Мақалада қазіргі дағдарыс жағдайындағы қаржы менеджменті жүйесін жетілдіру мәселелері мен жолдары қарастырылған



бет1/7
Дата23.05.2022
өлшемі197.61 Kb.
#458525
  1   2   3   4   5   6   7
мат каржы


Қазіргі жағдайдағы қаржылық менеджмент жүйесінің мәселелері
Автор туралы мәліметтер. Мурзаканова Айнур Кайролдакызы Қазақстан-Американдық еркін университетінің экономикалық пәндер оқытушысы.
Аннотация. Мақалада қазіргі дағдарыс жағдайындағы қаржы менеджменті жүйесін жетілдіру мәселелері мен жолдары қарастырылған. Қазақстан Республикасының нарықтық экономикасы соңғы жылдары сенімділікпен алға жылжуда. Сонымен қатар, шаруашылық үрдісті реттеудің негізгі механизмі ретінде бәсеке де қарқынды дамуда. Кәсіпорынға, акционерлік қоғамға, кез-келген басқа шаруашылық субъектісінен бәсекеге қабілеттілікті тек олардың құзырындағы капитал мен қаржы ресурстарының қозғалысын дұрыс басқару ғана қамтамасыз ете алады. Қаржы менеджменті – кәсіпорын қаражатын басқарудың әмбебап құралы. Қаржы менеджменті немесе қаржы ресурстары мен қатынастарын басқару шаруашылық субъектісінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында қаржы саласындағы нарық механизмін реттеу қағидалары, әдістері, формалары мен құралдарын қамтиды.

Қаржылық менеджмент – экономикалық ғылымда қаржы, басқару, есеп және талдау салаларындағы теориялық практикамен сәтті біріктіріп келе жатқан перспектива бағыт [1; Б. 7].
Қаржылық менеджмент – кәсіпорын және ұжымдардың ақша қаражаты айналымын ұйымдастыру, қаржы ресурстарының құрылуы, бөлінуі және пайдаланумен байланысты басқару мәселелерін жүзеге асыру және оған әзірлік әдісі мен принциптерінің жүйесі болып табылады. Қаржылық менеджмент – қаржы ресурстарының айналымын басқаруға, сонымен қатар осы ресурстардың қозғалыс үрдісі барысында нарық субъектілерінің арасында пайда болатын қатынастарды басқаруға бағытталған. Қаржылық менеджмент фирманың қаржысымен жұмыс атқарады, яғни фирманың өндірісті әрекетіне жұмсалған фирманың өз капиталы және қарыз капиталымен жұмыс атқарады (үлестірілмеген пайда, амортизациялық қорлар, банк несиелері, құнды қағаздар эмиссиясы). Сонымен қатар қаржылық менеджмент басқа да экономикалық пәндермен тығыз байланысты теориялық пән болып табылады. Қаржылық менеджмент міндеті – фирма кірісінің қалыпты деңгейін сақтай отырып, қарапайым акциялар бойынша мүмкін болатын дивидендтің барынша көбейтілуін қадағалау, яғни фирманың оңтайлы қызмет ету тәртібін анықтау. Қаржылық менеджменттің басты мақсаты – қазіргі кезде және болашақта кәсіпорын иелерінің әл – ауқатын барынша көбейту. Бұл мақсат кәсіпорынның нарықтың құнын барынша көбейтуді қамтамасыз ету барысында көрінеді, бұл өз кезегінде кәсіпорын иелерінің қаржы мүдделерін жүзеге асырады. Кәсіпорынның нарықтық құнын барынша көбейту үрдісі оның пайдасын барынша көбейту арқылы жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет