Математика сабағында жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту
Мақсаты: Білім алудағы қажеттіліктерді күнделікті сабақта қолдану. Сапалы оқыту, оқытудың озық технологияларын тиімді пайдалану жолдарын меңгеру. Зияткер, рухани, адами тұрғысында дамыған, әлемдегі әлеуметтік өмірге бейімдеу.
Жұмыстың міндеті: Білім беру үрдісінде оқытудың жаңа технологияларын айқындайтын әдістемелік, педагогикалық басылымдармен танысу. Сабақта оқытудың жаңа технологияларын тиімді қолдана білу. Оқушының таным белсенділігін қалыптастыру барысында шығармашылық ізденістің тиімді жолдарын үйрету, білім сапасын көтеру.
Елбасымыздың Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша қабылдаған ұлттық жоспардың мақсаты – Қазақстан білім сапасын жетілдірудегі, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі атқарылатын іс-шаралардың жүйелілігі мен тұтастығын қамтамасыз ету .
Функционалдық сауаттылық дегеніміз – адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, ілесіп отыруы, адамның мамандығына, жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы.
Математикалық сауаттылық дегеніміз – математикалық сөйлеу және жазу мәдениетіне қоршаған ортаны және олардың заңдылықтарын баяндау, оны оқып үйренудің, оқушылар дүниенің ғылыми бейнесін меңгеру.
Ой -өрісі кең тұлғаны қалыптастыруда жаратылыстану пәндерінің орны ерекше. Қазіргі кезде математика пәнін оқытуда оқушылардың функционалдық ойлау қабілеті мен шығармашылық тұрғыдағы жұмысын дамытуда өз бетімен жұмыс жасаулары және логикалық тапсырмаларды орындаудың маңызы зор.
Бүгінгі күнде математика пәнін сапалы оқыту ізденістері – пән мұғалімін толғандырып отырған келелі мәселелердің бірі. Сыни тұрғыдан ойлау барысында, бала өз заманының озық өнегесін санасына сіңіреді, функционалдық сауаттылығы артады, басқаның пікірін тыңдауға дағдыланады және өзі де пікір айтуға үйренеді.
Математика пәнін оқуда сыни тұрғыдан ойлау технологиясының тиімділігі. Математиканы оқытудың мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологияларды тиімді пайдалану қажет. Математика сабағында оқушылар өз бетінше білу дағдыларын дамыту баға жетпес құндылықтарының бірі. Жаттығуларды өз бетінше тексеріп, қорытынды жасай білетін тұлға қалыптастыру мақсатында жаңа технологиялар әдістерін кеңінен қолдану қажет. Математика сабағында сыни тұрғыдан ойлау технологиясының әр түрлі стратегияларын қолдана отырып, өз бетінше жұмыс істеу факторы – есептерді шығара білу.
Шапшаңдылық дағдыларын ұйымдастыра отырып, оқушылардың құзыреттілігін арттыру арқылы шығармашылықтарын дамыту. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясы жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда, оқушылардың білім деңгейін көтеруде, балаларды шығармашылыққа баулуға, ойларын еркін айтуға, тез арада шешім қабылдауға көмектесетін бірден бір тиімді технология. Сыни тұрғыдан ойлау технологиясын пайдаланатын әр ұстаз өз педагогикалық қызметінде оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынасқа деген көзқарасының мүлдем өзгергенін байқайды. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз – сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, өз ойыңды еркін және зерттей талпындырып тұжырым жасау.
Ой қозғай отырып оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап естіген-білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп білмегенін өзі реттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау. Өз бетімен және бірлесіп тұжырым жасауға шығармашылық жұмыс жасау.
Өзім сабақ беретін 6-8 сыныптарда менің жұмыс тәжірибемнің мақсаты: математика сабағында бағдарлама материалын сапалы меңгерту үшін оқыту мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту технологиясы арқылы және топтық жұмыс түрлерін, деңгейлік тапсырмаларды орындату, тірек сызбаларды, ойын түрлерін қолданып, логикалық және эксперименттік мазмұнды есептер шығарта отырып, оқушыларды бір-бірімен пікірлесе білуге, ойларын нақты, ашық жеткізе білуге , тұжырымдарын жасауға үйрету.
Жаңартылған білім беру мазмұны негізінде сараланған тапсырмаларды орындауда жаңа технологияларды қолданудың тиімділігі көп. Айта кетсек, жеке , жұптық және топтық жұмыстарда түрлі компьютерлік бағдарламаларды қолдануға болады.
Компьютерлік бағдарламаларды математика сабағына қолданудың тиімділігі: білім алушылардың қызығушылығын арттырады, шапшаңдыққа үйретеді. Ендеше сондай бағдарламаларға тоқталып өтейік:
Kahoot -әлеуметтік оқыту үшін әзірленген сайт.Сайтты Skype немесе Google Hangouts сияқты ортақ экранды пайдалану құралдары арқылы пайдалануға болады. Kahoot әр түрлі веб-браузерлер мен мобильді құрылғылар арқылы веб интерфейс арқылы ойнатуға болады. 2017 қыркүйек айында Kahoot мобильді платформада қосымша ретінде іске қосылды. Бұл бағдарламанығ мүмкіндігі өте көп. Ол арқылы ашық тест , сәйкестендіру тестін құрастыруға, топ болып жарысуға болады. Сондықтан бұл бағдарламаны жеке жұмыста қолданған және топтық жұмыста қолданған тиімді. Мобильдік құрылғыны талап етеді.
Plickers — статистикалық жұмыс жасау үрдісін жеңілдететін және сыныптың жауабын лезде бағалап беретін қосымша . Біз жарнамалардағы QR-кодтарды көргенде, ол кодтар нақты бір сайтқа қосымша ақпарат алу үшін сілтеме жасайтынын білеміз. Бірақ, бұл QR-кодтардың жалғыз қолданысы емес. Plickers мұғалімнің ұялы телефонын немесе планшетын оқушылардың карточкаларындағы QR-кодтарды оқу үшін пайдаланады. Әр оқушыда жеке карточка болады. Карточканың төрт қабырғасы жауаптың төрт нұсқасын білдіреді, оларды бұру арқылы оқушы дұрыс нұсқасын таңдайды. Алдын ала бағдарламаға сыныптың тізімі ендіріледі, сол арқылы әр оқушының сұраққа қалай жауап бергенін білуге болады. Plickers қосымшасы арқылы тақырып соңында тест өткізуге болады. Ол үшін алдын ала сыныптың тізімі мен тест сұрақтарды енгізіп қою қажет. Оқушылар карточкаларын дұрыс жауабына бұрып бір уақытта көтереді, ал сіз планшетке немесе ұялы телефонға түсіріп аласыз, бағдарлама жауаптарды сканерлеп, нәтижесін көрсетеді. Plickers-те жауаптарды диаграмма арқылы да көруге болады. Plickers-ты оқушылардың сабаққа кім қатысып отырғанын білу үшін де қолдануға болады. Бұл бүкіл сыныпты тізім бойынша тексергеннен карточкаларды көтеріп тұрған оқушыларды суретке түсіріп алған тиімдірек деп ойлаймын. Көбінесе оқытушылар, әсіресе аға буындағы, білім беру жүйесіндегі жаңа технологияларға әзер дағдыланады. Plickers–тің тиімділігі осында – ол оқу үрдісін өзгертпейді. Ол қосымшаны қолдану үшін компьютерлік сынып және басқа да техника қажет емес, тек қана мұғалімнің планшеты керек. Сонымен қатар, оқушылардың өзіне де қызықты, себебі сабақта ойын элементы пайда болады. Жеке жұмыста қолданға тиімді.
Indigo- онлайн тест құруға арналған бағдарлама. Тілі өте онай, тапсырылған тесттін нәтижесін білім алушы тез анықтай алады. Сонымен қатар, үй тапсырмасына да Indigo бағдарламасы арқылы құралған тестті беріп, жауабын қашықтықтан көруге мүмкіндік бар.
Quick Brain- онлайн математикалық ойын бағдарламасы. Бұл жерде білім алушы ойын ойнай отырып, ментальді арифметика элементтерін пайдаланады. Бұл бағдарлама онай әрі жылдам есептеулер жүргізуді көздейді. Ерекшелігі көбейту кестесін тез жаттауға мүмкіндік тудырады. Сондықтан бастауыш сыныптағы математика сабағына ұсынар едім.
Лови ответ- бұл негізінен калькулятор есеп жауабына негізделген. Жаңа сабақты үй жүмысына талдауға, 5 сынып оқушыларына баған түрінде көбейтуді үйрету барысында көп көмектеседі. Себебі, программа есептің жауабынан бөлек қалай және не үшін ол амалды қолданғанын анық көрсетеді.
Живая математика, Geogebra - математика сабағында сызбаны сызуға арналған бағдарламалар.
Мастер-Тест, Classmarker, Let’s test, Adit Testdeak, Itest, MyTestX-тест құруға арналған бағдарламалар.
Tarsia- тапсырмалар және жауаптарымен берілген қима қағаздардан құралған пазлдар. Бұл тапсырмаларды қолмен жасауға да болады , бірақ бағдарлама бізге уақыт үнемдеуге және бірнеше формада жасау Заман талабына сай жаңа технология әдістерін үйрету, бағыт-бағдар беруші мұғалімдеріміз оқушыларды жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс. «Қазіргі заманғы жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»,- деп Елбасы атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үдерісіне оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор, сондай-ақ, мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың өзінің жыл сайынғы Жолдауында «функционалдық сауаттылықты арттыруды» негізгі тапсырма етіп жүктеуі бекер емес. Оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту – бүгінгі заман талабы. Педагогтің шеберлігі, яғни шығармашылық пен жауапкершілікті ұштастырып сабақ өткізуі – бұл заман талабынан туындап отырған мәселе. Жоғары деңгейде сабақ беретін оқытушының алдынан шыққан оқушы – өмір айдынындағы өз жолын адаспай табады, азамат болып қалыптасады. Бұл ұстаз үшін абыройдың үлкені, әрбір мұғалім осыған ұмтылса ұрпақ алдындағы қарыздың өтелгені.
Достарыңызбен бөлісу: |