М. В. Семенова Оқытушы туралы мәлімет



бет1/4
Дата04.07.2016
өлшемі471.34 Kb.
#176044
түріПрограмма дисциплины
  1   2   3   4
Программа дисциплины Форма

для студентов Ф СО ПГУ 7.18.2/07


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Қазақ филологиясы кафедрасы

«Қазақ балалар әдебиеті» пәні бойынша 050205 - «Филология: қазақ филологиясы» мамандығының студенттеріне арналған


ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ

Павлодар




Лист утверждения Форма

к программе дисциплины Ф СО ПГУ 7.18.2/11

для студентов

БЕКІТЕМІН


ФЖиӨ факультетінің деканы ____________Ж.Т.Сарбалаев

«___»_____________2007ж

Құрастырушы: ф.ғ.к., аға оқытушы Г.К.Қажыбаева_____________


Қазақ филологиясы кафедрасы




СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ

«Қазақ балалар әдебиеті» пәні бойынша 050205- «Филология: қазақ филологиясы» мамандығының студенттері үшін

Студенттерге арналған пән бағдарламасы «___»________2007 жылы бекіген

жұмыс бағдарламасы негізінде дайындалды.

Қазақ филологиясы кафедрасының «___»___2007ж. мәжілісінде ұсынылды.

Хаттама №__




Кафедра меңгерушісі_______________________Қ.П.Жүсіп

Филология, журналистика және өнер факультетінің «_____»_____2007 ж. әдістемелік кеңесінде мақұлданды. Хаттама №___


ӘК төрайымы____________________ М.В. Семенова


Оқытушы туралы мәлімет:

ф.ғ.к., доцент Қажыбаева Гүлден Кенесқызы

Тел. (8-7182) 32-43-08

Қабылдау уақыты: сәрсенбі сағ. 16.45
Пән туралы мәліметтер:

«Қазақ балалар әдебиеті» пәні 050205- «Филология: қазақ филологиясы» мамандығында 5 семестрде 18 аптада оқытылады. Жалпы сағат саны –90 с, дәріс -27 с, тәжірибешілік -18 с, СӨЖ-45 с.


Қазақ балалар әдебиетінің жанрлары мен жанрлық түрлерін, көркемдік бейнелеу құралдары мен тәсілдерін, балалар фольклоры мен балалар әдебиетінің байланыстылығын меңгерту, қазақ балалар әдебиетінің өзіне тән ерекшелігін, балалар әдебиетінің ықпалы жеткізу.


Пәннің қысқаша аннотациясы

Балаларға арналған прозалық, поэзиялық және драмалық шығармаларды меңгертіледі. Қазақ балалар әдебиетінің қалыптасу тарихы, дамуы және қазіргі қазақ балалар әдебиетін поэзиясының, прозасының көркемдігін, эстеикалық қуаты игертіледі. Балалар әдебиетінің мұраларын сала-сала бойынша, балаларға арналған шығармалардың жанрлық жіктелуі, олардың айтылуы, тарихын, бүгінгі қазақ балалар әдебиетінің ерекшеліктері, балалар ақын-жазушыларының шығармашылық процесі, балалар шығармаларының жанрлық сипаты туралы ғылыми жүйелі білім алады. Студенттер бұл курсты оқу барысында жинаған білімдерін алдағы кәсіби қызметінде, ғылыми-зерттеу жұмысында пайдаланады.



Пәнді оқыту мақсаты:

Қазақ балалар әдебиетінің туу, қалыптасу, өркендеу жолдарымен, кезеңдерімен, қазақ балалар ақын-жазушылары мен сыншыларының шығармашылық лабораториясы жөнінде, қазақ балалар әдебиеті жанрларының даму сипатымен, балалар әдебиетінің өзіндік ерекшеліктерімен таныстыру, ғылыми мағлұмат беру



Қолданылатын єдебиеттер

Негізгі:

  1. Ақ сандық, көк сандық. / Құрастырушы Ш.Ыбыраев./ -Алматы,1991.

  2. Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиетінің очеркі.-Алматы, 1996.

  3. Ахметов Ш. Қазақ совет балалар әдебиетінің хрестоматиясы.-Алматы,1970.

  4. Ахтанова А. Қазақ балалар драматургиясы.-Алматы, 2003.

  5. Ақыпбеков Ө. Жарыс. –А., 1988.

  6. Асылбеков А. Бәйшешектер. –А., 1985

  7. Әлімбаев М. Аспандағы әпке. –А., 1982.

  8. Әлімбаев М. Аяның алақаны. –А., 1988.

  9. Әлімбаев М. Биікке-биікке. –А., 1955.

  10. Әлімқұлов Н. Үш дос. –А., 1964.

  11. Баянбаев Қ. Тәтті сабақ. –А., 1984.

  12. Балаларға базарлық. –А.,1966.

  13. Бегалин С. Сырлы қайнар. –А.,1963.

  14. Баткеева Б. М.Әлімбай лирикасы. –А., 2000.

  15. Дүйсенбиев Ә. Біз өмірдің гүліміз. –А.,1990.

  16. Ергөбек Қ. Арыстар мен ағыстар. –А., 2003.

  17. Елубаев Е. Балабақша. –А.,1981.

  18. Ерботин Е. Далаға саяхат. –А., 1991.

  19. Ерботин Е. Бабалар бала болғанда. –А.,1987.

  20. Қазақ совет балалар жазушылары. –А., 1965

  21. Қазақ совет балалар жазушылары. –А.,1987.

  22. Қазіргі қазақ балалар поэзиясының антологиясы.-Алматы,1977; 1992.

  23. Қазақ балалар әдебиетінің кітапханасы. 1-18 томдар-Алматы,1988; 1992.

  24. Қазақ балалар поэмасының антологиясы. // Құрас. Г.Қажыбаева.-А., 2005.

24. Қапасова Б. Қазақ балалар лирикасы.-Алматы-2000.

25. Қ.Матыжанов. Рухани уыз.-Алматы, 1990.

26. Өтегенова Н. Қазақ балалар прозасының тілі мен көркемдік ерекшелігі.-Алматы,1971.


  1. Ыбырайым Б. Қазақ балалар прозасы және эстетикалық даму.-Алматы-1997.

28. Ыбырайым Б. Сырлы әлем.-Алматы-1991.

29. Шынашақ. Балалар поэзиясының антологиясы. –А.,1992


Ќосымша єдебиеттер:

30. Аймауытов Ж. Жаман тымақ.-А., 1992,



  1. Әбдіқадыров Қ. Қажымұқан. –А., 2001.

  2. Бегалин С. Шоқан асулары. –А., 2001.

  3. Детская литература. –М., 1977,1989, 2000.

  4. Соқпақбаев Б. Менің атым Қожа. –А., 2001.

  5. Қабанбаев М. Бақбақ басы толған күн. –А., 2001.

  6. Қаназов М. Чика-Дабылдың баласы. –А., 2001.

  7. Майлин Б. Тәй!... Тәй!... Қаз!... Қаз! –А., 1990.

  8. Сөзстан. –А.,1983.

  9. Серәлиев Н. Зеңгір аспан. –А., 1990.



Тематический план Форма

дисциплины СО ПГУ 7.18.2/07
Пәннің мазмұны

Ф СО ПГУ 7.18.1/13



Пәннің тақырыптық жоспары



Тақырып

Сағат саны

Дәріс

Тәжір.

С¤Ж

СӨЖО

1

2

3

4

5

1

Қазақ балалар әдебиетінің зерттелуі, мақсаты мен міндеті. Фольклор және балалар әдебиеті. Орта ғасыр мұраларындағы балаларға қатысты ой-пікірлер. XIX ғасырдағы ақындары және балалар әдебиеті.

1

1

2

2

Ы.Алтынсарин және балалар әдебиеті. Абай, Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп және балалар әдебиеті.

1

1

2

3

XX ғасырдағы көркем шығармалар (проза, поэзия, драма) С.Көбеев, С.Дөнентаев, Б.Өтетілеуов және балалар әдебиеті. І.Жансүгіров, Б.Майлин, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, Қ.Кемеңгерұлы, С.Сейфуллин, М.Жұмабаев және балалар әдебиеті.

2

1

2

4

М.Әуезов және балалар әдебиеті. С.Мұқанов балалар әдебиетіне қосқан үлесі.

1

1

2

5

С.Бегалиннің балалар әдебиетіне қосқан үлесі. Мұқан Иманжанов шығармашылығы.

1

1

2

6

Сәуірбек Бақбергенов өмірі мен жазушылық қызметі.

1

1

3

7

Қазақ балалар поэзиясы. Өтебай Түрманжанов шығармашылығы Мұзафар Әлімбаев, М.Жаманбалинов өмірі мен шығармашылығы

2

1

3

8

Ә.Дүйсенбиев, Ж.Кәрбозин, Б.Ысқақов, Қ.Ыдырысов, Н.Әлімқұлов,

2

1

3

9

Ә.Табылдиев, Ж.Смақов, Қ.Мырзалиев, Т.Молдағалиев, Қ.Баянбай шығармашылығы

2

1

3

10

Е.Өтетілеуұлы, А.Асылбеков, А.Сопыбеков, Қ.Жұмағалиев, Е.Елубаев шығармашылығы

2

1

3

11

С.Қалиев, Н.Жанаев, Е.Ерботин, Ж.Қашқынов, С.Әлімқұлов, Н.Аитов, Ж.Әдірашев,

Ө. Ақыпбеков шығармашылығы



2

1

3

12

Қазақ балалар прозасы. Бердібек Соқпақбаев шығармашылығы. «Менің атым Қожа» повесі. «Балалық шаққа саяхат» повесі

2

1

3

13

Сансызбай Сарғасқаев өмірі мен жазушылық шығармашылығы.

2

1

3

14

Марат Қабанбаев шығармашылығы

2

1

3

15

Саид Баязитов шығармашылығы

2

1

2

16

Молдахмет Қаназов шығармашылығы

2

1

2

17

Қазақ балалар прозасы (С.Жұбатаров, Б.Ыбырайымов, Н.Серәлиев, Қ Әбдіқадыров т.б.)

1

1

2

18

Қазақ балалар драматургиясы

1

1

2

Барлығы: сағат

27

18

45


Теориялық курс мазмұны

1-тақырып. Қазақ балалар әдебиетінің зерттелуі, мақсаты мен міндеті. Фольклор және балалар әдебиеті. Орта ғасыр мұраларындағы балаларға қатысты ой-пікірлер.

Қазақ балалар әдебиетінің зерттелу кезеңдері, балалар әдебиетінің қалыптасу, өркендеуі жөнінде ғалымдардың әр кезеңдегі ой-пікірлері. Қазақ балалар әдебиетін оқытудағы мақсат пен міндеттер. Балалар әдебиетінің өзіне тән ерекшелігі, салалары. Балалар фольклоры – балалар әдебиетінің алтын қоры. Бесік жыры мен тұсау кесу жыры – балалар фольклорының бастауы. Төрт түлік мал туралы өлеңдеріндегі халық даналығы, ұлттық таным-түсінік. Жан-жануар, жәндіктер туралы өлеңдердегі әсемдік әлемі. Фольклорлық ұсақ жанрдағы туындылар (жаңылтпаштар, санамақтар, мазақтамалар, тақпақтар, жұмбақтар, мақал-мәтелдер т.б.). Ертегілер түрлері, балалардың дүниетанымын қалыптастырудағы ықпалы. Ертегілердің көркемдік ерекшелігі. Батырлар жырының бала танымын, тәрбиесін дамытудағы рөлі. Орта ғасыр мұраларындағы балаларға қатысты ой-пікірлер, балалар әдебиетінің қалыптасуына әсері.



2-тақырып. XIX ғасырдағы ақындары және балалар әдебиеті. Ы.Алтынсарин және балалар әдебиеті. Абай, Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп және балалар әдебиеті.

XIX ғасырдағы қазақ балалар әдебиеті туралы түсінік. М.Өтемісұлы жырларындағы елдік тақырып. Өлеңдерінің негізгі идеялық сарындары. Махамбет жырларының ұлттық сипаты. Балаларды елжандылыққа баулудағы рөлі («Ереуіл атқа ер салмай», «Тарланым», «Толарсақтан саз кешіп» т.б. ). Ы.Алтынсарин – қазақ балалар әдебиетінің атасы. Ана, бала тақырыбына жазылған өлеңдері. «Бұл кім?», «Ананың баланы сүюі» өлеңдерінің идеясы мен көркемдігі. Өнер-білім тақырыбына арналған өлеңдері. Табиғат лирикасы, балаларды әсемдікке баулу идеясы. Ыбырай әңгімелері, тақырыптары, тіл ерекшеліктері. Шәкәрімнің «Адамдық борышың», «Еріншек» өлеңдерінің тәрбиелік мәні. Мәшһүр Жүсіп және балалар әдебиеті.



3-тақырып. XX ғасырдағы көркем шығармалар (проза, поэзия, драма). С.Көбеев, С.Дөнентаев, Б.Өтетілеуов және балалар әдебиеті. І.Жансүгіров, Б.Майлин, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, Қ.Кемеңгерұлы, С.Сейфуллин, М.Жұмабаев және балалар әдебиеті.

XX ғ. бас кезіндегі қазақ балалр әдебиеті. С.Көбеев, С.Дөнентаев, Б.Өтетілеуовтің балалар әдебиетіне қосқан үлесі. І.Жансүгіров өлеңдеріндегі әсемдік әлеміне құрылған эстетикалық әлеміне құрылған эстетикалық тәрбие. «Жазғы шілде», «Күзде», «Бөбек бөлеу», «Жас бұлбұлдарға», «Жастарға», «Жазғытұрым», «Бұлт» өлеңдерінің көркемдігі. Б.Майлинннің «Тәй! Тәй! Қаз! Қаз!», «Әлди», «Жаңбырлы күні», «Жазғы жайлауда», «Әйт,шу, ала атым», «Байшұбар» өлеңдерінің көркемдігі. «Түйебай» әңгімесінің тәрбиелік мәні. М.Дулатовтың «Мектепке», «Мектептен», «Шешенің балаларын сүюі» өлеңдерінің тақырыбы мен тәрбиелік мәні. Ж.Аймауытовтың «Оқу, білім», «Қыс», «Жаз келді», «Жазғытұрым», «Жазғы шілде», «Біздің торы құлын», «Айт, шу, ала атым», «Нұр күйі» өлеңдерінің тақырыптары мен көркемдігі. М.Жұмабаевтың «немере мен әжем», «Ақ қала», «Ата, бата», «Ана», «Ана», «Сылдырмақ», «Бөбектің тілегі», «Жұбату», «Сұр құлын», «Жыл мезгілдері» өлеңдерінің көркемдігі мен тәрбиелік сипаты. Қ.Кемеңгерұлы және қазақ балалар әдебиеті. С.Сейфуллин –қазақ балалар әдебиетінің негізін салушы. Қазақ балар әдебиетінің қалыптастырып, оның негізін салуда Сәкен еңбектерінің маңызы.



4-тақырып. М.Әуезов және балалар әдебиеті. С.Мұқанов балалар әдебиетіне қосқан үлесі.

М.Әуезов және қазақ балалар әдебиеті. М.Әуезовтің балалар әдебиеті туралы әр кезеңдегі ой-пікірлері. «Жетім» әңгімесіндегі Қасым трагедиясы. Әңгімедегі бала тағдырының суреттелуі. «Көксерек» повесі. Көксерек образының жасалуы. Повесть тілі, көркемдігі. С.Мұқановтың «Бақташының баласы», «Батыр қыз» шығармаларының бала тәрбиесінде алатын рөлі.



5-тақырып. С.Бегалиннің балалар әдебиетіне қосқан үлесі. Мұқан Иманжанов шығармашылығы.

С.Бегалиннің «Сәтжан», «Бала мерген», «Алданған жолбарыс», «Бала Шоқан» шығармаларындағы кейіпкерлер жүйесі. «Бала Шоқан» повесіндегі Шоқан бейнесі. М.Иманжановтың «Адам туралы аңыз», «Жыртық дәптер», «Даладағы от», «Бала қаны» әңгімелерінің тақырыбы мен идеясы. «Талап», «Кішкентай көрші», «Жол үстінде», «Жас шебер», «Бес» әңгімелерінің тәрбиелік мәні. «Алғашқы айлар» повесінің тілі, көркемдігі.



6-тақырып. Сәуірбек Бақбергенов өмірі мен жазушылық қызметі

С.Бақбергенов өмірі мен жазушылық қызметі. Биографиялық повестерінің негізгі ерекшеліктері. «Талғат», «Дина», «Бозторғай», «Қоян көзге құлаған жұлдыз» повестеріндегі кейіпкерлердің сомдалуы. С.Бақбергенов повестерінің тәрбиелік мәні.



7-тақырып. Қазақ балалар поэзиясы. Өтебай Түрманжанов шығармашылығы Мұзафар Әлімбаев, Мүбәрак Жаманбалинов өмірі мен шығармашылығы

Қазақ балалар поэзиясының қалыптасу, даму кезеңдері. Қазақ балалар поэзиясының ерекшеліктері, даму сипаты. Өтебай Тұрманжановтың балалар әдебиеті мұрасы. «Мен дәрігер боламын», «Білем деме, балам!», «Екі көзім сияқты», «Пеш ішінде күн жатыр», «Тәтті алма», «Екі торғай сайрайды», «Кім нені сүйеді?» өлеңдерінің көркемдігі мен тәрбиелік мәні. Ө.Тұрманжанов – ертегілер шебері. М.Әлімбаевтің балалар әдебиеті мұрасы. «Жұмбақ тас», «Биіктен биікке», «менің ойыншықтарым», «Орақ олақ», «Отпен ойнама», «Балдәурен, шіркін, балалық», «Ақ серек, көксерек» жинақтарының маңызы. «Қандай сөздер», «Он саусақ», «аяның алақаны», «Ана тіліне тағзым», «Достың күні досымен», «Екеу дегенше, бекем де», «Жол қайда ұтылды», «Аспандағы әпке және стюардесса» өлеңдерінің көркемдігі, танымдық-тәрбиелік қуаты. М.Жаманбалиновтың балалар әдебиеті мұрасы. Ақын өлеңдеріндегі бала бейнесі. Балалар лирикасындағы юморлық, сатиралық бейнелер. Балалар лирикасында табиғат құбылыстарының суреттелуі. М.Жаманбалинов ертегілерінің ерекшеліктері.



8-тақырып. Әнуарбек Дүйсенбиев, Жәнібек Кәрбозин, Бүркіт Ысқақов, Қабдыкәрім Ыдырысов, Нұрсұлтан Әлімқұлов шығармашылығы

Ә.Дүйсенбиев өмірі мен шығармашылығы. Мектеп жасына дейінгі бөбектерге арналған «Не деу керек?», «Ақтайлақ-ау», «Сыйлық» жинақтарындағы шығармалардың тілі, көркемдігі, тәрбиелік мәні. Бастауыш мектеп жасындағы балаларға лайық «Доп», «Кішкене болса да, нық шеге», «қайырлы таң, балалар» кітаптарының танымдық-тәрбиелік мәні. «Біз өмірдің гүліміз», «Ағайынбыз бәріміз», «Не деу керек?» өлеңдерінің мәні. Ж.Кәрбозиннің «Атама ұқсайды», «Жайлауда», «Бұзып сөйлеме, түзік сөйле», «Біздің бекен қайда екен?», «Құлақ» т.б. өлеңдерінің тәрбиелік, көркемдік мәні. Б.Ысқақовтың «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» ертегі поэмасының танымдық-тәрбиелік қуаты. Ізгілік пен зұлымдық тартысының шебер бейнеленуі. Қ.Ыдырысов және балалар әдебиеті («Бурыл тай», «Келіңдер, құстар!», «Жаңбыр», «Космосқа жол» т.б. өлеңдерінің көркемдігі, тілі). «Әке жолы» реалистік поэмасындағы заман шындығы. Бала тағдырының бейнеленуі. Н.Әлімқұлов өлеңдеріндегі табиғат суреттері, баланың әсемдік туралы түсінігін қалыптастырудағы ықпалы («Таң», «Шық», «Найзағай» т.б.), балалар өмірінің бейнеленуі («Балалы үй-базар», «Ораз бен Қораз», «Емтихан», «Соңғы оқушы», «Татулық», «Маған әпер баласын», «Төбелес», «Даңққұмар»).



9-тақырып. Әдібай Табылдиев, Жақан Смақов, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев, Қастек Баянбай шығармашылығы

Ә.Табылдиевтің «Қайырлы таң, балалар», «Ана мен бала», «Аташымның батасы», «Біз мектепке барамыз», «Ана тілі», «Наурыз тойы», «Уыз той», «Тірлік пен бірлік», «Әнші құстар» өлеңдерінің тақырыптық-көркемдік ерекшелігі. Табиғаттағы түрлі жан-жануар, құстардың бейнесі («Колибри», «Пингвин», «Дельфин», «Лама», «Құлан», «Сілеусін». Ж.Смақов балалар поэзиясының дара қырлары. «Бөпем», «Сылдырмақ», «Қаз-қаз бас», «Кішкене әліппе», «Шатақ», «Біздің атай Түсекең қартаймайтын кісі екен» өлеңдерінің көркемдігі. Ж.Смақов ертегілерінің тілі. Фольклорлық ұсақ жанрдағы туындылары (мазақтамалыр, санамақтар, жаңылтпаштар, жұмбақтар). Қ.Мырзалиев «Сөз сиқыры» еңбегіндегі балалар әдебиеті туралы ойлары. «Досым екеуміз», «Диктант», «Есеп», «Шатақ», «Ана тілі», «Сағатттың сыры» өлеңдерінің тақырыптық-көркемдік ерекшелігі. Т.Молдағалиев өлеңдеріндегі бала бейнесі («Дәуреннің өлеңдері», «Жазираның өлеңдері», «Жаннаның өлеңдері», «Әжесі мен Құралай», «Мамасы мен Құралай»). Қ.Баянбай өлеңдерінің ерекшеліктері. Балалар лирикасындағы бала бейнесі («Қол шатыр көтерген он батыр», «Асанның амалы», «Жалқаудың оянуы», «Асанның амалы» т.б.), табиғат құбылыстарының, жан-жануар, хайуанаттар, құстар, аңдардың бейнеленуі («Тырналар», «Алғашқы қар», «Таңертең», «Арыстанмен айқас» т.б.). Қ.Баянбай – ертегілер шебері



10-тақырып. Ермек Өтетілеуұлы, Абдрахман Асылбеков, Адырбек Сопыбеков, Қайрат Жұмағалиев, Ескен Елубаев шығармашылығы

Е.Өтетілеуұлының «Мәнсіз не, сәнсіз не?», «Кім қайда барады?», «Төрт түсті жер үсті», «Кім күшті?», «Шынашақ», «Он қадам –оң қадам» өлеңдерінің тақырыптық-идеялық ерекшелігі. Санамақтар, мадақтама, мазақтама, өтірік өлеңдер, ақ жаңылтпаш, қара жаңылтпаш, жеті жұмбақ ерекшеліктері, бала тілін, танымын жетілдірудегі рөлі. А.Асылбеков «Әдептілік әліппесі», «Мен кіммін», «Тілін ұмытқан тауық», «Сабақ», «Дымбілмес» өлеңдерінің тақырыптық-идеялық ерекшеліктері. А.Сопыбеков өлеңдерінің ұлттық сипаты. Қ.Жұмағалиев өлеңдерінің тәрбиелік мәні («Аң папшасы», «Апорт неге қып-қызыл?», «Әнші құстар», «орман көшіп барады»). Е.Елубаев өлеңдерінің танымдық мәні («Туады, шығады, түседі, келеді», «Асқар мен кимешек», «Мың сөз», «Ұмытшақ», «Ретсіз қуаныш»).



11-тақырып. Сұлтан Қалиев, Нұрхан Жанаев, Есентай Ерботин, Жеңіс Қашқынов, Совет Әлімқұлов, Несіпбек Аитов, Жарасқан Әдірашев, Өтепберген Ақыпбеков шығармашылығы

Сұлтан Қалиев («Спортшы Төлен», «Шекербек- Каспаров», «Намыс», «Мазақ сурет»), Нұрхан Жанаев («Жұбату», « Мен ешкімге тимеймін», «Суайттың өлеңі»), Есентай Ерботин («Білгіш бала», «Досым сондай»), Жеңіс Қашқынов («Мектепке өзім барамын», «Асқаржан жарады»), Совет Әлімқұлов («Қалсын апам қуанып», «Жасырыбақ»), Несіпбек Аитов, Жарасқан Әдірашев («Сабақта», «Атқойғыш»), Өтепберген Ақыпбековтердің («Мұрат пен сұрақ», «Інім текке қорқыпты») өлеңдерінде балалар характерлерінің ашылуы. С.Қалиев («Аққала», «Шілде»), Е.Ерботин («Кешке таман», «Құйын», «Мұзайдын», «Тамыз», «Келді күз»), Н.Аитов («Қартаймайды күн неге?», «Бастау») өлеңдерінде табиғат құбылыстарының, жыл мезгілдерінің бала танымына сай өрнектелуі.



12-тақырып. Қазақ балалар прозасы. Бердібек Соқпақбаев шығармашылығы. «Менің атым Қожа» повесі. «Балалық шаққа саяхат» повесі

Қазақ балалар прозасының даму сипаты. 1970-80 жылдардағы қазақ балалар прозасының тақырыптық-идеялық, көркемдік-тілдік ерекшеліктері. Қазақ балалар ақын-жазушыларының «авторлық тұлғасы». 1970-80 жылдардағы қазақ ақын-жазушыларының шығармашылық процесі мен авторлық позициясы. Б.Соқпақбаев өмірі мен шығармашылығы. Жазушы шығармашылығының зерттелуі. «Менің атым Қожа» повесіндегі балалар өмірінің бейнелену ерекшелігі. Сюжет және композициясы. Жазушы шеберлігі. Повестегі психологизм. Қожа, Жанар, Жантас бейнесі. Повестегі аналар, ұстаз бейнесі. Повестегі заман шындығы мен көркем шындық. Повестің тілі. «Балалық шаққа саяхат» повесінің тақырыптық-идеялық, көркемдік ерекшелігі. Повестегі кейіпкерлер жүйесі.



13-тақырып. Сансызбай Сарғасқаев өмірі мен жазушылық шығармашылығы.

Сансызбай Сарғасқаев өмірі мен шығармашылығы.Жазушы шығармаларында мектеп өмірін, балалар достығын суреттеуі. «Сәуленің жаңа достары», «Бір көшенің бойында», «Сынған тіс», «Балалар», «Шындық», «Шыбық», «Жаймашуақ» әңгімелерінің тақырыбы, тәрбиелік мәні. Сюжеті мен композициясы. «Бүршік жапырақ жаяды» повесіндегі пейзаж, эстетикалық әсер.



14-тақырып. Марат Қабанбаев шығармашылығы

М.Қабанбаев өмірі мен шығармашылығының зерттелуі. «Қала мен қыз бала», «Бақбақ басы толған күн», «Пысық болдым, мінекей», «Жиһанкез Тити», «Сурет салғым келмейді», «Арыстан, мен, виолончель және қасапхана» повестерінің идеялық-тақырыптық, тілдік-көркемдік ерекшелігі. Сюжеті мен композициясы. Повестегі балалар бейнесінің сомдалуы. Повестегі психологизм. Балалар тағдырын суреттеуде жазушы шеберлігі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет