ҚОРЫТЫНДЫ
Қазіргі тіл ғылымы тілдің «қарым-қатынастың аса маңызды құралы»
қызметімен қатар, танымдық қызметіне, мәдениеттің көрінісі қызметіне
айрықша мән береді. Ақыл-парасат, сезім иесі ретіндегі саналы адамның ең
басты қасиеті – өзін қоршаған ортаны танып-білуге деген ерекше құштарлығы.
Дүниені танып-білудің негізінде зат, құбылыстардың адам санасында
бейнеленуі жатады. Адам санасындағы заттар мен құбылыстардың бейнесі
арқылы қабылданған ақыл-ой – ол заттардың өзі емес, солардың әсерінен пайда
болған білім, ақпарат саналады. Мәдениет тілде таңбаланады дегенде, оның
мәдени мазмұнды тілдік бірліктер арқылы, оның тілдік таңбалардағы көрінісін
айтады.
Тіл белгілі этникалық ортаның мәдениетін таныту құралы, сол тіл мен
мәдениет иесінің, этникалық тұлғаның, өзегін құрайды. Әр тілдік тұлға өзінің
этникалық мәдениетін жеткізуші болып табылады, тілдік таңбалар мәдениет
таңбасы ретінде қолданылып, ұлттық мәдениеттің ерекшелігін білдіреді.
Ұлттық мәдениет – дәстүрлі мәдениет. Ол азды-көпті «жаңғырғанымен»,
әр ұлттың өмір сүру ережелерінің жиынтығы, салт-дәстүрінің, әдет-ғұрпының
көрінісі, мінез-құлық, адамгершілік нормаларының қоғамдық сана арқылы
ғасырлар бойы қалыптасқан заңдылықтыры болып қала береді. Ұлт мәдениетсіз
болмайды, ұлттық мәдениетті танытушы құрал Тіл екендігі – дәлелдеуді қажет
етпейтін шындық.
Халық тарихының да, мәдениетінің де дамып қалыптасуы – ұшы-қиырсыз
тарихи дәуірлердің түйіні. Тіл иесі өз тарихы мен мәдениетінің қалыптасып
дамуы жолдарынан өту барысында әлеуметтік және табиғи ортада өмір сүрудің
қыр-сырын үйренеді, әдістерін, амал-тәсілдерін ойлап табады. Бұлардың бәрі
этникалық мәдениетті құрайды. Қай этностың да ақыл-ой санасының,
дүниетанымының нәтижесі – материалдық және рухани мәдениеті оның тілінде
көрініс табады дегенді белгілі тіл деректеріне сүйеніп айтады. Осындай тіл
деректері қатарына халықтың этномәдени байлығын танытатын, ұлттық бояуы
қалың да айшықты, ұлттық дүниетаным мазмұнды тіл бірліктері –
Достарыңызбен бөлісу: |