Маңғыстау облысының білім басқармасын басқарған
басшылар туралы мәліметтер
-
Жаукин Садык Нысанбаевич -1973-1980жылдар аралығында басқарма бастығы қызметін атқарған.
-
Мендибаев Танаш Мендибаевич -1980-1990, 1961-1967 жылдар аралығында басқарма бастығы болды.
Танаш Меңдібайұлы 1938 жылы Гурьев облысы Маңғыстау ауданы Таушық ауылында туылған. Гурьев қаласының педагогикалық институтын бітіргеннен кейін өзі туған аулында орта мектепте мұғалімдік қызметін бастаған. Кейіннен мектеп директоры, аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі болады, облыстық партия комитетінің насихат бөлімін, облыстық оқу бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарады. Республика көлеміндегі жоғары оқу орындарымен тікелей байланысып, жергілікті жерге кадр тарту мәселесін өте тиімді шешкен, қоғамдық жұмыстарға белсене араласқан басшы. Танаш Меңдібайұлының басшылығымен Маңғыстау ауданында Халық театры ашылды, тұңғыш мектепаралық оқу өндірістік комбинаты іске кірісті. Білім беру саласындағы еңбегі ескеріліп 1975 жылы «Қазақ ССР-нің оқу ісінің үздігі» атағы берілді.
Облыстық оқу бөлімін басқарған жылдары Маңғыстау облысы республикалық социалистік жарыста жеңімпаз атанды. Оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда республикалық социалистік жарыстың қорытындысы бойынша 3 мәрте жеңіске жетті. Маңғыстау облысы 6 – жастан бастап оқыту жүйесіне көшуде республика бойынша «Мектеп-балабақша» әдісін іске асырған бірден-бір облыс. Осы тынымсыз еңбегінің нәтижесінде 1988 жылы «СССР-дің оқу ісінің озаты» атағы берілді.
Танаш Меңдібайұлының тікелей араласуымен 1985 жылы Ақтау педагогикалық училищесі, 1986 политехнакалық институты ашылды.
Танаш Меңдібайұлы 1980-1988 жылдары Маңғыстау облыстық советінің депутаты болды, ол «Азамат» орденінің иегеріатақтарын алған.
Озганбаев Өмірзақ Озганбаевич 18.09.1990- 08.04.1994 жылдары облыстық білім департаментінің бастығы, 08.04.1994-17.04.1995жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Советінің депутаты, 1990 жылдың қыркүйек айынан 1994 жылдың сәуір айына дейін және ХIII шақырылған Жоғарғы Кеңес кейін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып сайланды. 1995 жылдың сәуір айынан 1995 жылдың желтоқсанына дейін Маңғыстау облыстық оқу басқармасының бастығы болып қызмет атқарды. Білім басқармасын басқарған жылдары Маңғыстау мектебінің ұландары халықаралық олимпиадаларда физика, химия, математика пәндері бойынша Европа, Ресей олимпиадаларында қатысып, жеңіске жетті.
Маңғыстаулық өрендердің білімін ұштай түсу мақсатында өзінің функционалдық сауаттылығын кәсіби шеберлікпен шыңдаған, Бабанский, Шаталов, Лысенкова, Амонашвили, Целуйко, Айтқалиев, Бітібаева, Жұрынова, Елубаева сынды ондаған ұлағатты ұстаздар озық тәжірибелерімен бөлісіп, оқыту ісіндегі тың ойлары оқушыларды терең қазыналы білімге жетелеуге ұйытқы болды. Педагогикаға еңбегі сіңген, талай оқулықтардың авторы атанған Қуанышбаева, Оспанов, Ботабаева т.б. ғалымдардың методикасын облыс мектептерінің ұстаздары кеңінен пайдалануға ықпал етті.
1992-1993 жылдары Маңғыстау облысының мектептерінде педагогикалық технологиялардың жаңа үлгісін енгізіп, атаулы мектептер «Айтбаев мектебі» қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша, «Ерешова мектебі» бастауыш сыныптар бойынша жұмыс істей бастады. Мектепалды даярлық сыныптары мен топтары ашылып, жаңа оқулықтар мен дәптерлерге сынама жұмыстары жүргізілді.
Осы жылдары облыс аумағында өз алдына дербес шаңырақ болып келген білім және кәсіптік-техникалық білім басқармалары бірігіп бір мекемені құрады. Бірте-бірте «Еңбек резервтері» спорттық қоғамы, компьютерлік орталықтар құрылып, жұмыс жасай бастады.
.
4. Тогжанов Орынбасар Абдиевич 08.04.1994-13.07.1994жылдары басқарма бастығының міндетін атқарушы қызметін атқарды. 1994-1996 жылдары басқарма бастығы болып жұмыс жасаған.
5. Ихсанов Бактығали Рыскалиұлы - 17.07.1996-10.03.1999 жылдары басқарма бастығы болды.
Ихсанов Бақтығали Рысқалиұлы 1940 жылы Гурьев қаласында дүниеге келді. 1962 жылы Гурьев мемлекеттік институтын бітірді. Сол уақыттан бері білім беру жүйесінде қызмет жасап келеді. Бақтығали Рысқалиұлы еңбек жолын қатардағы мұғалімдіктен бастап, мектеп директорының орынбасары, мектеп директоры, аудандық білім бөлімінің инспекторы, меңгеруші және Маңғыстау облысының білім басқармасының бастығы қызметіне дейін көтерілді.
Бақтығали Рысқалиұлының бастамасымен және тікелей басшылық етуімен облыс көлемінде стандартты емес мектеп түрлері құрылды. №4 мектеп-гимназиясы, №13 гимназиясы, «Дарын» мектебі, экономикалық лицей және Бейнеу кентіндегі алғашқы гимназия.
Бақтығали Рысқалиұлы облыстық мәслихаттың I және II шақыруларына депутат болып сайланды. Бұл - оның халық арасында үлкен беделге ие екенінің куәсі.Бақтығали Рысқалиұлы - мемлекет және қоғам қайраткері, Бақтығали Рысқалиұлының басшылығымен Ақтау қаласының құрметті азаматы Н.Ә.Марабаевтың өмірі мен қызметіне арналған мұражай жасақталды. Бақтығали Рысқалиұлы – «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі», «Тәуелсіздікке - 10 жыл» медалінің иегері. «Нұр-Отан» партиясының мүшесі.
6. Сагимбаева Жанияш Наурызбаевна -10.03.1999-02.02.2006 жылдары аралығында басқарған.
Сагимбаева Жанияш Наурызбаевна 11.05.1964 жылы Туркменстан Республикасы Красноводск ауданында дүниеге келген. 1987 жылы Алматы шетел тілдер институтын ағылшын, француз тілдері мамандығы бойынша бітіреді. Маңғыстау облысының білім басқармасында 1999 жылдан 2006 жылға дейін қызмет істейді.
7. Қасымбеков Ермек Қасымбекович – 06.02.2006- 06.10.2007жылдыры, сонымен қатар 03.12.2010-12.07.2011жылдар аралығында басқарған.
Алматы қаласында Фрунзе аудандық, Алматы қалалық партия комитеттерінде, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінде, Алматы және Батыс Қазақстан білім басқармаларында, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде, Қазақстан-Ресей университетінде басшылық қызметтерін атқарды.
Бүкіл саналы ғұмырын білім саласына арнап, республиканың білім жүйесінің дамуы мен өркендеуіне ауқымды үлес қосты. Басшылық қызметтегі міндеттерін тиімді орындауының, шығармашылық бастамашылық және жаңашылдық танытудың нәтижесінде облыстың білім беру саласы көптеген оң өзгерістерге қол жеткізді.
Маңғыстау облысында облыстық дарынды балаларға арналған Қазақ-түрік лицейі, облыстық «Дарын» қосымша білім орталығы, облыстық білім беруді ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығы, 6 жалпы орта білім беретін мектеп, 2 кәсіптік –техникалық білім беру ұйымы, 2 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті ашылды.
Ермек Қасымбекович басшылық еткен жылдары республикалық пәндік олимпиаданы Маңғыстау өлкесінде өткізу туралы айтылған өзекті ойы кейін қолдауын тауып, оқушылардың пәндік олимпиадасы өтті. Педагогтарды ақпараттық-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету мақсатында «Маңғыстау мұғалімі» газеті шығарыла бастады. Сонымен қатар «Облыстық ұстаздар үйінің» ашылуы облыстық педагог кадрлар біліктілігін арттыру институтының қызметін тиімді ұйымдастыруға зор ықпал етті.
Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжинеринг университетімен де тығыз байланыста жұмыс жүргізіліп, туған өлкені танып-білуге арналған «Маңғыстау облысының тарихы», «Маңғыстау облысының географиясы», «Маңғыстау облысының жануарлар әлемі» және «Маңғыстау облысының өсімдіктер әлемі» атты оқу құралдары дайындалып, баспадан шығарылды.
8. Жұмашев Қаныбек Бекболатұлы 08.10.2007-22.04.2010 жылдар аралығында басқарды.
Жұмашев Каныбек Бекболатович 1970 жылы 10 қазанда Маңғыстау облысының Жетібай кентінде дүниеге келген. 1992 жылы Аль-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін химия мамандығы бойынша бітірген.
Жұмашев Қаныбек Бекболатұлы өз қызметін 1992 жылы «Каражанбастермнефть» өндірісінде бастады. 1993 жылы №1 кәсіптік училищеде, 1996 жылы Ақтау қаласының №1 орта мектебінде химия пәнінің мұғалімі болып істеді. 1967 жылдан 2000 жылға дейін облыстық білім басқармасында жетекші маман болып қызмет атқарды.
2000 жылдан бастап дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың директоры болып тағайындалды.
2004 жылдан 2005 жылға дейін Маңғыстау облысы білім басқармасының бастығы болып, 2006 облыс әкімінің кеңесшісі болып істеді. 2006-2007 жылдары білім басқармасы бастығының орынбасары, 2007 жылдан облыстық білім басқармасының бастығы қызметін атқарды.
Қаныбек Бекболатовичтың басшылығымен «Жасөспірім – 2006» бағдарламасы дайындалып, облыс мәслихатында қолдау тапты.
2006-2007 оқу жылында Қазақ-Түрік лицейі, Маңғыстау ауданы Шетпе селосында мектеп-лицейі, Ақтау қаласының 22 шағынауданында 960 орындық, Бейнеу ауданында 320 орындық орта мектептер ашылды. 2006-2007 оқу жылынан бастап 2 жаңа орта мектептер, 4 мектепке дейінгі мекемелер жұмыс жасай бастады. «Дарын» облыстық қосымша білім орталығының жанынан оқыту-сауықтыру орталығы ұйымдастырылды.
Қаныбек Бекболатовичтың басшылығымен 2007 жылдан Маңғыстау облысының білім беруді ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығы жұмыс істеді.
9. Жұмашева Динара Нагимуллиевна -27.07.2011 жылдан бастап осы
мерзімге дейін
Жұмашева Динара Нагимуллиевна Батыс Қазақтан гуманитарлық университетін тарих пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.( 1993-1997жж)
Орал қаласының №27 орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі (1997-1998), Маңғыстау облысының білім департаментінде бас маман (2002-2006жж), Маңғыстау облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы-бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары (2006-2009жж), Маңғыстау облысының білім басқармасында Тәрбие жұмыстары бөлімінің бастығы (2009-2010жж), Ақтау қалалық білім бөлімінің бастығы (2010-2011жж), 2011 жылдың шілдесінен бастап Маңғыстау облысының білім басқармасының басшысы қызметін атқарып келеді.
Қызмет ету кезеңінде облыстағы білім беру жүйесінде біршама жақсы үрдістер басталып, оқушылардың сапалы білім мен тәрбие алуларына оң әсер ететін елеулі шаралар атқарылды. Білім мен тәрбие сапасын арттыру мақсатында жалпы білім беретін мектептер саны 137-ге дейін өсті.
2011 жылы облыстық оқу-әдістемелік орталығы ашылды, 2011 жылы Түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған облыстық мектеп - интернат 200 орындық жатақханасы бар 600 орындық жаңа ғимаратқа көшірілді.
Елбасының тапсырмасына орай «Балапан» бағдарламасы аясында мектепке дейінгі білім жүйесі қайта жандана бастады.
Динара Нагимуллиевна Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпараттандыру Министрлігінің тілдер бойынша комитетінің Құрмет грамотасымен, Маңғыстау облысы әкімі орынбасарының Алғысымен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының Алғысымен, Маңғыстау облысы әкімінің Алғысымен, Қазақстан Республикасы тәуелсіздігігінің 20 жылдығының мерекелік медалімен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен; Маңғыстау мұнайына 50 жыл мерекелік медалімен, «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.
Достарыңызбен бөлісу: |