Мақсаттары: Мәтіндегі негізгі ақпаратты түсіну,анықтау. Лексикалық тақырып аясында болымды және болымсыз етістіктерді меңгерту



Дата02.08.2024
өлшемі16.13 Kb.
#503089
түріСабақ
үлгі


Күні: 14.12.2018ж Сынып: 5 «А» Ашық сабақтың тақырыбы: Қысқа мерзімді жоспардың тарауы: Әлеммдегі ірі кітапханалар Мектеп: «Сергеевка орта мектебі»КММ Мұғалім: Рахимова Гульзира Омаровна Кітап –бағалы сыйлық
Сабақтың оқу
мақсаттары: Мәтіндегі негізгі ақпаратты түсіну,анықтау. Лексикалық тақырып аясында болымды және болымсыз етістіктерді меңгерту.
Сабақтың
мақсаты: Барлық оқушылар: жеңіл сұрақтарға жауап бере алады; Көпшілік оқушылар: тақырыпқа қатысты диолог құра алады; Кейбір оқушылар: мәтіннің мазмұнын түсініп, өз ойларын айта алады.
Ойлау
дағдыларының
деңгейі Білу. Түсіну. Қолдану
Сілтеме: Оқу бағдарламасы ,Қазақ тілі оқулығы
Бағалау
критерийі Оқушының төменгі жетістігі(ОТЖ): тақырыпқа қатысты ақпарат береді, сыныптастарымен тілдеседі.
Оқушының орташа жетістігі(ООЖ): қазақ тілінде қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы кітапхананы, өзі оқитын кітаптарды сипаттайды.
Оқушының жоғарғы жетістігі (ОЖЖ): тақырып аясында өз бетімен қарапайым үлгілер арқылы сөйлесімге келеді.
Құндылықтарға
баулу Кітап оқуға баулу.
Тақырып
бойынша
алдыңғы білім Етістіктің ережесін білу. Мысалдар келтіру.
Жаңа сөздер: Дана сөз, дүние жинамайды, шағын, қызықты мәліметтер, ақпарат, табасың, таппайсың, бөле, ұқыпты ұстау, рұқсатымен.
Сабақта
қолданылатын
материалдар: Интерактивті тақта, слайдтар, смайликтер, өзара бағалау парағы,
Оқыту әдістері: Түсіндіру,сұрақ-жауап, «Көңіл күйді анықтау» тренингі, «Ой шақыру» әдісі, жұптық жұмыс, топтық жұмыс, «Тірек сөздер» стратегиясы.
Дереккөздері: Әдістемелік құрал,дидактикалық материалдар,сөздік.
Тапсырма Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Сабақтың басы
Оқушыларға
психологиялық
ахуал туғызу Жоспарланған жаттығулар "Ыстық алақан" тренингін өткізу. Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтып, сәттілік Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтады. Топқа бөлінеді.
2 минут тілейді. Топқа бөлу. "Қар кесегі" әдісі арқылы 2 топқа бөлінеді. 1 топ «Жас қалам» тобы 2 топ «Жас оқырман» тобы
І
Қызығушылығын
ояту
1 минут Тақырып аясында дайындалған слайдтарды көрсетемін, сипаттап беруін сұраймын. Слайдтарды сипаттайды.
ІІ Сабақтың
ортасы
Мағынаны тану
5 минут
3 мин
5 минут
1.Сөздікпен жұмыс Дана сөздер-мудрые слова Дүние жинамайды – не собирает вещи Шағын – небольшой Қызық мәліметтер-интересные данные Ақпарат – информация Бөле-двоюродный брат или сестра по материнской линий Ұқыпты ұстау-бережное отношение Рұқсатымен – с разрешением Табасың –находишь Таппайсың – не находишь Жаңа сөздерді тыңдайды,қайталайды. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді. 2.Мәтіналды жұмыс. 1-тапсырма. Суретке қарап, сұрақтарға жауап бер. 1.Оқушылар қайда отыр? 2.Олар не істеп отыр? 3.Кітапханаға не үшін келеді? 4.Мектепте кітапхана бар ма? 5. Сен соңғы рет қашан кітап алдың? 6. Ол – қандай кітап еді? «Автобус аялдамасы» әдісі арқылы, топ мүшелері оқыған кітап тізімін жазып, екі топ бірін-бірі тексереді. Алға шыққан топ женімпаз атанады. 3.Тілдік бағдар. Ал балалар еске түсірейік етістік дегеніміз не? Қандай сұрақтарға жауап береді? Өте жақсы жауаптары олай болса етістіктің екі түрі болады, бәріміз экранға қарайық, болымды және болымсыз етістіктерді көрсетеді, мұғалім. Ендеше бірінші топ осы мәтінен болымды етістіктерді табыңдар, екінші топ, болымсыз Болымды және болымсыз етістіктерді меңгереді.
7 минут 4 минут етістіктерді табыңдар Болымды және болымсыз етістіктерді меңгертемін. Мысалы: бар-барма, айтып жүр-айтпай жүр, барған-барған емес, келген-келген жоқ; 2-тапсырма. Етістіктерді тауып, түбір мен қосымшаларды анықта. Жинама, жыртпа, жазба, айтпа, берме, көрме, жүрме, алма: Етістіктерді табады, түбір мен қосымшаларды анықтайды. 4.Мәтінмен жұмыс. 3-тапсырма. Мәтінді тыңда. Оқы. Болымды және болымсыз етістіктерді тап. Қою қаріппен жазылған сөздердің түбір қосымшасын ажырат. Бөлеме кітап сыйладым. «Кітап – білім бұлағы» деген дана сөз бар. Білімнің пайдасын білетін адам дүние жинамайды, кітап жинайды....... Мәтіннен болымды және болымсыз етістіктерді табады, қарамен жазылған сөздердің түбір мен қосымшасын ажыратады. 5.тапсырма Мақал-мәтел жарысын ұйымдастырамын. Қай қатар көп мақал-мәтелдерді жылдам құрастырса, сол қатар жеңімпаз болады. Әр қатар кітапқа қатысты мақал-мәтелдер, даналық сөздер құрастырады. Сергіту сәті. «Қызыл гүлім-ай» әңіне серуендеп билейді. Оқушылар серуендейді.
ІІІ Ой толғаныс
8 минут 6 тапсырма. Мәтіннің соңы. Оқылған мәтін бойынша «Құпия ұяшық» ойыны арқылы сұрақтарға жауап береді. Қажетті сөздерді қойып сұрақтардың жауабын толықтырып айтады.
ІV Бекіту «Тірек сөздер» стратегиясы арқылы сабақты бекітемін. Сөйлем құрайды.
V Бағалау
2 минут Формативті бағалау. Бағалау парқшаларын таратамын. Бағалау парақшаларына өздерін бағалайды.
VІ Үйге тапсырма Оқулықтағы 4-тапсырманы орындау. Ережені білу.
VІІ Рефлексия 3 минут «Сиқырлы микрофон»әдісі арқылы сұрақтарға жауап береді. - Бүгінгі сабақ саған ұнады ма? - Бүгінгі сабақтан сен не үйрендің? - Бүгінгі сабаққа кімдер белсенді қатысты? Түрлі –түсті смайликтер таратып беремін. Сұрақтарға әділ, нақты жауаптарын ашық айтады. Сабақтан алған әсерлерін смайликтермен білдіреді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет