Магистратураға түсушілер үшін мамандық бойынша емтихан сұрақтары 6M0120 – Кәсіптік оқыту (сала бойынша) Жалпы психология



Дата13.06.2016
өлшемі93.16 Kb.
#133955
Магистратураға түсушілер үшін мамандық бойынша

емтихан сұрақтары
6M0120 – Кәсіптік оқыту (сала бойынша)
Жалпы психология


  1. Психология пәні, мақсаты, міндеттері, объектісі. Психологияның ғылымдар жүйесіндегі орыны. Қазіргі заман психологиясының міндеттері.

  2. Психологияның даму тарихы. (Аристотель. Платон. Демокрит. Әл-Фараби). ХІХ ғ. ортасы мен ХХ ғ. басында психологияның ғылым ретінде жаңаруы. (В.Вунд. Н.Ланге).

  3. Психологияда қалыптасқан теориялар мен концепциялар және олардың зерттеу аймақтары. Бихевиоризм. Гештальтпсихология. Фрейдизм. Гуманистік психология. Генетикалық психология.

  4. Психологияның зерттеу әдістері. Эмпирикалық әдістер. Деректерді өндеу әдістері. Ұйымдастыру әдістері. Байқау әдісі. Эксперимент. Тест әдісі.

  5. Ғылыми психология принциптері. Психология салалары.

  6. Сана – психика дамуының жоғары формасы. Сана құрылымы және оның негізгі психологиялық сипаттамасы. Өзіндік сана. Астар сана.

  7. Жан қуаттары туралы түсінік. Жан қуаттарының жіктелуі: психикалық процестер, психикалық қасиет, психикалық қалып.

  8. Іс-әрекет түсінігі және онымен байланысты психологиялық факторлар. Іс-әрекет құрылымы мен түрлері. Іс-әрекет қалыптасуында дағдының маңызы. Интериоризация, экстериоризация ұғымдары.

  9. Түйсік туралы түсінік, түйсік түрлері. Түйсік туралы теориялар. (Д.Беркли. Г.Гельмгольц. Бебер- Фехнер.).

  10. Түйсіктің негізгі заңдылықтары. Сезгіштік. Адаптация. Түйсіктердің өзара ықпал жасау қасиеті. Сенсибилизация. Синестезия. Түйсіктің адам өмірі мен іс-әрекетінде алатын орыны.

  11. Қабылдау туралы түсінік. Қабылдаудың физиологиялық негіздері. Қабылдау туралы теориялар.

  12. Қабылдау және перцептивтік іс-әрекеттік жүйесі. Қабылдау ерекшеліктері. Қабылдау формалары.

  13. Ес туралы түсінік. Ес туралы теориялар (Г.Эббингауз. Л.С. Выготский. П.И. Зинченко. П. Линдсей. Д. Норман).

  14. Ес процестері. Естің жалпы заңдылықтары. А.Құнанбаевтың ес туралы ойлары.

  15. Ес түрлері және олардың ерекшеліктері. Есті дамытудың тәсілдері мен шаралары. Ұмыту қандай себептерден туындайды?

  16. Ойлау танымдық іс-әрекеттің жоғарғы формасы ретінде. Ойлау туралы теориялар.

  17. Ойдың байқалу формалары. Ой тәсілдері. Ойлау саласындағы дара айырмашылықтар.

  18. Ойлау және сөйлеу. Сөйлеу туралы жалпы ұғым. Сөйлеудің физиологиялық негіздері.

  19. Қазақ ойшылдарының жан құбылыстары туралы ой пікірлері. (Асанқайғы, Махамбет, Ш.Уалиханов, Ы. Алтынсарин, А.Құнанбаев, С. Торайғыров)

  20. Сөз қызметтері. Сөздің сигнификативтік қызметі. Сөйлеу түрлері.

  21. Ойлау түрлері. Теориялық ойлау мен практикалық ойлау байланысы және олардың өзара ықпалы қалай жүреді?

  22. Шығармашыл ойдың даму жолдары. Креативтілік ұғымы. Интеллект.

  23. Қиял туралы түсінік. Қиялдың физиологиялық негіздері. Қиял түрлері.

  24. Қиялдың жасалу жолдары: агглютинация, гипербола, схематизация, типтік образдар жасау. Таным үрдістерінің ішінде қиялдың алатын орны.

  25. Зейін - психикалық процесс ретінде. Зейін туралы теориялар (П.Я. Гальперин, Ч.Шеррингтон, И.П. Павлов теориялары).

  26. Зейіннің негізгі қасиеттері. Оқу әрекетінде зейінді тұрақтандыру жолдары.

  27. Зейін түрлері және байқалу формалары. Жас ерекшеліктерге байланысты зейін ерекшеліктері. Зейіннің адам өміріндегі маңызы.

  28. Эмоция және сезім туралы түсінік. Эмоция туралы психологиялық теориялар. (Джеймс-Ланге, У.Кеннонның эмоция теориялары).

  29. Ұжым туралы түсінік. Ұжымды басқару стильдері ерекшеліктері. Басқару стильдерінің түрлері.

  30. Адам өмірінде эмоцияның алатын орны. Эмоция мен сезім арасындағы айырмашылықтар. Күрделі эмоциялар: көңіл, аффект, құмарлық.

  31. Сезім түрлері және байқалу формалары. Амбивалентті сезімдер.Эмпатия, фрустрация, құмарлық ұғымдары.

  32. Жоғары деңгейдегі сезімдер: интеллектік, эстетикалық, практикалық, адамгершілік-моральдік. Жоғары деңгейдегі сезімдердің мәні, әлеуметтік сипаты.

  33. Стресс туралы ұғым. Стресс түрлері. Стрестің байқалу кезеңдері. Стрестен шығу жолдары.

  34. Ерік туралы түсінік. Ерік туралы психологиялық теориялар.

  35. Еріктік іс-әрекет ерекшеліктері. Ерік құрылымы. Ерік сапалары.

  36. Жеке адам және ерік. Ерікті тәрбиелеудің негізгі бағыттары мен жолдары.

  37. Тұлға туралы теориялар (З.Фрейд, К.Юнг, Д. Уотсон, А.Маслоу). Адам, индивид, даралық, тұлға ұғымдарына түсінік.

  38. Тұлғаның психологиялық қорғаныстары: жоққа шығару, ығыстыру, көшіру, бітпеген іс әсері, сәйкестендіру.

  39. Тұлға құрылымы. Тұлға бағыттылығы: бағдар, талғам, дүниетаным, сенім. Тұлға мотивтері мен қажеттіліктері.

  40. Тұлғаның қалыптасуы мен дамуы. Тұлға қалыптасуына әсер ететін факторлар. «Мен» концепция ұғымы. Тұлғаның өзін-өзі дамытуы.

  41. Тұлғаның жеке психологиялық ерекшеліктері. Темперамент туралы түсінік. Темперамент туралы ғылыми көзқарастар бағыты. Гиппократтың «гуморальды теориясы», Э.Кречмер, У. Шэлдонның конституциялық теориялары, И.П. Павловтың жүйке жүйесі типтері теориясы.

  42. Даулы жағдайлар туралы түсінік. Даулы жағдайлар түрлері және қызметі. Даулы жағдайлардан шығу жолдары.

  43. Темперамент түрлері және олардың психологиялық сипаттамасы. Темперамент және оның табиғи негіздері.

  44. Мінез туралы түсінік. Мінез туралы теорияларға сипаттама. Мінез қалыптасуына ықпал етуші факторлар.

  45. Мінез акцентуациясы. К.Леонгард, А.Е. Личко концепциялары бойынша мінез акцентуацияларының түрлері. Мінез асқынуына әсер ететін факторлар.

  46. Мінез түрлері және типтері. Мінез бітістері. Мінездің ұлттық ерекшеліктері.

  47. Қабілет туралы түсінік. Қабілет теориялары. (Ф.Галль нәсілдік теориясы, Ф.Гальтон, К.А. Гельвеций дарындылық теориясы, Б.М.Теплов қабілет теориясы).

  48. Қабілет, нышан және адамдардың дара ерекшеліктері. Қабілет түрлері. Бейімділік. Талант. Дарындылық. Данышпандық.

  49. Генотип, жүйке жүйесінің қасиеттері мен адам қабілеті арасындағы байланыс. Дарындылықты анықтау және дамыту жолдары. Қабілет дамытудың әдістері.

  50. Қарым – қатынас. Қарым – қатынас құралдары. Қарым – қатынастың интерактивтік, перцептивтік, коммуникативтік жағы. Тиімді қарым – қатынас жасау тәсілдері.



«Кәсіптік педагогика»


  1. Жалпы және кәсіптік білім беру аумағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының принциптері.

  2. Кәсіптік білім берудегі тәрбие әдістері мен құралдары.

  3. Оқушыдардың білімін бақылаудың түрлері мен міндеттері. Үлгерімді есепке алу.

  4. «Білім беру жайлы» ҚР Заңы. Білім туралы заңының негізгі принциптері.

  5. Кәсіптік мектеп оқу үдерісінде пәнаралық байланысты жүзеге асыру.

  6. Сабақ – арнайы пәндерді оқытуда негізгі ұйымдастыру формасы ретінде. Сабақтардың жіктелуі.

  7. Кәсіптік білім беруде тұлғаның дамуы мен тәрбиесі. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан жастарына Жолдауында сөйлеген сөзі.

  8. Проблемалық ситуация – проблемалық оқытудың негіздері. Кәсіптік оқыту жүйесінде қолданылатын проблемалық ситуациялардың түрлері.

  9. Кәсіптік білім беру мекемелерінің оқу үрдісінде қолданылатын педагогикалық технологиялары.

  10. Тұлғаны дамыту факторлары мен тұжырымдамалары (Казақстан Республикасында этномәдениеттілік білім беру тұжырымдамасы 15.06.1996ж).

  11. КМ-тегі оқу-тәрбиелік іс-әрекетті ұйымдастыру жүйесі.

  12. Арнайы пәндерді оқып-үйрену үрдісінде репродуктивтік іс-әрекетті ұйымдастыру.

  13. ҚР-дағы кәсіби білім берудің даму тарихы.

  14. Кәсіптік білім беруде оқушыларға тәрбие беру принциптері.

  15. ҚР білім беру жүйесінің негізгі деңгейлері мен олардың сипаттамасы.

  16. Маманды кәсіби дайындаудың оқу жоспарлары мен бағдарламаларын жасау ұстанымдары.

  17. Тестілеу оқушылардың үлгерімін бақылау құралы ретінде

  18. КР-да кәсіптік білім берудің даму перспективалары.

  19. Кәсіптік оқыту педагогының кәсіби-педагогикалық мәдениеті.

  20. Кәсіптік мектептерде теориялық оқытуды жоспарлау (тақырыптық, әр сабақты жоспарлау).

  21. Мамандарды кәсіптік дайындауда мемлекеттік жалпы білім беру стандарты.

  22. Кәсіптік білім беруде қашықтықтан оқытуды пайдалану мүмкіншіліктері.

  23. Кәсіптік мектептегі педагогикалық үрдісті дамытудың негізгі бағыттары.

  24. КМ оқушыларға тәрбие беру әдістері.

  25. Мамандарды кәсіби дайындауда іскерлік ойындарды қолданудың ерекшеліктері.

  26. Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаевтың педагогикалық көзқарастары.

  27. Педагог педагогикалық іс-әрекеттің субъектісі ретінде. Кәсіптік оқыту мұғалімінің педагогикалық квалификациясына қойылатын талаптар.

  28. Кәсіптік оқыту жүйесінде оқу материалын меңгеру деңгейлері.

  29. Кәсіптік білім беру мазмұны. Білім беру мазмұны компоненттерінің өзара байланысы.

  30. Бастапқы және орта кәсіби білім беру жүйесінде оқушылардың танымдық іс әрекеттерін белсендендіру. Оқушыларды белсендендіру әдістері.

  31. Кәсіптік білім беруде модульдік оқыту

  32. Кәсіптік білім беру іс - әрекетіндегі мониторинг.

  33. Кәсіптік білім беру педагогының педагогикалық шеберлік компоненттері және олардың сипаттамалары.

  34. Тұлға кәсіптік білім беруде тәрбие субъектісі мен объектісі ретінде.

  35. Кәсіптік оқытуда педагогикалық зерттеудің әдістері. Педагогикалық зерттеудің жүйесі мен құрылымы.

  36. Арнайы пәндерді оқыту барысында оқу материалын бекіту әдістері.

  37. Кәсіптік педагогиканың негізгі мақсатты мен міндеттері.

  38. Кәсіптік-техникалық мектептерде өндірістік оқыту шеберінің педагогикалық іс-әрекеті.

  39. Педагогика ғылымы жүйесіндегі дидактика. Дидактиканың негізгі категориялары.

  40. Кәсіптік білім беру жүйесіндегі оқу сабақтарына қойлатын дидактикалық ұстанымдар.

  41. Кәсіптік мектептерде оқу-тәрбие үрдісін басқару принциптері.

  42. Мамандарды кәсіби даярлауда оқытудың белсенді әдістері.

  43. Кәсіптік-педагогикалық іс-әрекет – педагогикалық шеберліктің құрылымының негізі.

  44. Кәсіптік оқытудың дидактикалық ұстанымдар жүйесі.

  45. Кәсіптік оқыту педагогы тұлғасының кәсіптік сапалары. Педагогикалық құзыреттілік.

  46. Педагогтың кәсіптік – педагогикалық дайындығының мазмұны.

  47. Кәсіптік білім беруде теориялық оқыту сабақтарының негізгі құрама элементтері

  48. Кәсіптік мектептегі оқу үрдісін кешенді әдістемелік қамтамасыз ету.

  49. Кәсіптік мектептерде (колледжде) теориялық оқытуға қойылатын дидактикалық талаптар.

  50. Оқушылардың өзіндік жұмысы. Кәсіптік білім беруде пайдаланатын өзіндік жұмыстарының формалары.


«Педагогика»


  1. Педагогика адам тәрбиесі туралы ғылым

  2. Тұтас педагогикалық процестің кезеңдері, оларға сипаттама

  3. Педагогика пәні, міндеттері, негізгі ұғымдары

  4. Тәрбие – қоғамдық және педагогикалық құбылыс

  5. Педагогикалық процесс - мұғалім іс-әрекетінің нысаны

  6. Тұлғаның дамуына және қалыптасуына әсер ететін факторлар

  7. Тәрбие әдістері туралы түсінік, оларға сипаттама

  8. Дүниетанымның мәні және негізгі компоненттері

  9. Педагогика ғылымының қазіргі әдіснамасы

  10. Тұлғаны әлеуметтендіру ұғымы

  11. Дидактика пәні және категориялары

  12. Оқыту әдістері туралы жалпы түсінік

  13. Білім алушылардың танымдық әрекеті ретінде оқуға сипаттама

  14. Білім беру мазмұнын таңдауға қойылатын ғылыми-педагогикалық талаптар

  15. Оқытудағы бақылаудың мәні, түрлері мен атқаратын қызметі

  16. Оқыту құралдары туралы түсінік, олардың түрлері

  17. Оқытуды ұйымдастыру формалары туралы түсінік, олардың дидактикадағы дамуы

  18. Эстетикалық мәдениетті қалыптастырудың мәні, міндеттері, мазмұны, әдістері мен түрлері

  19. Тұлғаның қалыптасуындағы отбасының рөлі. Қазіргі отбасы тәрбиесінің міндеттері мен мазмұны

  20. Экологиялық мәдениетті қалыптастырудың мәні, міндеттері, мазмұны, әдістері мен түрлері

  21. Білім беру жүйесі туралы түсінік. ҚР «Білім туралы» Заңындағы білім беру жүйесінің міндеттері туралы

  22. Тәрбиелік шараларды ұйымдастыру кезеңдері

  23. Педагогикалық инновациялар мен қазіргі білім беру технологиялары туралы түсінік

  24. Ғылыми-педагогикалық зерттеулер әдістеріне жалпы сипаттама

  25. Ғылыми-педагогикалық зерттеулердегі теориялық әдістерге сипаттама

  26. Ғылыми-педагогикалық зерттеулердегі эмпирикалық әдістерге сипаттама

  27. Дене тәрбиесінің мәні, міндеттері, мазмұны, әдістері мен түрлері

  28. Патриоттық тәрбиенің мәні, міндеттері, мазмұны, әдістері мен түрлері

  29. Адамгершілік мәдениетті қалыптастырудың мәні, міндеттері, мазмұны, әдістері мен түрлері

  30. Көпмәдениетті білім берудің мәні мен мазмұны

  31. Тәрбиені ұйымдастыру формалары туралы түсінік

  32. Тәрбие принциптеріне сипаттама

  33. Оқыту принциптеріне сипаттама

  34. Тиімді тәрбиелік әрекет технологиясы

  35. Кәсіби бағдар беру, оны ұйымдастыру кезеңдері

  36. Педагогикалық менеджмент туралы түсінік

  37. Білім алушылардың жас және дербес ерекшеліктерін оқу-тәрбие үдерісінде есепке алу

  38. Ғылыми-педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыру логикасы мен кезеңдері

  39. Мәдениет тәрбие мен білім беру мазмұны ретінде

  40. Саяси мәдениетті қалыптастырудың мәні, міндеттері, мазмұны, әдістері мен түрлері

  41. Құқықтық мәдениетті қалыптастырудың мәні, міндеттері, мазмұны, әдістері мен түрлері

  42. Педагогика ғылымдарының жүйесі

  43. Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы

  44. Іс-әрекет пен мінез-құлықты ынталандыру әдістері, оларға сипаттама

  45. Тұтас педагогикалық үдерістің бір бөлігі ретінде тәрбие үдерісіне түсінік

  46. Білім беру мазмұнындағы жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар

  47. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясат ұстанымдары

  48. Тұлға тәрбиенің нысаны мен субъектісі ретінде

  49. Тұлғаның ізгілендіру теориялары

  50. Тәрбие кеңістігі туралы түсінік


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет