Қарағанды қаласы. Әлихан Бөкейхан атындағы №76 жалпы білім беретін орта мектептің 3 «В»сынып оқушылары Баянбекова Нұрсәуле Еркебуланқызы мен Жанайдарова Амина Асылбековна бастауыш сынып мұғалімі Ахмет Гүлбақша Төлегенқызы
Оқушы шығармашылығынан.
«Майқұдық – берекелі өлке».
Кең байтақ қазақ даласының қақ ортасында орналасқан қазыналы Қарағанды облысы- өткені мен бүгіні де тарихқа аса бай өлке. Бұл өлке арғы замандарда-ақ ата-бабаларымызға құтты қоныс болып, бүгінде жүзден аса ұлт пен ұлыстың ұйтқысына, ырыс-берекесіне айналған қасиетті өлке. Қазақ металлургиясының қара шаңырағы саналатын осы өлкеде үлкен өмір мектебінен өтіп, азамат болып қалыптасқанымды әрдайым өзіме мәртебе санаймын – деген өзінің құттықтау жолдауында елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Қазақстан Тәуелсіздігінің жиырма екі жылдығы қарсаңында және Қарағанды қаласының 80 жылдық мерекесіне орай Қарағанды мектептерінің ҚР ШАҒЫН ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ – ҚАЗАҚСТАН ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАЛАЛАР МЕН ЖЕТКІНШЕКТЕР САРАЙЫНЫҢ ұйымдастыруы мен өткен ғылыми жұмыстары жетекшілері мен оқушыларын өлке тарихын зерттеуге құлшынысын арттырды. Бұның өзі Отаншылдықтың бір үлкен саласы –деген ұғымға толық сиятынын айтуға болады.Осы орайда облысымыздың көптеген мептептері оқушылар арасында жас ғылым иелерін анықтауда біршама жұмыстар атқарды. Майқұдықтың Әлихан Бөкейхан атындағы №76 жалпы білім беретін орта мектепте туған қаламыздың 80 жылдық мерей тойына өздерінің үлесін қосуда. Осы мектептің 3 «В»сынып оқушылары Баянбекова Нұрсәуле мен Жанайдарова Амина Халықаралық «Мен - зерттеушімін» байқауы шеңберінде мектеп жасына дейінгі және бастауыш сынып оқушылары арасында өткен облыстық фестивальінде ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Бұл оқушылардың зерттеу тақырыбы «Майқұдық – берекелі өлке». Оқушылар өз еңбектерінің «Кең байтақ берекелі өлке» атты бірінші кіріспе, тарауында ғылыми-зерттеу әдебиеттеріндегі Қарағанды қаласының мемлекетіміздің өнеркәсіптік, индустриялық тірегіне айналған облыстың шаңырақ көтергеніне 80 жыл толуына орай, туған қаланың шығу тарихы мен оның ерекшеліктері қарастырды. ІІ. «Алпыс қырат, мың шұңқыр» атты екінші бөлімінде шығыс бөлігінде орналасқан Октябрь ауданындағы Майқұдық тұрғын мекенінің шығу тарихын айқындау мәселелерді анықтады. Майқұдық тұрғын мекенінің шығу тарихы ұғымында Майқұдық атауының еркшелігі «Киелі құдық» мәніндегі атау екенін білдік. Және де осы аймақта 9 киелі құдықтар бар екенін анықтадық. Солардың қайсысын болсын өз аттары бар: Майқұдық, Қарақұдық, Күмісқұдық, Аққұдық, Жарқұдық, Жалғызқұдық, Қымызқұдық, Тоғызқұдық, Қызылқұдық екеніне көз жеткізуге тырыстық. Қырқалар мен төбелер қыр өзендері жарып ағатын белесті жазықтармен және өзен аңғарларымен бөлінген« Алпыс қырат, мың шұңқыр» Қарағанды қаласының құрамындағы әкімшілік-территориялық бөлек, қаланың солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан Октябрь ауданы Шығысында өнеркәсіп орындарымен, батысында Қарағанды-темір жол магистралімен, оңтүстік-шығысында қаламен шектеседі. [1961 жылға дейін Сталин ауданы болған] Ауданы 1500 га –дан астам. Майқұдық 1930 жылы ауыл ретінде пайда болды. Көмір бассейнін игеруге байланысты Майқұдық шағын қабатты үйлері бар жұмысшы кентіне айналды. 1972 жылдан бастап, Майқұдықта басты көшелер мен магистралдар тұрғызылды. Майқұдықта 23 өнеркәсіп орны жұмыс істейді. Кез-келген елдің өткені мен бүгінінің сабақтастығы оның жер-су атаулары – топонимдері арқылы көрініс табады. Қазақ елінің де жер-су атаулары халықтың сан ғасырлық тарихынан сыр шертеді. Осы себепті де және еліміздің басынан өткен «сан қилы» заманда көптеген топонимдердің өзгеріске ұшырауына, ұмыт болуына байланысты да жер-су атауларын зерттеу бүгінгі күні өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Әрбір атаудың өз тарихы мен дүниеге келу себебі бар екенін анықтай келе, қызықты деректер бізді жетелей түсті. Майқұдық тұрғын мекенінің шығу тарихы.Майқұдық – тұрғын аймақ. Көне түрік май және құдық сөздерінен қалыптасқан, атау «Май» тұлғалас тіркестер түркі тілдерінің көне табыну дәстүрінен елес береді: Қазақта «От ана, май ана» деп берсе, «Май», «Эне», орхон жазбаларында «ұмай»деген ұғымды білдірсе, бұл сөз кезінде түркілер ұмытып кеткен тасқа салынған таңбалар деген ұғымды білдіреді екен. Орхон-Енисей жазуларындағы «Ұмай» - «Жер және Су перісі». «Майлы» атауының топонимдік мағынасы «киелі, қасиетті, құдіретті» дегенді білдірсе керек. Бір ерекшелігі сол түркілер ұғымында Майқұдық атауының еркшелігі «Киелі құдық» мәніндегі атау екенін білдік. Және де осы аймақта 9 киелі құдықтар бар екенін анықтадық. Солардың қайсысын болсын өз аттары бар: Майқұдық, Қарақұдық, Күмісқұдық, Аққұдық, Жарқұдық, Жалғызқұдық, Қымызқұдық, Тоғызқұдық, Қызылқұдық. 2. Тоғызқұдық – елді мекен. Қарағанды маңайында орналасқан жиі кездесетін атаулардың бірі «құдық». Құдық – суы бар құдық деген мағынаны білдіретінін анықтадық.Токаревка селосы – Тоғызқұдық деп аталады екен. Іргесін 1907 жылы Харьков губерниясынан келген қоныс аударушылар қалаған. Қоныс аударушылар ішінде Тамбов облысының Токаревка селосының шаруалары болған. Село атуы да, солардың туған жеріне ескерткіш ретінде қойылған.3. Қаракұдык - құдықты мекен аты. «Қара» сөзі құдық басының қарайып көрінетін түріне орай айтылған. Қарақұдық – Қарағанды қаласының маңындағы жер атауы.4. Күміс құдық – судың күмістей мөлдір, таза болғандығын көрсетеді.5. Қымызкұдык - Көктал ауылының елді мекені. Атау «қымыз сияқты тәтті су» деген мағынаны білдіреді.6. Жарқұдық - Волын селосының қазақша аты. Атау «жары бар құдық» деген мағынаны білдіреді. Волын – Дубовка ауылының елді мекені. Волын губерниясынан жер аударып келгендердің бұрынғы тұратын жері.7. Жалғызқұдық – елді мекеннің аталуы. «Құдық» - Қарағанды маңындағы кеңінен кездесетін жағырафиялық атау. Жалғызқұдық - Көктал ауылының учаскесі. Атау өзінің тура мағынасында.8.Аққұдық – елді мекені.Қарағанды манында орналысқан, оның атауы жер топырағының түсімен байланысты. Ақ және құдық деген екі сөзден құрылып – берекелі құдық мағынасын білдіреді.Аққұдық - Тихоновка поселкесінің қазақша аты. Атау «құдықтың суға толып тұрғанын» білдіреді. 9.Қызылқұдық - сонымен қатар, даланың қырағы көз ақсақалдары осы аймақта сөз жетпес қыраттар бар екенін байқаған. Ал қазіргі Михайловка деген жер ертеде « Мың шұңқыр » деп аталған екен. Осы алпыс қырат мың шұңқырдың астында жүздеген жылдар бойы баға жетпес кен байлықтары жатты. Оны өндіріп іске асыруға аты шулы Игілік бай мен оның жұрағаттары белсенді ат салысқаны белгілі болды. «Туған жерің тұғырың» дейді аталы қазақ. Сондықтанда, туған жеріміздің әуелгі аттарынан ежелгі атауларын ажыратып алатын болсақ, мынадай қызықты деректерді білуге болады. Отызыншы жылдардан бастау алатын, қала іргетасы қалана бастағанда, оның айналасына жұмыс іздеп келген көшпенді қазақтар өздерінің үйлерін тіккен екен. Күн көріс қамымен көшіп келген жұмысшы халық қой, ешкі, сиыр сүтін ірітіп алмайын деп, оны таяу маңдағы бір құдыққа ыдысқа құйып, түсіріп сақтаған. Құдықтың суы мұздай болады да, онда қойылған сүт бірнеше тәулік бойы бұзылмай сақталып тұрады. Сөйтіп, күн көрген жұртшылық ақыры әуел баста көздеген мақсатына жетіп, қалада алғаш ашылған шахталарға жұмысқа орналасады. Олардың орнына тағы басқа үйлер алдыңғыларға ұқсап күн көре бастайды. Сол жердегі құдықтан су алайын деп келсе, судың беті маймен шылқып тұр екен.Өйткені, онда сақталған сүт, қаймақтан су майланып кеткен екен. Содан кейінгі келген қазақтар тәңірге сиынып, Майқұдық деп ат қойыпты. Ескі қаланың бір жақ бөлігі алғашында «Капай город» деп аталды. Бұл «Қазба қала»деген мағынада болса керек. Шын мәнінде бұл қаланың құрылысы жер қазудан басталады.Мүсірепов Ғабит Махмұтұлының қазақ прозасының шоқтығы биік туындысы саналған «Оянған өлке» романы Майқұдық бұлағын ашумен, Қарағанды өңірінде жаңа капиталистік қатынастардың орнығуына себепкер болады. Игілік бай Сарыарқаның сайын даласына ғана әйгілі болып қана қоймай ақ патшадан шен шекпен алып киген адам екені белгілі.. [ сол бейнелердің суреттерін ұсынып отырмыз] Алайда, бүгінгі әңгімеміз ол туралы емес. Тағдырдың жазуымен оянған өлкенің дүбіріне ілесіп, сол Игіліктердің ұрпақтары кешегі-бүгінгі өмірде кеншілердің еңбек әулетін құрды. Игіліктің тікелей ұрпағы, Ленин орденді Костенко атындағы шахтаның ардагері Серік Мұрсалиұлы Исинов аталарының шежіресін жасап шықты. Жай ғана шежіре тармағын жасап қоймай оны дәлелдеу үшін құжаттар да жинаған екен. Сонда он екі мың жылқы біткен атақты байдың бүгінгі бір ұрпағының Қарағанды көмір бассейніндегі жалпы еңбек өтілін есепке алатын болсақ, 2 ғасырға жуықтайды.. Дәлірек айтсақ 180 жылды құрайды екен. «Оянған өлке» романында жазушы ХІХ ғасырдағы қазақ даласындағы өндірісті суреттей келе қойнауынан миллиондаған тонна тас көмір өндірілген Қарағанды жерінің иесі болған Игілік Өтеуұлының үшінші буыны Мұрсал, Омар Исиндер де болғанын жазады. Қарағанды көмірін алғаш тапқан Аппақтың әкесі Байжан Секең жиған деректер бойынша Игілік бидің аталас туысы болып табылатыны бізге қызықты деректер болды. Жоғарыда айтылған Капай город дегеніміз сол жылдары пайда болған енсіз тар темір жол екен. Сол тар темір жолмен Қарайғырға тізбектеліп отын тасымалданатын. Сонымен, ескі қаладан кішігірім станция салынды. Жоғарғыда атап өткеніміздей қазіргі Михайловканың «Мың шыңқұр» деген жері сайып келгенде сан жетпес шұңқырлардан құралған өлке екен. Содан соң соғыстан кейін Жаңа қала құрлысы басталды. Егер сол уақытта 18-негізгі және бас шахталарында жоғарыда аталған ағалы-інілі Исиндер еңбек етсе, кейін одан кейін бұлардың қатарына Мүрәсілдің ұлы Серік қосылды.Майқұдық шаһарының Еңбек Ерлері көптен саналады. Олар Кенжин Әукебай Қалмағанбетұлы Еңбек Қызыл Ту орденімен Қазақстан Компартиясының ІХ съезінің депутаты; Құрмет белгісі орденімен марапатталған, Карабанов Иван Андреевич; Даңқ орденінің толық иегері, «Майқұдық» шахтасының проходшысы, 3 рет Ленин орденімен, 2 рет Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» орденімен және медальдарымен наградталған, Жоғарғы Совет депутаты болған алғашқы стахановшы Түсіп Күзембаев (1890-1958) та бар. Осы Түсіп Күзембаев атымен аталатын көше мен бюсті Октябрь ауданының батыс жағында Майқұдық тұрғын аймағының 17 және 11-шағын ауданында Магнитогорск көшелерімен ұштасып созылып жатыр. Жанқиярлық еңбегі арқасында көмір өндіруде, жаңа шахталарды салуда және еңбектің озық әдістерін игеруде үздік осындай жетістіктерге жеткен Түсіп Күзембаев атымен аталатын «Күзембаев шахтасы» (1982 жылдың 20 ақпанынан) шахтасы да бар. Әлем чемпионы, 7 рет Қазақстан Республикасында өткен чемпионаттардың чемпионы болған, Майқұдықта туған. №65 мектептің түлегі. Осы оқушыларымның жеңісіне шаттана отырып,зерттеген жұмыстары сіздердің газет беттерінен жарық көрсе деген ойдамын. Біз сынып болып сіздердің «Алтын арай» газеттеріңізге жазылмақшы болып ұйғардық.