Махамбет Өтемісов атындағы

Сабақ мазмұны мен кестесі

бет2/4
Дата27.06.2016
өлшемі361.5 Kb.
#161236
1   2   3   4

Сабақ мазмұны мен кестесі

1 апта

1 кредит сағат

1 Практикалық сабақ

Практикалық сабақ тақырыбы: А.Жұбанов «Қарлығаш»

Практикалық сабақ мазмұны: домбырашылар ансамбліне өңдеп түсірген А.Жайымов. «Карлығаш» - бірінші домбыраның партиясын талдау.

Әдебиет:

А.Жайымов, С.Бүркітов, Б.Ысқақов «Домбыра үйрену мектебі» Алматы «Өнер»- 1992ж.

2 апта

2 кредит сағат

2 Практикалық сабақ

Практикалық сабақ тақырыбы: А.Жұбанов «Қарлығаш»

Практикалық сабақ мазмұны: «Карлығаш» - бірінші домбыраның партиясын талдау.

Әдебиет: Ғ.Молдакаримова «Қобыз үйрену мектебі». Алматы «Жазушы», 2004 жыл.

Штрихтық қиыншылықтарды меңгеру. Деташе және мартле штрихтары туралы мағлұмат беру.

Деташе – ноталар бірінен соң бірі байланыспай, әрқайсысы бөлек бірқалыпты орындалатын штрих. Тез темпте штрих қысқа, ал жәй темпте ұзын болады. Бұл штрихқа ысқыштың қозғалу бағытының сазды ауысуы және әрбір дыбыстың басталуы тән. Деташенің бірнеше түрі бар.

  1. Кең деташе.

  2. Қысқа деташе.

Мартле штрихы деташе штрихының бір түрі. Деташе штрихынан айырмашылығы дыбыс өткір, үздік-создық шығады. Мартле қиын штрихтарының бірі. Бұны үйрену басқа штрихтарды үйренуде көмек болады. Музыкалық шығармаларда бұл штрих жеке-дара, және басқа штрихтармен аралас та кездеседі. Әрбір дыбыстан соң дыбыстың жалпы ұзақтығының жартысына тең үзіліс жасалады. Үзіліс кезінде босаған қол келесі екпінге дайын болуы керек. Музыкалық материалға байланысты штрих ысқыштың түрлі бөліктерінде орындалуы мүмкін, бірақ мартле штрихы көбінесе ысқыштың ортасында және жоғарғы жартысында орындалады.

Әдебиет:

1. Ғ.Шілдебаева. «Назерке» қобызшылар ансамбліне арналған жинақ. Астана, 2005 ж.

2. Ғ.Молдакаримова «Қобыз үйрену мектебі». Алматы «Жазушы», 2004 жыл.
ОЖСӨЖ мазмұны: Қазақтың халық әні «Елигай».

Түгелдей ысқымен орындалатын көңілді, жарқын, жайдары әуен. Мәтінде ұшырасатын форматтар, ritenuto (ритенуто) мен allargando (алларгандо) – халықтық екенін білдіре отырып, еркін әуездеу түрін білдіреді. Ал tempo (темптегі) эпизод деташенің белсенді штрихында ысқының төменгі жағымен ойналады.

Деташе – ноталар бірінен соң бірі байланыспай, әрқайсысы бөлек бірқалыпты орындалатын штрих. Тез темпте штрих қысқа, ал жәй темпте ұзын болады. Бұл штрихқа ысқыштың қозғалу бағытының сазды ауысуы және әрбір дыбыстың басталуы тән. Деташенің бірнеше түрі бар.

1.Кең деташе.

2.Қысқа деташе.

Әдебиет:

  1. Б.Кожамкулова «Хрестоматия для скрипки», ІІ вып., Алматы, «Дайк-Пресс», 2001г.

3 апта

1 кредит сағат

1 дәріс

Практикалық сабақ тақырыбы: Е.Үсенов «Түрік әлемі».

Практикалық сабақ мазмұны: Қобызда ойнау үшін орындаушы бүкіл денесін емін-еркін бос ұстауы және есту қабілеттілігі мен зейінін топтастыруы қажет. Ойнаушының дұрыс отырысы шеберліктің негізі болып табылады. Шығарманы әдемі және таза ойнау үшін интонацияға көп көңіл бөлу.

Интонация — музыкалық дыбыстардың таза және дәл орындалуы. Алғашқы сабақтан бастап-ақ оқушыны интонацияны дұрыс ойнау сезімін қалыптастыру керек, өйткені ол аспапта ойнаудың басты шарты болып табылады.

Дәл интонация негізгі үш себепке байланысты:

Әуеннің қалай дыбысталатынын дұрыс білу, яғни дыбыс биіктігін

ішкі музыкалық-тыңдаушылық түйсікпен түсіну;

Интонация тазалығын тыңдай отыра, қадағалау (тыңдап, өз

ойынына интонация тазалығы тұрғысынан баға беру);

Сол қол саусақтарының дәл қозғалуына әсер ететін ойын

дағдылары мен шеберлік әдістерін дұрыс орындау.

Музыкалық — тындау дағдылары ән айту — сольфеджиолау нәтижесінде дамиды. Сондықтан алғашқы пәндерде-ақ аспапта қарапайым мелодиялық тізбекті интонациялауды сольфеджиомен кезектестіріп отыру қажет. Нәтижесінде тындаушылық бақылау қабілеті дамиды және оқушы ән дыбысы мен қобызда орындалған дыбыс интонациясын салыстыруға мүмкіндік алады. Оқушының ладтық негізді терең түсінуі интонация тазалығы үшін үлкен мәнге ие.

Оқушыны дыбысты тындауға үйрету өте қажет, өйткені дыбысты сезінуді бірден үйрене алмайды, ол біртіндеп, күнделікті дайындық нәтижесінде қалыптасады. Оқушының жеткілікті дамымаған музыкалық тыңдау қабілеті, оның таза интонация мен қанағаттандырарлық дыбыс алуда назарын екі есе бөлуге әкеледі, ал ол оқушы үшін қиынға түсуі мүмкін. Қол қозғалысының үйлесімділігін, оларды қалай қою керектігін, сол қол және саусақ қозғалысының түрлерін, қозғалыс әдемілігін, жеңілдігін білмейтін оқушы тез арада оңды нәтижеге қол жеткізе алмайды. Дыбысты түсінетін және ең құрығанда қарапайым саусақ "жеңілдігін", қобыз мойнын ұстап үйренген және қате дыбысты тез қанағаттанарлық деңгейде түзете алған жағдайда интонацияны тереңдете үйреткен абзал.

Әдебиет:

  1. Ғ.Шілдебаева. «Назерке» қобызшылар ансамбліне арналған жинақ. Астана, 2005 ж.

  2. Ғ.Молдакаримова «Қобыз үйрену мектебі». Алматы «Жазушы», 2004 жыл.

4 апта

1 кредит сағат

1 дәріс

Практикалық сабақ тақырыбы: А.Жұбанов «Көктем»

Практикалық сабақ мазмұны: Қобызшылар ансамбліне өңдеп, лайықтап түсірген Еркін Нұрымбетов.

Шығарманың әуен-желісімен жұмыс. Композитор шығармашылығы жөнінде әдебиетпен таныстыру. Композитордың шығарма жөніндегі тарихы.

«Көктем» десе көктем! Мұнда табиғат сұлулығы мен жалын атқан жастық дәуреннің албырт сезімі астасып жатқандай. Сөз жоқ, бұл – музыка үнімен берілген табиғат суретінің тамаша көрінісі. Көктем! Жер дүниені, жан-жануарды тіршілік салтанатына кенелткен сұлу көктем! Жастардың көңіліне көрік, арманына қанат бітірген көктем бұл! Жүрегің лүпіл қағып, өн бойыңды өзгеше шаттық сезім билейді. Өмір қуанышына, табиғат сұлулығына тоймайсың сен! Дөңгеленіп билей жөнелгендейсің, кеудеңді қуаныш жыры кернеп, ән шырқағың келеді!

«Көктем» табиғатқа, өмір сұлулығына деген құштарлықтан туындаған шығарма. Көлемі жағынан шағын болғанымен өзіне тән орындалу ерекшелігі бар. Орташа екпінде.

Автордың «Көктем» шығармасы жеке, қобызшылар ансамбльмен ғана орындалып қана қоймай, халық аспаптары оркестрінің репертуарына да енген. Оркестр сүйемелдеуінде жеке қобызда орындалған бұл шығарманың өзі бір төбе.

Әдебиет:

  1. Е.Нұрымбетов. Ансамбльге арналған шығармаларынан қолжазба.

  2. А.Жұбанов. «Қобыз және скрипкаға арналған пьесалар», Алматы, «Өнер», 1973 ж.

ОЖСӨЖ мазмұны: Қазақтың халық әні «Елигай».

Пьесаның басты штрихы – ысқыны дәл нақыштауды және артикуляцияның айқындығын қажет ететін Legato.

Легато ысқыштың бір қозғалысына бірнеше дыбыс орындалатын штрих. Легатоны орындау үшін бұл штрихпен күнделікті көп дайындалу керек. Ысқыш бағытында ноталар саны бірдей болғанда дыбыс күшейген сайын ысқыш бөлігі бірте-бірте ұзарады, ал, бәсеңдегенде қысқарады, осылай легато штрихын дамытып, нығайтып, оқушы этюдтермен жұмыс істеуге дайындалады. Ойын барысында легато бір дыбыстан екінші дыбысқа жұмсақ, сазды әрі байқаусыз өтуі керек. Сол қол мен оң қолдың үйлесімділігіне үлкен көңіл аудару керек. Ысқышты бөліктерге дұрыс бөлу қажет, яғни ысқыш нотада неше лига болса, сонша тең бөліктерге бөлінуі қажет. Легатоның екі түрі бар:

    1. тек сол саусақтарының қозғалысымен орындалатын легато, демек «бір ішекті легато».

    2. ысқыштың бір ішектен екінші ішекке ауысуы арқылы орындалатын легато, демек «түрлі ішектегі легато».

Әдебиет:

1. Ғ.Молдакаримова «Қобыз үйрену мектебі». Алматы «Жазушы», 2004 жыл.

2. Б.Кожамкулова «Хрестоматия для скрипки», ІІ вып., Алматы, «Дайк-Пресс», 2001г.
5 апта

1 кредит сағат

1 дәріс

Практикалық сабақ тақырыбы: А.Жұбанов «Көктем»

Практикалық сбақ мазмұны: Дыбыс интоннациясымен жұмыс. Шығарма тез жүретіндіктен ноталардың барлығы лига штрихы арқылы белгіленеді. Легато ысқыштың бір қозғалысына бірнеше дыбыс орындалатын штрих. Легатоны орындау үшін бұл штрихпен күнделікті көп дайындалу керек. Ысқыш бағытында ноталар саны бірдей болғанда дыбыс күшейген сайын ысқыш бөлігі бірте-бірте ұзарады, ал, бәсеңдегенде қысқарады, осылай легато штрихын дамытып, нығайтып, оқушы этюдтермен жұмыс істеуге дайындалады. Ойын барысында легато бір дыбыстан екінші дыбысқа жұмсақ, сазды әрі байқаусыз өтуі керек. Сол қол мен оң қолдың үйлесімділігіне үлкен көңіл аудару керек. Ысқышты бөліктерге дұрыс бөлу қажет, яғни ысқыш нотада неше лига болса, сонша тең бөліктерге бөлінуі қажет. Легатоның екі түрі бар:

  1. тек сол саусақтарының қозғалысымен орындалатын легато, демек «бір ішекті легато».

  2. ысқыштың бір ішектен екінші ішекке ауысуы арқылы орындалатын легато, демек «түрлі ішектегі легато».

Әдебиет:

  1. Е.Нұрымбетов. Ансамбльге арналған шығармаларынан қолжазба.

  2. А.Жұбанов. «Қобыз және скрипкаға арналған пьесалар», Алматы, «Өнер», 1973 ж.

  3. Ғ.Молдакаримова «Қобыз үйрену мектебі». Алматы «Жазушы», 2004 жыл.

6 апта

1 кредит сағат

1 дәріс

Практикалық сабақ тақырыбы: А.Жұбанов «Көктем»

Практикалық сабақ мазмұны: Шығарманың ортаңғы бөлімі терең ойлы, сезіммен және әдемі де, нәзік вибрация арқылы өрнектеледі. Вибрация, штрихтық белгілермен жұмыс.

Вибрация дыбыстың әрленіп, жұмсақ шығуына көмектеседі. Вибрацияны білек, білезік және саусақтың көмегімен үш түрлі әдіспен орындауға болады. Бұл әдіс дыбыстың әрленіп, құлаққа жағымды шығуына септігін тигізу керек. Вибрация - музыкалық мәнерлілік құралының бірі, оның арқасында дыбыс мәнерге және әуенге ие болады. Вибрация — тербелмелі қозғалыстар, негізінен сол қол буындарымен жүзеге асады. Осы арада дыбыс ерекше тембрлық әсемдікке өзінің жоғарлауы мен төмендеуінен сәл ауытқып барып ие болады. Оқушы бірінші үш позицияда негізгі ойнау әдістерін үйренген соң ғана вибрацияны қолдануды бастаған жөн. Вибрацияны үйретудің алғашқы кезеңінде:

1. аспаптың мойнын басбармақпен және басқа саусақтармен ішегін қыспау және сығымдамау;

2. ойын кезіндегі бос саусақтарды ішекке тигізбей ұстау;

3. қозғалыстар өзара тең тербелгені басты шарт болып табылады. Қозғалыс жиілігінен вибрацияның қандай дәрежеде, яғни кіші немесе үлкен болуы байланысты.

Орындалатын музыкалық шығарманың сипатына байланысты тәжірибеде ұсақ және көлемді вибрациялар қолданалады.

Музыкалық фразамен жұмыс істегенде оқушы өз бетімен бұл фразаның сипатына қандай вибрацияның сәйкес келетіндігін белгілеуі тиіс. Орындалатын шығарманың музыкалық образдары орындаушыға вибрацияның әсерлі, қарқынды немесе жәй, сазды, яғни серпілістің қандай көлемде болуы керектігінен хабар береді. Бұл әдетті меңгеру мүмкіндігіне қарай тербелмелі қозғалыс жылдамдығы күшейді. Сонымен, ішекті аспаптарда вибрацияның күшейюі, ең алдымен, терең жан дүниенің сезімдерін орындалып жатқан музыкаға қоса білуге байланысты көңіл-күйге тікелей бағынышты. Жоғарғы регистрде кіші серпілісті жиі вибрация, ал төменгі регистрде кіші және жиі вибрация орыңдау орынсыз екенін ескертеміз. Әдетте, жиі тербелістер өте жай фразасын орындауда, ал көлемді тербелістер қатты және өте қатты фразасын орындағанда қажет. Кантиленді сипаттағы пьесаларды орыңдағанда көлемді вибрация, яғни көлемді, ал сезімді шығармаларда серпіліс тербелісі жиілейді.

Әдебиет:

  1. Е.Нұрымбетов. Ансамбльге арналған шығармаларынан қолжазба.

  2. А.Жұбанов. «Қобыз және скрипкаға арналған пьесалар», Алматы, «Өнер», 1973 ж.

  3. Ғ.Молдакаримова «Қобыз үйрену мектебі». Алматы «Жазушы», 2004 жыл.

ОЖСӨЖ мазмұны: Қазақтың халық әні: «Сәулем-ай».

Позицияда ойнау. Аппликатура екі нұсқада берілген. Кең тынысты сазды әуен түгелдей ысқымен орындалады.

Тақырыпты октава бойы жоғары өткізу орындаушыдан жоғары регистрде үннің сазды тембрін табуды міндеттейді.

Ойын кезіндегі қолдың белгілі бір жерде тұруын позиция дейді, ал қолды аспап мойынында ауыстыру, бір дыбыстан екінші дыбысқа ауысу - позиция ауысуы (немесе ауысу) деп аталады. Позицияның орны бірінші саусақтың ішекке қойылған орнымен анықталады, яғни аспаптың мойнынан бастап, анықтап айтсақ, қобыздың мойнындағы сол қолдың бірінші саусағының орнына байланысты. Бұл аралықтың, сәйкесінше басбармақ орнының өзгеруіне байланысты қобыз мойнын бірнеше позицияға бөлу қалыптасқан, ал саусақ пен аралық орны қобыздың мойнынан саз бен жарты сазға сай қол төмен қарай саусақтардың ретті козғалысы арқылы жүзеге асырылады. Барлығы 7-8 позиция бар. Қобыздың мойнындағы басбармақ орнына қарай алынатын саздың үлкенді-кішілі, ал кейде ұзартылған сәт аралықтарын алуға болады. Қандай да бір позицияны анықтау альтерация белгілеріне байланысты емес және оған бағынышты да болмайды.

Әдебиет:

    1. Б.Кожамкулова «Хрестоматия для скрипки», ІІ вып., Алматы, «Дайк-Пресс», 2001г.

    2. Ғ.Молдакаримова «Қобыз үйрену мектебі». Алматы «Жазушы», 2004 ж. – 9 бет.

7 апта

1 кредит сағат

1 дәріс

Практикалық сабақ тақырыбы: Ғ.Оразалиева «Қазақ әндеріне попурри».

Практикалық сабақ мазмұны: Ноталық тексті дәл және жатқа орындау. Екінші дауыстың анық, таза шығуын қадағалау. Штрихтармен жұмыс. Қобызшылардың ансамбльдік ойын шеберлігін дамыту. Шығармада кездесетін қайталау элементтерін дәлме-дәл етіп орындау.

Әдебиет:

1. Ғ.Шілдебаева. «Назерке» қобызшылар ансамбліне арналған жинақ. Астана, 2005 ж.

8 апта

1 кредит сағат

1 дәріс

Практикалық сабақ тақырыбы: Ғ.Оразалиева «Қазақ әндеріне попурри».

Практикалық сабақ мазмұны: Шығармада кездесетін түрлі штрихтар: деташе, легато, стаккато, портаменто, мартле жайында мағлұмат беру.

Деташе – ноталар бірінен соң бірі байланыспай, әрқайсысы бөлек бірқалыпты орындалатын штрих. Тез темпте штрих қысқа, ал жәй темпте ұзын болады. Бұл штрихқа ысқыштың қозғалу бағытының сазды ауысуы және әрбір дыбыстың басталуы тән. Деташенің бірнеше түрі бар.

  1. Кең деташе.

  2. Қысқа деташе.

Легато ысқыштың бір қозғалысына бірнеше дыбыс орындалатын штрих. Легатоны орындау үшін бұл штрихпен күнделікті көп дайындалу керек. Ысқыш бағытында ноталар саны бірдей болғанда дыбыс күшейген сайын ысқыш бөлігі бірте-бірте ұзарады, ал, бәсеңдегенде қысқарады, осылай легато штрихын дамытып, нығайтып, оқушы этюдтермен жұмыс істеуге дайындалады. Ойын барысында легато бір дыбыстан екінші дыбысқа жұмсақ, сазды әрі байқаусыз өтуі керек. Сол қол мен оң қолдың үйлесімділігіне үлкен көңіл аудару керек. Ысқышты бөліктерге дұрыс бөлу қажет, яғни ысқыш нотада неше лига болса, сонша тең бөліктерге бөлінуі қажет. Легатоның екі түрі бар:

    1. тек сол саусақтарының қозғалысымен орындалатын легато, демек «бір ішекті легато».

    2. ысқыштың бір ішектен екінші ішекке ауысуы арқылы орындалатын легато, демек «түрлі ішектегі легато».

Әдебиет:

    1. Ғ.Шілдебаева. «Назерке» қобызшылар ансамбліне арналған жинақ. Астана, 2005 ж.

    2. Ғ.Молдакаримова «Қобыз үйрену мектебі». Алматы «Жазушы», 2004 жыл.

ОЖСӨЖ мазмұны: Қазақтың халық әні: «Сәулем-ай».

Аспапты меңгерудің алғашқы кезеңінде позицияны меңгеруде гриф (мойын) саласын бөлуді позицияға сәйкес бағдарлау қажет. Аспап мойнын салаларға (позицияларға) бөлу жаңадан үйреніп келе жатқан оқушыға аралық сезімін сезінуге мүмкіндік тудырады. Саусақтар мен позиция арасындағы аралық сезім дағдысы қалыптасқанда позиция мәселесі шешіліп, ары қарай есту ориентациясы (бағдары) маңызды болады.

Позиция (ауысуы) ауысулар ұғымы бар. Алғашқы І, ІІ, ІІІ позицияларды кезегімен үйренген жөн. Ең алдымен І позицияны, содан кейін ғана ІІ, ІІІ позицияларды үйрену керек. Сонымен қатар, позицияларды ауыстыру дағдысын үнемі жетілдіріп отыру қажет, демек І мен ІІ, І мен ІІІ позицияларды біріктіру. Ауысулар қолдың баяу қозғалысы арқылы орыңдалады. Ауысулардың үлкен бірлігін орындау үшін:

1) алдыңғы позицияның соңғы нотасын алатын саусақтың сырғуымен позицияға ауысуға болады;

2) ауысу кезінде ішек бойында сырғанап бара жатқан саусақтың қысымын жәйлап бәсеңдету, осы кезде ішектен де шықпау керек. Ішектегі саусақ қысымын бәсеңдеткен кезде ысқыш қысымын да бір мезетте біршама бәсеңдету талап етіледі;

3)сол қол буынының көмекші қозғалысы арқасында ауысу кезеңін "жұмсарту" керек. Төменгі позициядан жоғары позицияға ауысу үшін сол қол алақанын ақырын көтеріп, шынтақ көмегімен азғана көтеру қажет. Жоғарғы позициядан төменгіге ауысар кезде дәл осы қозғалысты керісінше бағытта орындау керек. Осы кезде басбармақ қобыз мойнына ақырын болса да саусақтардан қалмай жылжиы.

Ауысудың негізгі төрт түрі бар:

  1. Бірінші түрі - ашық ішектің дыбысталу кезіңде позицияның ауысуы арқылы;

  2. Екінші түрі – бір саусақтың жылжуымен позициялардың бірігуі арқылы;

  3. Үшінші түрі – төменгі саусақтан жоғарғы саусаққа жоғарғы ауысуы және жоғарғы саусақтан төменгіге төмен ауысуы арқылы;

  4. Төртінші түрі – жоғарыда жатқан саусақты төмен жатқан саусақтан жоғарыға төмен ауысуы арқылы.

Ауысудың бұл түрін орындау кезінде саусақты келесі саусақпен ауыстырып, ішек бойында саусақ сырғанап барып өз орнына келесі позициядағы саусақты қояды. Позицияны ауыстыру дағдысын баяулатылған екпінде ауыстыруларды орындау арқылы дамытқан жөн, осы арқылы қол, буын және саусақтардың қозғалысын, сондай-ақ екпін дәлдігі мен талғамын және ауысу сапасын бақылау мүмкіндігі туады.

Әдебиет:

1. Б.Кожамкулова «Хрестоматия для скрипки», ІІ вып., Алматы, «Дайк-Пресс», 2001г.

2. Ғ.Молдакаримова «Қобыз үйрену мектебі». Алматы «Жазушы», 2004 ж. – 9 бет.

9 апта

1 кредит сағат

1 дәріс

Практикалық сабақ тақырыбы: Ғ.Оразалиева «Қазақ әндеріне попурри».

Практикалық сабақ мазмұны: Стаккато қысқа мартле штрихтары бірігіп, бір бағытта орындалатын үздік-создық штрих. Әдетте қобызда стаккатоны ысқыштың жоғары бағытында орындайды. Стаккатоны ысқыштың 1/3немесе ½ бөлігімен орындау тиімді. Стаккато штрихымен жұмыс істегенде ысқышты сұқ саусақпен шамалы басып нотаның дыбысталуы кезінде буынды жұмсақ әрі созыңқырай итеріп және итеріп болған соң ысқышты жайлап жүргізіп шығу керек. Осы штрихты орындау кезінде оң қолдың сұқ саусағы тік тұрғаны жөн, яғни саусақ ысқыш ағашын орамауы қажет. Бұл штрих көбінесе жоғарғы ысқышпен орындалады, төменгі ысқышпен сирек орындалады.

Мартле штрихы деташе штрихының бір түрі. Деташе штрихынан айырмашылығы дыбыс өткір, үздік-создық шығады. Мартле қиын штрихтарының бірі. Бұны үйрену басқа штрихтарды үйренуде көмек болады. Музыкалық шығармаларда бұл штрих жеке-дара, және басқа штрихтармен аралас та кездеседі. Әрбір дыбыстан соң дыбыстың жалпы ұзақтығының жартысына тең үзіліс жасалады. Үзіліс кезінде босаған қол келесі екпінге дайын болуы керек. Музыкалық материалға байланысты штрих ысқыштың түрлі бөліктерінде орындалуы мүмкін, бірақ мартле штрихы көбінесе ысқыштың ортасында және жоғарғы жартысында орындалады.

Портаменто легато мен стакккатоның арасындағы аралық штрих. Портаменто штрихында ысқыштың бір бағытында бір-бірімен бөлінбейтін паузалармен бөлінген бірнеше дыбыс шығады. Негізінен бір ысқышта, әр дыбысты аздап, жұмсақ басу арқылы орындалады.

Әдебиет:

  1. Ғ.Шілдебаева. «Назерке» қобызшылар ансамбліне арналған жинақ. Астана, 2005 ж.

  2. Ғ.Молдакаримова «Қобыз үйрену мектебі». Алматы «Жазушы», 2004 жыл.

10 апта

1 кредит сағат

1 дәріс

Практикалық сабақ тақырыбы: Ғ.Жұбанова «Мерекелі күй»

Практикалық сабақ мазмұны: Шығарманың тарихи мазмұны, даму желісі. Пунктирлік ырғақпен жұмыс істеу әдістері. Қысқа, ықшамды штрихтарды орындау шеберлігі. Фортепиано сүйемелімен дуоль, триоль ырғақтарын орындау қиыншылықтары. Бемоль дыбыстарының интонациялық тазалығы.

Әдебиет:

  1. Ғ.Жұбанова «Мерекелі күй». Қолжазба.

ОЖСӨЖ мазмұны: Қазақтың халық әні: «Сәулем-ай».

Шығарма орташа, ұстамды екпінінде орындалады. Өңдеген: Г.Өзенбаева. Толығымен легато штрихымен орындалып, сазды да әуенді ырғақпен алдымен төменгі, кейіннен сол мазмұн жоғарғы регистрде қайталанады. Октава жоғары орындалғанда басты мақсат дыбысты таза алу, аппликатураны дәл қою мақсатталады.

Әдебиет:

  1. Б.Кожамкулова «Хрестоматия для скрипки», ІІ вып., Алматы, «Дайк-Пресс», 2001г.

  2. Ғ.Молдакаримова «Қобыз үйрену мектебі». Алматы «Жазушы», 2004 ж. – 9 бет.

11 апта

1 кредит сағат

1 дәріс

Практикалық сабақ тақырыбы: Ғ.Жұбанова «Мерекелі күй»

Практикалық сабақ мазмұны: Шығарманың тарихи мазмұны, даму желісі. Пунктирлік ырғақпен жұмыс істеу әдістері. Қысқа, ықшамды штрихтарды орындау шеберлігі. Фортепиано сүйемелімен дуоль, триоль ырғақтарын орындау қиыншылықтары. Бемоль дыбыстарының интонациялық тазалығы.

Әдебиет:

1. Ғ.Жұбанова «Мерекелі күй». Қолжазба.

12 апта

ОЖСӨЖ мазмұны: Жаяу Мұса «Ақ сиса».

Әннің иесі – белгілі қазақ әншісі әрі композиторы, домбырашы, скрипкашы Жая Мұса Байжанов (1835-1929). Жаяу деп өз өнерін паш етіп, сахараны жаяу кезгендіктен кезінде ат қанаты боп саналған қазаққа жаяу жүру ұят болғандықтан аталды. Әйтсе де өнері кеңге тарады.

Әдебиет:

  1. Б.Кожамкулова «Хрестоматия для скрипки», ІІ вып., Алматы, «Дайк-Пресс», 2001г. – 11 стр.

13 апта

1 кредит сағат

1 дәріс

Практикалық сабақ тақырыбы: С.Еркімбеков «Отан таңы»

Практикалық сабақ мазмұны: Ноталық тексті дәл және жатқа орындау. Екінші дауыстың анық, таза шығуын қадағалау. Штрихтармен жұмыс. Қобызшылардың ансамбльдік ойын шеберлігін дамыту. Шығармада кездесетін қайталау элементтерін дәлме-дәл етіп орындау.

Әдебиет:

  1. Б.Кожамкулова «Хрестоматия для скрипки», ІІ вып., Алматы, «Дайк-Пресс», 2001г. – 11 стр.

14 апта

1 кредит сағат

1 дәріс

Практикалық сабақ тақырыбы: С.Еркімбеков «Отан таңы»

Практикалық сабақ мазмұны: Дыбыс шығару жолдарын қарастыру.

Музыкалық шығарманы мәнерлі орындау үшін ең жоғары сапалы дыбыс шығаруды меңгеруі керек, ол музыканың мәнерлік негізі болып табылады. Көркемдік сапалы, толыққанды дыбыс деп – таза, еш шуылсыз, жұмсақ, толық, сазды, түр-түске бай дыбысты айтады. Мөлдір, таза сазды дыбыс шығару үшін ысқышты тиекке қатар, ішектің бір нүктесінде ғана жүргізіп ойнау қажет. Ысқыш қылы ішекке мүмкіндігінше толықтай жабысып жүргізілуі керек, шығарманың мазмұнына сай ерекше дыбыс алу үшін ысқышты ішекке қатты баспай сәл көтеріңкірек жүргізу керек. Ысқыш ішектің қай нүктесінде жүретін болса, оған дыбыс саздығы тікелей байланысты: тиекке жақын болса ашық, өткір дыбыс, ал аспаптың мойынына қарай - жұмсақтау және бәсеңдеу дыбыс шығады.

Ысқышты төмен жүргізген кезінде ысқыштың басынан ұшына дейін, шынтақ сәл артқа кетеді, ал ысқышты жоғары жүргізгенде шынтақ буынның алдынан тиекке қарай жүреді. Шынтақты өте көтеруге де, өте түсіруге де болмайды. "Ми" ішегінде оң қол шынтағы ең жоғары нүктеге шығады; төменгі ішектерге ауысқанда шынтақ біртіндеп төмендейді де "соль" ішегінде ең төменгі нүктеге жетеді. Оң қол шынтағы сияқты буынның да қозғалысы өзгереді. Ысқыш төмен қозғалғанда (П) оң қол саусақтары біртіндеп түзуленеді де, ысқыштың ұшына қарай буын сәл-пәл иіледі, сондай-ақ шынтақ буындары толық ашылады. Ысқыштың тұтқасында оң қол буындары сәл бүгіледі. Осыған сәйкес ысқыш қозғалысына байланысты ысқыштың тұтқасынан ұшына дейін буындар бірқалыпты өзгеріп отырады. Дыбыс тегіс шығу үшін қозғалыс ешқандай аяқасты және күтпеген қимылдар жасамау керек. Тұтқада ысқышты ауыстырар кезде таяқшаны кішкене айналдыру қажет, өйткені ысқыштың бұл ауысуы естілмегені жөн. "Ми" ішегінде ысқышты "ля" ішегіне жақын апару керек, ал "соль" ішегінде "ре" ішегіне жақындатқан жөн. Бұлай ету жұмсақ дыбыс шығару үшін қажет.

Әдемі дыбыс алу өнері музыканттың көп жылдық еңбегі арқасында қалыптасады және музыкалық есту қабілетінің, шеберлік ширақтығының, аспаптан дыбыс шығарудың тәсілдерін меңгерудің, сондай-ақ оқушының аспапқа икемделе білу қасиеті - сапалы дыбыс шығару үшін талап етіледі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4

©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет