Пәні: қазақ тілі, әдебиеттік оқу, математика, жаратылыстану,дүниетану
Жүктеме: 16 сағат
Сынып: 3(1
Мұғалім:
2023-2024оқу жылы
Қазақ тілі
Түсінік хат
Бастауыш мектепте «Қазақ тілі» оқу пәнін оқыту мақсаты – сөйлеу әрекетінің түрлерін: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды дамыту арқылы тіл туралы бастапқы білімді меңгерту және оны тілдік нормаларды сақтай отырып, оқу әрекеті мен күнделікті өмірде қолдану.
«Қазақ тілі» оқу пәнін оқыту міндеттері:
1) тіл білімі бойынша бастапқы теориялық түсініктер беру;
2) сөйлеу әрекетінің түрлерін (айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым) дамыту;
3) білім алушылардың сөздік қорын толықтыру және сөздің грамматикалық құрылысын меңгерте отырып, тілін дамыту және жетілдіру;
4) тілдің қоғамдық мәнін түсінуге, қарым-қатынас жасау салалары мен түрлі жағдаяттарда өз ойларын сауатты және мәдениетті түрде жеткізе білуге дағдыландыру;
5) түрлі мәтіндер негізінде білім алушыларға адамдардың өзара түсінісуі, сыйластық, құрмет сезімдері, адамгершілік қасиеттері, өзінің және өзгенің іс- әрекетіне жауапкершілікпен қарай білуі сияқты ізгі қасиеттерді қалыптастыру;
6) түрлі қарым-қатынас жағдаяттарында сөйлеу этикетін қолдану;
7) ауызша және жазбаша сөйлеу нормалары мен тіл мәдениеті негіздерін меңгерту;
8) қарым-қатынас жасаудың түрлерін мақсатты түрде қолдануға, ойын жинақтауға, ауызша немесе жазбаша мәтіндерге сүйене отырып, өзіндік пайымдау жасауға үйрету.
Оқу бағдарламасында үш тілде білім беруді жүзеге асыру қарастырылған, онда үш тілді меңгертіп қана қоймай, сол сияқты білім алушылардың сыныптан тыс жұмыстарын да үш (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде) тілде ұйымдастыру қарастырылған.
Жеке тұлғалық қасиеттердің кең ауқымды дағдылармен бірлесе дамытылуы білім берудің «қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік», «құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек пен шығармашылық», «ашықтық», «өмір бойы білім алу» сияқты құндылықтарын бойына сіңіруіне, Отанына риясыз қызмет ететін, білімді, білікті, рухани терең азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.
Оқу жүктемесінің көлемі:
3-сыныпта –аптасына 4 сағаттан, оқу жылында – 136 сағатты құрайды.
Оқу жылының ұзартылуына байланысты қосымша сағаттар қайталау, өткен материалды бекіту және күрделі тақырыптарды зерттеу үшін пайдаланылады.
Пәнді оқытудың басты ерекшелігінің бірі – білім алушылардың сауаттылығын арттыру және тілін дамыту мақсатында жазба жұмыстарына басымдық беру.
«Қазақ тілі» пәні бойынша жазба жұмыстарының түрлері және көлемі
Жазба жұмыстарының түрлері
|
4-сынып
|
Сөздік диктант
|
9-12 сөз
|
Диктант
|
35-50 сөз
|
Көшіру
|
35-50 сөз
|
Мазмұндама
|
60-80 сөз
|
Шығарма
|
35-55 сөз
|
«Қазақ тілі» оқу пәнінің 3-сыныпқа арналған базалық мазмұны:
1) тіл және сөйлеу: ауызекі және жазба тілде сөйлеу ерекшеліктері;
2) сөйлеу мәдениеті: түрлі жағдаяттағы қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлеу; интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды (қимыл мен ым-ишара, қаратпа сөздерді қолдана отырып,тыңдарманның назарын аудару; өзгенің пікіріне өз көзқарасын білдіруде тілдік және этикалық нормаларды сақтау;
3) мәтін: мәтін туралы 2-сыныпта өтілгенді қайталау;
көмекші сөздердің көмегімен әңгімелеу, сипаттау, пайымдау мәтін түрлерін және құрылымдық бөліктерін анықтау; мәтіннің тақырыбын және ондағы негізгі ойды анықтау;
мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру; мәтіндерге салыстырмалы талдау; ұқсас тақырыпта берілген мәтін түрлерін, стилін салыстыру;
4) тыңдалған мәтін бойынша тірек сөздерді белгілеу; ашық және жабық сұрақтарға жауап беру; берілген тақырып пен суреттер, фото, диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау; берілген мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздерді, жоспарды пайдаланып ауызша әңгіме құрау;
5) қаратпа сөз, оның тыныс белгісі; қыстырма сөз, оның тыныс белгісі;
6) фонетика: дыбыс туралы 2-сыныпта өткенді қайталау; э, е, ф, в, ц, ч, ш, щ дыбыстарының ерекшеліктерін меңгерту; бұл дыбыстарды дұрыс айтып, сауатты жазуға дағдылану; в, ф дыбыстары мен әріптерінің ерекшеліктерін салыстыру; Ч, щ дыбыстары мен әріптерінің ерекшеліктері; Х, һ дыбыстары, олардың айтылу ерекшеліктері; Х, һ дыбыстарына қатысты сөздердің емлесі; сөз ішінде қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін сақтап айту (сенбі – сембі, Жангүл – Жаңгүл);
7) сөз және оның мағынасы: сөз және оның мағынасы туралы берілген білімді еске түсіру; сөз мағыналарымен жұмыс: сөз өзінің тура мағынасынан басқа ауыспалы мағынада қолданылатынын және бір сөздің бірнеше мағынада жұмсалатынын байқау; мәндес және қарама-қарсы мағыналы сөздер; тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын мәнмәтінде түсіну, сөйлеу барысында пайдалану; түрлі дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта) берілген тақырып, сұрақ бойынша алған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын
анықтау;
8) сөз құрамы: сөз құрамы жайында 2-сыныпта өтілген ұғымдарды қайталау; түбір сөз және туынды сөз; туынды сөз жасайтын жұрнақтар; түбірлес сөздер; қосымшалардың емлесі: буын үндестігін сақтау, қосымша жалғанғанда кейбір сөздердің соңғы дыбысының өзгеруі немесе түсіп қалуы туралы түсінік;
9) сөйлем: сөйлем туралы 2-сыныпта берілген білімді қайталау; сөйлем мүшелері; тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелер; бастауыш пен баяндауыштың байланысы; бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша; жалаң және жайылма сөйлем; үлгі сызба, сұрақ бойынша сөйлем құрау;
10) сөз таптары: сөз таптары туралы берілген ұғымды қайталау; зат есім туралы 2-сыныпта өтілген материалды еске түсіру; негізгі және туынды зат есім;
туынды зат есім жасайтын жұрнақтар; зат есімнің тәуелденуі; тәуелдік жалғау, оның жекеше және көпше түрлері; тәуелдік жалғаудың емлесі; етістік туралы берілген білімді еске түсіру, негізгі және туынды етістік, болымды және болымсыз етістік; сөз таптары; сын есім жайында берілген білімді еске түсіру,
негізгі және туынды сын есімдер; салыстырмалы шырай жұрнақтарымен таныстыру; сан есім туралы берілген білімді еске түсіру; есептік және реттік сан есімдер;
11) шығармашылық жұмыс: жоспар немесе сызба негізінде тірек сөздердіқолданып әңгімелеу, салыстыра сипаттау және көмекші сөздерді қолданып пайымдау мәтіндерін құрап жазу; оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жоспар құрып, мазмұндама жазу; сызба, график, кесте, фотосуреттер қолданып мәтін (хат, шақыру, нұсқаулық, презентация) құрастырып жазу; өзіндік іс-әрекеті баяндалған күнделік, өмірбаян жазу;
жіберілген қателерді (пунктукациялық, орфографиялық, грамматикалық, стилистикалық) тауып, орфографиялық сөздік пен анықтамалық арқылы түзету;
12) жыл бойы өткенді қайталау.
«Қазақ тілі» пәнін оқытуда мынадай педагогикалық тәсілдемелер мен технологияларды қолдануға болады:
оқытудың коммуникативтік (қарым-қатынастық) тәсілдемесі – әрекеттік тәсілдеме (сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша дамыту);
дамыта оқыту технологиясы (білім алушылар оқу әрекетінің жүйесін игереді, өзінің іс-әрекетін жоспарлауды және оны басқаруды үйренеді);
зерттеушілік тәсілдеме (білім алушылар «нені білемін?, нені білгім келеді?, нені үйрендім?» тұрғысынан өз әрекетін талдауға үйренеді);
саралап оқыту технологиясы (білім алушыларды қабілетіне, мүмкіндігіне, ерекшелігіне қарай оқыту міндетін қою);
жүйелі-әрекеттік тәсілдеме (білім алушы білімді дайын күйінде алмай, оны өзі өндіруден, өз оқу әрекетінің мазмұны мен түрлерін ұғынудан, оның ережелер жүйесін түсіну мен қабылдаудан, жетілдіруге белсенді қатысудан тұрады).
Тілдің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық, орфографиялық құбылыстары мен фактілері өзара байланыста оқытылады және олар білім алушылардың сөйлеу практикасында қолдануға бағытталады.
Оқу мақсаты бір тоқсан ішінде сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша үйлестіріледі. Сөйлеу әрекетінің түрлері (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) бойынша оқу мақсаттарын біріктіре алады. Бір сабақта әртүрлі негізгі дағдылардың 2-3 оқу мақсатын біріктіруге болады. Білім алушылардың оқу мақсатын меңгеру деңгейіне қарай мұғалім сағат санын
өзі бөле алады.
Мұғалім жазбаша жұмыстарды өткізуде дескрипторлары бар критерийлер құрастырады. Жазбаша жұмыстардың дескрипторлары анық және нақты болуы тиіс. Олар тапсырманы орындаудың қай кезеңінде білім алушы қиындыққа және оларды түзетуге тап болды дегенді анықтауға мүмкіндік береді. Бұл білім алушылар мен ата-аналарға конструктивті кері байланыс беруге мүмкіндік береді.
Жазба жұмыстарының түрлері, критерийлері мен дескрипторлары
№
|
Жұмыс түрлері
|
Критерийлер/дескрипторлар
|
1.
|
Диктант (грамматикалық
тапсырмаларымен)
|
мәтінді бұрмалаусыз жазады: әріптерді қосу және ауыстыру, тастап кету; әріптер мен дыбыстар
арақатынасын белгілей біледі;
грамматикалық тапсырмаларды орындайды;
оқылған материал бойынша
тыныс белгілерін қояды; жазу кезінде сөздерді дұрыс жазады; сөздерді жазу барысында орфографиялық нормаларды сақтай біледі.
|
2.
|
Сөздік диктант
|
сөздерді қатесіз жазады;
ережеге бағынбайтын сөздерді дұрыс жаза алады.
|
3.
|
Ескерту диктанты – есту диктантының түрі. Мақсаты – мәтін, сөз жазғанға дейін орфограммаларды түсіндіру арқылы қателерді ескерту.
Тақырыпты өтудің бастапқы кезеңдерінде қолданылады. Жазу алдында орфографиялық талдау жүргізіледі – білім алушылар сөздің қалай жазылғанын және неге солай жазылғанын түсіндіреді.
|
тексерілетін емлеге сай ережені біледі; сөздерді жазу кезінде емле ережелерін қолданады;
өтілген материал аясында тыныс белгілерін дұрыс қоя алады;
ережеге бағынбайтын сөздерді дұрыс жаза алады.
|
4.
|
Еркін диктант мәтінді жазу барысында білім алушылар жекелеген сөздерді ауыстыра алады, сөйлемнің құрылымын өзгерте алады. Мәтін әуелі тұтас оқылады, сонан соң бөліктері бойынша (3-4 сөйлем); әрбір бөлігі қайталап оқығаннан кейін жазылады. Білім алушылар мәтіннің әр бөлігін есте сақтау арқылы жазады. Бұл жұмыс түрі білім алушыларды мазмұндама жазуға дағдыландырады.
|
сөздерді мағынасы жағынан таңдай біледі/алмастыра алады; мәтіннің бөлігі бойынша есте сақтай отырып, жаза біледі; сөздерді жазу кезінде
орфографиялық ережелерді қолданады; оқылған материал бойынша тыныс белгілерін қоя біледі.
|
5.
|
Көру диктанты
Бұл диктант түрі білім алушылардың көру, есту, есте сақтау, затты тану сияқты қабілеттерін дамыту мақсатында жүргізіледі. Көру диктанты үшін әріп, буын, жеке сөздер, сондай-ақ жазылуы қиын сөздер мен сөз тіркестері және шағын мәтіндер, жұмбақтар, мақалдар, жаттауға берілген өлеңдерді алуға болады.
|
есте сақтау арқылы мәтін жаза біледі;
емлені жазу кезінде ережелерді қолдана біледі;
оқылған материал бойынша
тыныс белгілерін қояды; жазылған мәтін үлгісі бойынша тексереді.
|
6.
|
Суретті диктант (дыбыссыз диктант) – мұғалімі үнсіз пәндік суретті көрсетеді, білім алушылар заттың атауын жазады.
|
суреттегі бейнені сөздермен сәйкестендіре
біледі;
бейнеленген суретті сөздермен жаза біледі; емлені жазу барысында ережелерді қолдана біледі.
|
7.
|
Іріктеу диктанты – есту немесе көру диктантының түрі. Бүкіл мәтінді жазу емес, тек қана оқылған ережелер орфограммасы бар сөздерді, сөз тіркестерін, сөйлемдерді жазғызу. Қосымша тапсырма қоса жүруі мүмкін.
|
оқылған орфограммалары бар
сөздерді таңдай біледі;
сөзді жазу кезінде орфографиялық ережені қолдана біледі.
|
8.
|
Шығармашылық диктант — үйрету диктанттарының ішінде мазмұн, құрылым, әдіс-тәсіл жағынан ең күрделісі, білім алушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын, білім деңгейі мен өздігінен жұмыс істеудегі шеберліктерін арттыру көрсеткіші. Бұл диктанттың көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қою, сөздерді дұрыс орналастыру арқылы сөйлем құрау, басы жазылған
мәтінді аяқтау сияқты басқа
диктанттарға ұқсамайтын өзгешеліктері болады.
|
белгілі бір сөзді немесе грамматикалық нысанды таңдай біледі; сөздерді жазу кезінде
орфографиялық ережені қолдана алады.
|
9.
|
Дұрыс құралмаған сөйлемдерден байланысқан
мәтін құрау
|
дұрыс құралмаған сөйлемдерден
мәтін құрай алады; мәтін құрылымын сақтайды; құралған мәтінді қатесіз көшіре алады.
|
10.
|
Қысқартулармен көшіру
|
сөйлемнің жеңілдетілген түрін жаза алады; сөзді жазу кезінде емле ережелерін қолданады.
|
11.
|
Сөздерді қосу арқылы сөйлемдерді көшіру
|
сөздерді қосу арқылы сөйлемдерді жаза алады;
сөйлемдерді жазу кезінде емле ережелерін қолданады.
|
12.
|
Мазмұндама
|
мазмұндау кезінде ойды өзгертпей сақтай біледі; орфографиялық нормаларды сақтайды.
|
13.
|
Шығарма
|
жоспар құра алады; ой бірізділігін сақтай біледі;
- орфографиялық нормаларды сақтай біледі.
|
Үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес бастауыш білім беру деңгейі бойынша оқытылатын «Қазақ тілі» оқу пәнінен өткізілетін бөлім бойынша жиынтық бағалау және тоқсан бойынша бағалау саны 5.3-кестеде көрсетілген.
Сыныптар
|
Бөлімдер бойынша
жиынтық бағалау рәсімдерінің саны
|
ТЖБ
|
1-тоқсан
|
2-тоқсан
|
3-тоқсан
|
4-тоқсан
|
Әр тоқсанда
|
3-сынып
|
2
|
2
|
2*
|
2
|
1
|
*Бөлім бойынша жиынтық бағалауда сөйлеу қызметінің екі түрі біріктіріледі (мысалы, тыңдалым және жазылым; айтылым және жазылым; оқылым және жазылым)
Қазақ тілі пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) әр бөлімді қайталау мақсатында берілген сағат есебінен өткізу қарастырылады. Бөлім бойынша жиынтық бағалауды ұйымдастыруда сөйлеу қызметінің екі түрі біріктіріліп (мысалы, тыңдалым және жазылым; оқылым және жазылым), жазылым дағдысын дамытуға бағытталған жазба жұмысының бір түрін қарастыру ұсынылады.
БЖБ, ТЖБ ұйымдастыруда білім алушылардың «Жазылым» дағдысын дамытуға бағытталған жазба жұмыстарын (сөздік диктанты, диктант, мазмұндама, шығарма, бақылау диктанты) тақырыпқа сай грамматикалық тапсырмаларымен бірге беруді қарастыру;
Әр БЖБ бойынша жалпы балл саны 10 балл, ал ТЖБ бойынша: 12-18 балл беру ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: |