Ашық тәрбие сағаты
«Ана – тіршілік бастауы »
8-класс жетекшісі Жаңабаева Әйгерім Жаңабайқызы
Сабақтың мақсаты:Оқушы бойында ізгілік,инабаттылық,адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру,
Оқушыларды ананың еңбегін ақтауға, анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу .
Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер,бейне материалдар,интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
Амандасу. Түгелдеу.
Ұйымдастыру кезеңі :
Мұғалім :Арманыңды ақтармын ба жүрегімде тербесем?
Айға сіңілі, қарындассың қасиетті Жерге сен.
Мен өзіңді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем,
Сендік қуат мың есе артық Жердің тарту күшінен. Ана деген құрметке бас иген ақын Төлеген Айбергенов осылай жырлаған екен.
1-жүргізуші: Саламатсыздар ма, құрметті ұстаздар, қыздар сіздерді келе жатқан 8 - наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын, сіздерге зор денсаулық, мол бақыт тілеймін.
2-Жүргізуші: Ана, Ана, Ана!... не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түп төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңізші. Сезім мен қасиетті, бар махаббатпен шапағатты тудырып тұрған ұлы ана сезімін қадірлемейтін жан бар ма екен бұл өмірде? Сондықтан да құрметті асыл аналар, қадірлі апайлар, қызғалдақ қыздар бүгінгі «Ана – тіршілік бастауы» атты ашық тәрбие сағатымызды сіздердің құрметтеріңізге арнаймыз
Роман Айеркенің орындауында «Әдемі ана» әні
1-Жүргізуші : Құрметті ұстаздар, аяулы аналар Бұл ән тартуды өздеріңізге деген зор құрметпен шексіз махаббатың бір ғана тамшысы деп қабылдарсыздар.
2-Жүргізуші : Бекнұр бүгінгі ашық сабағымызды бір қолымен бесікті бір қолымен әлем ді тербеткен халқымыздың ару қыздарын еске алып, рухтарына тағзым етсек
1-Жүргізуші : Ия өте орынды ұсыныс. Көркі мен кемеңгерлігі жарасқан талай арулар өтті. Арада жүздеген жылдар өтсе де келбеті күміскіленбеген Тұмар патшайым, Әулие атанған домалақ ана, Қарашаш аналармен толыққан даналық жолы әлі де өз жалғасын тауып келеді.
2-Жүргізуші : Ия бұл тізімді шексіз жалғастыра беруге болады. Бірақ, ел басына күн туып ер етікпен су кешкенде ошағының отын сөндірмей артында қалған мұраны біздерге жеткізген ардақты алашты аналарды қалай атамаймыз .
1-Жүргізуші : Шығыстың қос шынары атанған Әлия мен Мәншүк, ұшқыш Хиуа Доспанованың жасаған ерліктері бізге мына ашық аспанда бейбіт өмір сыйлап жатыр солай емес бе?
2-Жүргізуші: Қазақ өнерін талай белестерге көтерген Дина апамыз, Күләш Бәйсейітова , Шара Жиенқұлова, Фарида Шәріпова, Хадиша Бөкейова, Роза Бағлановалар ел анасы болған тұлғалар.
1-Жүргізуші : Осы жерде хакім Абайды тәрбиелеген Зере әжеміз туралы айта кеткім келеді. Қазақ руханиятының темір қазығына айналған Абай атамыздың тұлға болып қалыптасуына зорасан үлес қосқан асыл ана. Ел ішінде ол кісі жайлы сырты жұпыны іші алтын парасат иесі деп айтады екен.
2- Жүргізуші: Зере әжеміздің ұлы ақын өмірінде рөлі ерекше. Сондай –ақ өз ұлы Құнанбайдың да ерекше бала боларын біліп тәрбиесіне де қатты көңіл бөлген деседі. Құнанбайды
1-Жүргізуші : Ендіше барымызды асырып, жоғымызды жасырған барша аналарымызға мың тағзым ете тұрып келесі оқушыларымыздың жыр шумақтарына кезек береміз.
Достарыңызбен бөлісу: |