Мамандығы: 07161300 Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету



бет6/10
Дата06.12.2022
өлшемі0.55 Mb.
#466628
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
1 такырып

АВТОМОБИЛЬДІҢ ЖҮРІСТІК БӨЛІГІ


Жүрістік бөлік жақтаудан (жеңіл көліктерде қосалқы жақтау), алдыңғы осьтен, артқы көпірден, рессордан, амортизаторлардан, дөңгелектерден және шиналардан тұрады. Жүрістік бөлік шина- лардың жол бетімен сенімді ілінісуін қамтамасыз етеді, кедір-бұдыр жолдан секіруді қабылдайды және бірқалыпты қозғалысты қамтамасыз етеді. Жүріс бірқалыптылығы адамның физикалық күйіне және денсаулығына, қозғалыс қауіпсіздігіне, тиелген жүк тің сақталуына әсер етеді.
Автомобильдің жақтауына барлық негізгі агрегаттар мен ме- ханизмдер бекітіледі. Жеңіл көліктерде және автобустарда жақтаулар жоқ, бірақ қозғалтқышты және алдыңғы осьті бекіту үшін шанақтың алдыңғы бөлігінде қысқа жақтау (қосалқы жақтау) бар.
Жақтау:

  • Берік және қатты, иілуге және бұралуға төзімді болу керек, себебі оған статикалық және динамикалық күштер әсер етеді;

  • Мүмкіндігінше жеңіл болу керек, себебі оның салмағы автомобильдің жүк көтергіштігіне әсер етеді;

  • үлкен жылдамдықтарда көшелер мен жолдар бұрылыстарында қозғалған кезде, және де тік қияларда, тік өрлерде және тау беткейлерінде қозғалғанда автомобильдің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін ауырлық центрі неғұрлым төмен орналасу керек.
    1. Жақтау құрылымының ерекшеліктері


Құрылымы бойынша жақтаулар лонжеронды, жоталы және Х-тәрізді болып бөлінеді.
Лонжеронды жақтау (15.1 сур., а) екі бойлық арқалықтан (лонжероннан) 1, тойтармалар арқылы өзара көлденең арқа-лықтармен (траверсалармен) 2 қосылған. Лонжерондар мен тра версалар күрделі П-тәрізді пішінді болаттан таңбаланады. Лонже- рондар биіктігі ұзындығы бойынша бірдей емес және жақтаудың нақты бөліктеріне тиетін жүктемеге байланысты. Лонжерондардың ең үлкен биіктігі ортаңғы бөлігіне келеді. Ауырлық ортасы- ның күйін төмендету үшін, лонжерондар белдік үстінде жоғары иілген, ал ортаңғы бөлігінде керісінше, төмен түсірілген. Қозғалтқышты, рессорларды, басқыштарды, аккумулятор батареясын, отын багын және басқа құрылғыларды орнату үшін жақтауда арнайы кронштейндер бар. Жақтаудың алдыңғы бөлігінде буфер 6 бекітілген. Жеңіл автомобильдерде буферлер шанақтың басы мен аяғында бекітіледі.
Жақтау лонжерондарының алдыңғы шеттерінде автомобильдің өзін тіркеп сүйреуге арналған ілмектер 5 бекітілген, ал жақтаудың артқы шетінде демпфері 4 бар тіркеу арқан ілмегі 3 орнатылған.
Жоталы жақтау (15.1-сурет, б) арқалықтарымен орталық арқалықтан тұрады. Арқалықтың құбырлы, швеллерлі және қорапты қимасы бар. Автомобильдерде жоталы жақтау өте сирек қолданылады.
Х-тәрізді жақтау (15.1 сур., в) жабық құбырлы пішінді ортаңғы арқалықтан, сондай-ақ, алдыңғы және артқы құбырлы бөліктерден тұрады. Мұндай құрылымды жақтаулар сыйымдылығы үлкен жеңіл автомобильдерде қолданылады.






15.1-сурет. Автомобиль жақтауларының түрлері:
а — лонжеронды: 1 — лонжерондар; 2 — траверсалар; 3 — тіркеу арқанның ілмегі; 4 — демпфер; 5 — ілмектер; 6 — буфер; б — жоталы; в — Х-тәрізді



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет