Мамандықтың шифры мен атауы 5В050900


Пререквизиттер: «Қаржы», «Бухгалтерлік есеп», «Компаниялардың қаржылық есептемесі», «Мемлекеттік бюджет»



бет5/5
Дата12.07.2016
өлшемі470 Kb.
#192990
1   2   3   4   5
Пререквизиттер: «Қаржы», «Бухгалтерлік есеп», «Компаниялардың қаржылық есептемесі», «Мемлекеттік бюджет».

Бухгалтерлік есептің негізгі қағидалары мен тұжырымдамаларын меңгеру. Қаржы ұғымдарын, терминдерін ұғып алу.

Постреквизиттер: Есептік бақылау – ревизиялық және аудиториялық нормативтік –құқықтық актілерді біледі. Мемлекеттік ұйымдар мен мекемелерді қаржылық бақылау және аудиттен өткізу әдістемесін үйренеді.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Қаржылық және бюджеттік ұйымдардағы қаржылық бақылау және аудит, бухгалтерлік есеп теориясы, басқарушылық талдау, аудит негіздері, мамадандырушыларымен байланысты. Нарықтық экономика жағдйындағы қаржылық бақылау мен аудит ролі, пайдаланылатын ресурстар б.тіндігін қамтамасыз ету, бақылау мен аудитті ұйымдастыру тәртібін игеру, қаржылық бақылау нысандары мен әдістері, аудитті ұйымдастыру түрлері.

Бағдарламаның жетекшілері: Нұрмағанбетова Б., Тен Н.Ю.


Пәннің атауы: «Векселдік несиелендіру».
Пререквизиттер: «Экономикалық теория», «Ақша. Несие. Банктер».

Ақша , несие және банктердің теориялық аспектілері, ақша және несие жүйесінің қызмет етуінің, халықаралық несие-есеп айырысу және валюталық қатнастарын оқып үйрену.

Постреквизиттер: Векселдердің анықтамасын біледі. Қазақстан Республикасындағы векселдік реттеудің нормативтік құқықтық негіздері арқылы практикалық дағдыларға ие болады.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Банктегі векселді-несиелік операциялар, векселдердің есеп тәртібі, онкольды қарыздар, несиелер, банктегі векселді қайта есептеу, векселді домиляциялау, коммерциялық банктегі клиенттің векселін акцептеу.

Бағдарламаның жетекшілері: Нұрмағанбетова Б., Тен Н.Ю.


Пәннің атауы: «Коммерциялық банктердегі қаржылық талдау»

Пререквизиттер: «Ақша. Несие. Банктер», «Бухгалтерлік есеп», «Банк ісі», «Компаниялардың қаржылық есептемесі».

Ақша, несие және банктердің теориялық аспектілері, ақша және несие жүйесінің қызмет етуінің, халықаралық несие-есеп айырысу және валюталық қатнастарын оқып-үйрену. Қаржы-несие сферасындағы экономикалық процесстерді, белгілі бір құбылысты талдай және бағалай білу.

Постреквизиттер: Коммерциялық банктің қаржылық жағдайына талдау жүргізуді біледі.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Коммерциялық банктердегі қаржылық талдау мен қаржылық талдауды ақпараттық қамтамасыз етуді талдау ерекшеліктері, коммерциялық банктер қызметіндегі қаржылық талдаудың рөлі мен маңызы, банк балансын талдау әдістері мен тәсілдері, көрсеткіштері мен жеткілікті және банктің меншік капиталын пайдалануды талдау, банк табыстары мен шығындарын талдау, коммерция банктер активтері мен депозиттік қоржындарының сапасын талдау, коммерциялық банктердің экономикалық нормативтерін орындауды талдау. Ресурстарды тарту шығындарын, операция табыстылығын және тәуекелділікті бағалаудың негізгі аналитикалық тәсілдері, әдістері, жолдары.

Бағдарламаның жетекшілері: Ким Н.Р., Жеңсікбаева К.М.


Пәннің атауы: «Қаржылық лизинг»

Пререквизиттер: «Корпоративтік қаржы», «Банк ісі».

Қаржы-несие сферасындағы экономикалық процесстерді, белгілі бір құбылысты талдай және бағалай білу. Корпоративтік қаржының теориялық және практикалық жаңалықтарын меңгеру.

Постреквизиттер: Қаржылық лизингтің теориялық негіздерін біледі.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Қаржылық лизингтің түсінігі, объектісі және субъектісі. Қаржылық лизингтің түрлері. Келісім шарттардың ерекшеліктері. Қаржылық лизингпен айналысатын банктер.

Бағдарламаның жетекшілері: Ким Н.Р., Жеңсікбаева К.М.


Пәннің атауы: «Мемлекеттік бюджет»

Пререквизиттер: «Қаржы», «Экономикалық теория», «Салық және салық салу».

Қаржы ұғымдарын, терминдерін ұғып алу.Қаржыны қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының нақты жағдайында қолданудың әдістерін түсінуге қол жеткізу.

Постреквизиттер: Мемлекеттік бюджеттің теориялық негіздерін біледі. Бюджеттік түсімдер мен шығыстарына талдау жасауды үйренеді.

Бағдарламаның қысқаша курсы: «Мемлекеттік бюджет» курсы мемлекеттік бюджетті экономикалық категория ретінде экономиканы басқару үшін мемлекет қолданатын құрал және мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары ретінде қарастырады.

Бұл курста ҚР-ның бюджет жүйесі, бюджеттердің жеке түрлерінің мазмұны мен мақсаттары, бюджет жүйесін басқару бойынша қаржы органдарының жұмысы қарастырылады.

Бағдарламаның жетекшілері:Жрауова Қ.С., Хван Н.В., Сарбалакова А.Ж.

Пәннің атауы: «Қазынашылықты ұйымдастыру»

Пререквизиттер: «Қаржы», «Салық және салық салу»

Қаржы ұғымдарын, терминдерін ұғып алу. Қаржыны қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының нақты жағдайында қолданудың әдістерін түсінуге қол жеткізу. салық салуға қатысты жалпы және жеке проблемаларды талдай білу.

Постреквизиттер: ҚР қазынашылықтың әрекет етуінін теориялық тәжірибелік аспектілерін біледі.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Қазақстан Республикасының қазынашылығының қалыптасуы жұмыс істеуі, қазынашылықты құрудың қажеттілігі, қазынашылықтың құрылымы, міндеті және функциясы, қазынашылықтың құрылым органы. Қазынашылық ұйымдардың бюджеттік орындалу жүйесі. Бюджеттің орындалу жүйесінде қазынашылықты жетілдіру, Қазақстандық қазынашылықтың жұмысында шетел мемлекетінің тәжірибесін пайдалану, қазынашылық ұйымдардың жүйесіндегі проблемалар.

Бағдарламаның жетекшілері: Жрауова Қ.С., Хван Н.В., Сарбалакова А.Ж.
Пәннің атауы: «Банктік маркетинг»

Пререквизиттер:«Банк ісі», «Ақша. Несие. Банктер»

Студенттерге ақша, несие және банктер теориясы жөнінде қажет-ті теориялық білімі қажет.

Постреквизиттер: Банктердің маркетингтік саясатының негіздерін және тетіктерін біледі.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Банктің мәні. Банктік маркетинг түсінігі. Банк саласындағы маркетингтік зерттеулердің ерекшеліктері мен бағыттары. Банктік қызмет бағасы түсінігі. Банктік қызметтерді өткізу ерекшеліктері.

Бағдарламаның жетекшілері: Сарбалаков Ж.О., Махницкая Е.И., Ахметова Ш.Б., Кусаева Н.С.

Пәннің атауы: «Экономиканы ақша несиелік реттеу»

Пререквизиттер:«Банк ісі», «Экономикалық теория» «Ақша. Несие. Банктер»

Студенттерге ақша , несие және банктер теориясы жөнінде қажет-ті теориялық білім қажет. Әëåóìåòòiê-ýêîíîìèêàëûº æà¹äàéëàðäû òàëäàó.

Постреквизиттер: Экономиканы ақша несиелік реттеудің негізгі тетіктерін, оны жүргізетін мемлекеттік органдарын біледі.



Бағдарламаның қысқаша курсы: Орталық банктердің рөлі немесе елімізде ақша-несиені реттеудің қажеттілігі. Пайыздық саясат құралдары және қайта қаржыландыру ставкасы, ақшаның қатысты жоспарлау, ақшаның номиналды, сандық немесе металдық теориясы, ақша-несие саясатын қолдану арқылы инфляцияға қарсы саясат.

Бағдарламаның жетекшілері: Сарбалаков Ж.О., Махницкая Е.И., Ахметова Ш.Б., Кусаева Н.С.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет