Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
МАМАНДЫҚҚА КІРІСПЕ
П
авлодар
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Металлургия, машина жасау және көлік факультеті
Машина жасау және стандарттау кафедрасы
МАМАНДЫҚҚА КІРІСПЕ
пәні бойынша 5В071200 – Машина жасау және 5В073200 – Стандарттау, сертификаттау және метрология мамандықтарының студенттеріне
тәжірибелік сабақтарды орындау үшін арналған
әдістемелік нұсқаулар
Павлодар
Кереку
2012
Ә
ОЖ 621 (07)
КБЖ 34.4я7
М18
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің машинажасау, металлургия және көлік факультетінің машинажасау және стандарттау кафедрасының отырысында басуға ұсынылды
Пікірсарапшылар:
Т. Ш. Баймагамбетов – техникалық ғылымдар кандидаты, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің профессоры.
Құрастырушылар: Р. О. Олжабаев, Д. А. Искакова, А. Ж. Касенов, Ж. К. Мусина.
М18 Мамандыққа кіріспе пәні бойынша 5В071200 – Машина жасау және 5В073200 – Стандарттау, сертификаттау және метрология мамандықтарының студенттеріне тәжірибелік сабақтарды орындау үшін арналған әдістемелік нұсқаулар / құраст. : Р. О. Олжабаев, Д. А. Искакова, А. Ж. Касенов, Ж. К. Мусина. – Павлодар : Кереку, 2012. – 29 б.
Әдістемелік нұсқауларда металл кескіш станоктардың жіктелуі негізінде студенттерге берілген нұсқаларға сәйкес станоктар үлгілерінің шифрлерін құру ұсынылады. Содан басқа, әмбебапты өлшейтін аспаптар көп түрлі тетіктерді өлшеуге арналғандықтан солардың құрылымы, жұмысы қарастырылады.
Әдістемелік нұсқаулар ЖОО машинажасау мамандықтарының студенттеріне ұсынылады.
ӘОЖ 621 (07)
КБЖ 34.4я7
© Олжабаев Р.О. және т.б. 2012
© С. Торайғыров атындағы ПМУ, 2012
М
атериалдың дұрыс болуына, грамматикалық және орфографиялық қателерге авторлар мен құрастырушылар жауапты
Кіріспе
Бағдарламамен басқартын жүйелер пәнін игеру үшін тәжірибе алу қажет, сондықтан тәлімгер бірнеше лабораториялық жұмыс атқарып тәжірибе алады. Осы жүмыстарды игеріп өтуге әрбір тәлімгер көп көңіл бөлу керек. Жұмыстарды атқарар алдында студент тиісті түрде техникалық қауіпсіздік нұсқаудан өтеді. Сабаққа студент осы жинақ бойынша және басқа оқулықтар арқылы міндетті түрде дайындалып келуі керек.
Тағайындалуы бойынша барлық өлшенетін аспаптар және құралдар арнайы және әмбебапты болып бөлінеді. Әмбебапты өлшейтін аспаптар көп түрлі тетіктерді өлшеуге арналған. Ал арнайы тек қана жеке параметрлерге немесе белгілі бір тетіктерді өлшеуге арналған.
Штангенциркулдер тереңдіктің сыртқы және ішкі өлшемдердін өлшеуге арналған, сонымен қатар белгіленген жұмысты штангенциркулді хромдолған тотбаспайтын инструментальды және құрылымды болаттан жасайды.
Студент жүмысты тапсырылған нұсқамен өткізіп, атқарылып орындалған жүмыстан мұғалім алдында қорғап есеп беру керек.
1 тәжірибелік жұмыс. Станок үлгісінің шартбелгісін құру мен оның технологиялық мүмкіндіктерін анықтау
1.1 Тәжірибелік жұмыстың мақсаты – білдек құрушы кәсіпорындармен шығарылатын білдектер үлгілерінің шартбелгісін құрудың принциптерін білдектердің технологиялық тағайындалуы мен өңдеу түрлері бойынша жіктеу жолымен меңгеру және білдектің технологиялық мүмкіндіктерін анықтау.
1.2 Тәжірибелік жұмыстың міндеттері:
- бастапқы мәліметтер негізінде білдек үлгісінің шартбелгісін тетік үлгісі, өндіріс сериялығы мен металл кескіш білдектердің технологиялық тағайындалуы мен өңдеу түрлері бойынша жіктелу кестесі түрінде құру;
- білдекте қолданылатын алабұйымдар, кесу және өлшеу аспаптардың қысқаша суреттелуін орындау;
- білдектің технологиялық мүкіндіктерін атау.
1.3 Металл кескіш білдектердің жіктелуі
Металл кескіш білдектерді келесі белгілер бойынша жіктейді:
-
әмбебаптылық пен автоматтандыру дәрежесі бойынша;
-
технологиялық тағайындаулы мен өңдеу түрлері бойынша;
-
дәлдік бойынша;
-
масса (салмақ) бойынша.
Әмбебаптылық пен автоматтандыру бойынша білдектерді келесідей жіктейді:
- әмбебап;
- мамандандырылған;
- арнайы;
- икемді өндіріс модульдері (ИӨМ);
- автоматты сызықтар.
Әмбебап білдектерді кең номенклатурадағы тетіктерді кіші партиялармен бірлікті өңдеу шарттарында және одан сирек ұсақ сериялы өндіріс шарттарында өңдеу үшін (шекті – бір дана) қолданылады. Әмбебап білдектердің әдетте автоматтандырудың төмен деңгейі болады. Жалпы машина жасау қолдануындағы сандық бағдарламалық басқаруы (СББ) бар білдектер әмбебап білдектерге қолданады. Бірақ олардың автоматтандырудың жоғары дәрежесі болады және олар ұсақ сериялы және орта сериялы өндіріс шарттарында пайдаланылады. СББ бар білдектерді жартылай автоматтар классына жатқызуға болады, яғни оларда өңдеудің бүкіл айналымы (циклі) жүктеу мен жүк түсіруден басқа автоматты түрде орындалады.
Мамандандырылған білдектер үлкен партиялармен кіші номенклатурадағы тетіктерді өңдеу үшін арналған. Бұл білдектерде автоматтандырудың жоғары дәрежесі болады және олар жоғары өнімділікті қамтамасыз етеді. Мұндай білдектерге, мысалы, жону гидрокөшіргіш және көп кескішті жартылай автоматтар, тіс өңдейтін білдектер және т.б. жатқызуға болады.
Арнайы білдектер массалық өндіріс шарттарында бір тетік немесе оларға ұқсас екі-үш тетіктерді өңдеу үшін арналған. Бұл білдектерде автоматтандырудың жоғары дәрежесі болады және олар жоғары өнімділікті қамтамасыз етеді.
ИӨМ өнім шығарудың массалығы мен жабдықтың қайта бапталуы («икемділігі») арасында карсылықты шешеді. ИӨМ – бұл автоматталған технологиялық буын, оның негізінде бірыңғайланған түзілімдерден құрылған, манипуляциялайтын бақылау және өлшеу құрылғылардың толық жинағымен СББ бар білдек пайдаланылады. ИӨМ әдетте ірі сериялы және массалық өндіріс шарттарында пайдаланылады.
Автоматтық сызық – бұл тетікті дайындаудың технологиялық үрдісіне сәйкес орнатылған, ортақ көліктік құрылғы мен бір басқару жүйесімен қосылған автомат-білдектердің жиынтығы.
Технологиялық тағайындалуы мен өңдеу түрлері бойынша білдектерді тоғыз топқа бөледі, топтардың әрқайсысы тоғыз түрге бөлінеді. Бұл белгі бойынша білдектердің тағайындалуы 1.1-кестеде көрсетілген. Білдек үлгісінің шартбелгісі бұл кестенің негізінде қалыптандырылады: білдек үлгісінің шартбелгісіндегі бірінші сан қандай да бір топқа жатқызылуына көрсетеді, екінші сан 0 – бұл топтағы білдек түріне. Бірінші және екінші саннан кейін әріптік символ білдектің одан бұрын шығарылған үлгімен салыстырғанда модификациясын көрсетеді (болмауы да мүмкін). Үшінші сан, немесе үшінші мен төртінші сандар білдек, өңделетін тетік немесе кесу аспабының негізгі параметрін көрсетеді. Мысалы, 16К20 үлгідегі білдек – бұл бірінші топтан (жону) білдек, алтыншы түрдегі – бұрама кескішті, модификацияланған және білдек центрлерінің тұғырдан биіктігі – 200 мм; 1А616 – сондай білдек, бірақ центрлердің биіктігі – 160 мм; 2Н125 – екінші топтағы білдек (бұрғылау-қырнап кеңейткіш), екінші сан (1) – тік-бұрғылау, бұрғылаудың (бұрғының) ең үлкен диаметрі – 25 мм.
Жалпыда жонғыш білдектер үшін негізгі параметр бұл центрлердің биіктігі, өңделетін тетіктің немесе шыбықтың ең үлкен диаметрі, бұрғылау білдектер үшін – бұрғының ең үлкен диаметрі. Көптеген білдектер үшін үшінші немесе үшінші мен төртінші сандар білдек, аспап немесе тетіктің негізгі параметрінің шартбелгісі болады. Осылайша, кеулей жону білдектер үшін негізгі параметр бұл кеулей жонғыш айналдырықтың ең үлкен диаметрі (80 – 320 мм: 14 – 80 мм диаметрге сәйкес келеді, 20 – 90 мм, 22 – 110 мм, 36 – 125 мм және т.б.), шеңбер ажарлау білдектер үшін – ажарланатын тетіктің оның ұзындығына ең үлкен диаметрі (диаметрі 100 – 1000 мм: 0 – 100 х 160 мм, 10 – 140 х 200 мм, 12 – 200 х 500 мм, 31 – 280 х 700 мм, 32 – 280 х 1000, 74 – 800 х 4000 мм және т.б.), жонғылау білдектер үшін – үстел өлшемдері (04 – 160 х 630 мм, 0 – 200 х 800 мм, 1 – 250 х 1000 мм, 2 – 320 х 1250 мм, 3 – 400 х 1600 мм және білдек түріне байланысты басқалар), тіс жонғылау білдектер үшін – 50 – 2000мм кесілетін тісті доңғалақтардың ең үлкен диаметрі (0 – 50 мм, 08 – 80 мм, 01 – 125 мм, 10 – 200 мм, 12 – 320 мм, 24 – 500 мм, 32 – 800 мм, 42 – 2000 мм), тіс қашауыш білдектер үшін – кесілетін тісті доңғалақтардың ең үлкен диаметрі 80-2000 мм (11 – 80 мм, 22 – 250 мм, 40 – 500 мм, 50 – 800 мм, 200 – 2000 мм), қиылысу-сүргілеу білдектер үшін – сырғақтың айналдырықпен жүрудің ең үлкен ұзындығы 200 – 710 мм (11 – 200 мм, 5 – 500 мм, 7 – 710 мм), қашауыш білдектер үшін – тісқашауыштық ең үлкен жүрісі 100 – 1000 мм (01 – 100 мм, 02 – 200 мм, 03 – 320 мм, 10 – 1000 мм), көлденең-тартажону білдектер үшін – номиналды тарту күші 100 – 400 кН (10 – 100 кН, 20 – 200 кН, 40 – 400 кН және тағы сол сияқты білдектердің басқа түрлері бойынша). Бұдан басқа, білдек үлгісі шартбелгісінің соңында санмен немесе сансыз әріптік символ қосылады. Әріптік символдар келесіні көрсете алады:
Ф – СББ бар білдек;
П – жоғарлатылған дәлдікті;
В – жоғары дәлдікті;
А – ерекше жоғары дәлдікті;
С – өте жоғары дәлдікті.
Кейде П әрпі білдектің қысқылы (патронный) түрде екенін көрсету үшін пайдаланылады. Бұл жағдайда жоғарлатылған дәлдікті үлгінің шартбелгісі К әрптік символ пайдаланылады. Әріптік Ф символдан кейінгі сан бағдарламалық басқару жүйесінің түрін көрсетеді:
Ф1 – бағдарламалық басқарудың айналымдық жүйесі;
Ф2 – орынды;
Ф3 – қарамдық;
Ф4 – аралас.
Ресейдің, сонымен бірге шет елдердің (Германия, Франция, т.б.) кейбір білдек құрушы зауыттары білдектерге зауыттық сандарды қояды. Мысалы, СШ-50 – Саратовтың ажарлау білдектерінің зауыты, ХШ1-10 – Харьковтің ажарлау білдектерінің зауыты және т.б. Бұл жағдайда білдек түрін шартбелгісі бойынша анықтау үшін білдек құрушы кәсіпорындарды білу керек.
Дәлдігі бойынша білдектерді 5 классқа бөледі:
Н – қалыпты дәлдік;
П – жоғарлатылған дәлдікті;
В – жоғары дәлдікті;
А – ерекше жоғары дәлдікті;
С – өте жоғары дәлдікті.
Қалыпты дәлдікті білдектер үшін «Дәлдік пен қаттылық нормалары» стандарттарымен геометриялық параметрлердің жіберілетін ауытқулары орнатылған, олар класстан классқа көшкенде алымы φ = 1,6 болатын геометриялық қатарды құрады. Мысалы, егер қалыпты дәлдікті білдек үшін айналдырық жүрісінің ұзындығында орын ауыстыруды түзу сызығынан ауытқу 32 мкм болса, онда жоғарлатылған дәлдікті білдек үшін бұл параметрдің мәні 20 мкм болады. Қалыпты дәлдікті білдек үлгісінің шартбелгісінде Н әрпі қойылмайды.
Салмағы бойынша білдектер салмақы 10 Кн дейін жеңілдерге (массасы 1т дейін), орташаларға – 100 кН дейін (массасы 10 т дейін) және ауырларға – 100 кН жоғары. Ауыр білдектер ірілерге (100 – 300 кН), тікелей ауыр (300 кН – 1 МН) және бірегей (1 МН жоғары) болып бөлінеді.
1.4 Тапсырмалар нұсқалары
Тапсырмалар нұсқалары
|
Нұсқа номері
|
Тетік үлгісі мен басқа басапқы мәліметтер
|
Сериялығы
|
1
|
|
Бүйіржақ пен орталық тесіктерден басқа барлық беттер өңделеді
|
|
1.1
|
d1 = 60мм, ℓ1 = 250мм
d3, d4 8-ші дәлдік квалитеті бойынша
өлшемдер d2, ℓ2, ℓ3, ℓ4 – тапсырманы орындау үшін арнайы мағынасы жоқ
|
бірлікті
|
1.2
|
d1 = 120мм, ℓ1 = 1000мм
d3, d4 - 8-ші дәлдік квалитеті бойынша
|
бірлікті
|
1.3
|
d1 = 60мм, ℓ1 = 250мм
d3, d4 – 8-ші дәлдік квалитеті бойынша
|
ірі сериялы
|
1.4
|
d1 = 60мм, ℓ1 = 250мм
d3, d4 - 8-ші дәлдік квалитеті бойынша
|
орташа сериялы
|
2
|
|
Барлық беттер өңделеді
|
|
2.1
|
d1 = 100мм, ℓ1 = 50мм, d2 = 30мм
d2 8-ші дәлдік квалитеті бойынша
|
бірлікті
|
2.2
|
d1 = 900мм, ℓ1 = 50мм, d2 = 120мм
d2 - 8-ші дәлдік квалитеті бойынша
|
ұсақ сериялы
|
2.3
|
d1 = 100мм, ℓ1 = 50мм, d2 = 30мм
d2 - 8-ші дәлдік квалитеті бойынша
|
орташа сериялы
|
2.4
|
d1 = 100мм, ℓ1 = 50мм, d2 = 30мм
d2 - 8-ші дәлдік квалитеті бойынша
|
ірі сериялы, массалық
|
3
|
|
Белгіленген беттер өңделеді
|
|
3.1
|
d1 = 60мм, ℓ1 = 250мм
d3, d4 - 6-шы дәлдік квалитеті бойынша
|
бірлікті
|
3.2
|
d1 = 120мм, ℓ1 = 1000мм
d3, d4 - 6-шы дәлдік квалитеті бойынша
|
бірлікті
|
3.3
|
d1 = 120мм, ℓ1 = 1000мм
d3, d4 - 6-шы дәлдік квалитеті бойынша
|
орташа сериялы
|
4
|
|
Белгіленген бет өңделеді
|
|
4.1
|
d1 = 100мм, ℓ1 = 50мм, d2 =30мм
d2,- 6-шы дәлдік квалитеті бойынша
|
ұсақ сериялы
|
4.2
|
d1 = 100мм, ℓ1 = 50мм, d2 =30мм
d2,- 7-ші дәлдік квалитеті бойынша
|
масалық
|
4.3
|
d1 = 100мм, ℓ1 = 50мм, d2 =30мм
d2,- 6-шы дәлдік квалитеті бойынша
|
массалық
|
5
|
|
Белгіленген бет өңделеді
|
|
5.1
|
ℓ1 = 80мм, ℓ2 = 60мм, ℓ3 = 60мм
h1 = 40мм, h2 = 20мм (жонғылау)
h1 – 8-ші дәлдік квалитеті бойынша
|
бірлікті
|
5.2
|
ℓ1 = 80мм, ℓ2 = 60мм, ℓ3 = 60мм
h1 = 40мм, h2 = 20мм (жонғылау)
h1 – 8-ші дәлдік квалитеті бойынша
|
орташа сериялы
|
5.3
|
ℓ1 = 80мм, ℓ2 = 60мм, ℓ3 = 60мм
h1 = 40мм, h2 = 20мм (сүргілеу)
h1 – по 9-шы дәлдік квалитеті бойынша
|
бірлікті
|
5.4
|
ℓ1 = 80мм, ℓ2 = 60мм, ℓ3 = 60мм
h1 = 40мм, h2 = 20мм (ажарлау)
h1 – по 7-ші дәлдік квалитеті бойынша
|
бірлікті
|
6
|
|
|
|
6.1
|
ℓ1 = 230мм, ℓ2 = 180мм, ℓ3 = 200мм
h1 = 40мм, h2 = 20мм (жонғылау)
h1 – по 8-ші дәлдік квалитеті бойынша
|
орташа сериялы
|
6.2
|
ℓ1 = 2000мм, ℓ2 = 1900мм, ℓ3 = 200мм
h1 = 40мм, h2 = 20мм (жонғылау)
h1 – по 8-ші дәлдік квалитеті бойынша
|
ұсақ сериялы
|
7
|
|
|
|
7.1
|
d1 = 10мм, d2 = 30мм (бұрғылау)
ℓ1 = 150мм, ℓ2 = 120мм, ℓ3 = 60мм
b1 = 100мм, b2 = 80мм, b3 = 60мм
h1 = 50мм, h2 = 20мм, h3 = 30мм
|
бірлікті
|
7.2
|
d1 = 10мм, d2 = 30мм (сверление)
ℓ1 = 150мм, ℓ2 = 120мм, ℓ3 = 60мм
b1 = 100мм, b2 = 80мм, b3 = 60мм
h1 = 50мм, h2 = 20мм, h3 = 30мм
|
ұсақ сериялы, орташа сериялы
|
7.3
|
d1 = 30мм, d2 = 50мм (кеулей жону)
ℓ1 = 200мм, ℓ2 = 150мм, ℓ3 = 75мм
b1 = 120мм, b2 = 100мм, b3 = 60мм
h1 = 50мм, h2 = 20мм, h3 = 30мм
(тесіктер мен центрлер арасындағы қашықтықтардың 7-ші дәлдік квалитеті)
|
ұсақ сериялы, орташа сериялы
|
7.4
|
Тесіктерді өңдеу: тесіктер 7-ші дәлдік квалитеті бойынша, центрлер арасындағы қашықтықтар IT12 бойынша
d1 = 20мм, d2 = 30мм (растачивание)
ℓ1 = 800мм, ℓ2 = 750мм, ℓ3 = 400мм
b1 = 250мм, b2 = 200мм, b3 = 150мм
h1 = 200мм, h2 = 20мм, h3 = 180мм
|
ұсақ сериялы, орташа сериялы
|
8
|
|
Тісті тәжді кесу
|
|
8.1
|
Z = 60, m = 3, дәлдік дәрежесі - 8-ші
|
ұсақ сериялы, орташа сериялы
|
8.2
|
Z = 120, m = 6, дәлдік дәрежесі - 8-ші
|
ұсақ сериялы, орташа сериялы
|
8.3
|
Z = 60, m = 3, дәлдік дәрежесі - 10-шы
|
Бірлікті
|
8.4
|
Z = 38, m = 5, дәлдік дәрежесі - 6-шы
|
Бірлікті
|
9
|
|
|
|
9.1
|
Тісті тәжді кесу
Z = 50, m = 3
d = 200мм, b1 = 50 мм, b2 = 30мм
дәлдік дәрежесі – 7-ші
|
ұсақ сериялы
|
|
9.2
|
Оймакілтектерді эвольвенталы пішінмен кесу
D = 100мм, D1 = 150мм
b1= 50мм, b2 = 40мм
Оймакілтекті тесік 100х4х9Н
Z = 24, m = 4
|
бірлікті
|
9.3
|
Оймакілтектерді эвольвентаы пішінмен кесу
D = 100мм, D1 = 150мм
b1= 50мм, b2 = 40мм
оймакілтекті тесік 100х4х7Н
Z = 24, m = 4
|
ірі сериялы, массалық
|
1.5 Тәжірибелік жұмысты орындау реті
1 Тетік үлгісі, өндіріс сериялығы, жіктеу кестесі мен станок, дайындама мен кесу аспабының тапсырма нұсқасына сәйкес келтірілген негізгі параметрлерінің негізінде станок шифрін құру.
2 Аспап пен дайындама апаратын түзілімдердің базалық беттеріне қысқаша сипаттама беру.
3 Нұсқа бойынша тапсырманы орындауға қатысты кесу аспабының, айлабұйымны, өлшеу аспабы мен басқа технологиялық жабдықтың түрін анықтау.
4 Станкотық технологиялық мүмкіндіктерін атау.
5 Осы түрдегі (нұсқаға сәйкес) станокта қолданылатын кесу аспабын атау.
Бақылау сұрақтары
1 Металл кескіш станоктарды қандай белгілер бойынша бөледі?
2 Әмбебаптылық пен автоматтандыру дәрежесі бойынша станокарды қалайша жіктейді?
3 Технологиялық тағайындалу мен өңдеу түрлері бойынша станоктарды қалай жіктейді?
4 Станок үлгісінің шифрін құрудың принәипін түсіндіру.
5 Станоктар дәлдік класстарын және дәлдік классынан классқа көшкендегі геометриялық параметрлерге шақтамалар қатынасын атаңыз.
6 Станоктарды салмақ (масса) бойынша қалай жіктейді?
7 Нұсқа бойынша тетікті өңдеу кезінде қолданылатын кесу аспаптарын атаңыз.
8 Тапсырма нұсқасы бойынша станоктың технологиялық мүмкіндіктерін атаңыз.
9 Станокта қолданылатын айлабұйымдар мен кесу аспабын атаңыз.
2 тәжірибелік жұмыс. Тетіктердің өлшемдерін штангенқұралмен және микрометрлік құрылғымен бақылау
2.1 Тәжірибелік жұмыстың мақсаты:
- микрометрлік құрылғылармен және штангенқұрал құрылғысымен олардың техникалық және метралогиялық берілгендерімен танысу;
- өлшеу тәсілдерін және әдістерін меңгеру;
- өлшемдерді өңдеу нәтижесінде тәжірибеге ие болу.
2.2 Аспаптар және саймандар
Бұл тәжірибелік жұмыста келесі аспаптар мен саймандар қолданылады:
-
штангенциркульдер ІІІ-ШЦ, ШЦ-I (МЕСТ 166 - 80);
-
ШГ штангентереңдік өлшеуіштер (МЕСТ 162 - 80);
-
штангенрейсмастар ШР (МЕСТ 164 - 80);
-
МК микрометрлер (МЕСТ 6507 - 78);
-
ГМ микрометрлі тереңдік өлшеуіштер (МЕСТ 7470 - 78).
2.3 Жалпы мәліметтер
Тағайындалуы бойынша барлық өлшенетін аспаптар және құралдар арнайы және әмбебапты болып бөлінеді. Әмбебапты өлшейтін аспаптар көп түрлі тетіктерді өлшеуге арналған. Ал арнайы тек қана жеке параметрлерге немесе белгілі бір тетіктерді өлшеуге арналған. Сыңдарлы белгілері бойынша әмбебапты аспаптарды және құралдарды екіге бөлуге болады:
- қосалқы межелікпен сызықталған құралдар (әмбебапты бұрышөлшеуіш және штанген құралдар; -микрометрлі құралдар );
- механикалық –иінтіректі құралдар (көрсеткіш) және т.б.;
- әмбебапты өлшеу құралдары және аспаптар, олардағы меншікте сурет немесе нүкте түріндегі белгілер бар болуымен сипатталады. Жабдықтарды өлшеу үшін келесі негізгі метрологиялық көрсеткіштер орнатылған;
- екі көршілес межеліктер белгілер арасындағы аралық-межеліктер бөлімі;
- екі көршілес меншік белгі осі арасындағы ара қашықтық межеліктер бөлімінің ұзындығы (1 немесе 0,5 мм);
- шамалар белгісінің әртүрлілігі екі көршілес межеліктің белгісіне сәйкес келетін межеліктердің бөліну саны.
Мысалы, микрометрлік аспаптардың бөліну мөлшері 0,01 мм-ге тең, яғни атанақтың бұрылысы кезінде микрометр сабағының бойлай сызықшасына қатысты бір сызықшадан екіншісіне дейін микрометрлік буранда 0,01 мм-ге орын ауыстырды;
- межелік бойынша тікелей есептеуге болатын ең үлкен және ең кіші өлшемдердің белгісі -өлшеу шегі. Тексерілетін тетіктің бетіндегі байланыс жеріндегі өлшенілетін ұштығының әсер күші (микрометрде нк тәріздес өлшенілетін тежеуіш 700 ± 200 сН жіберіледі) - өлешенілетін күш.
2.4 Штангенқұралдар
Штангенқұралдар деп конусты және межелікті қармаққа негізделген сызықты өлшем өлшеу жабдығы-межелік бөліну санының бүтін және бөлшек шама есебі үшін қосымша межелікті айтамыз.
Штангенқұралдарға жатады: штангенциркулдар, штангенте-реңдіклшеуіштер және штангенрейсмастар. Штангенқұралдармен ол- өлшеудің тура және абсолютті тәсілі. Штангенциркулдер тереңдіктің сыртқы және ішкі өлшемдердін өлшеуге арналған, сонымен қатар белгіленген жұмысты штангенциркулді хромдолған тотбаспайтын инструментальды және құрылымды болаттан жасайды. Өлшенілетін беттің қаттылығы 50 - 60 НRС. Штангенциркулды МЕСТ 166 – 80 0,05 және 0,1 мм межелік бойынша есеп беру мәнімен келісе отырып жасайды. Келесі түрде: ШЦ-І екіжақты тереңдік өлшеуішпен; ШЦ-І –біржақты, қатты балқымамен жабдықталған ШЦ-ІІ –екіжақты; ШЦ-ІІІ –біржақты (2.1-сурет). Барлық штангенциркуль құрылғысының негізгі бөлігі болып жақтауша, қосалқы межелік, жақтаушаның қысқышы, межелік қармақ болып саналады. Штангентереңдікөлшеуішті есептеу мәнді МЕСТ 162 - 80-ге сай 0,1 және 0,5 мм межелік бойынша және 0,5 мм бағытталған есеп берумен дайындайды (ТУ-2-034-620-84) (2.2-сурет). Штангентереңдік өлшеуіште жалпақ өлшенілетін бетті, 1 негіз бар. Негізбен қоса 8 қосалқы межелікпен бүтіндей 3 жақтауша жүргізілген, 6 қарнақ микрометрлік межелікпен жақтаушада негізге перпендикулярлы орын ауыстырады. Тереңдікөлшеуіш микрометрлік беріліс механизмімен жабдықталған. Штангенрейшастар белгілердің өлшемдерін көлемді және биіктікті өлшеуге арналған. Штангенрейшастарты МЕСТ 164-80-ге сай 0,1 және 0,5 мм межелік бойынша есеп берудің мәнімен дайындайды.
а) ШЦ-II; б) ШЩ-III.
1 – жылжымайтын өлшеу еріндері; 2 – жылжыйтын өлшеу еріндері; 3 – жақтауша; 4 – жақтаушаны қысқыш; 5 – қарнақ; 6 – қосалқы межелік; 7 – тереңдікөлшеуіштің сызғышы; 8 – микрометрлік берілістің жақтаушасы; 9 – микрометрлік берілістің сомыны және бұрандасы; 10 – микрометрлік берілісті жақтаушаларды қысқыш.
2.1-сурет – Штангенциркульдердің түрлері
1 – негіз; 2 – өлшеу табаны; 3 – белгілеу табаны; 4 – жақтауша; 5 – қосалқы межелік; 6 – микрометрлі берілісті жақтауша; 7 – қарнақ; 8 – сомын және микрометрлі берілісті бұранда; 9 – өлшенетін табан; 10 – белгіленген табан.
2.2-сурет – ШГ түрді штангентереңдікөлшеуіш
Штангенрейшастар 4 жақтаушаның 8 микроберіліс механизмімен және 4 қосалқы межеліктің межелігімен жақтауша орын ауыстыратын 7 қармаққа жоғары қарай бекітілген 1 негізден тұрады. Қажет болған жағдайда жақтаушаға қоныт тоқтатқыш бұранда көмегімен өлшенетін немесе белгіленген табандарды бекітеді. Ал шешілетін табанда екі өлшенілетін беті бар. Үстіңгісі – ішкі өлшемдерді өлшеу үшін, ал астыңғысы сыртқы өлшемдерді өлшеуге арналған. Штангенрейшастартың межелігі бойынша берілген есеп берудегі ішкі өлшемді өлшеген кезде өлшенілетін табанның биіктігін қосады.
Тетіктерді өлшеуді және белгілеуді тақтада жүргізеді.
Штангенрейсмастардың негізгі бөліктері ретінде бөліну саны 1 мм-ді межелік –сызғыш және есептеу дәлдігі 0,1 ;0,05, 0,02; және т.б. болатын сызғыш бойынша орын ауыстыратын қосымша межелік болып саналады. Қосалқы межелік көмегімен есептеу үшін қосалқы межеліктің 0-дік бөлу мөлшерінің алдында мм-лердің бүтін санын негізгі межелік бойынша анықтайды. Содан кейінгі қосалқы межелігінің қай сызықшасы негізгі межеліктің сызықшасына жақын басатынына сәйкес қосалқы межелік бойынша оған мм-дің біліктерінің санын қосады. 2.3-суретте мысалы қарастырылады.
а) 0,1 мм; б) 0,05мм шамасымен штангенаспаптарда көрсеткішті оқу үлгісі
2.3-сурет – Қосалқы межелік бойынша
2.5 Микрометрлі құралдар
Микрометрлік құралдарға: микрометрлер, микрометрлік тереңдік өлшеуіштер және іш өлшегіш, сыртқы, ішкі өлшегіштерді: кенерлер және тереңдіктердің, биіктіктерін тура және абсолютті байланыс әдістерімен өлшеуге арналған иінтіректі микрометрлер.
Осы құралдардың жұмыс істеу мақсаты берілістегі микробұранданың айналу қозғалысын түзу үшін бұрандасы жұптарды (бұранда – соның) пайдалануға негізделеген микрометрлік құралдардың бөлу саны 0,01 мм олар келесі түрде шығарылады:
МЖ – жылтыр;
МБ – бетті;
НҚ – құбырлы;
МТ – тіс өлшегішті: МС-сымдар үшін;
НЖБ – жұмсақ бұйымдар үшін;
МБН – бұрандасы;
НТ – үстелге тігінен;
МБ – үстелге көлденеңнен;
мот. 19005 – санды электронды есептеулермен (2.4-сурет).
а) МЖ – жылтыр; б) МБ – бетті; в) МҚ – құбырлы; г) МВП – жұмсақ материалдар үшін; д) ТӨ – тереңдік өлшеуіш; е) МТ – үстелге тігінен.
2.4-сурет – Микрометрлі құралдар түрлері
МЖ тәріздес жылтыр микрометрде (2.5-сурет) бір жағынан қозғалмайтын табаншыққа баспаланған 8 қапсырнасы бар, ал қапсырманың екінші жағында, 4 сабағы және 5 атанақ, 3 микробұранды құратын және 6 тырсыл механизмді микрометрлі бастиегі бар. Қажетті жағдайлардағы микробурананың бекітілуі 7 қысқышты бұранданамен іске асады 25 мм-ден жоғары шекті өлшеуден микрометрдің төменгі шегін өлшеуді тексеру қондырғылық 2 өлшем көмегімен жүзеге асады.
1-сабақ, 2-атанақ, 3-қапсырма, 4-микрометрлі бұранда, 5-табанша, 6-сытырлағыш, 7-тоқтатқыш, 8-қондырғы өлшем.
2.5-сурет – МЖ түрді жылтыр микрометр
Микрометрдің есеп беру құрылғысы екі межеліктен тұрады: (2.4-сурет, б). Шеңберлік және бойлық. Бойлық межелікте 2-кі сызықшалы қатары бар. Бұл сызықшалар көлденең сызықтың 2-кі жағында, біреуі екіншісіне қарағанда 0,05 мм-ге жылжыған сабақшада орналасқан. Шеңберлі межелікте 50 бөлгіші бар және атанақта орналасқан. Бойлай межелік бүтін және 0,5 мм-ді санайды, ал шеңберлі межелікте мм-дің 10-дық және 100-дік бөліктерін есептейді.
МБ-түрді бетті микрометр таспаның және беттің қалыңдығын өлшеуге арналған. Жылтыр микрометрден айырмашылығы, ол атанақпен қосылған жылжымайтын дөңгелек циферблатпен және бағыттауыштың көрсеткішімен жабдықталған. Табаншаның өлшенетін беті шар пішіндес болады.
МК түрді құбырлы микрометр. Құбыр қабырғасының қалыңдықтарын өлшеуге арналған. Қуысы бар шар тәріздес табаншақпен және қапсырмалар пішінімен ерекшелінеді.
МВП түрді жалпақ қойылымы бар микрометр. Жұмсақ және ворсистық заттарды өлшеуге арналған
МГ түрді столды микрометр – сағаттың және құрылыс қондырғылардың салаларында қолданылатын аса үлкен емес қатаңдықты, габариті аз тетікті өлшеуге арналған.
ТӨ түрді микрометр- тереңдік өлшеуіш, ойықтың тереңдігін және биіктердің кемерін, тесіктерді өлшеуге арналған.
НМ түрді микрометрді ішөлшеуіш – 2-кі нүктелі схемалы ішкі өлшемді өлшеуге арналған. Ондағы бір нүкте қозғалмайды, ал екіншісі өлшеу кезінде қозғалады. Онда бірнеше ұзартқыш бар.
2.6 Жұмыстың орындалу тәртібі
2.6.1 Штангенциркульмен тетктің өлшемін өлшеу.
Есеп беруге штангенциркулдің негізгі техникалық берілгенін жазып алу.
Өлшеуге және сызбаға жататын тетікпен танысу. Есеп беруде тетіктің эскизін орындау.
Білік элементінің цилиндр тәрізді бетін өлшеу керек, және таза матамен жақсылап сүрту керек. Штангенциркулді сүрту керек. Өлшенетін тетік білігінің осін өзінен қаратып үстелге қою. Біліктің цилиндр тәрізді бетін тетік сызбасында көрсетілген жердің диаметралды қиылысуымен штангенциркулдің губкасымен алу.
Штангенциркулдің көрсеткішін шешіп, оны есеп беруге жазып алу.
Тетіктің жарамдылығына қорытынды жасау. Егер тетіктің сызбасы бойынша өлшемі жоғары және төмен шектен шықпай, әр бағытта өлшенетін және диаметрдің нақты өлшемін бермесе, онда тетік жарамды болып есептеледі.
Штангенциркулді қалыпқа келтіріп, қорапқа салу.
2.6.2 Микрометрмен тетікті өлшеу.
Микрометрдің негізгі техникалық берілгенін есеп беруге жазып алу.
Өлшеуге және сызбаға жататын тетікпен танысу. Есеп беруде тетіктің эскизін орындау.
Білік элементінің цилиндр тәрізді үстіңгі бетін таза матамен сүрту.
Микрометрді сүрту. Микрометрдің 0-ге орнықтырылғанын тексеру.
Микробұранданы қалыпты жағдайға қойып, микрометрді сол қолмен табанша жағындағы қапсырмадан алып және өлшенетін тетіктің сызбасы бойынша берілген номиналды өлшемінің көмегіне қарағанда 0,5 мм-ден жоғары көрсетілетін өлшемінің сызық сабағының атанақтың астынан межелікте көрсетілгенге дейін оң қолмен сағат тіліне қарсы сытырлағанға дейін микробұранданы бұраймыз (2.6-сурет).
2.6-сурет – Межелік микрометрі бойынша 12,45 мм есеп беру.
Диаметралды қиылысу бойынша микробұрамдаманы және білікті өлшенетін цилиндір тәрізді бетінің табанын өлшенетін бетінен алу. Ол үшін:
- өлшенетін тетіктің білік осін өзіне қаратып үстелге қою;
- сол қолмен микрометр табанының жанындағы қапсырмадан ұстап алып, оң қолмен тырсылдағышты алып және микрометрді тетікке орналастырған кезде оның білігінің өлшенетін беті өлшенетін беті өлшенетін осьта болу керек.
Оң қолдың бармақтарымен тырсылдағышты өзіңнен бастап бұрау және 2-3 рет, тырсылдағыш бұралғандай.
Микробұранданың және табанның арасы қосылғанға дейін біліктің бетіне микробұранданы орнату.
Микрометрдің көрсеткішін шешу. Көрсеткіштің жалпы көлемі llm , lcm – сабақтың межелігі бойынша есептеуден тұрады: lcm-толық милиметрлі саннан тұрады: lcm – сабақ межелгінің басы және атанақтың қиылысуына жақын милиметрдің жартысы (2.6-суретте lcm = 12,0 мм ), lа – межеліктің басынан бастап сызыққа дейін атанақтың межелігінің бөліну саны бойынша зерттейді. (2.6-суретте lа = 0,145 мм) яғни 45 бөліну саны, ал 0,01 мм бөліну бағасы.
2.6-суретте микрометрдің жалпы көрсеткіші lm = lcm + lа = 12,0 + 0,145 = 12,145.
Берілген біліктің цилиндір тәрізді беті үшін тағы 2-кі жерінде осы іс-әрекеттерді қайталау (осы жерлер есеп беруінде 1,2,3-деп көрсетілген.
Есептегі шешілген көрсеткішті жазып алу.
Тетіктің жарамдылығы бойынша қорытында жасау.
Микрометрді қалыпқа келтіріп, қорапқа салу.
Бақылау сұрақтары
1 Штангенциркуль қандай негізгі бөліктен тұрады?
2 Өлшеу кезіндегі қателіктің болуының негізгі жағдайлары?
3 Штангенциркульдің метрологиялық көрсеткіші?
4 Қосалқы межелік бойынша есеп беру қалай жүргізіледі?
5 Микрометр қандай негізгі бөліктерден құралады?
6 Өлшеу алдында микрометрді қалай тексереді?
7 Микрометрдің метрологиялық көрсеткіштері?
8 Микрометрлік құралдарға қандай құралдар жатады?
9 Микрометрмен өлшеу кезінде есеп беру қалай жүргізіледі?
Әдебиеттер
1 Мендебаев Т. М., Машина жасау технологиясы. – Алматы : Эверо, 2005. – 200 б.
2 Мендебаев Т. М. Машина жасау технологиясының негiздерi: жоғары оқу орындары техн. мамандықтарының студ. арналған оқу құралы. – Алматы : Эверо, 2005. – 321 б.
3 Е. Б. Сүлеймен, Материалтану : жоғары оқу орындарына арналған оқулық. – Павлодар : С. Торайғыров атындағы ПМУ, 2006. – 261 б.
4 Жанзақов М. М. Стандарттау. – Қызылорда : Тұмар, 2007. – 219 б.
5 Өзара ауыстырымдылық, стандарттау, сертификаттау негiздерi және техникалық өлшеу. Сапа менеджментi. – Алматы : Бастау, 2008. – 261 б.
6 Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Метрология, стандарт. – Павлодар, 2007. – 300 б.
Мазмұны
Кіріспе………………………………………………………..3
№1 Тәжірибелік жұмыс. Станок үлгісінің шартбелгісін құру
мен оның технологиялық мүмкіндіктерін
анықтау....……….…................................................................4
№2 Тәжірибелік жұмыс. Тетіктердің өлшемдерін
штангенқұралмен және микрометрлік құрылғымен
бақылау..................................................................................16
Әдебиеттер..……………….……………………….……....25
Қосымша А............................................................................27
А қосымша
(анықтамалық)
А.1-кесте – Штангенаспаптардың техникалық сипаттамасы (мм)
Түрі
|
Өлшеу
шегі
|
Қосалқы межелік бойынша есеп беру
|
Жіберілетін қателік
|
Межелік бөлігі үшін
|
Межелікке есеп беру кезінде
|
|
|
Штангенциркулдер (МЕСТ 160-80)
|
ШЦ-I
ШЦТ-I
|
0-125
|
0,1
|
0
|
0,05
|
|
ШЦ-II
ШЦ-III
|
0-160
0-200
0-250
|
0,1
Және
0,5
|
0-100
100-200
200-250
|
0,06
0,07
0,08
|
0,05
|
ШЦ-III
|
0-315
0-400
0-500
250-630
250-800
320-1000
500-1250
|
0,1
|
250-300
300-400
400-1000
1000-1100
1100-1200
1200-1300
1300-1400
|
0,08
0,09
0,1
0,16
0,17
0,18
0,19
|
|
Штангентереңдікөлшеуіш (ТУ 2-034-620-80)
|
ШГ
|
0-160
0-200
0-250
0-315
0-400
|
0,05
|
0-400
|
|
0,05
|
Штангентереңдікөлшеуіш бағытталған есеп берумен
|
БВ-6232
|
0-250
|
0,05
|
0-250
|
|
0,05
|
Штангенрейсмастар (МЕСТ 164-80)
|
|
ШР
|
0-250
40-400
60-630
100-1000
600-1600
1500-2500
|
0,05
0,1
|
630
630
630-1000
1000-1600
1600-2500
|
0,10
0,10
0,15
0,20
|
0,05
|
А қосымшаның жалғасы
A.2-кесте – Микрометрлік аспаптардың техникалық мінездемесі
Аталуы
|
Түрі
|
Бөлім саны
|
Өлшеу диапазоны
|
Аспаптың қателігінің дәлдік шегі
|
1
|
2
|
Жылтыр микрометр
МЕСТ 6507-78
|
МК
|
0,01
|
0-25, 25-50,
25-50, 50-70,
100-125, 125-150
150-175, 175-200
200-225, 225-250
250-275, 275-300
300-400, 400-500
500-600
|
0,002
0,0025
0,003
0
0,004
0,005
0,006
|
0,004
0,004
0,005
0,006
0,008
0,010
|
Жалпақ қойылымы бар микрометр МЕСТ 6507-78
|
МВП
|
0,01
|
0-25
|
0,005
|
Бетті микрометр МЕСТ 6507-78
|
МЛ-5
МЛ-10
МЛ-25
|
0,01
|
0-5
0-10
0-25
|
0,004
|
А қосымшаның жалғасы
A.2-кесте – Микрометрлік аспаптардың техникалық мінездемесі (жалғасы)
Аталуы
|
Түрі
|
Бөлім саны
|
Өлшеу диапазоны
|
Аспаптың қателігінің дәлдік шегі
|
1
|
2
|
Бұрандалы микрометр МЕСТ 4380-86
|
МВМ
МВТ
|
0,01
|
0-25, 25-50,
50-75, 75-100
100-125, 125-150
150-175, 175-200 200-225, 225-250
250-275
275-300, 300-325
325-350
|
0,004
0,005
0,006
0,007
|
Құбырлы микрометр
МЕСТ 6507-78
|
МТ
|
0,01
|
0-25
|
0,004
|
Микрометрлі тереңдікөлшеуіш
МЕСТ-7470-78
|
ГМ
|
0,01
|
0-25
25-50, 50-100
100-150
|
0,002
0,003
0,004
|
0,004
0,006
0,006
|
Микрометрлі ішөлшеуіш МЕСТ 10-88
|
НМ
|
0,01
|
50-75
75-175
75-600
150-1250
800-2500
|
0,004
0,006
0,015
0,020
0,040
|
Достарыңызбен бөлісу: |