениетін жеткізуші болып табылады, тілдік таңбалар мәдениет 
таңбасы ретінде қолданылып, ұлттық мәдениеттің ерекшелігін білдіреді. 
Философияда таным үдерісін ғылыми тұрғыдан түсінуде бейнелеу ұстанымы 
шешуші роль атқарады деп есептеледі. Бейнелеу – танып-білуге тиіс нысан мен 
танушы субъект арасындағы күрделі қарым-қатынас үдерісі. Таным субъектісі 
деп, жеке адамдарды, әлеуметтік топтарды, тұтас нақтылы қоғамды айтуға 
болады. Мәтіндегі таным субъектісі – Қара кемпір, ауылдан қалада тұратын 
баласына келген, өзінің дәстүрлі мәдениетінің өкілі. Ал табиғат, қоғамдық 
қатынастар субъектінің өндірістік, әлеуметтік және ғылыми қызметі арқылы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   89




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет