2
Түсінік хат
Қазіргі өмірдің барлық
салаларына жаңа ақпараттық
технологияларды енгізумен жұмыс істей білу компьютерде кез келген
студенттің кәсіби қызметінің қажетті атрибуты болып табылады.
Оқу құралы I курс студенттеріне арналған. Бұл жасақталған
практикалық тапсырмалар мен тест
сауалдары информатика пәні
бойынша теориялық білімді білім алушының қаншалықты
менгергенін анықтайтын сынақтық
жаттығулар ретінде білім
алушыларға арналды.
Microsoft Word және Microsoft Excel бағдарламалары
біріктірілген Microsoft Office бағдарламалар
пакетінің құрамына
кіреді.
Практикалық тапсырмалар негізгі әдістер мен тәсілдерді енгізу,
редакциялау,
мәтінді форматтау, кестелермен және графикалық
объектілермен
жұмыс істеу, стильдерді пайдалану,Microsoft Word
редакторында мазмұн жасау жатады .
Екінші бөлім негізгі мақсаты
Microsoft Excel электрондық
кестелерімен тиімді жұмыс істеу үшін қажетті практикалық
іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру болып табылады . Онда
кестелерді құрудың, толтырудың
және форматтаудың базалық
тәсілдері,
кітапханалық
функцияларды
пайдалана
отырып
есептеулерді орындау, диаграммаларды, графиктерді құру, сұрыптау,
сүзу,
қорытындыларды
есептеу,
Жиынтық
кестелер
мен
диаграммаларды құру оқытылады.
Сабақ
кезінде
студенттер
өз
бетінше
тапсырмаларды
орындайды,қиындықтарды тудырған жағдайларды талдайды. Жұмыс
нәтижелері файл түрінде студент папкасына сақталады. Практикалық
жұмыстың барлық тапсырмаларын орындағаннан және ол бойынша
оқытушымен әңгімелесуден кейін
студентке осы жұмыс бойынша
баға қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: