Математиканы оқыту әдістемесі»
ПӘНІНЕН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІ
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ИНСТИТУТЫ
«Физика және математика» кафедрасы
6В01511 – Математика-информатика» мамандығы бойынша
білім алушыларға арналған
«Математиканы оқыту әдістемесі» пәнінің
оқу-әдістемелік кешені
Қызылорда, 2021
Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің мазмұнының тізімдемесі
№
|
Құжаттаманың атауы
|
Беті
|
|
Силлабус
|
|
|
Дәрістер тезистері
|
|
|
Семинар және практика сабақтарының қысқаша сипаттамасы (жоспарлар, семинар және практика сабақтарын жүргізуге арналған тапсырмалар, СОӨЖ, СӨЖ);
|
|
|
Емтиханға дайындалуға және өзін-өзі тексеруге арналған тапсырмалар, соның ішінде тесттер
|
|
|
Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі, соның ішінде электрондық тасуыштардағы әдебиеттер
|
|
|
Интернет-ресурстардың тізімі
|
|
|
Глоссарий
|
|
Пәннің мақсаты мен міндеттері:
|
Мақсаты: Болашақ математика бакалаврына «Математиканы оқытудың әдістемесі» пәнін үйрену арқылы орта мектептегі математиканы оқытудың әдіс-тәсілдері мен білік, дағдыларын меңгерту. «Математика» пәні бойынша білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесі жайлы түсінік беру.
|
«Математиканы оқытудың әдістемесі» бағдарламасының маңызды міндеттері:
жалпы және бейіндік білім беруде математика пәнінің мәнін ашу;
пәнді меңгерудің психологиялық-педагогикалық аспектілерінің мәнін ашу;
математиканы оқыту әдістемесінің курсын қоғамдық, психоло-педагогиклық және математикалық циклдармен интеграциясын ашу, элементарлық математикамен, информатикамен, математиканы оқыту әдістемесінің байланысын ашу;
студенттердің мектеп бағдарламасы, оқулықтары мен оқу құралдарын үйренуін және терең талдай білуі мен олардағы әдістемелік қағидаларды түсіне білуін қамтамасыз ету;
студенттердің математиканы оқыту проблемасын шеше алуға тәрбиелеу және өз бетінше оқу үрдісін таңдай алуы, әдістемелік проблемаларды зерттеуі, ғылыми ізденіс жасауы мен өзінің жұмысын жетілдіруге қажетті қолайлы жағдайларды тудыру;
студенттерде негізгі оқу тәрбие жұмысын жүргізуге оны жалпы мектеп пен арнайы мектептердегі талаптар деңгейінде жүргізе алуы туралы білім-білік дағдыларын қалыптастыру.
Практикалық сабақтарда:
барлық мектепке арналған бағдарламаны, оқулықты, оқу құралын үйрену, мектеп курсының нақты тақырыбын үйрену әдістемесін талдау: әр түрлі инновациялық әдістерді қолданудың мүмкіндіктері қарастырылады, ол оқушылардың интеллектуалдық шығармашылық қызметтерінің дамуына бағытталады. Бір ғана тақырыптың әр түрлі оқу құралдарында баяндалуына салыстырмалы талдау жасалады; оқушылардың кездесетін қиындықтары мен ескертулері типтік қателерді жою үйретіледі.
оқу материалын жоспарлау, оқытушы басқару жүйесін жасақтайды.
есеп шешудің стандартты және стандартты емес әдістері талданады және сабақ конспектісі талқыланады.
математика бойынша сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстың тақырыбы, мазмұны, өткізу әдістемесі талқыланады.
Математиканы үйрену үрдісінде ғылыми-дидактикалық принциптер іске асады. Бұл лекциялық, практикалық сабақтарда және арнайы әдістемеде іске асады. Студенттердің әдістеме бойынша өз бетінше жұмысы жоспарлы түрде болады. Тұрақты түрде тексеріледі.
|
Достарыңызбен бөлісу: |