«макроэкономика» ПӘнінен дәрістік конспекті дәріс макроэкономика пәні және әдістері



бет1/45
Дата18.05.2022
өлшемі395.33 Kb.
#457174
түріКонспект
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Дәріс Макроэк


«МАКРОЭКОНОМИКА» ПӘНІНЕН ДӘРІСТІК КОНСПЕКТІ


ДӘРІС 1. МАКРОЭКОНОМИКА ПӘНІ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ
Дәрістің мақсаты: макроэкономиканың пәнін, мақсаттары мен әдістерін анықтау және макроэкономикалық талдаудың түпкілікті мәселелерін анықтау
1. Макроэкономика экономикалық теорияның бөлімі ретінде: тууы мен негізгі мәселелері
2. Макроэкономикалық талдаудың пәні мен үлгілері
1. Макроэкономика экономикалық теорияның бөлімі ретінде: тууы мен негізгі мәселелері
Макроэкономика – ұлттық экономиканың қызмет етуі біртұтастық ретінде оқытылатын экономикалық теорияның бөлімі.
Экономикалық теорияның барлық бөлімдері біртұтас түсініктемелік аппаратқа ие, бірақ оны әртүрлі теориялардың аспектілерін талдау үшін қолданады.
Макроэкономика экономикалық теорияның басқа бөлімдерімен – жалпы экономикалық теория және микроэкономикамен тығыз байланысты
Макроэкономика экономикалық теориядағы сияқты сондай түсініктемелік аппаратты пайдаланады, бірақ олардың себеп-салдарлық байланыстарын емес, функционалдық байланыстарын қарастырады.
Микроэкономика сияқты макроэкономика да экономикалық субъектілердің тәртібінің логикасын үйретеді, бірақ микроэкономикадан айырмашылығы ол бұл тәртіптерді жіктемейді, белгілі бір экономикалық субъектінің сәйкестендірілген тәртібі ретінде барлық субъектілердің тәртібін оқып-үйретеді.
Экономика ғылыми бағыт ретін ертеде пайда болған. Макроэкономика – экономикалық теорияның жас бөлімі , ХХ ғасырдың 30-шы жылдары пайда болған. Макроэкономиканың негізін ағылшын экономисі, мемлекеттік қызметкер, публицист Джон Мейнард Кейнс (1883—1946) қалады. 1936 жылы оның басты еңбегі «Ақша, пайыз және жұмыспен қамтудың жалпы теориясы» жарық көрді, онда ол кейнсиандық қағидалар мен негізгі жағдайларды қалыптастырды.
Д.М.Кейнстің негізгі идеяларына келесілерді жатқызамыз:
1. жиынтық сұраныс жиынтық ұсыныстан жоғары. Жиынтық сұрансытан өндірістегі жұмыспен қамту байланысты, ал жұмыпен қамтудан - өндіріс көлемі байланысты;
2. экономиканың тұрақты дамуы мен жұмыспен қамту мәселелерін шешуге мүмкіндігі бар нарықтық механизм жоқ, онда мемлекеттік реттеудің қажеттілігі туады;
3. экономикаға эмердженділік қасиеті тиесілі (толығымен алғандағы экономикалық жүйелердің белгілері мен мінезді қасиеттерінің оның жеке элементтерінің қасиеттеріне сәйкес келмеуі). Мысалы, «бережливость парадоксы» - экономикаға инвестицияланбайтын жинақ жұмыспен қамту мен табыстың төмендеуіне алып келеді, ең соңында жинақтың төмендеуіне.
Мароэкономика курсында қарастырылатын басты мәселелер санына келесілерді жатқызамыз: Ұлттық нарықтардың қызмет ету ерекшеліктерін оқып-үйрену; Тұрақты экономикалық өсу заңдылықтарын зерттеу; Инфляция, дефляция және жұмыссыздықтың өзара әсерлерін оқып-үйрену; Экономиканың ақша және нақты секторларының өзара әрекеттерін талдау; Циклдік экономикалық дамудың әртүрлі аспектілерін ашу,Ұлттық және шетелдік нарықтардың өзара әрекеттерін аныұтау; Мемлекеттің макроэкономикалық саясатының тиімділік пен нәтижеліліктің теориялық негіздерін анықтау және оның әрекеттерінің тигізетін әсерлерін бағалау.
Бұл мәселерді шешу тәсілдері макроэкономикалық теорияның әртүрлі бағыттарының өкілдерінде әртүрлі. Оны анықтаудың кейнстік бағыты, монетаристік, неокейнстік және неоклассикалық бағыттары бар.
2. Макроэкономикалық талдаудың пәні мен үлгілері
Макроэкономика – экономиканы толығымен оқытатын ғылым , яғни экономикалық жүйені толығымен дамыту мен іс-әрекеттерін зерттейді.
Макроэкономика – тұрақты экономикалық өсу, ресурстарды толық қамтамасыз ету, инфляция деңгейін төмендету және төлемдік баланс тпеңдігі шарттарын қамтамасыз ету көзқарасы жағынан біртұтастық ретінде экономиканың тәртіптерін оқытатын экономикалық ғылым. Экономикалық өсу халық пен технологиялық үрдістің өсуі сияқтя салыстырмалы тұрақты факторлардың әрекеттерінің нәтижесі болып табылады. Ұзақмерзімді перспективада бұл факторлардың динамикасы өндірістің потенциалды көлемінің динамикасын анықтайды.
Макроэкономикалық талдаудың екі түрі болады:
позитивті макроэкономика (нақты құбылыстарды суреттейді және олардың өзара байланыстарын оқып-үйретеді);
нормативті макроэкономика (қандай аспектілерді қолданған дұрыс екенін белгілейді).Қарастырып отырған мақсаттарына байланысты макроэкономика әртүрлі әдістер мен құралдарды қолданады. Макроэкономиканың негізгі құралдарына жататындар:
жоғары және өспелі ұлттық табыстың деңгейі;
жоғары жұмыспен қамтылу;
тұрақты немесе жай өспелі баға деңгейлері.
Макроэкономика негізгі мақсаттарына жету кезінде салықтық-бюджетті, ақша-несиелік, сыртқыэкономикалық, сауда саясаттарын және табыстар саясатын қолданады.
Макроэкономика экономикалық теорияда қолданылатын жалпы әдістерді пайдаланады: ғылыми абстракция, талдау мен синтез, тарихи және логикалық тәсілдер, жүйелі-функциялық талдау, экономикалық-математикалық үлгілеу, нормативті және позитивті тәсілдер. Бұл әдістерді қолданудың ерекшеліктерін макроэкономиканың негізін қалаушы арнайы әдісі – агрегациялау анықтайды. Агрегациялау әдісі неғұрлым ортақ, жиынтық көрсеткіштерді алу мақсатымен біртекті көрсеткіштерді біріктіруді көрсетеді. агрегациялау әдісін қолдану экономиканы біртұтас ретінде қарастыру қажеттілігімен түсіндіріледі.
Микроэкономикаға қарағанда макроэкономика өзінің талдауында агрегацияланған көрсеткіштерді қолданады, олар экономиканың қозғалысын біртұтас ретінде мінездейді: ЖІӨ (жеке фирмалардың шығарымы емес), бағалардың орташа деңгейлері (нақты тауарлардың бағасы емес), пайыздың нарықтық ставкасы (жеке банктің пайыздық ставкасы емес), инфляцияның, жұмыспен қамтудың, жұмыссыздықтың деңгейлері және т.с.с. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер нақты ЖҰӨ-нің (жиынтық ұлттық өнім) өсу қарқыны, инфляция қарқыны және жұмыссыздық деңгейі.
Макроэкономикалық үлгілер олардың арасындағы функционалды өзара байланыстарын анықтау мақсатымен әртүрлі экономикалық құбылыстар мен процестердің ресмилендірілген (логикалық, графикалық және алгебралық) суреттемелерін көрсетеді. кез-келген үлгі (теория, теңдік, график және т.с.с.) нақтылықтың қысқартылған, абстрактілі көрінісі болып таблады, өйткені барлық әралуан нақты бөлшектер зерттеу жүргізу кезінде толығымен көңілге бір уақытта алынуы мүмкін емес. Сондықтан да бір макроэкономикалық үлгі абсолөтті, жалпы көлемді, сарқылмалы емес. Ол нақты уақыт аралығында нақты елге бағытталған дұрыс жауаптардың бірлігін бермейді. Бірақта мұндай жалпыланған үлгінің көмегімен жұмыспен қамту, инфляцияның, инвестицияның, тұтынудың, пайыздық ставканың, валюталық бағамның және басқа да ішкі (эндогендік) экономикалық айнымалылар деңгейлерінің динамикаларын басқарудың балама әдістерінің кешені, үлгінің шешілуі нәтижесінде белгіленетін ықтималды мәндер анықталады. Үлгіден тыс анықталатын деңгейлердің сыртқы (экзогендік) айнымалылар ретінде үкіметтің фискалды саясатының негізгі құралдары мен Орталық банктің монетарлы саясаатының – мемлекеттік шығындар, салықтар мен ақша массасы деңгейлеріндегі өзгерістер жиі қарастырылады.
Үлгілерде параметрлердің екі тобы қолданылады: экзогенді (үлгінің құрылған уақытында белгілі); эндогенді (үлгіні талдау процесі кезінде анықталуы қажет).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет