«макроэкономика» ПӘнінен дәрістік конспекті дәріс макроэкономика пәні және әдістері


ДӘРІС 5. Ұзақ және қысқа мерзімді кезеңдердегі нарықтық тепе-теңдіктің макроэкономикалық модельдері. AD-AS моделі



бет16/45
Дата18.05.2022
өлшемі395.33 Kb.
#457174
түріКонспект
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   45
Дәріс Макроэк

ДӘРІС 5. Ұзақ және қысқа мерзімді кезеңдердегі нарықтық тепе-теңдіктің макроэкономикалық модельдері. AD-AS моделі
Дәрістің мақсаты: Жиынтық сұраныстың құрауыштарын анықтау,жиынтық ұсыныстың қысқа және ұзақ мерзімдік жағдайларын қарастыру, AD-AS үлгілерімен танысу.
Дәріс жоспары:
1. Жиынтық сұраныс және оны анықтаушы факторлар.
2. Жиынтық ұсыныстың классикалық және кейнстік модельдері.
3. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс моделіндегі макроэкономикалық тепе-теңдік.


1. Жиынтық сұраныс және оны анықтаушы факторлар. AD - AS моделі жиынтық өндіріс пен экономикадағы баға деңгейіндегі ауытқуды, олардың өзгеру себептері мен салдарын анықтауға мүмкіндік береді.
Ұлттық экономика макроэкономика жағдайында жалғыз жиынтық фирмадан тұратын біртұтас нарық ретінде қарастырылады. Жиынтық сұраныс – экономикада өндірілген ақырғы тауарлар мен қызметтерге жұмсалған барлық шығындардың сомасы. Жиынтық сұраныс негізгі төрт компоненттен тұрады:
- тауарлар мен қызметтерге деген тұтынушылылар сұранысы (С)
- фирмалардың инвестициялық сұранысы (І)
- мемлекеттің тауарлар мен қызметтерді сатып алу шығындары (G)
- таза экспорт (Хп)
Жиынтық сұраныстың көп бөлігін жеке тұтыну шығындары алады. Жиынтық сұраныс AD әрпімен белгіленеді. AD қисығы үй шаруашылық, бизнес, үкімет және шетелдің жиынтық шығындарының баға деңгейінің өзгерісінен тәуелділігін көрсетеді.
AD қисығының теріс көлбеулігі төмендегі маңызды әсерлермен түсіндіріледі:
- пайыздық ставка әсерімен; - нақты байлықтың әсерімен; - импорттық тауарларды сатып алу әсерімен.

1-сурет
Пайыздық ставканың әсері баға деңгейінің өндіріс көлеміне пайыздық ставка арқылы әсер ететіндігін көрсетеді. Егер ел ішінде баға өссе, пайыздық ставка көтеріледі. Өйткені ақшаға сұраныс артады. Бірақ пайыздық ставка өскен сайын инвестиция (І) төмендейді. Сонымен қатар пайыздық ставка артқан сайын тұтыну несиесінің ставкасы өсетіндіктен тұтынушы сұранысы (С) да төмендейді. Демек, баға өскен сайын ЖІӨ-нің нақты көлемі кемиді және керісінше.
Нақты байлықтың әсері төмендегі жағдайда көрінеді. Нарықтық экономикада үй шаруашылықтарының байлығы, негізінен, әр түрлі қаржылық активтер (акция, облигация, мерзімді шот) түрінде болады. Мысалы, индивидтің 100$ номиналдағы облигациясы болсын.Баға 2 есе өссе, осы облигациямен берілген нақты табыс та 2 есеге кемиді. Нақты байлық төмендесе, тұтынушы сұранысы азаяды. Яғни бағаның өсуі сұранысты азайтады.
Импорттық тауарларды сатып алу әсері – баға өскен жағдайда сатып алушы отандық тауарларды импорттық өнімдермен ауыстыруға тырысатындығынан көрінеді. Нәтижесінде отандық тауарға жиынтық сұраныс азаяды.
Бағалық емес фактордың әсерін біржақты талдауға болмайды. Мемлекеттік шығындардың өсуі жиынтық сұранысты арттырады. Бірақ бұл шығындардың орнын қаржыландыру үшін мемлекет облигация шығарып ақша нарығындағы ресурстардың бөлігін өзіне қайтып алады. Бұл жеке сектор тарапынан пайыздық ставканы арттырады. Нәтижесінде қымбат тауарларды алу мүмкіндігі азаяды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет