МАТЕМАТИКА ПӘНІНЕН «LESSON STUDY» ЗЕРТТЕУ САБАҒЫНДА ТИІМДІ КЕРІ БАЙЛАНЫС БЕРУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗ – ӨЗІН РЕТТЕУІН ДАМЫТУ
Исағалиев Әнуар Аманжолұлы
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің магистранты
«Физика және математика» кафедрасы
Аңдатпа
Бұл мақалада «Lesson Study» зерттеу сабағының оқушының оқуына, мұғалімнің кәсіби тәжірибесінің артуына ықпал ететін педагагогикалық тәсіл, яғни оқушылардың сабаққа қызығушылығын оятып, білім сапасын арттыруда тиімді тәсіл екені айқындалады.
Аннотация
В данной статье описана роль детской литературы в образовании и воспитании подрастающего поколения, внедрения в учебную программу произведений современных поэтов-писателей, использования педагогико-инновационных методов в обучении учащихся средних образовательных школ,пропаганды среди учащихся изучения состояния современной казахской литературы.
Abstract
The article considers the role of children literature in educating young generation. It is necessary to introduce works of modern poets and writers into school program, to use pedagogical innovative methods in teaching students in secondary schools, to advocate learning modern Kazakh Literature.
«Ел мен елді, халықпен халықты теңестіретін нәрсе, ол – білім» -деп ұлы тұлға М. Әуезов айтып кеткендей, білім – бұл қоғамның ең жауапты, ең қастерлі саласы. Сындарлы оқыту теориясы – оқыту теорияларының ішінде өмірлік маңызы бар, алған білімді өмірде қолдануға тәрбиелейтін теория. Бұл бағдарламаның бір ыңғайлы және тиімді жері – жасалынған іс-әрекеттің қатып қалған қағидасы жоқ. Бағдарламаның негізгі идеясын түсініп, мектептің, оқушының және мұғалімнің мүмкіндіктерін ескере отырып, нәтижеге қол жеткізу үшін қолжетімді, тиімді қадамдар жасауға болады.Теория бойынша, «Lesson Study» зерттеу сабағыны оқушының оқуына, мұғалімнің кәсіби тәжірибесінің артуына ықпал ететін педагагогикалық тәсіл, яғни оқушылардың сабаққа қызығушылығын оятып, білім сапасын арттыруда тиімді тәсіл екенімен танысқаннан кейін, рефлексивтік-практик ретінде осы зерттеу сабағын тәжірибеге енгізсек, өзіміздегі өзекті проблеманың шешуін табады деп ойлаймын.
Биылғы оқу жылында 7 – сыныптарға сабақ беремін. Мен өзімнің әріптестеріммен бірігіп, осы жылы Ақбөбек Халықаралық мектебінің 7 – сынып оқушыларының білімін зерттеуді мақсат етіп алдық. «Lesson Study» зерттеу сабақтарын өткізу мақсатында әріптестерімізбен бірігіп шағын топ құрдық. Ол топқа нақты айтқанда 7 – сыныптарға сабақ беретін үш мұғалім. Мақсатымыз әр түрлі әдіс – тәсілдерді қолдану арқылы математикалық сауаттылығы жоғары оқушыларды дайындау. Бұл дегеніміз академиялық білімі жоғары, қазіргі заман талабына сай, бәсекеге қабілетті оқушы дайындау дегенді білдіреді. «Lesson Study» зерттеу сабақтарының мақсаты ретінде топ мүшелерімен ақылдасып, «Тиімді кері байланыс беру арқылы оқушылардың өз – өзін реттеуін дамыту» деп алдық.
Топтың алдында тізбектелген сабақтарда зерттеу жұмысын жүзеге асыру тұрды. Топ жұмысы алдына әр түрлі 7 – сыныптарда зерттеу сабақтарын өткізуді мақсат етіп қойдық. Зерттеу сабақтарын құру мақсатында біз «күнтізбелік – тақырыптық жоспар» - ды қолданып, әр тоқсанда кем дегенде екі сабақ өткізуді жоспарланды.
Мен өз сыныбыма зерттеу сабағы аясында сабақ өткізуді ұйғардым. Ол сабақ І тоқсандағы «Модуль таңбасы бар теңдеулер мен теңсіздіктер» тарауына сәйкес келді. Сабақ тақырыбы: « түріндегі теңдеулерді шешу». Осы сабақтың жоспарын құру үшін зерттеу тобы жұмысқа кірісті.
Зерттеу тобының алдында сабақтың басынан соңына дейін толық жоспарлап шығу мақсаты тұрғаны түсіндіріледі.Мұғалім және мен сабақты оқушылардың 6 – сыныпта «Қарапайым модулі бар теңдеулерді шешу» тақырыбынан алған білімдерімен ұштастыруы және осыған қатысты оқу мақсаттары мен сабақ мақсаттарын байланыстыруы жоспарланады. Жоспарлау барысында құндылықтарды дарыту мен тілдік мақсаттарды, пәнаралық байланыстар ескеріледі. Құндылықтарды дарыту сабақ барысында әр кезеңінде жүреді. Тілдік мақсаттар сабақ барысында презентациялауда қолданылады. Пәнаралық байланыс тақырыпқа байланысты кең ауқымды болып табылады. «Модуль таңбалары» физикада, сызуда және географияда кең қолданылады. Сабақтың бастапқы моменттерін жоспарлау ойдағыдай жүзеге асты деген мақсатпен негізгі бөлігін жоспарлайық. Сабақтың ең басында осы сыныпта оқитын оқушылардың мүмкіндіктерін ескере отыра, дифференциациялап оқытуды жоспарлауды жадымызда ұстадық. Сабақ барысында топ мүшелерімен ақылдаса келе 12 оқушыны 3 топқа бөлінеді. Жоғарыда айтылған сұрақтарға жауапқа негізінде сабақ құру тұрғанын ескердік. Сабақтың негізгі мақсаты оқушылардың ойлау, саралау және тұжырым жасау қабілеттерін дамыту. Себебі жаңа тақырыпты игеру барысында саралау жұмысы жүргізілетіндігі анық. Сабақтың басын амандасу, көңіл – күй сұрасумен басталады. Одан кейін оқушыларды модульдің қасиеттеріне байланысты топтарға бөлінеді. Қолдарындағы таратпа қағаз бен тақтаға жазылатын қарапайым мысалдар негізінде сабақты бұрынғы білімдерімен байланыстыруды, осыны ескере отырып оқушылардың сабақ мақсаттарын өз беттерімен анықтайды. Үш топқа бөлінген оқушылар сабақ мақсаттарын анықтап болғаннан кейін тақырыпқа сәйкес жеңіл есептер ұсынады және есептер шығару барысында есеп дескрипторларын өз беттерімен және қажет сәттерде мұғалімнің көмегін қолданады. Осы сабақ бөлігінде және сабақтың мақсаттарын анықтау барысында мұғалім тарапынан немесе жақсы оқитын оқушылар тарапынан өз сыныптастарына және топ мүшелеріне кері байланыс беріледі. Оқушылар өз жұмыстарын жасап болғаннан кейін жаңа сабақты жетік меңгерулері үшін тақырыпқа қатысты үлестірме қағаздарды таратады. Бұл орайда 3 топқа әр түрлі мәселе сұрақтар қойылып, осы мәселе сұрақтардың шешімін табу мақсатында өз беттерімен жұмыс жасайды. Топтардың жұмысы постерлерде көрініс табады деп жоспарланды. Оқушыларға постерлерді бағалау дескрипторларын жасау тапсырылады. Топтағы барлық мұғалімдер бір ауыздан мәліметтерді оқу барысында «Инсерт» әдісі жақсы көмектеседі деп топшыладық. Себебі жаңа тақырыпқа сәйкес оқушыларға жаңа ұғымдар мен математикалық символдар кездесуі мүмкіндігін ескеріледі. Осы жаңа мәліметтерді дәптер бетіне түсіру керектігін ескеру деп шештік. Оқушылар өз жұмыстарын постер беттеріне түсіруде және мәліметтерді зерттеу барысында мұғалім оларға жол көрсетуші, бағдар беруші, ақылшы ролін атқарады. Бұл жұмыс мұғалім тарапынан оқушыларға кері байланыс есебінен болуы шарт. Яғни «Сіздің ойыңызша мәселе сұрақтар толық қамтылды ма?», «Модуль таңбасының қасиеттерін ескердіңіз бе?», «Қандай жағдайды ескеруіміз қажет еді?», «Теңдеудің шешімі болмайды дегенді қалай түсінесіз?» деген сұрақтарды қойылады. Мұғалімнің осы тиімді берілген кері байланыстарынан кейін оқушылар өз топтарындағы жіберіліп жатқан қателерді түзетуіне, не мәселе сұрақтарын жан – жақты зерттеп қарауына мүмкіндік туады. Осы орайда мұғалімнің оқушыларды, оқушылар бірін – бірі бағалауы жүзеге асады. Топ жұмыстарын бағалау үшін «Карусель» әдісін таңдап алынды. Бағалау өзара жүзеге асуын, бірін – бірі бағалауын, әр топты толғандырған сұрақтарды қойып, бір жағынан диалогтік әңгіме жүзеге асуы мақсатында және де мұғалімнің қосымша сұрақтармен терең зерттеу мәселесін ескеріп осы тәсілді таңдалды. Сабақтың негізгі бөлігі мәселені ашу болғандықтан 15 минутқа жоспарланды. Оқушылардың жаңа тақырыпты толық игеруін тексеру ретінде жұптық және топтық жұмыстар беріледі. Оқушылардың тақырыпқа қатысты есептерге өз беттерімен дескриптор құра алуы, есептің әр бағалау парағына сәйкес жұмыс жасағандығы қадағаланады. Сабақтың бұл сәтінде дифференциациялық оқытуды жоспарлағанбыз. Себебі менің сыныбымда математикалық білімі өте жоғары бірнеше оқушы барын ескергенбіз. Оқушылар есептер шығару барысында әр түрлі сұрақтарды қоятындығы, яғни пысықтау сұрақтары мен мысалдарын түсіндіру жұмыстары осы лидер оқушыларға артылады деп есептелді. Оларға қосымша есептер дайындап қойылды. Қажет кезде мұғалім көмек қолын созуға әзір екенін ескерілді. Сабақтың бұл бөлігіне 15 минут жеткілікті деп есептелінді. Сабақтың соңғы бөлігіне 5 минут бөлуді жоспарладық. Бұл кезеңде оқушылардың бүгінгі сабақ туралы өз ойлары мен білімдерінің деңгейін білу жоспарланды. Рефлексия есебінде «Аралдар таңдамасын» қолданамыз деп шештік. Мақсатымыз оқушылардың эмоциялық және жаңа тақырыпқа қатысты білімдерін бағалау және өзі таңдаған аралдың түсіндірмесін беріп кету. Мақсатымыз сапалы білімге қол жеткізу жолындағы кемшіліктер мен артықшылықтарды анықтап, сабақты зерттеу жұмысын жүргізу.
Топ мүшелерінің мақсаты жоспарланған сабақ бойынша сабақтағы әлсіз және күшті тұстарды анықтау, сабақтың сәтті кезеңдері мен сәтсіз кезеңдерін және келесі жоспарлауда ескерілетін аспектілерді анықтау. Жоспарлағандай сабақтың басында оқушылармен амандасып, көңіл – күйлерін сұраумен бастадым. Оқушылар жасырмай өз ойларын ортаға жеткізді. Осы сәттен кейін оқушыларға таратпа қағаздарды таңдап алуын ұсындым. Мақсатым біріншіден топқа бөлу жолы, екіншіден сабақ тақырыбына қатысты сабақ мақсаттарын анықтау. Оқушылар таратпа қағаздарға байланысты үш топқа бөлінді. Өз қолдарында қағаздарға қарап бүгінгі сабақ мақсаттарын анықтауды ұсындым. Оқушылар әр түрлі сабақ мақсаттарын айтып жатырды. Олардың ішінде дұрыс және де сабақ мақсатына сәйкес келмейтін мақсаттар айтылып жатыр еді. Осы кезеңде сұрақ қою арқылы бұрыңғы алған білімдерімен байланыстыруларын ұсындым. Ақыры сабақ мақсаты дұрыс анықталды. Жоспар бойынша бөлінген уақыт аз болып қалды. Себебі мәселені ашу 2 минутқа дейін созылып кетті. Үш топқа бөлінген оқушыларға үлестірме қағаз таратылды. Алдарына берілген нақты есептерді шығару және есепті бағалау дескрипторларын құру мақсат етіліп қойылды. Оқушылар топтық жұмыс жасау барысында әр түрлі сұрақтар қойылды. Мен бұл орайда оқушыларға кері байланыс беру жұмысымен айналыстым. 2 – топтағы А окушы мен 3 – топтағы В оқушы өз топтарындағы сабақты дұрыс түсінбей отырған оқушыларға көмектесіп, тақырыпты түсінулеріне жәрдем берді. Оқушылардың білімдерін тексеру мақсатында «миға шабуыл» сұрақтарын қойып отырдым. Дескрипторларды құру барысында қиындықтар кездесті. Оқушыларға қойған сұрақтарым:
Осылай алғанымыз қаншалықты дұрыс?
Есепті неше бөлікке бөліп қарастырдыңыз?
Мақсатым тақырыпты қаншалықты денгейде түсініп жатқанын бағалау. Оқушылар өздеріне тапсырылған тапсырмаларды орындап болды. Өздерінің есептеріне қатысты дескрипторларымен бөлісті. Сәйкесінше жасалған жұмыстарға әр топтан кері байланыс берілді. Өз тарапымнан оқушыларға кері байланыс беріп отырдым. Бұл орайда сыныптағы 7 оқушым өткен тақырыпты жетік түсінгендерін көрсетті. Бұл олардың топтық жұмыс барысында көрініс берді. Осы жұмыстан кейін оқушыларға мәселе сұрақтары жазылған таратпа қағаздар таратылды. Үш топ өз тапсырмаларын алды. Бұл орайда топтық және жұптық жұмыстар орын алды. Әр топ басшысы өз тобын жұптарға бөліп жұмыс жасады. Кейбіреулері топтық жұмыстың дескрипторларын анықтаумен айналысты, екіншілері мәселе сұраққа жауап іздеп жатты. Сабақтың бұл кезеңінде оқушылар жаңа мәліметтермен танысуға тура келді. Осы кезеңде таңдап алынған «Инсерт» әдісі жақсы қолданылғаны көрінді. Оқушылар жаңа мәліметтерді дәптерлеріне жазып алды. С оқушы өз тарапынан сұрақтар қойды. Оның сұрақтарына жауап беріліп, жеке түсіндірме жұмысы жүргізілді. Оқушылардың топтық жұмысты жасау барысында өз тарапымнан әр түрлі сұрақтар қойдым:
Жасалған жұмысын қаншалықты нақты?
Нақтылау үшін не қажет?
Модулі бар теңдеудің түрлері қандай?
Қандай жағдайда теңдеудің шешімі болмайды? Не себепті?
Жалпы схема түрінде қалай көрсете аласыздар?
Осы сұрақтар төңірегінде оқушылар өз білімдерін шыңдай түсті. Мәселе сұрақтарға жауап беру барысында топ мүшелері арасында өзара ой алмасулар, бірін – бірі сыйлау, басқаның ойын құрмет тұту сәттері жүзеге асты. Үш топ өз жұмыстарын аяқтағаннан кейін топтар өзара жұмыстарын ауыстырды. Әр топтың алдында басқа топтың жұмысын бағалау үшін бағалау дескрипторлары тұрды. Үш топ өз бағалау жұмыстарын бағалауды бастады. Мен өз кезегімде жұмыстардың әділ бағалануын қадағаладым. Топтың жұмыстарына кері байланыс беру сәтінде 2 – топтағы А оқушы 1 – топтағы жіберілген қателерді түзетті. Жалпы топтық жұмысты бағалау жүргізілді. Барлық топ өз жұмыстарының бағаларын алды. Келесі кезеңде тақырыпты бекіту мақсатында топтарға есептер ұсынылды. Бұл кезеңде үш топ тапсырмаларды орындаумен айналысты. Есепті жұптық тұрғыда шығарды. 2 – ші топтағы А оқушы өз тобындағы бір оқушыға көмек көрсетіп отырды. Мен түсіндірме жұмыстарының толық және жеткілікті түрде болуын қадағалап отырдым. Осы кезеңде оқушылар өздері шығарған есептерді дескрипторлар бойынша бағалап, басқа топтарға түсіндірді. Мен 3 – топтың жұмыстарына кері байланыс бердім. Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап іздеп, толықтай жауап берді. 2 – ші және 3 – ші топтағы екі оқушыға жеке жұмыс мақсатында қосымша тапсырмалар бергенмін. Себебі бұл екі оқушының математикалық білімдері терең. Қиындығы жоғары тапсырмаларды екеуі ойдағыдай орындап, сыныптастарына толықтай түсіндіріп берді. Оқушылардың жасаған жұмыстарына мен өз бағамды бердім. Оқушылар өздерінің топтасып жасаған жұмыстарына риза болды. Бірнеше оқушыда жаңа тақырыптың кейбір түсінбеген тұстарына қатысты сұрақтар қойды. Ол сұрақтарға А мен В оқушы жауап берді және мен олардың кейбір түсіндірме жұмыстарын толықтырдым. Сабақ соңында оқушыларға бүгінгі сабаққа кері байланыс беруін сұрадым. Сынып түгелдей «Остров «Счастья» » - ны таңдады. Бір оқушы ғана «Остров «Радости» » - ді таңдаған болатын. Таратпа қағаздарға не себепті ол аралдарды таңдағандықтарын жазбаша түрде ұсынды. Жоспарлаған сабағымызды өткіздім.
Сабақтан соң топ мүшелерімен отырып сабаққа кері байланыс беруді жүргіздік. Мен сабағыма «өзіндік бағалау» жүргіздім. Өткізілген сабақта сабақтың бастапқы кезеңі жоспарлаған уақыттан асып кеткенін және сабақ мақсаттарын анықтау кезеңі ұзаққа созылғанын айттым. Сабақтың негізгі кезеңінде жоспар бойынша жақсы өткенін және тек топтардың ішінде ішінара қиындықтар кездескенін және ол қиындықтарды шешу барысында мұғалім көмегі мен топ лидерлерінің көмегі болғанын айтып өттім. Топтық жұмыстар жүргізілген уақытта «Инсерт» әдісі дұрыс таңдап алғанымызды айттым. Шыныменде жаңа тақырыпқа сәйкес оқушылар жаңа мәліметтерді дәптер бетіне түсіріп алып отырды және қосымша түсіндіру қажет мәліметтерді өздері белгілеп отырғандығы көрініс тапты. Оқушылардың туындаған сұрақтарына толықтай жауап берілді. Топтық жұмысты бағалау барысында оқушылар дескрипторлармен жұмысты меңгергендігін көрсетті. «Карусель» әдісі дұрыс таңдалды. Оқушылар топтық жұмыстарды нақты бағалау парағы бойынша бағалауды жақсы меңгергендіктерін көрсетті. Әр топ қойған балдары мен алынып тасталған балдарына өздері кері байланыс бергендігін айттым. Сабақтың бекіту кезеңінде кездескен қиындықтар мен сәтті өткен тұстарын айтып шықтым. Бұл кезеңде А және В оқушылары көмекшім есебінде қызмет атқарғандығын атап өттім. Сабақ соңында кейбір сұрақтарды талқыға салғанымызды айттылды. Сабақта мен оқушыларға тек көмекші, бағдар беруші қызметін атқарғанымды айтып өттім. Диффренциациялап оқыту жоспар бойынша өткізілгендігін айттым және ол өз мақсатына жеткендігі көрініс тапты. Сабақтың әр кезеңінде бағалаудың толықтай көрініс тапқандығы айтылды. Сабақтың басынан соңына дейін бағалау жүзеге асты. Олар: «Өз –өзін бағалау» топтық жұмыстардағы есептерді шығарып, оның дескрипторын құру барысында көрінді. «Өзара бағалауды жүргізу» басқа топ жұмыстарын бағалауда көрініс тапты. «Мұғалімнің бағалауы» жасалған жалпы жұмыстарға кері байланыс арқылы жүзеге асырылды. Оқушылардың сабаққа берілген кері байланыстарына тоқталып өттім. Бұл кезеңде «өз білімін нақты шкаламен бағалау» жүзеге асты. Себебі оқушылар ұсынылған аралдарды таңдау арқылы өз білімдерін бағалады. Кері байланыс арқылы толықтай дерлік оқушылар сабақты өте жақсы түсінгендігін жазған. Тек С оқушы ғана тақырыптың кейбір тұстарында қиыншылықтарға тап болатынын айтып, жалпы тақырыпты түсінгенін жазғанын айттым. Өз сабағыма анализ жасап шықтым.
Әріптестерім мені мұқият тыңдағаннан кейін өздерінің пікірлерін айтты. Қазақтағы «Сырт көз сыншыл» деген босқа айтылмаса керек. А мұғалім сабақтың әр кезеңіне толықтай тоқталып өтті. Сабақтың басы сәтті өткенін айтты. Тек сабақ мақсатын айқындау барысындағы қиыншылықтардың болғанына тоқталды. Сабақтың негізгі кезеңі жоспар бойынша өткендігі және жаңа тақырыпты игеру барысында оқушылардың толықтай сабаққа жұмылдырылғандығы және толық қамтылғандығын сәтті кезең деп бағалады. Осы сабаққа таңдап алынған әдіс – тәсілдердің дұрыс болғандығын атап өтті. Бағалау сабақтың барлық кезеңінде жүзеге асқандығын айтты. Сабақтың бекіту кезеңі мен сабақтың соңын сәтті және сабақтың жоғары деңгейде өткендігіне тоқталды. В мұғалім өз кезегінде сабақтың сәтті мен сәтсіз шыққан тұстарын, әлсіз және күшті болған сабақ кезеңдерін саралап шыққан екен. Сабақтың сәтсіз шыққан кезеңі сабақтың мақсатын айқындау болыпты. Сәтті кезеңдері деп сабақтың негізгі бөлігі мен бекіту кезеңін атап өтті. Сабақта кездескен әлсіз тұс деп сабақ мақсаттарын анықтауда басқа әдіс – тәсілдерді қолдану және дифференциаициялап оқытудың басқа түрлерін қолдануды ұсынды. Дәлірек айтқанда математикалық білімі төмен оқушылардың толықтай өз беттерімен жұмыс жасауын қамтамасыз ету керектігін айтты. Сабақтың күшті тұсы деп оқушылардың дескрипторлар құру және « өз – өздерін бағалау» жүзеге асқанын ескертіп өтті. Жалпы сабақ өз мақсатына жеткендігі, оқушыларға тиімді кері байланыс берілгендігі, бағалау әр кезеңде жүзеге асқандығы және сабақты аяқтау сәтті өткендігін айтып шықты.
Сонымен, «Lesson Study» зерттеу сабағының тиімділігі:
Мұғалімдер арасында кәсіби диалогты қалыптастырып, дамытады.
Ұжымдық мәдениетті қалыптастырады.
Мұғалімдердің назарын оқушылардың білім қажеттіліктеріне аударады.
Бағдарламаны, ғылыми тұжырымдамаларды терең түсінуге көмектеседі.
Мұғалімдер кәсіби педагогикалық білімін дамытады.
Мұғалімдер сабақты бақылау және кері байланыс беру дағдыларын қалыптастырады.
Мұғалімдер білімның ғылыми мағынасына түсінеді және зерттеушілерге айналады.
Оқушының оқуы жақсарады.
Функционалдық сауаттылығы дамиды.
Қоғамға қажетті тұлға болып қалыптасады.
Топтың болашақтағы жұмысында осы сабақта жіберілген кемшіліктер мен қателіктерді, сәтсіз және әлсіз шыққан кезеңдерді ескере отыра болашақта сабақ кезеңін жан – жақты жоспарлауды мақсат етіп алдық. «Біткен істің бәрі жақсы» демекші өткізілген сабақтан өзіме көп пайда таптым деп есептеймін. Сабақтың кезеңдерін толық және жан – жақты қамтуды жөнінде білмейтін сәттерін толықтырдым. Алдағы уақытта дифференциациялап оқыту мен сабақ мақсаттарын айқындаудың әр түрлі әдіс – тәсілдерін қолдануда көп ізденіс керектігін ұқтым. Келесі оқу жылында «Action research» зерттеу жұмысы ретінде осы сыныптағы С оқушыны алуды жоспарлап қойдым.
«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» деген оймен терең біліммен қаруланған, сыни тұрғыдан ойлай алатын оқушыларды дайындау жолында әлі де көп қиындықтардың болатындығын білемін. Сол жолда адал қызметпен нәтижеге жетемін деген ойлаймын.
Достарыңызбен бөлісу: |