124
сәби кезінен сіңіріледі, Ананың сүтімен беріледі. Өз халқының тарихын,
мәдениетін, салт-дәстүрін – моральдық негізі ретінде Ана тілі арқылы игеріп,
нәр алады [144,278-б.].
Ғылыми әдебиеттерде мәдениеттің типі мен формалары және мәдениеттің
құрамдас бөлігі құндылықтар әлемінің жалпы адамзатқа ортақ түрлерімен
қатар, өзіндік ұлттық ерекшеліктері, бағалау дәрежесі,
өлшемі болатыны
жайында айтылып, жіктемесі жасалып келеді. Н.Ф.Алефриенко тілдің бағалау
мәнді кеңістігінің негізінде ерекше мәденитанымдық категориялар – құндылық
аталатын категориялар жатыр деп, оның төмендегідей түрін көрсетеді:
өмірлік (витальные): өмір, денсаулық, өмір-тіршілік деңгейі, табиғи орта
т.б.;
әлеуметтік: әлеуметтік жағдай, дәреже, байлық, отбасы, мамандық,
төзімділік, теңдік т.б.;
саяси: сөз бостандығы, азаматтық бостандық, заңдылық, азаматтық
қауым т.б.;
моральдық: жақсылық, игілік, махабат, достық, намыс,
парасаттылық
т.б.;
діни наным-сенім: Құдай, Тәңір заңы, сенім, құтқару, аман қалу т.б.;
эстетикалық: сұлулық, идеал, стиль, үйлесім т.б. [139,9-б.].
Құндылықтың қай түрінің де тілдегі көрінісіне қарағанда, жалпы адами,
ұлттық, таптық, топтық, отбасылық, жеке-дара индивидке қатысты болатыны
көрінеді. Осылардың ішінде ұлттық құндылық жеке этностың, оның жеке
мүшесінің өмірінде, тұрмыс-тіршілігінде аса маңызды орын алады. Жалпы
адамзаттық
құндылықтарға қарағанда, ұлттық құндылық мәдениеттің ұлт
санасында мейлінше нақтыланған және материалданған ұғымдар бөлігі болып
табылады. Н.Ф.Алефриенко орыс халқы үшін: Кремль, Пушкин, Толстой т.б.,
француздар үшін: Лувр, Версаль, Эйфель мұнарасы т.б. құндылықтың
вербалданған көрінісі [139,9-б.] екенін айтады.
Қазақ халқы үшін басты құндылық: Тәуелсіздік, Тыныштық, Ел-Жұрт,
Атамекен, Теңдік, Денсаулық, Отбасы, Ұлттық салт-дәстүр, Ұлттық мәдениет,
Болашаққа сенім, Білім т.б. Басқаша айтқанда,
ұлттық құндылыққа жалпы
адами мәдениет пен этномәдениеттің айрықша белгісі, ерекшелігі болып
табылатынның бәрі енеді.
Мәдениеттанушылар «мәдениет» ұғымын жан-жақты сипаттай келе, оның
классикалық анықтамасын жасаған ағылшынның көрнекті этнографы Эдуард
Тэйлор (1871) санайды. Содан бері мәдениет ұғымы әр қырынан анықталып,
толықтырылып келе жатқаны анық, алайда мәдениеттің өзгермейтін мәні –
адамның ақыл-ойы мен еңбегінің жемісі, салты мен дәстүрі, наным-сенімі, өмір
сүру тәсілдері: материалдық және рухани байлық ретінде бағалайтын
құндылықтары [147,15-16-бб.].
Ұлттық мәдениет антропоөзекті бағыт зерттеулерінде «этнос» терминінің
орнығуына
байланысты этномәдениет аталып та жүр. Бұл мәселе жайында
А.Тұрышев: «Этномәдениет – этнографияның құрамдас бөлігі болып табылады.
Этнография белгілі бір халықтың этногенезін, заттық, рухани мәдениетін,
125
тұрмыс-салт, әдет-ғұрып ерекшеліктерін зерттейтін ғылым» [148,167-б], деген
анықтама береді. Этномәдениет қоғам дамуы мен адамның шығармашылық
қуат-қабілетінің деңгейі арқылы көрінетін материалдық және рухани
құндылықтары, сондықтан да мәдениет әлемі кез келген затты не құбылысты
табиғаттың сыртқы күшінің әсері ретінде ғана қабылдап қоймайды. Оны игеру
үдерісінде адамдарды үйлесе әрекет етуінің жемісі деп түсінеді. Табиғаттың
бергенін
жетілдіріп, жаңғыртуға бағыттайды. Этномәдениет туралы ой
тарқатқан [10],[4,576-587-бб.], тереңдетіп зерттеген [1], [22] [24], [27], [40],
[129], [139], [145], [149], [150], [151] т.б. ғалымдар этнос пен оның мәдениетінің
бөліп-жаруға келмейтін ұғым екенін дәлелдеумен қатар, этномәдениетті
құрылымына қарай:
материалдық және
рухани мәдениет деп тармақтап
зерттеп келеді. Бұл жіктеме жүйесін төмендегі сызбадан көруге болады:
Егер «мәдениет – дәстүр құндылықтары сіңген, адам түсінігі үшін заттық
айғақ бар болса, сол жерден басталады» дейтін тұжырымға сүйенсек,
Достарыңызбен бөлісу: