Стратегиялық бағыт 7 Мекемелер мен халыққа мемлекеттік ақпараттық-интерактивті автоматты қызмет көрсету.
|
Мақсат 7.1 Мемлекеттік қызметтің әлеуметтік мәнінің сапалылығын, тиімділігін, айқындылығын Үкіметтің веб ресурстары мен әкімдіктің веб сайты арқылы жүргізу және арттыру.
|
Мақсатты индикатор: Мемлекеттік электрондық қызметтің санын 15-20% дейін көтеру.
|
Міедет 7.1.1 Азаматтар мен мекемелерге арналған мемлекеттік электрондық қызметті ұйымдастыру.Оның қолжетімді болуын қамтамасыз ету. Ақпараттық жүйенің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
|
Көрсеткіштер:1. электрондық қызметтің функционалдық мүмкіндік механизмдерін аудан әкімдігінің веб сайты арқылы кеңейту.
2. Қолданысқа электрондық мемлекеттік қызмет көрсететін жүйені енгізу.
3. «Электронды үкімет» ақпараттық жүйесіне бірыңғай көшу.
4. Мекеменің ақпараттар мен мәліметтерді интернет жүйесі арқылы алуға және беруге есептегіш-локальды жүйесінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келуін қадағалау.
|
Стратегиялық бағыт 8 Мекемелердің арасында электронды құжат айналымын Бірыңғай транспорттық ортаға бейімдеп дамыту және ақпараттандыру бағытында әртүрлі технологияларды ендіру. Халықтың компьютерлік сауаттылығын көтеру және IT-мамандарының деңгейін көтеру.
|
Мақсат 8.1. Мемлекеттік органдарға, бизнес құрылымдар мен халыққа әртүрлі ақпараттық жүйедегі электронды құжат айналымы жүйесінің қол жетімді және қауіпсіз болуын күшейту. Аталған бағыттағы материалды-техникалық базаны күшейту.
|
Мақсатты индикатор Енгізілген жүйені сапалы пайдалану, мәліметтердің алыс-берісін қауіпсіз корпоративтік-транспорттық орта арқылы жүргізу. Мемлекеттік органдарда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.
|
Міндет 8.1.1. Аудан әкімі аппаратының әкімшілік прцедурасын облыстық жүйеде ақпараттық ресурстармен өзара әрекеттесу базасында оңтайландыру үшін жағдайлар жасау, мемлекеттік қызметкерлерді пресоналды компьютерлермен, қажетті ұйымдастыру техникаларымен қамтамасыз ету. Кадрларды арнаулы бағдарламалық қамтамасыз ету курсынан өткізіп дайындау.
|
Көрсеткіштер: Жалпы халықтың 40 пайызына дейін компьютермен жұмыс жасауды үйретуді қамтамасыз ету. Халықаралық деңгейдегі IT- мамандарының санын көбейту. Ескірген техникаларды ауыстыру. Жергілікті басқару органдарында ақпараттық жүйені енгізу.
|
4. Аудан әкімі аппаратының қызметтік мүмкіндіктері
Қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес жоспарланған нәтижелерге қол жеткізу үшін төмендегі қызметтерді атқарады:
- аудан әкімі мен әкімдіктің жұмысын жоспарлайды ;
- аудан әкімі мен әкімдік жұмысын ақпаратты-талдау, ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету;
- Мемлекет басшысының, Үкімет пен облыс әкімінің, аудан әкімінің қойған талаптары мен міндеттерін орындау үшін жергілікті органдар мен бөлімдермен координатты түрде іс-әрекет жасау.;
- Аудан әкімі мен әкімдіктің курстарының ҚР заңдарымен сәйкестігін қамтамасыз ету;
- ҚР заңдарын орындау барысында әкімдіктің, кент әкімімен ауыл әкімдерінің және басқа да жергілікті мемлекеттік органдардың жұмысын оқып білу және тәжірибеде қолдану. Аудан экономикасының тұрақтануымен көтерілуіне жағдайлар жасау, аудандық бағдарламаларды іске асыру үшін әлеуметтік-саяси климатты жақсарту ;
- Электронды құжат айналымының жүйесін меңгеру, құжаттарды толтыру мен іс номенклатураларын ұйымдастыру, құжаттарды толтыруды мемлекеттік тілде жүргізу;
- жергілікті мемлекеттік басқару органдырының іс әрекетінің бағытын алдағы уақыттағы жұмыстарының сапасымен салыстыра отырып талдау;
- республикалық және аймақтық құқықтық түсіндіру жұмыстары бойынша бағдарламаны іске асыру, 2010-2012 жылдарда азаматтардың құқықтық мәдениетінің деңгейін көтеру, құқықтық оқыту мен тәрбиелеу;
- Ауданда электрондық әкімдік инфрақұрылымын құрып, оны дамыту.Электрондық құжат айналымын электронды-цифрлы қолдар арқылы жүргізу.Ақпараттандыру және компьютерлендіру жүйесінде әртүрлі жаңа технологияларды енгізу.
- Мемлекеттік органдардың ақпараттандыру жүйесінде моралды-техникалық тұрғыдан күшейтуді қажет ететін ескіріп,тозығы жеткен компьютерлік техникаларды түгелдей ауыстыру.
- адами капиталдың өсуін компьютерлік сауаттылықты көтеру арқылы қамтамасыз ету
- IT– мамандарын дайындауға және ақпараттық-коммуникациялық желілерге байланысты шешілмей жатқан сұрақтардың барлығын жолға қою.
- электорндық әкімдік жүйесін мемлекеттің халық пен мекемелерге интерактивтік және транзакциялық көрсететін қызметін көтеруге қарай дамыту.
Ықтимал қауіптіліктер
Қауіптіліктер атауы
|
Алдын-алу шараларын жүргізбегендегі болуы ықтимал жағдайлар
|
Басқару шаралары мен механизмдері
|
Ережелердің сапасыз дайындалуы
|
Мақсатты міндеттелген көрсеткіштерге жете алмау
|
Атқарылған жұмысқа жауапты құрылымдық бөлімше бастығының персоналды жауапкершілігін және орындалған құжатқа тиісті шара көру жауапкершілігін күшейту.
|
Кадрларды ауыстыру
|
Мемлекеттік органның мамандандырылған мүмкіндіктерінің төмендеуінің бірден-бір салдары олардың аппараттағы, ауданның дамуындағы негізгі міндеттердің көздігін таба алмауында.
|
Төмендегі шаралар қолданылуы мүмкін:
1. қызметкерді біліктілігінің деңгейінде материалдық тұрғыда ынталардыру,
2. біліктілігін көтеру,
3. моральды ынталандыру
|
әлемдік қаржы дағдарысына байланысты қызметкерлердің біліктілігін көтеруге бөлінетін қаржыны азайту.
|
Оқуды қаржыландыруды азайту немесе мүлдем жою
|
Қаржыландырудың альтернативті көздіктерін іздеп табу (бюджеттік емес қорлар, гранттар)
|
Құжаттардың талапқа сай толтырылуын қадағалау
|
Қайта тіркеу
|
Аудан әкімдігінің регламентімен аудан әкімі аппаратының іс жүргізушілік ережелерінің қатаң сақталуын қадағалау
|
Резолюцияның дұрыс жүргізілуі
|
Нақты орындаушымен орындалған мерзімді анықтау.
|
Резолюция жүргізудің дұрыстығына персоналды жауапкершілікт күшейту және тиісті тұлғаларға тәртіптік шара көру
|
Жергілікті тиісті мемлекеттік органдарға сапасыз құжаттар дайындап, пайдалану
|
Салалық және аймақтық дамуда көзделген міндеттердің көрсеткіштерінің орындалмауы
|
Стратегиялық жоспарлардың дайындалуы мен орындалуына, оларға көрілетін шараларға байланысты тиісті мекеме басшысының персоналды жауапкершілігін күшейту.
|
Электрондық әкімдік бойынша сапасыз бағдарламалар дайындау
|
Мемлекеттік органдардың іс-әрекетінің айқын болмауы.
Халықтың компьютерлік сауаттануының төменгі деңгейі
|
Мемлекеттік органдардың халық пен мекемелермен өзара жұмыс жасауында «бір терезе» принципі бойынша жұмыс жасауға көшу.
|
5. Мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттары мен бағыттарының мемлекеттің стратегиялық мақсаттарымен сәйкес келуі.
Мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттары мен бағыттары
|
Мемлекеттің органдардың жүзеге асыруына бағытталған мемлекеттің стратегиялық мақсаттары
|
Стратегиялық құжаттың, нормативтік-құқықтық актінің атауы
|
Стратегиялық бағыт 1. Мемлекеттік қызмет персоналдарының ары қарай дамуы мен жұмыс жасауы
|
Мақсат 2.2. Аудан әкімі аппаратындағы кадрлардың біліктілігін арттыру
|
«Әлемдегі өркениетті, бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кірердегі Қазақстанның ең маңызды стратегиялық мақсаттардың бірі- мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру.Осы міндетті атқару- әкімшілік реформаның ең басты мақсаты болып табылады.Мұндағы басты назар аударатыны- мемлкеттік қызметкердің дәлелділігімен жауапкершілігін арттыру, өйткені осыған мемлкеттік органдардың тиісті бағдарламаларының тиімді жүргізілуі тәуелді..Осы тұста мемлекеттік қызметкердің қызметін, іс-әрекетін рейтингтік бағалау жүйесін дайындап, енгізуге мән беріліп отыр.»
|
Еліміздің Президентінің Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстан - 2030 Барлық Қазақстандықтардың жағдайының жақсаруы, гүлденуі және қауіпсіздігі»,
ҚР Президентінің 2005 жылғы 8 шілдедегі №1611 «ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының мәселелері» жарлығы ,
ҚР Президентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы №1471 «Қазақстан Республикасындағы «электрондық үкімет» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» жарлығы,
ҚР Президентінің 2005 жылғы 31 мамырдағы №1583 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының кадрларын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» жарлығы,
ҚР Үкіметінің 2000 жылғы 13 қарашадағы №1706 «Мемлекеттік қызметшілерді оқыту тұжырымдамасы туралы» жарлығы.
|
Стратегиялық бағыт 2. Құжат айналымының одан әрі дамуы мен жүргізілуі
|
Мақсат 1.1. Құжаттармен жұмыс істеуде жаңа тәсілдер енгізу және «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы Заңның» талаптарының орындалуын қамтамасыз ету.
|
Құжаттарды тіркеуде, автоматты тіркеуде олардың классификаторын міндетті түрде ұстану
|
ҚР «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңы, «ҚР-ның мемлекеттік ұйымдарында құжаттау мен құжаттаманы басқарудың тұрпатты ережелері туралы» ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі комитеті төрағасының 2003 жылғы 29 сәуірдегі №33 бұйрығы , ҚР үкіметінің «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымы ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 17 сәуірдегі №430 қаулысы.
|
Мақсат 1.2. Іс номенклатураларын құру.
|
Бекітілген істер номенклатурасына сай құжаттарды мерзімінде қалыптастырып, келесі жылға істер номенклатурасын жетілдіріп дайындап отыру
|
ҚР-ның мемлекеттік органдарында құжаттандырудың және құжаттармен жұмыс істеуді басқарудың типтік ережесі, «ҚР-ның мемлекеттік ұйымдарында құжаттау мен құжаттаманы басқарудың тұрпатты ережелері туралы» ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі комитеті төрағасының 2003 жылғы 29 сәуірдегі №33 бұйрығы, «Ведомстволық мұрағаттар қызметінің негізгі ережелерін бекіту туралы» ҚР Мәдениет министрлігі Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі комитетінің 2003 жылғы 29 желтоқсандағы №93 бұйрығы.
|
Мақсат 1.3
Ведомстволвқ мұрағаттың жұмысын жетілдіру
|
Ведомстволық мұрағатты негізгі ережелерге сай жарақтандыру
|
«Ведомстволық мұрағаттар қызметінің негізгі ережелерін бекіту туралы» ҚР Мәдениет министрлігі Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі комитетінің 2003 жылғы 29 желтоқсандағы №93 бұйрығы.
|
Стратегиялық бағыт 4. Мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру, құқықтық мәдениет пен ақпараттандыруды құру және жетілдіру.
|
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін оңтайландыру, олардың ашық және қолжетімді болуын қамтамасыз ету.
|
Халыққа сапалы және қолжетімді мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету.
|
ҚР Президентінің «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2007 жылғы 6 сәуірдегі №310 жарлығы,
ҚР 2001 жылғы 23-қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» №148 Заңы.
|
Құқықтық мәдениетті дамыту
|
Құқықтық мемлекет құру
|
ҚР Президентінің 2002 жылғы 20 қыркүйектегі №949« Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасы» туралы Жарлығы, ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 29 қарашадағы №1116 «Құқықтық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі 2009-2011 жылдарға арналған бағдарлама туралы» қаулысы
|
Құқықтық құжаттар әзірлеу қызметі
|
Құқықтық құжаттар әзірлеу қызметінің тиімділігін арттыру
|
ҚР Президентінің «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2007 жылғы 6 сәуірдегі №310 жарлығы,
ҚР 1998 жылғы 24 наурыздағы №213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» заңы,
ҚР 2001 жылғы 23-қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» №148 Заңы, ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 29 қарашадағы №1116«Құқықтық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі 2009-2011 жылдарға арналған бағдарлама туралы» қаулысы.
|
Стратегиялық бағыт 7. Ұйымдар мен халыққа мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық-интерактивтік қызмет көрсету
|
Мақсат 7.1 Әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтерді аппараттың веб-сайты арқылы көрсету процесінің сапалылығын, айқындығын, тиімділігін арттыру.
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30-қарашадағы №1155-1 «Қазақстан Республикасының «электрондық үкіметті» дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» қаулысы
|
Стратегиялық бағыт 8. Электронды құжат айналымы жүйесін және ведомствоаралық ұйымдардағы Бірыңғай қатынас ортасы құралдарының ақпараттық жүйесін дамыту.Ақпараттандыру саласында әртүрлі технологиялар ендіру.Халықтың компьютерлік сауатын және IT- мамандардың дайындық деңгейін көтеру, жетілдіру.
|
Мақсат 8.1.
Электрондық құжат айналымы жүйесінің және басқа мемлекеттік органдарға, халық пен бизнесқұрылымдарға арналған ақпараттық жүйелердің қауіпсіздігін және қолжетімді болуын арттыру. Осы сферадағы материалды-техникалық базаны күшейту.
|
|
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 17 сәуірдегі №358 «Интернет желісі қазақстандық сегментінің /Қазнет/ бірыңғай ақпараттық кеңістігін қалыптастыру мен дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» қаулысы, ҚР 2003 жылғы7 қаңтардағы «электрондық құжат және электронды цифрлық қолдар туралы» Заңы, ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 17 сәуірдегі №430 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымы ережесін бекіту туралы» қаулысы.
|
6. Стратегиялық жоспарды жасаудағы басшылыққа алынған бағдарламалық құжаттар мен нормативтік-құқықтық актілер тізімі
1. Еліміздің Президентінің Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстан - 2030 Барлық Қазақстандықтардың жағдайының жақсаруы, гүлденуі және қауіпсіздігі»,
2. ҚР Президентінің 2005 жылғы 8 шілдедегі №1611 «ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының мәселелері» жарлығы ,
3. ҚР Президентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы №1471 «Қазақстан Республикасындағы «электрондық үкімет» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» жарлығы,
4.ҚР Президентінің 2005 жылғы 31 мамырдағы №1583 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының кадрларын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» жарлығы,
5. ҚР Үкіметінің 2000 жылғы 13 қарашадағы №1706 «Мемлекеттік қызметшілерді оқыту тұжырымдамасы туралы» жарлығы.
|
6. ҚР «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңы, «ҚР-ның мемлекеттік ұйымдарында құжаттау мен құжаттаманы басқарудың тұрпатты ережелері туралы» ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі комитеті төрағасының 2003 жылғы 29 сәуірдегі №33 бұйрығы ,
7. ҚР Үкіметінің «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымы ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 17 сәуірдегі №430 қаулысы.
|
8. «Ведомстволық мұрағаттар қызметінің негізгі ережелерін бекіту туралы» ҚР Мәдениет министрлігі Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі комитетінің 2003 жылғы
29 желтоқсандағы №93 бұйрығы.
|
9. ҚР Президентінің «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2007 жылғы 6 сәуірдегі №310 жарлығы,
10. ҚР 2001 жылғы 23-қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» №148 Заңы.
|
11. ҚР Президентінің 2002 жылғы 20 қыркүйектегі №949«Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасы» туралы Жарлығы,
12. ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 29 қарашадағы №1116 «Құқықтық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі 2009-2011 жылдарға арналған бағдарлама туралы» қаулысы
|
13. ҚР 1998 жылғы 24 наурыздағы №213«Нормативтік құқықтық актілер туралы» заңы, ҚР 2001 жылғы 23-қаңтардағы«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» №148 Заңы,
14. ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 29 қарашадағы №1116 «Құқықтық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі 2009-2011 жылдарға арналған бағдарлама туралы» қаулысы.
|
15.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30-қарашадағы №1155-1«Қазақстан Республикасының «электрондық үкіметті» дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» қаулысы
|
16. ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 17 сәуірдегі №358 «Интернет желісі қазақстандық сегментінің /Қазнет/ бірыңғай ақпараттық кеңістігін қалыптастыру мен дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» қаулысы,
17. ҚР 2003 жылғы 7 қаңтардағы «электрондық құжат және электронды цифрлық қолдар туралы» Заңы, ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 17 сәуірдегі №430 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымы ережесін бекіту туралы» қаулысы.
|
Достарыңызбен бөлісу: |