М. С. Атабаева PhD доктор, профессор


Зерттеудің әдістері мен тәсілдері



Pdf көрінісі
бет9/89
Дата07.09.2023
өлшемі2.57 Mb.
#476850
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   89
Бисенбаева

Зерттеудің әдістері мен тәсілдері. Зерттеу жұмысында тарихи-
салыстырмалы, дәстүрлі сипаттама, компоненттік әдістермен қатар, 
этнолингвистикалық, семантикалық, лексика-семантикалық, этномәдени 
бірліктердің түпнұсқасын қалпына келтіру мақсатында этимологиялық талдау 
тәсілдері қолданылды. 


13 
Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері. Зерттеу жұмысының 
теориялық негізі ретінде антропоөзектік зерттеулердің бастауы саналатын 
философия, лингвомәдениеттану салалары бойынша: В.Гумбольдт, Э.Сепир, 
И.Г.Гердер, Б.Л.Уорф, В.Н.Телия, Н.И.Толстой, А.И.Потебня, А.Е.Карлинский, 
В.В.Воробьев, В.А.Маслова, А.И.Кравченко, В.И.Полищук, Н.Ф.Алефриенко, 
Д.Кішібеков, Т.Ғабитов, т.б. ғалымдардың жалпы мәдениет, ұлт мәдениетіне
оның түрлеріне қатысты тұжырымдары мен түркітану, қазақ тілі саласындағы 
көрнекті ғалымдар: Ш.Уәлиханов, А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С.Мұқанов, 
К.Аханов, И.Маманов, Ә.Қайдар, А.Сейдімбек, Ә.Марғұлан, Р.Сыздық, 
Ш.Сарыбаев, Е.Жанпейісов, Ж.Манкеева, А.Ысқақов, Н.Оралбаева, Ғ.Қалиев, 
Б.Қасым, 
Б.Қалиев, 
О.Нақысбеков, 
Ә.Нұрмағамбетов, 
С.Исаев, 
З.Қ.Ахметжанова, Н.Уәли, С.Н.Смағұлова, Ф.Ш.Оразбаева, М.С.Атабаева, 
А.Б.Салқынбай, Қ.Ө.Есенова, С.К.Сәтенова т.б. ғалымдардың теориялық 
тұжырымдары басшылыққа алынды. 
 Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
 аймақтық лексикадағы этномәдени компонент ұғымы анықталып, 
аймақтық сөздің таным нәтижесі, мәдениет жемісі екені негізделді, осыған 
орай, атауыштық, сөзжасамдық ерекшеліктері анықталды;
 аймақтық этномәдени бірлік – номинация нәтижесі, қарым-қатынас 
қажеті үшін пайда болған, сондықтан аймақтық культуремалар қатысымдық 
семантика тұрғысынан талданды;
 аймақтық этномәдени лексика – ұлттық лексиканың құрамдас бөлігі 
екені оның тарихи-танымдық қабаттарын зерделеу арқылы көрсетілді; 
 аймақтық лексикадағы материалдық және рухани мәдениет лексикасын 
тақырыптық топ деңгейінде анықтап, этномәдени мазмұнын ашу арқылы қазақ 
этносының тұтас бітім-бейнесін жасау талабы зерттеу жұмысының басты 
жаңалығы деуге болады: 
 ұлттық құндылық түрлерін көрсетіп, оның жергілікті сипаттағы 
бояуларымен арақатынасын, біртұтас мәдениет өкілі өміріндегі үйлесімі мен 
мән-мазмұн сабақтастығын айшықтау да зерттеу жұмысының негізгі жетістігі 
саналады. 
Зерттеу жұмысының теориялық маңызы. Зерттеу жұмысының 
теориялық маңызын тақырыптың өзектілігі айқындайды. Қазақ тілінің 
аймақтық лексикасы тарихи-әлеуметтік құрамы жағынан Түркі әлеміне ортақ 
түркілердің заманалар бойына жасаған тілдік мұрасынан бастау алатын 
жалпытүркілік, төл және кірме қабаттардан тұрады. Бұл қабаттарда түркі 
тілдері шығуының ортақ негізін танытатын тарихи деректермен қатар әр кезең 
қажеттілігіне орай пайда болған туынды атаулар, халық тілінің айшықты 
айғағы фразеологизмдер қатары мол. Этностың өзіндік ерекшелігінің дәлелі 
материалдық, рухани мәдениеттің көрінісі – этномәдени мазмұнды деректерде 
жинақталған. Сонымен қатар, этностың материалдық, рухани мәдениетімен 
байланыстыруды мақсат еткен зерттеу тұжырымдары қазақ тіл білімінде 
антропоөзекті 
бағыттағы 
этнолингвистика, 
лингвомәдениеттану, 
аксиологиялық лингвистика салаларына белгілі дәрежеде үлес қоса алады. 


14 
Қазақ 
тілінің 
аймақтық 
лексикасын 
мағыналық-тақырыптық 
этнолингвистикалық, лингвомәденитанымдық тұрғыда зерделеуде бағдарға 
алынған теориялық ойлар мен этимологиялық деректер, одан туындайтын 
ойтүйіндер қазақ диалектологиясы мен әдеби тілінің, тіл тарихының, 
лексикология, семасиология және этнолингвистика, лингвомәдениеттану, 
аксиологиялық лингвистиканың елеулі мәселелерін талдауда, сипаттап түсінуде 
маңызды болмақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   89




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет