М. С. Атабаева PhD доктор, профессор


Дәстүрлі диалектілік құбылыстар тобына ежелгі көне тайпа тілдерінің  қалдығы ретінде сақталып қалған ерекшеліктер жатады. Мысалы, жандық



Pdf көрінісі
бет20/89
Дата07.09.2023
өлшемі2.57 Mb.
#476850
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   89
Бисенбаева

Дәстүрлі диалектілік құбылыстар тобына ежелгі көне тайпа тілдерінің 
қалдығы ретінде сақталып қалған ерекшеліктер жатады. Мысалы, жандық 
(ұсақ мал), тайөгіз (тайынша), үріптес (туыстас), сой (тұқым) [35,16-17-бб.] 
тәрізді тіл деректерімен қатар, Ж.Манкеева ағыл (мал қора), адақ арба (жас 
баланы жүруге үйретуге арналған арба), ақа (айыр), аша (айыр), аяққап 
(аяқкиім), бақыраш (ожау), егер (ер), жағылан (былғары сандық) [40,222-223-
бб.], асыл (ата-баба) т.б.
Дәстүрсіз диалектілік құбылыстар қатарына тіл дамуының кейінгі 
кезеңдерінде пайда болған, басқа тілдерден енген, сөз тудырушы жұрнақтар 
арқылы жасалған сөздер жатады Мысалы, тапсырыс тапсырма көрсетпе – 
нұсқау, жатыс күн – демалыс, шара көру – шара қолдану, барлау тексеріс 
т.б.[35,16-б.]. Ж.А.Манкееваның пайымдауынша, этностың көне дәуіріндегі 
тарихынан, мәдени өмірінен хабардар ететін этнографизмдер – ұлт тіліндегі 
мағынасы ұмыт болған әртүрлі этноатаулар. Осы қатарға дәстүрлі диалектілік 
ерекшеліктерді жатқыза отырып, тілді халық тарихымен, мәдениетімен тығыз 
байланыста қарастыратын бағыт талабына сай зерттеу қажетін көрсетеді. 
«Осыған орай анықтасақ, диалектілік сипаттағы МЛ-ға қатысты атаулардың 
көбінің тарихи даму жағынан, пайда болу, шығу төркіні тұрғысынан көне тілдің 
сарқыншағы ретінде сақталып қалған ертедегі тайпа тілдерінің қалдықтары, 
көнеленген қат-қабаттары екенін көруге болады» [40,221-226-бб.],-деп, аталған: 
ағыл, адақ арба, ақа, аяққап, бақыраш, баспақ, жақы, тайжақы, жағылан т.б. 
атаулардың этномәдени мазмұнын ашып, ол атаулардың материалдық 
мәдениетті таныту көзі екенін дәлелдейді. 


39 
Аймақтық лексика зат-құбылыстың атауын ғана білдіретін сөздер тобы 
емес. Жергілікті ерекшеліктердің кездесу, қолданылу жиілігі біркелкі 
болмайды. Сол себепті аймақтық лексикаға да сөз мағынасының әр алуан 
өзгерістері дамуы тән, сондықтан мағыналық құбылуына орай лексикалық 
ерекшеліктер және семантикалық ерекшеліктер болып жүйеленеді. Ш.Сарыбаев 
бұл жүйелерді өз ішінен тармақтап, жіктемесін жасаған [35,21-43-бб.]. Оны 
зерттеудің мақсатына қарай төмендегіше көрсетуге болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   89




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет