Тағы бір өзекті мәселе егін шаруашылығы. Айта кету керек, облыста егін алқабы 2017 жылы 1100 га болды, ал өткен 2016 жылы 941 га болатын. Өңірде 2014-2015 жылдары 15 жылыжай кешені болса, 2016 жылдан бері 27 жылыжай кешені жұмыс жасауда. Оның ішінде өнеркәсіптік жылыжай-5, фермерлік жылыжай-2, жылыжай кешендеріндегі егіс алқабы 20,0 га.
Егін шаруашылығы саласында ұсақ шаруашылықтардан бөлек «КаспийАгроКомпани» ЖШС ірі жылыжай кешені жұмыс жасап келеді. «Creen house» E.C.O.» АҚ-ның көлемі 3 га жылыжай кешені іске қосылды, осы жылы көкөністер, құлпынай отырғызылды. 2017 жылға егін шаруашылығын дамытуға 181800,0 мың теңге бөлінді, қазіргі таңда қаржыны игеру мақстанда қызметтер жүргізілуде.
Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау: 2017 жылға инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау үшін 260,240 мың теңге бөлінген.
“2017 жылға 30 құдық қазылады деп жоспарланған. Осыған байланысты, 6 инвестордан (шаруа қожалықтар) өтінім келіп түсті. 6 инвестордың құжаттары қаралып, көз жеткізу актісі жасақталып, операторлық қорытынды дайындалды. Қазіргі таңда, аталған 6 инвестордың қазылған құдығына кеткен шығынды өтеу негізінде субсидиялауға тиісті немесе тиісті еместігін анықтау мақсатында комиссияға шешім қабылдау мақсатында ұсынылды”, – дейді Серік Берішбаев.
Өткен жылы 5 ауылшаруашылығы кооперативтері құрылған болатын. Олар «Болашақ», «Несібе-Жан», «Атамекен-Маңғыстау», «Ботакөз ұжымы», «Бейнеу». Биыл құрылған кооператив саны – 6. Атап айтқанда, «Олжа», «Берген Бек», «Бас Үстірт», «Асар», «Елтай» және «Кызылозен». Бұлардың барлығы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, жинау және өткізумен айналысады.
Ұсақ шаруашылықтарды біріктіре отырып, ірі ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру арқылы, өндірісті ірілендіру бағытында мал шаруашылығы дамыған Бейнеу және Маңғыстау аудандарында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, тек Бейнеу ауданының өзінде 2017-2020 жылдары келесі 6 кооперативтер ашу жоспарлануда: Бейнеу селосында «Мусира», Боранқұл ауылында «Қарақұм», Есет ауылында «Есет», Сам ауылында «Сам құмы», Сарға ауылында «Сарға» және Төлеп ауылында «Төлеп» кооперативтері.
Жастардың кәсіп ашуға деген ынтасы жоғары екендігі де қуантады. Өңірімізде өткен жылы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының бастамасымен «Бастау Бизнес» жобасы жүзеге асырыла бастады. Бір қуантарлығы, кәсіпке икемді жастар қатары артқан. Мәселен, Жаңаөзен қаласында – 240 жас оқытылып, 45 млн. теңге қаражатты құрайтын 12 бизнес жоба мақұлданған. Сонымен қоса үстіміздегі жылдың 2 тоқсанында 75 адамға арналған жұмыс орны ашылған. Мұнайлы ауданында – 48 жас оқытылып, 30 млн. теңге қаражатты құрайтын 12 бизнес жобасы мақұлданып, қосымша 15 жұмыс орны ашылды.
Серік Берішбаев өз сөзінде қайта өңдеу саласы бойынша да жұмыстар қолға алынғанын айтады. ҚР ауыл шаруашылығы министрлігімен сүт, ет, тері, жүн, майлы дақылдар, астық, жеміс-көкөніс, қант қызылшасы және картоп өңдеудің 9 бағыты бойынша қайта өңдеу кәсіпорындарының картасы жасалған. Оған өңірдегі келесі қайта өңдеуші кәсіпорындар енді отыр, яғни «Ақтау сүт», «Ақ-нек», «Бейнеу сүт зауыты», «Жаңаөзен сүт зауыты», «Millina food production company ltd» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер. Бұл кәсіпорындар негізінен Ресей және Беларусь елдерінен тасымалданатын құрғақ сүт негізінде жұмыс жасайды.
Ет бағыты бойынша да аталмыш картаға кірген кәсіпорындар бар. Олар «Қарағантүбек» және «Сенек» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер. Өңірдегі бірден бір ұн тарту кәсіпорны «Бейнеу астық терминалы» жұмыс жасайтыны белгілі. Терминал 2015 жылы – 30462 тонна, 2016 жылы 28185,7 тонна, 2017 жылдың 1 жарты жылдығында 5500 тонна ұн өндірді.
Жыл соңына дейін іске асырылатын жобалар көп. Олардың қатарында бекіре тұқымды балық өсіру кешені, құс фабрикасы, құтыға құйылатын қымыз өндірісі, тәуілігіне 8000 литр түйе сүтін құтыға құю зауыты, тәуілігіне 4000 литр түйе сүтін өндіретін цех, жылыжайлар, сыйымдылығы 15000 тонналық түйіршікті жем өндіретін зауыт пен сыйымдылығы 1321, 5000 және 8500 тонна көкөніс сақтау қоймалар құрылысы аяқталысымен, индустриялық және аграрлық салалар дами түспек.
Жоғарыда айтылған жаңа бизнес жобалар негізінен Ақтау қаласы және Қарақия, Түпқараған, Мұнайлы аудандарында жүзеге асырылмақ. Нәтижесінде, барлығы 300-ден астам адам жаңа жұмыс орындарымен қамтылады деп күтілуде. Яғни, мал шаруашылығын дамыту жөніндегі іс-шара жоспарын жүзеге асыру Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға, сондай-ақ өңірде шаруа қожалықтарын дамытуға маңызды серпін бермек.
Қазақстан үшін 2014-2016 жылдар кезеңінде «жасыл» экономикаға көшу мынадаи˘ негізгі нәтижелермен сипатталады (нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу бои˘ ынша жинақталған кесте қорытындының соңында келтірілген).
Суды орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету жүи˘ есіне тұрақты қол жеткізген, су тұтынушылардың үлесі 55% -дан 88% -ға деи˘ ін, ауылдық елді мекендерде 11% -дан 52,3% -ке деи˘ ін, суды бұру жүи˘ есіне қол жеткізу қалаларда - 50% -дан 91% -ға деи˘ ін, ауылдық елді мекендерде 11% -дан 20% - ға деи˘ ін өсті.
Су үнемдеу технологияларын қолдану нәтижесінде ауыл шаруашылығындағы су ресурстарының өнімділігі 1,5 есе өсті. Ауыл шаруашылығындағы жалпы еңбек өнімділігі 2 есеге артты, ал астықтың өнімділігі шамамен 15% -ға артты.
Достарыңызбен бөлісу: |