Мазмұны кіріспе негізгі бөлім



бет1/7
Дата12.04.2023
өлшемі55.75 Kb.
#472132
  1   2   3   4   5   6   7
Ғұмар Қараш (копия)


МАЗМҰНЫ


1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Ғұмар – журналист
2.2 Ғұмар және Алашорда
2.3 Ғұмар және Кеңес үкіметі
2.4 Ғұмар–ұлттың көсемі
2.5 Ғұмар Қараштың педагогикалық көзқарастары
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


  1. КІРІСПЕ

Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстанда саяси-құқықтық, қоғамдық, ағартушылық-педагогикалық және философиялық ой-пікірдің дамуына өзінің өлшеусіз үлесін қосқан ірі тұлғалардың бірі - Ғұмар Қараш. Ол туралы соңғы жылдары ғана баспасөз беттерінде бірнеше мақалалар, шығармалар жинағы басылды. Көп жылдар бойы оның педагогикалық-ағартушылық қызметі, философиясы терең, өте көкейтесті мәселелерді көтерген еңбектері шаң басып, кітап қоймаларының түкпір-түкпірінде қажетсіз болып жатты. Халық тарихымен оның рухани мұрасына балта шапқан коммунистік партияның біржақты идеологтары Ғ.Қараштың есімін жазуға да, айтуға да тыйым салды.
Ғ.Қараштың саяси көзқарасының өсіп-жетілуіне 1905-1907 жылдардағы бірінші орыс революциясы өлшеусіз эсер етеді. Орталық Ресейде болып жатқан әлеуметтік наразылықтар мен жұмысшылар табы ереуілдері ұлттық езгінің тепкісінде жүрген қазақ халқын да бейжай қалдырмаған. Ол татар тілінде шығып тұрған «Ульфат», «Шура» сияқты мерзімді баспасөздерде бірнеше мақалалар жариялап, онда қазақ қоғамының көкейкесті мәселелерін шешудің жолдарын қарастырады.
Ғұмар білім алған аясы медресесінен бастап, өмірін ғылым жолында өткерді: араб, парсы, түрік, орыс тілдерін білді, бай кітапханасы болған. Ғ.Қараштың өзінің тіркеу парағында «қырғыз тілінде білімі жоғары, ал орыс тілінде сауатты»,- деп өз қолымен жазған. Бұған қарағанда Ғ.Қараш ауыл медресесімен шектелмей, жоғары мектепте тиянақты білім алған.
Мұны айту себебіміз, мұсылман елдеріндегі білім беру жүйесінің өзіндік ерекшелігінде. Ислам елдерінде білім берудің бастауыш жүйесі - ібтидай, орта басқыш мектептер - рушдия, ал жоғары мектеп - ғалия аталған белгілі. Кей жағдайда соңғысы «медресе» атала береді.
Ғ.Қараш дүниетаным, іс-әрекет тұрғысынан жәдидтік қозғалыстың егіз қатар өмір сүрген бағыттарының алғашқысына жатады. Ол елде тұрмыс қалпы мен құрылыс қалпында үйлеспеушілік орын алған кезде қызметке араласады. Ғұмардың бұл кезеңдегі өмірі туралы бірқатар дерек замандастарының естеліктерінде: «Мен оны жас кезімнен-ақ мұғалім бола бастағаннан бері білемін»,-деп жазады ақынның тумасы әрі шәкірті кейін ҚазМУ-де араб тілінен сабақ берген Хакім Әжікеев.
Халыққа қызмет етуді өмірінің мақсат-мұраты санаған азамат ақын 1918 жылы елге нақты қызмет ету, әлеуметтік, ағартушылық өмірге белсене араласу жолына ойысады. Сөйтіп, туған елі Жәнібекке келеді. Ордадағы педтехникумда сабақ береді. 1918 жылғы 24 қыркүйекте болған Бөкей губерниясы мұғалімдерінің съезіне және 1918-1920 жылдарда өткен сол губерния кеңестерінің I, II, III, IV съездеріне делегат болып қатысады. Ғ.Қараштың 1920 жылы 21 маусымда II Бөкей губерниялық партия конференциясында пленум мүшесі болып сайлануы, үгіт- насихат бөлімінің меңгерушісі болып бекітілуі-ағартушы қайраткерге халықтың үлкен сенім артқандығын көрсетеді. Ол кез Ғұмардың Шәңгерейге жиі қатынап, жаңа пікірге ауа бастаған кезі екен. Ғ.Қараш жәдид оқуды ол күнде медресе деп аталатын өз мектебіне енгізіп, пән сабақтарын жүргізіп, әсіресе, орыс тілі, табиғат, жаратылыстану пәндеріне өте көңіл бөледі екен. Баста татар мұғалімдерін ұстап, орыс тілінде содан оқытып, кейін орыс мұғалімін де ұстаған кезі де болды.
Ғ.Қараш оқу ісінде хат таныту әдістерін үйретіп, қараны дұрыс таныту жолын, онымен қатар мағынасына түсініп, өлеңді мәнерлеп оқуға, сөздерді әнге салып оқып, әнге үйретуді, соған жаттықтыруды тапсырып отырған. Пэн сабақтары ішінде жаратылыстану, табиғаттану, география сабақтарының оқыту әдістеріне тоқталып, оларды түсіндіріп оқытуды тапсыратын. «Бұл пәндер дінде жоқ, дін бұзатын пәндер» деуші молдаларды құранда құдайдың өзі «жер дүниені кезіңдер, ондағы әрбір жаратылыстың таңғажайып нәрселеріне ой жүгіртіп қараңдар» деген емес пе? Ал енді бұлай болса, «бір адам қанша жаһанкез болса да дүниенің бір бұрышын айнала алмайды, жағрафия ғылымын білгендер дүниені кезіп айналып шыққан болады да, жаратылыс ғылымын білгендер әр заманда жаратылыстың тірлікке құбылыс жағдайларының өзгеше болатын себептерін үйде отырып-ақ көріп, біліп отырады» деуші еді.
Ғ.Қараштың ағартушылық, жасампаздық қызметінің алғашқы кезеңінен бастап оның дүниетанымында зор төңкеріс жасаған адам - Жәңгір хан немересі, қазақ әдебиетінің XX ғасыр басындағы көрнекті тұлғаларының бірі - Шәңгерей Бөкеев. Нұғыман Манайұлы «Ғұмардың оянуына бірінші себеп 1905 жылғы төңкеріс, Ресей мұсылман оқығандары арасындағы жәдидшілік қозғалыс болған болса, екінші жағынан оның оянуына қамшы болып тікелей жетекші болған Шәңгерей»,-дейді.
Н.Манайұлы осы пікірмен Ғұмардың ағартушы, қаламгер азамат ретінде қалыптасуында шешуші рол атқарған басты-басты үш себепті де қамтып өткен. Рас, Ғұмардың саяси бетіне, пікіріне үлкен өзгеріс кіргізген 1905 жылғы революция екендігін айтады.
Алайда, бұл қозғалыстың Ғұмар тектес жаңашылдар үшін саяси мәнінен гөрі ағарту, рухани саладағы реформаларға мүмкіндік берген маңызы басым еді. Оның педагогтік қызметі 1905-1906 жылдар аралығында үш дүркін өткізілген түрік зиялылары съездерінде талдап жасалған бағдарламамен дөп түсіп жататынын байқау қиын емес.
Қазақстан Республикасы одақ құрамына автономиялы республика болып енгеннен бастап саяси құрылымында, оқу-ағарту, мәдениет салалары елеулі жаңалықтарға толы болды. XX ғасырда өмір сүрген қазақ зиялы қауымы өркендеуімізге үлес қосты. Осындай зиялылардың бірі, қоғам қайраткері, ағартушы Ғұмар Қараштың есімін атауға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет