Мамандығы: 07161300 Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету



бет5/10
Дата06.12.2022
өлшемі0.55 Mb.
#466628
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
1 такырып

Трансмиссияның түрлері
Қозғалтқыш пен жетекші дөңгелектер арасындағы байланысқа және де бұраушы кезеңінің түрлену әдісіне қарай трансмиссия лар механикалық, біріктірілген (гидромеханикалық), электроме- ханикалық және гидрокөлемді болып бөлінеді.
Ең жиі қолданылатын механикалық трансмиссиялар, әр түрлі схемалар бойынша жалпы автомобиль агрегаттарын жинақтасты- руға байланысты және де қозғалтқыштың орналасуына және жетекші дөңгелектерге байланысты орындалған.
Егер автомобильде бір артқы жетекші көпір болса, (10.1-сурет, а), онда оның трансмиссиясы 1 іліністен құралады, 2 беріліс жәшігінен, 3 кардан білігі және басты беріліс, дифференциал және жарты өстері орналасқан 4 артқы көпірі (дөңгелектердің қозғалтқыш біліктері).
Мұндай трансмиссия түрі жеңіл және ауыр-жүк автомобильдерінде қолданылады. Жеңіл автомобильдерінде алдыңғы жетекші көпірмен трансмиссия іліністен, басты берілістен және бір беріліс жәшігінде корпусқа біріккен дифференциалдан құралады. Дифференциалдан айналу алдыңғы дөңгелектерге қозғалтқыш біліктер көмегімен тең бұрыштық жылдамдықтардағы кардант- тармен беріледі.
Егер автокөлікте екі көпір және екеуі де жетекші болса (10.1-сурет, б), онда оларға біріктірілген қосымша қораптар берілістері, 7 таратқыш қорапшасы қосылады. Бұндай автокөліктің трансмис- сиясына сонымен қатар алдыңғы жетекші көпірге басты берілісі бар кардандық беріліс, дифференциалды және дөңгелектердің же- тек біліктері кіреді.
Екі артқы жетекші көпірлері бар көліктер және алдыңғы басқарылатын (10.1-сурет, c) орташа өтетін көпірге ие, яғни беріліс қо- рабынан кардандық беріліс басты жетекшінің жетекші білігімен қосылады. Сол білікке кардандық беріліс және артқы көпірге бекітіледі.
Егер автокөлік екі артқы жетекші көпірлерден басқа алдыңғы жетекші көпір болса 5 (10.1-сурет, г ), онда трансмиссияда таратқыш қорапшасы орнатылады 7. Одан кардандық берілістер әрбір артқы және алдыңғы көпірлерге бөлек өтеді. Басқа схема да бар: айналу кезі таратқыш қорапшадан артқы көпірге өткінші ортаңғы көпір арқылы беріледі. (10.1-сурет, д ).
Төрт жетекші көпірлері бар автомобильдерде (10.1-сурет, е), әдетте, екі қозғалтқыш орнатылған, олардың әрқайсысы айналу кезін екі жетекші көпірге жібереді. Осындай автомобильдердің трансмиссиясы өзіне автокөліктерді екі артқы көпірлері бар екі жиынтық механизмдерін қосады. Әрбір жиынтық өз қозғалтқыштарына қызмет етеді. Бұл автокөліктер қажет болған жағдайда бірге немесе кезек-кезек біресе бір, біресе басқа қозғалтқышта жұмыс істей алады.


10.1-сурет. Автомобиль трансмиссиясының схемалары:



а — бір артқы жетекші көпірмен; б — алдыңғы және артқы жетекші жете ші көпірлермен; в — екі артқы жетекші көпірлермен; г мен д — үш жетекші көпірлермен; е — төрт жетекші; 1 — ілініс; 2 — беріліс жәшігі; 3, 6 — кар дандық білік; 4, 8 — артқы жетекші көпірлер; 5 — алдыңғы жетекші білік; 7 — таратқыш жәшігі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет