Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2014 жылғы қаңтар-желтоқсандағы қорытындылары туралы



Дата23.02.2016
өлшемі134.32 Kb.
#2740


Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының

2014 жылғы қаңтар-желтоқсандағы қорытындылары туралы
2014 жылы облысты әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша жұмыс Мемлекет басшысының «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында қойылған тапсырмаларға, сондай-ақ басым мемлекеттік және стратегиялық, салалық бағдарламаларға сәйкес құралды. Маңғыстау облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жалғасуда.

Тұтастай алғанда, қабылданған барлық шаралар экономиканы сапалық тұрғыдан өсіруді қамтамасыз етуге, индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын одан әрі іске асыруға, халықтың әл-ауқат деңгейі мен өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.



Халықтың жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ) көлемі бойынша облыс 2013 жылы республика өңірлері арасында төртінші орынды алды (ҚР бойынша орташа – 2070,7 мың теңге болғанда, 3301,9 мың теңге). ЖӨӨ-нің нақты өсуі 2013 жылдың қорытындысында 105,2% (1907,1 млрд. теңге), 2014 жылдың 1 жартыжылдығында 105,1% (956,9 млрд. теңге) құрады.

Есепті кезеңде облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындарымен қолданыстағы бағада 2390,8 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі 103,4% құрады.

Облыстағы өнеркәсіптік өнімнің жалпы көлемінде үлесі 92% құрайтын тау-кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді игеруде 2200,2 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. НКИ 102,2% құрады.

Есепті кезеңде 18,5 млн. тонна мұнай өндірілді немесе 2013 жылдың осындай кезеңдегі деңгейіне – 102,3%. Табиғи газ өндіру 3,1%-ға төмендеді (2083 млн. текше метр).

Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіру көлемі 18,3%-ға артып (саланың үлесі – 4,5%), 107,9 млрд. теңгені құрады.

Тоқыма бұйымдар өндірісінде – 2,6 есе, химия өнеркәсібі өнімдерінің өндірісінде – 1,5 есе, өзге де металл емес минералдық өнімдер өндіруде – 1,4 есе, машина жасауда – 20,3%-ға, резеңке және пластмасса бұйымдарын шығаруда – 16,7%-ға, азық-түлік өнімдері өндірісінде – 5,8%-ға өсу байқалады.



Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптаудағы өнім көлемі есепті кезеңде 65,5 млрд. теңгені немесе өткен жылдың осындай деңгейіне 118,9% құрады.

«Сумен жабдықтау, канализациялық жүйе, қалдықтарды жинақтау және бөлуді бақылау» саласында 17,2 млрд. теңге көлемінде өнім шығарылды немесе 2013 жылдың тиісті деңгейіне – 113,5%.

Облыстың сыртқы сауда айналымы 2014 жылдың қаңтар-қарашасында 9561,5 млн. АҚШ долларын құрады, бұл – 2013 осындай кезеңінен 5,1%-ға көп. Экспорт 9088,1 млн. АҚШ долларын (8,3%-ға ұлғайды), импорт 473,5 млн. АҚШ долларын (67,1%-ға төмендеді) құрады.

Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 2014 жылдың қаңтар-қарашасында 529,4 млрд. теңгені құрады, бұл – нақты баға индексін есепке алғанда 2013 жылдың осындай кезеңінен 14%-ға артық.

Индустрияландыру картасының аясында 2010-2013 жылдары 160,3 млрд. теңге сомасына барлығы 23 жоба аяқталды. Шамамен 2 мың жұмыс орны құрылды. 57,4 млрд. теңге сомасына өнім шығарылды.

ҮИИДМБ мен Индустрияландыру картасының аясында 2014 жылы 57 млрд. теңге сомасына және 815 тұрақты жұмыс орны құрылған 10 жоба іске асырылып, пайдалануға берілді. Олар:

1. Маңғыстау облысының Шетпе ауылындағы «Каспий Цемент» ЖШС-нің цемент зауыты;

2. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның Қаламқас кен орнындағы 2х45 МВт газ-турбиналық электр станциясы;

3. Жетібай ауылының маңындағы «Жанарыс» ЖШС-нің киім тігетін және химиялық тазартатын цехы;

4. «Үй құрылысы комбинатын салу» «ДИС» ЖШС;

5. «Индустриялық құрылыс комбинаты» «КИС-Ақтау» ЖШС;

6. «Ірі түйірлі, ұсақ түйірлі асфальт-бетон, шағылтасты мастикалық асфальт-бетон және қара қиыршықтас дайындайтын зауыт» «Каспий Тас Жол» ЖШС;

7. «Аңсаған Петролеум» ЖШС-нің мұнай дауындау қондырғысы мен тапсыру пунтін іске қосу;

8. ««Каспио Пласт» ЖШС-нің полиэтиленнен жасалған төменгі қысымды құбырлар өндірісі»;

9. ««Бозашы Оперейтинг ЛТД» КФ-ның бес жылдымалы гелиомерлік қондырғысын пайдалануға беру;

10. «Таушық ауыл шаруашылығы» ЖШС-нің жүнді қайта өңдейтін цехы.

Есепті кезеңде құрылыс жұмыстарының көлемі 172,2 млрд. теңгені, өсу қарқыны 106% құрады. Жалпы ауданы 586,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2013 жылдың қаңтар-желтоқсанынан 10,1%-ға артық.

2014 жылы «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасын іске асыру үшін кезекте тұрғандарға жалдамалы тұрғын үй салуға – 500 млн. теңге, жас отбасылар үшін тұрғын үй салуға – 200 млн. теңге, кредиттік тұрғын үй салуға – 4290 млн. теңге, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салуға – 2786,1млн. теңге бөлінді.

Кезекте тұрғандарға жалдамалы тұрғын үй салу аясында: Форт-Шевченко қаласында 48 пәтерлік тұрғын үйдің, Бейнеу ауылында 4 пәтерлік алты тұрғын үйдің, Шетпе ауылында 4 пәтерлік сегіз тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Ақтау қаласының 32 «А» шағын ауданында жайлылығы ІV-сыныпты 120 пәтерлік 5 қабатты үш тұрғын үйдің құрылысы басталды.

Жас отбасылар үшін, Ақтау қаласының 32 «А» шағын ауданында 60 пәтерлік екі тұрғын үйдің құрылысы басталды.

Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үй салу бағыты бойынша, Ақтау қаласының 32 «А» шағын ауданында 60 пәтерлік төрт және 40 пәтерлік төрт тұрғын үйдің (оның 60 пәтерлік бір және 40 пәтерлік бір тұрғын үй аяқталып, пайдалануға берілді), көп қабатты көп пәтерлік тұрғын үйлердің және қалалық маңызы бар объектілердің құрылыстары жүргізілуде.

Облыстың бәсекеге қабілетті артықшылықтарын есепке ала отырып, облыс экономикасының мынадай өсу резервтері айқындалды: мұнай-газ өндіру секторын одан әрі дамыту (іздестіру, барлау жүргізу және жұмыс істеп тұрған кен орындарын жете барлау, жұмыс істеп тұрған кен орындарының тиімділігін көтеру, мұнай сервистік кластерді дамыту), облыстың транзиттік әлеуетін дамыту (көлік пен логистика), құрылыс индустриясы мен туризмді дамыту («Кендірлі» курортты демалыс аймағы).



«Ақтау теңіз порты» АЭА аумағын жоғары технологиялық экспортқа бағдарланған өндірістермен толықтыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Бүгінге АЭА аумағында 5 кәсіпорын жұмыс істейді, шамамен 29 млрд. теңге тартылды. 223 млрд. теңгенің өнімі шығарылды. Шамамен 19 млрд. теңге салықтар мен бюджетке өзге де міндетті төлемдер төленді. 1,1 мың жұмыс орны құрылды.

2014 жылғы желтоқсанда тағы да 4 жоба іске қосылды, олар: «КИС-Ақтау» индустриялық құрылыс комбинаты, жол-құрылыс материалдарын шығаратын «КаспийТасжол» зауыты, «Каспиопласт» ЖШС-нің төмен қысымды құбырлар өндірісі және «KazTrub-Industries» ЖШС-нің құбырлар мен пластмасса бұйымдар өндірісі.

2015 жылы 8 жобаны пайдалануға беру жоспарланған.

АЭА-ның инвестициялық тартымдылығын көтеру мақсатында, аумағын инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде. Бүгінге №3 және №1 кіші аймақтар инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген. № 1 (қосымша учаске), № 2 және №4 кіші аймақтардың инженерлік инфрақұрылымын салуға ЖСҚ әзірлеу жүргізілуде.



Көлік инфрақұрылымын дамыту тұрғысында, Азия даму банкінің қарыз қаражатын тарту арқылы республикалық бюджет қаражаты есебінен «Ақтау-Бейнеу-Атырау» автожолын «Бейнеу-Манашы» және «Манашы-Шетпе» учаскесінде қайта құрылымдау жобасы іске асырылуда.

«Шетпе-Жетібай-Ақтау» учаскесін реконструкциялау бойынша дайындық жұмыстары басталды (карьер учаскелері, мердігерді анықтау және т.б.).

«Бейнеу-Жезқазған» темір жол желісін Бейнеу станциясы-Тассай станциясы учаскесінде салу жобасы аяқталды. Жұмыс бабындағы жүріс ашылды.

Автомобиль жолдарын салуға, күрделі, ағымдағы, орташа жөндеуге және күтіп-ұстауға, сондай-ақ жергілікті маңызы бар жолдардың ЖСҚ-ын әзірлеуге республикалық және облыстық бюджеттердің қаражатынан 2014 жылы барлығы шамамен 8,6 млрд. теңге бөлінді.

«Сыңғырлау-Сам-Ноғайты-Тұрыш» автожолының және Ақтау-Қаламқас автомобиль жолының 14-26 километр учаскесінде автопавильондардың (13 бірлік аялдама) құрылысы басталды.

«Ақтау-Форт-Шевченко», «Таушық-Шетпе», автожолдарын күрделі жөндеу аяқталды.

«Ақтау-Құйылыс» (7-15 км), «Форт-Шевченко – Ақтау-Қаламқас жолының 43 километріне дейін» (43-75 км), және «Ақтау-Қаламқас» (101 және 104 км) автожолдарын күрделі жөндеу, «Форт-Шевченко – Ақтау-Қаламқас жолының 43 километріне дейін» (75-122 км) және «Ақтау-Қаламқас» (10-89 км) автожолдарын орташа жөндеу басталды.

Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы Батыс Қазақстанды жағажай туризімінің орталығы ретінде, оның ішінде Кендірлі курортты демалыс аймағын дамытуды көздейді. Кендірлі туристік аймағын дамытудың жүйелі жоспары әзірленіп, бекітілді.

«Кендірлі» курортты демалыс аймағының сыртқы инфрақұрылымын салуға әзірленген 9 жобаның ішінен «Окарем-Бейнеу» магистралды газ құбырынан газ бұру құбырын тарту және АГБС-н салу аяқталды. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 2013 жылы – 397,6 млн.теңге, 2014 жылы – 678 млн.теңге бөлінді.

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ мен «RIXOS» компаниялар тобы арасында 1500 орындық 2 отель (4 және 5 жұлдызды) мен ойын-сауық аймағын салу арқылы Кендірлі курортты аймағын дамыту жөніндегі келісімге қол қойылды.



Тұтыну бағалары мен тарифтердің индексі 2014 жылдың желтоқсанында 2013 жылдың желтоқсанына 107,2% (ҚР бойынша – 107,4%), оның ішінде азық-түлік тауарларына – 109,1% (ҚР бойынша – 108%), азық-түлік емес тауарларға – 108,5% (ҚР бойынша – 107,8%), ақылы қызметтерге – 103,6% (ҚР бойынша – 106,4%) құрады.

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 8287,6 млн. теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 2013 жылдың тиісті кезеңіне 100%. 2013 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда ірі қара мал басының 20,9%-ға, жылқы басының – 2%-ға өсуі байқалады. Қой мен ешкі басы 9,5%-ға төмендеді.

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға жергілікті бюджеттен 2014 жылы 266,4 млн. теңге, оның ішінде мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға – 36,9 млн. теңге, асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға – 86,6 млн. теңге, өсімдік шаруашылығын дамытуға – 142,9 млн. теңге сомасында субсидиялар бөлінді.

Бүгінгі күнге ылғал қорларын сақтау технологиясын – тамшылатып суаруды қолданумен 651 га жер қамтылды, бұл – 2013 жылмен салыстырғанда 168 гектарға артық. Өңірде жалпы ауданы 5,2 га өнеркәсіптік үлгідегі 2 жылыжай және жалпы ауданы 3,2 га фермерлік үлгідегі 6 жылыжай жұмыс істейді.

Шағын және орта бизнестің белсенді субъектілерінің саны 32,7 мың мың бірлікті (2013 жылға қарағанда 103,6%), жұмыспен қамтылғандар саны – 96,9 мың адамды (103,1%), экономикалық белсенді халық санындағы ШОБ-те жұмыспен қамтылғандардың үлесі – 34,5%, бюджетке салықтық төлемдер көлемі 180 млрд. теңгені (114,3%) құрады.

Екінші деңгейдегі банктермен 2014 жылғы 1 қаңтарға шағын бизнес субъектілеріне 15,2 млрд. теңге көлемінде кредиттік ресурстар берілді, бұл 2013 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 9,7%-ға аз.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының «Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу» атты екінші бағытының аясында кәсіпкерлерді микрокредиттеу үшін республикалық бюджеттен 2014 жылға 200,0 млн. теңге бөлінді. Бөлінген қаражаттың барлығы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның шотына аударылды. Осы қормен (меншікті қаражатын есепке алғанда) 2014 жылда 479,5 млн. теңге сомасына барлығы 166 микрокредит беріліп, 358 жұмыс орны құрылды.

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының аясында Маңғыстау облысы үшін республикалық бюджеттен 2014 жылы 1,5 млрд. теңге мөлшерінде қаражат бөлініп, игерілді.

Жыл ішінде 58 жоба, оның шінде Ақтау қаласында – 35 жоба, Бейнеу ауданында – 3 жоба; Қарақия ауданында – 2 жоба; Түпқараған ауданында – 4 жоба; Маңғыстау ауданында – 7 жоба; Мұнайлы ауданында – 7 жоба мақұлданды.

Ұлттық қордан «Даму Өндіріс» бағдарламасы арқылы бөлінген қаражат есебінен 09.01.2015 жылғы жағдай бойынша 2,9 млрд. теңге сомасына 10 жоба мақұлданды. Бұдан басқа, 50 млрд. теңге мөлшерінде бөлінген екінші транш аясында 2 млрд. теңге сомасына 4 жоба мақұлданды.

Облыстың барлық аудандарында «Даму» қорының жанындағы Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары ашылды. Ағымдағы жылдың соңына дейін Ақтау қаласында Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығын, сондай-ақ Мұнайлы ауданында КҚКО мен бизнес-инкубатор ашу жоспарлануда.



Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету саласында, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының іске асырылуын есепке алғанда 2014 жылдың қаңтар-желтоқсанында облыс бойынша 26406 жұмыс орны құрылды (2013 жылдың тиісті кезеңінде – 22213 жұмыс орны). Оның ішінде, қалалар мен аудандардың әкімдіктері халықтың нысаналы топтары үшін 1022 әлеуметтік жұмыс орнын құрып, жоғары оқу орындарының 1078 түлегін жастар практикасына тартты.

Есепті кезеңде жұмыспен қамту органдарының еңбек делдалдығына 15357 адам өтініш білдірді. Әлеуметтік қорғау шараларымен 8193 адам қамтылып, оның ішінде 3398 адам жұмысқа орналастырылды, 2176 адам қоғамдық жұмыстарға жолданды, 2244 адам «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасына қатысушылардың құрамына енгізілді, 375 адам кәсіптік даярлауға жолданды.



Жалпы жұмыссыздық деңгейі 2014 жылдың 3 тоқсанында (ашық еңбек рыногында) 5,3%-ды құрады (2013 жылдың 3 тоқсанында – 5,5%).

Халықтың жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы 2014 жылдың қыркүйегінде 108837 теңгені құрады. 2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда атаулы ақшалай табыс – 18,6%-ға, нақты ақшалай табыс – 11,3%-ға ұлғайды.

Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 2014 жылдың қаңтар-қарашасында 211738 теңгені құрады, бұл – 2013 жылдың осындай кезеңінен 20,4%-ға жоғары.



Мемлекеттік бюджетке (Ұлттық қорды есепке алмағанда) 353 млрд. теңге (2013 жылдың тиісті кезеңіне – 122,2%), оның ішінде республикалық бюджетке – 248,1 млрд. теңге (126,8%), жергілікті бюджетке – 104,9 млрд. теңге (112,4%) сомасында салықтар мен өзге де міндетті төлемдер түсті.

Білім беру. Білім беруге арналған шығыстар 2014 жылға 42 млрд. теңгені құрайды (2013 жылға қарағанда 11,5%-ға өсті), оның 1.01.2015 жылға 41,9 млрд. теңгесі игерілді.

Білім беру объектілерін дамытуға 2014 жылы – 6040,5 млн. теңге (1.01.2015 жылға 6031,1 млн. теңге игерілді), оның ішінде республикалық бюджеттен – 2384,1 млн. теңге (1.01.2015 жылға 2384,1 млн. теңге игерілді), жергілікті бюджеттен – 3656,4 млн. теңге (1.01.2015 жылға 3647,1 млн. теңге игерілді) бөлінді.

2014 жылы Қарақия ауданының Болашақ стнациясы мен Бостан ауылында, Мұнайлы ауданының Баянды және Маңғыстау-4 ауылдарында 380 орындық 4 балабақша пайдалануға берілді.

Жаңаөзен қаласының Мерей, Арай, Астана шағын аудандары мен Қызылсай ауылында әрқайсысы 320 орындық 4 балабақшаның, Ақтау қаласында 280 орындық балабақшаның құрылысы басталды. Объектілер 2015 жылға өтеді. 3-ден 6-ға дейінгі жастағы балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту 1.01.2015 жылға 68,2% құрады.

Үш ауысыммен оқытатын мектептерді жою мақсатында:

- Ақшұқыр ауылында 960 орындық орта мектептің құрылысы аяқталды;

- Форт-Шевченко қаласындағы 550 орындық мектеп-интернаттың және Атамекен ауылындағы 1200 орындық орта мектептің құрылысы басталды;

- Бейнеу ауылында 900 орта мектеп салуға ЖСҚ әзірленді.

Авариялық мектептерді жою мақсатында, ағымдағы жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен 200 орындық бір мектептің құрылысы аяқталып (Маңғыстау ауданының Жыңғылды ауылында), 2015 жылы аяқталатын әрқайсысы 624 орындық тағы 2 орта мектептің құрылысы басталды (Қарақия ауданының Құланды ауылы мен Жетібай станциясында).

5 білім беру объектісін күрделі жөндеуге жергілікті бюджеттен 167,3 млн. теңге бөлінді.



Денсаулық сақтау. Денсаулық сақтауға арналған шығыстар 2014 жылға 16,4 млрд. теңгені құрайды, оның 01.01.2015 жылға 16,3 млн. теңгесі игерілді.

Денсаулық сақтау объектілерін дамытуға 2014 жылы – 712,3 млн. теңге (1.01.2015 жылға 683,5 млн. теңге игерілді), оның ішінде республикалық бюджеттен – 161,8 млн. теңге (1.01.2015 жылға 161,8 млн. теңге игерілді), жергілікті бюджеттен – 550,5 млн. теңге (1.01.2015 жылға 521,7 млн. теңге игерілді) көздестірілді. Ақтау қаласында 150 орындық Өңірлік ана мен баланы қорғау орталығының құрылысына көздестірілген 385,9 млн. теңге сомасындағы республикалық бюджет қаражатының иегірмеуі жоба ЖСҚ-ның кеш шығуымее байланысты болды.

Маңғыстау облыстық ауруханасының «Г» блогы жапсарламасының және Жаңаөзен қаласындағы 100 төсек-орындық перзентхананың құрылысы аяқталды.

«350 дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік пункт және емхана салу» бағдарламасы бойынша, облыстың ауылдарында ауысымына 40 келушіге арналған 5 ауылдық дәрігерлік амбулаторияның, ауысымына 20 келушіге арналған 2 ауылдық дәрігерлік амбулаторияның және 1 фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысы басталды.

Балалар өлімінің деңгейі 2014 жылдың қаңтар-желтоқсанында 1000 тірі туылғандарға шаққанда 10,8-ден 10,3-ке дейін төмендеді. Ана өлімінің 2 жағдайы тіркелді (2013 жылдың қаңтар-желтоқсанында – 2 факт).

Туберкулезбен ауыру 2013 жылдың қаңтар-желтоқсанындағы 100 мың халыққа шаққандағы 76,9-дан 2014 жылдың қаңтар-желтоқсанында 71,4-ке дейін азайды. Қан айналымы жүйесінің ауруларынан науқастануды 5,9%-ға (100 мың халыққа шаққанда 1021,8-ге дейін) және өлуді 28%-ға (100 мың халыққа шаққанда 46,1) төмендетуге қол жеткізілді.



Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарының аясындағы іс-шараларды іске асыруға 2014 жылы 10,1 млрд. теңге жалпы сомасында, оның ішінде- республикалық бюдждеттен – 6,0 млрд. теңге (4,6 млрд. теңге – республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер), жергілікті бюджеттен – 2,7 млрд. теңге, өзге қаражат көздерінен – 1,3 млрд. теңге («Өзенмұнайгаз» АҚ қаражаты) бөлінді.

01.01.2015 жылғы жадай бойынша бөлінген қаражаттың игерілуі барлығы 10,0 млрд. теңгені немесе 99,7%, оның ішінде жергілікті бюджет – 2,7 млрд. теңгені (99%), республикалық бюджет – 6,0 млрд. теңгені (100%), өзге қаражат көздері – 1,3 млрд. теңгені (100%) құрайды.

4 334 жаңа, оның ішінде өнеркәсіптік кәсіпорындарда 3906 жұмыс орны құрылды. Жұмыссыздың деңгейі төмендеп, 1,6% құрады.

Облыс әкімдігі 2014 жылы жатақханадан орын берумен, стипендия төлеумен, оқу үдерісінде тамақтандырумен және жатақханадан оқитын жерге дейін тасымалдаумен, Ақтау тренинг орталығының және Маңғыстау энергетикалық колледжінің негізінде Жаңаөзен қаласының еңбекке қабілетті жұмыссыз халқын қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша іс-шараларды ұйымдастырды. Бүгінге Жаңаөзен қаласының 107 жұмыссызы монтажшы, газбен және электрмен дәнекерлеуші және металл конструкцияларын жинау жөніндегі слесарь мамандықтары бойынша оқуды аяқтады. 5 адам жұмысқа орналастырылды.

22 инвестициялық жоба (11 ауыспалы, 11 жаңа) іске асырылды. 2014 жылдың қорытындысында 7 жобаны іске асыру, оның ішінде:

- қатты-тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу, жою және көму комбинатының құрылысы;

- Жаңаөзен қаласының «Жұлдыз» (Рахат-3, 1-2 кезек) шағын ауданында салқын су есептеуіштерін құру және орнату (қосымша жұмыстар);

- Жаңаөзен қаласындағы үлгілік әскери қалашықтың құрылысы;

- Жаңаөзен қаласындағы 6 шығар жолы бар үлгілік өрт сөндіру депосының құрылысы;

- Жаңаөзен қаласының «Мерей» шағын ауданындағы 1200 орындық орта мектептің құрылысы;

- Жаңаөзен қаласындағы ІІБ қызметкерлеріне арналған 60 және 100 пәтерлік екі тұрғын үйдің (пәтерлік үлгідегі жатақхананың) құрылысы;

- Жаңаөзен қаласының «Мұнайлы», «Бостандық», «Рахат», «Ақсу», «Бәйтерек», «Ақбұлақ», «Мамыр», «Арай», «Астана» шағын аудандарының және Теңге, Қызылсай ауылдарының орталық көшелерін жарықтандыру желілерінің құрылысы аяқталды.

5 спорт және 5 аула алаңқайы салынды.

14 объект 2015 жылға өтеді.



Моноқалаларды дамыту бағдарламасының аясында Жаңаөзен қаласы үшін 2014 жылы барлығы 1 366,4 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 1 237,8 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 128,7 млн. теңге бөлінді.

Оның ішінде, 2014 жылы кәсіпкерлікті қаржылай қолдауға барлығы – 227,6 млн. теңге, екінші деңгейдегі банктердің кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға – 48,0 млн. теңге, микрокредиттер беруге – 125,2 млн. теңге, гранттар беруге – 9,1 млн. теңге және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым тартуға – 45,3 млн. теңге бөлінді.

2014 жылдың 12 айында пайыздық ставканы субсидиялау бойынша 1 290,1 млн. теңге жалпы сомасына 25 жоба мақұлданып, 125,3 млн. теңге сомасына 43 микрокредит және ШОБ-тің 5 жобасына гранттар берілді. Технопарк үшін инфрақұрылым құру жұмыстары аяқталды.

Қаланың инженерлік инфрақұрылымын дамытуға 2014 жылы барлығы 1 138,8 млн. теңге бөлініп, 01.01.2015 жылғы жағдай бойынша 1 137,2 млн. теңге игерілді.



Бүгінге Теңге ауылында РП-6 кВ тарату пунктін және «Рахат-1,2,3» 110/6 кВ қосалқы станциясынан Жаңаөзен қаласы Теңге, Қызылсай ауылдарының шығыс бөлігіне дейінгі ВЛ-6 кВ әуе желісінің құрылысы, Теңге мен Қызылсай ауылдарын, қаланың «Шұғыла» шағын ауданының аулаішілік көшелерін абаттандыру, Қызылсай ауылының автомобиль жолдарын салу бойынша жұмыстар аяқталды.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет