Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Қозыбаев М.Қ. Тарих зердесі. Арыстар тұғыры. (Екінші кітап)./ М.Қ.Қозыбаев.- Алматы: Ғылым, 1998.- 280 б.
2. Бөкейхан Әлихан. Таңдамалы / Ә.Бөкейхан.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1995.- 472 б.
3.Бөкейхан Әлихан.Шығармалар / Ә.Бөкейхан.-Алматы: Қазақстан, 1994.-384 б.
4. Кеңес Нүрпеісов Еңбегі ерен ұлттық интеллегенция. // Жұлдыз № 12, 2007 . 148-156 б.
5. Сүлейменов Р.Б. Ұлт интеллигенциясының қалыптасуының кейбір қырлары / Р.Б.Сүлейменов // Қазақстан коммунисі – 1982.- №9.- 86-91 б.
6.Рашит Каренов.Алты Алаштың алып азаматы.// Жұлдыз.2007. № 9,115-141 б.
7. Байтұрсынов А. Ақжол / А.Байтұрсынов.- Алматы: Жалын, 1991.- 464 б.
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНЫҢ ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛЕГІ
Карибаев М. С.
Семей мемлекеттік педагогикалық институтының 1 курс магистранты
Ғылыми жетекші: т.ғ.д. Байсарина Қ.Қ.
Тәуелсіздік және экономикалық реформаларды жүргізу жылдарында бүкіл Қазақстандағы сияқты Шығыс Қазақстан облысында да ірі дағдарыстарды бастан кешіруге тура келді. Инфляциялық, төлемақылық инвестициялық дағдарыстар, экономикалық өсім дағдарысы өнеркәсіптің дамуына кері әсерін тигізді.
1991 жылдан 1996 жылға дейін халық шаруашылығының осы саласында өнеркәсіптік өнім шығару мөлшері тұрақты төмендеп отыды. Алайда, 1997 жылдан бастап аймақта өнеркәсіп жандана бастады, жыл сайын өндірістік өсу байқалды.
2005 жылы өнеркәсіп орындары мен қосалқы өндірістерде 260,2 млрд теңгенің өнімі шығарылған. Өндіріс көлемінің өсімі облыстың 19 аймағының 9-да байқалған. Өнеркәсіп өнімінің көлемі жағынан Өскемен қаласының өнеркәсібінің үлес салмағы әлі де аса жоғары.
Өнеркәсіп өнімінің құрамында түсті металургияның үлесі 56,4 % құрайды. Негізгі кәсіпорындар Өскемен, Риддер және Зырян қалаларында орналасқан, олардың өнеркәсіптік өнім көлеміндегі үлестері – 31,7%, 12,6% және 13,5% құрайды.
2000 жылдан 2009 жыл аралығында облыстың 8 аймағында: Өскемен, Семей қалаларында және Аягөз, Зайсан, Зырян, Катонқарағай, Көкпекті, Ұлан аудандарында өнеркәсіптік өндірістің тұрақты өсімі байқалды.
Шығыс Қазақстан республиканың ірі кен өнеркәсіп орталықтарының бірі болып саналады. Шығыс Қазақстан қойнауларында қорғасынның жалпы республикалық қорының 24% , мрыштың – 40,6% , мыстың – 47,9%, молибденнің – 51,6% шоғырланған. Түсті металдар қорлары 26 барланған кен орындарында шоғырланған, оның 11-інде кен өндірілуде.
Полиметалдық рудалар қорлары негізінен Риддер, Зырян және Ертіс кен аудандарында шоғырланған. Барланған кен орындары негізінде кен өндіру өнеркәсібі тұрақты дамып келеді.Соңғы жылдары минералды ресурстарды өндіру көрсеткіштері үнемі өсіп отыр.
Полиметалды рудаларды өндірудің республикалық құрылымында Шығыс Қазақстан мыс-мырыш рудасын өндіруден республика бойынша алдыңғы орында. 2005 ж. Облыста республикада өндірілген қорғасын – мырыш рудасының 80,0% , құрамында алтын бар рудаларының 60,0% шығарды. Республикада мырыш концентраттарын өндіру көлемінде Шығыс Қазақстанның үлесі 88,5%, қорғасында- 73,3%, құрамында алтын бар рудалар – 64,1%, мыс – 44,9% құрайды.
Соңғы 3 жылдың төңірегінде өндіріс орындарында өнімнің өсу деңгейі байқалды. 2000 жібек өңдеу және тігін өндірісінде өнімнің өсуі 72,8% химия өндірісінде 61,3%, пластмасса бұйымдары мен резина ойыншықтар дайындау 83,8%, электрлік және электронды қондырғылар өндіру – 41,1% болды. Тері өңдеу, аяқ киім және теріден бұйымдар өндіру ісінде өнім мөлшері 3 есе, транспорттық құралдар 2,3 есе артты.
Бірыңғай экономикалық кеңістіктің құлдырауы және экономикалық реформаның бірқалыпты болмауы себепті машина жасау кешені
дағдарысқа кеп тірелді. Республикадағы сияқты, облыста да бұл саладағы салыстырламы салмақ ұдайы төмендеп отырды. Бірақта өндірісті өркендету үшін Қазақстан үкіметінің отандық өндірушілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында қабылданған импорттық алмастыру бағдарламасы осы саланың дағдарыстан шығуына көп көмегін тигізді. Соның негізінде машина жасау саласының үлесі 2000 жылы 3,2% және 2,5% өнімді құрады. 2002 жылы өндіріс орындарындағы өнім көлемі 6 және облыстық көлемде 4,2% –ға жетті. 2001 жылмен салыстырғанда электрлік және электронды құрылғыларды өндіру (20,1%-ға ) және транспорттық жабдықтар өнімнің (0,5%-ға) өсуі байқалды. Бірақ мұнымен қатар, машиналар мен жабдықтар шығару деңгейі 12% төмендеді.
Шығыс Қазақстанда тау-кен металлургия кешені, тамақ өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, жоғары кернеулі электр құралдары, ажыратылған өткізгіштер мен кабельдер, мұнай кәсіпорны жабдықтарын өндіріліп шығару жолға қойылды. Облыста республикадағы бірден бір күштік косинустық конденсаторлар өндіру кәсіпорыны ААҚ «Өскемен конденсатор зауыты» іске қосылып жұмыс істеуде.
Ресей автомобиль жасаушыларымен келісім негізінде 2002 жылдың аяғында Өскеменде «Бипэк-Авто ЖАҚ» базасында Қазақстанда бірінші рет «Нива» жеңіл автомильдері, содан кейін чехтік «Шкода» автомобильдерін өндіру ісі қолға алынды.
Шығыс Қазақстандағы құрылыс жұмыстарының жүгізілу дәрежесі экономиканың өсу қарқынын әжептәуір білдіреді.Күрделі құрылыс көлемі өсуде, инвестициялық белсенділік байқалады. Құрылыс материалдарын өндіру кәсіпорындарының әрекеттері жанданып келеді.Бұл сала «Бұқтырма цемент серіктестігі» ААҚ, «Семей асбоцел бұйымдары» ЖШС кәсіпорындарынан көрінеді, бұл кәсіпорындар сала көлемінің 80,0 астам өнімін өндіреді.
Құрылыс материалдары нарығына цементтің әртүрлі маркалары, шифер, силикат және шлакты кірпіштер, әк тастары, тауарлық бетон, бетоннан әзірленген біріктірілген құрылыстық жобалар,керамикалық бұйымдар, тастан жасалған бұйымдар т.б. өнімдердің көлемді спектрі жеткізіліп тұрады.Облыста шығарылатын құрылыс материалдарын «Қазмырыш» АҚ және Үлбі метеллургия зауыты. «Қазақмыс» корпорациясы кәсіпорындары тұтынады және бұл материалдар Қазақстан астанасы Астана қаласындағы құрылыста пайдаланлады, Ресейдің өндірістік және азаматтық обьектілер құрылыстарына жөнелтіледі.
Семей қаласы Шығыс Қазақстан облысының өнеркәсіптік дамыған өңірінің бірі болып табылады. Қала өнеркәсібі әлеуетінің негізі – тауар өндіруге арналған қажетті өндірістік қуаттары бар, өнеркәсіптің көпсалалы құрылымы. Өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемінің тұрақтылығы мен әрі қарай өсуі 1998 жылдан басталды, оған тұрып қалған қуаттарды қалпына келтіру және жаңа өндірістер мен кәсіпорындардың құрылуы себеп болды. Қаланың өнеркәсіп өндірісінің құрылымы мынадай түрде көрінеді: кен өңдеу өнеркәсібінің үлесі жалпы көлемде 9,0% құрайды, өңдеуші – 80,9% , электроэнергия, газ және суды өндіру мен тарту – 10,1 %.
Өңдеуші өнеркәсіпте өзге метал емес минералды өнімдер өндірісінің үлесі 32,9% құрайды, металлургиялық өнеркәсіп және металдарды өңдеу – 25,7%, ауылшаруашылық өнімдерді қайта өңдеу – 16,2% , машина құрылысы – 7,2% , целлюлозды қағаз өнеркәсібі,баспа ісі – 6,7% , тоқымы мен тігін өнеркәсібі – 3,1%. Өңір экономикасының өңдеуші өнеркәсіптің базалық салалары - өзге метелл емес минералды өнімдер өндіру, метеллургиялық өнеркәсіп және металдарды өңдеу, сондай-ақ ауылшаруашылық өнімдерді қайта өңдеу болып табылады.
Шығыс Қазақстан табиғи ресурстарының мол қорын орналасуы жөнінен де айтарлықтай энергетикалық қуатты иемденеді.
Өндіріс кәсіпорындары аймағының көлемінде облыстың электроэнергиясы кәсіпорындардың базалық саласы ретінде елеулі кірістер әкеледі.Облыс электроэнергетикасы ГЭС және ТЭЦ (40 ЖЭС және 6 ГЭС) іс-әрекеттерімен де жоғары бағаланады. Негізінде су-энергетикалық байлық ретінде өлкедегі 3 гидроэлектростанциясы (Өскеиен, Бұқтырма, Шүлбі) орналасқан Ертіс өзені аңғары есептеледі. ГЭС-терде 80% астам генерациялық қуат шоғырланған. Электроэнергия өндіру ісінде облыс республика бойынша Павлодар мен Қарағандыдан кейінгі үшінші орынды иеленеді.
Динамикаға кіргізілген финанс көздерінің капиталды кірістерін талдай келе, халық пен өнеркәсіптің өзіндік қоры үлесінің өсуін сипаттайтын даму бағытын бағалауға болады. Егер 1991 жылы бұл бағыт 5,6% құраса, 2002 жылы 80% астам мөлшерді қамтиды.
1997 жылдан облысқа шетелдік инвестициялар да тартыла бастады. Өндіріс саласында капитал салуда металлурия мен тау-кен өнеркәсібі және металл емес минералды өнімдер өндіру маңызды роль атқарды. Тау-кен өнеркәсібінде тау-кен байыту комбинатының консервациясы мен рекультивациясымен жобасы қаржыландырылды. Кеннің құрамы және оларды байыту фабрикасы арқылы шикізаттың алынуы кеннің құрылысына байланысты, бұларға алтын кендері және оның шикізаты, қорғасын-мырыш кендері және тағы да басқалары кіреді.
Мемлекеттің басқа елдермен сыртқы экономикалық байланысында сауда-экономикалық бірлестік маңызды рол атқарады, сондықтан сауда көлемінің өсуі мен экономиканың әр түрлі саласында біріккен жобаны жылдам құру және іске асыру – экономикалық қарқынды дамуының көрсеткіші. Қазақстан дүние жүзінде 175 тен астам мемлекетпен сауда жасайды, 118 мемлекетте тауар экспортқа шығрады; 164 мемлекеттен тауар тұтынады.
Шығыс Қазақстан облысында бірлескен кәсіпкерліктер қарқынды дамуда. Шет елдердің қатсуымен жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар саны 1991 жылы 4 болса, 2005 жылы 322-ге жетті. Облыс экономикасында біріккен және шетел мекемелерінің маңыздылығы төмендегідей тұрғыда белгіленеді: облыстық көлемдегі өндіріс шетел капиталын есепке алғанда 1993 жылы 0,09% дан 2005 жылы 9,3% ға өсті; экспорт 0,4% дан 4,5% ға; импорт 2,3% дан 7,9% ға өсті.
Жарлылық қорда біріккен меемелердің (ішіндегі шетел серіктестігі 63,8% құрайды, 2005 жылы 11,9%). Біріккенкәсіпкерлік қызмет 35 мемлекетпен жүзеге асады. Достастық елдер ішінде негізгі серіктестік бірлескен кәсіпкерлік бойынша Ресей Федерациясы алдыңғы орында Ресейдің қатысуымен жұмыс істеп тұрған мекемелердің саны жылдан-жылға өсіп келеді.
Шығыс Қазақстан облысындағы әрбір біріккен немесе шетел кәсіпорыны Ресейлік болып табылады. 2005 жылы Ресеймен бірлескен кәсіпорындар саны 164, ал толық Ресейлік кәсіпорындар 63 болды.
Азия мемлекеттері ішінде бірлескен кәсіпорындар бойынша Түркия бірінші орында тұр. (15-БК; 15-ШК). Қазақ-түрік бірлескен кәсіпорындары өндірістік шикізат шығарушы және ішкі рынокқа жеткізуші компаниялар: «Алтын ВК» ЖШС, ИПФ «SEPDAR» ЖШС, бастаушы импортер және инвестор «Орика-Казакстан» ЖАҚ.
Еуропалық топта бірлескен кәсіпкерліктегі негізгі серіктестік-Ұлыбритания (3 БКжәне 4 ШК) Бірлескен кәсіпкерліктің облыс бойынша негізін Америка құрлығынан – АҚШ құрайды.Облыста 4 американдық кәсіпорын бар. Олар: «Көптеп сату саудасы», «Геологиялық барлау және іздеу», «Сақтау және қоймалау», Осыған байланысты Шығыс Қазақстандағы бірлескен кәсіпкерлік тоқтаусыз даму арқылы ішкі экономикалық байлансына өзінің үлесін қосуда.
Шығыс Қазақстанның экономикалық өсуінің қысқаша шолуы тұтас республикадағы сияқты экономикалық деңгейін куәландырады.
Бұл әлеуметтік-экономикалық дамуда жаңа мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.Осының барлығы Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 19-ақпандағы «Қазақстан экономикалық жедел даму, әлеуметтік және саяси жаңару жолында» атты жолдауында нақты белгіленген.
Экономикалық, саяси, әлеуметтік дамудың үлгілендіру бағытындағы инновациялық саясаттағы жаңа кезең басталды. ХХІ – ші ғасырдың басындағы Қазақстанның экономикалық саясатындағы қол жеткізген нәтижелерін келесі түрде жүйеге келтіруге болады:
-
аумақтық шартбойынша әлемдік экономикалық 23 мемлекет ішінде Қазақстан 7-ші орын алады.
-
Мұнай қоры бар 92 мемлекет бойынша, Қазақстан бірінші отыздықта тұр.
-
Демографиялық шарт бойынша әлемдік экономиканың 30 мемлекетінң ішінде Қазақстан 10 орында тұр.
-
Географиялық шарт бойынша (дүниежүзілік мұхитқа шыға алмайтын елдер) әлемдік экономикадағы 48 мемлекеттің ішінде онтөртінші орында.
Қазақстан Республикасының экономикалық реформасының келесі кезеңі бұл тек қана тау-кен өндірісінің экономикалық деңгейінің өсуі ғана емес, сонымен қатар, өңдеу кәсіпорындарының негізгі талабын қамтамасыз ету болып табылады. Экономиканың өнеркәсіп секторындағы позитивті беталысы жұмыс істеп тұрған өндірістерді жетілдіру ментехникалық жарақтандыруды жүргізу, қазіргі заманғы жаңа кәсіпорындар мен өндірістерді эксплуатациялауға қосу, қазіргі заманғы технологияларды енгізу мен бәсекеге қабілетті өнім шығаруды игерудің бірден бір нәтижесі. Өңір экономикасы индустриалдық секторындағы алдағы онжылдық мерзімге басты міндет – техникалық және техналогиялық жетілдіруді және жоғары қосылған құнмен бәсекеге қабілетті өнім шығаруды қамтамасыз ету ғылыми және техникалық жетістіктерді пайдалана отырып, өндірісті қайта жарақтандыруды одан әрі жүргізу болып табылмақ. Бұл жұмыс кешенді түрде жүзеге асырылатын болады, біріншіден игерілген өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату жөніндегі және екіншіден, қосылған құны жоғары жаңа өнімдердің түр-түрін кеңейту және тұтыну әзірлігін ұлғайту жөні алға қойылып отыр.
Пайдаланған әдебиеттер:
-
Аққұл. М. Мәммет.С. Бір үміт, бір күдік // Егемен Қазақстан. – 2000. -14 маусым. – б. 2.
-
Оспанов Д. Кәсіпорындар экономиканың қозғаушы күші // Семей таңы. – 2004. – 20 тамыз.-б.2.
-
Әліпбаев Қ. Жарасымды келісім // Семей таңы. -1993. – 22 сәуір. –б.2.
-
Сейлифонов Е. Өскелең елдің өрелі өндірісі // Егемен Қазақстан. -2005. 1 сәуір. -3.
-
// Егемен Қазақстан. – 2006. 7 қаңтар.-б. 3. «Шығыстың шұрайлануы ел экономикасының өркендеуі»
-
Зекенұлы Қ. Кәсіпорындар әкім назарында // Семей таңы. -2004. -23 шілде. –б.2.
-
Райханұлы Н. Қазақстан өнеркәсібі туралы // Ақиқат. -2004.№ 7. б. 20-29.
-
Қалалық статистика бөлімі ақпараттары 2001-2009.
АЛАШ АРЫСТАРЫ АҢСАҒАН ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВ
Танбаева Б. А.
Бөкенші орта мектебі
Алаш қозғалысың, Алаш партиясы, Алаш автономиясы және Алашорда үкіметі деген ұғымдарды қамтитын Алаш қозғалысының тарихнамасы ауқымды.Алаштануға арналған алғашқы пікірлер мен зерттеулер 1919-1920 жылдарда мерзімді баспасөз беттерінде жарияланды.Осы мәселе бойынша алғашқы қалам тартушылар көшінің басында Алаш қозғалысы жетекшілерінің бірі Ахмет Байтұрсынов пен қоғам және мемлекет қайраткерің, ақын Сәкен Сейфуллин тұрды. 1919 жылы тамызда «Жизнь национальностей» апталығында Байтұрсыновтың «Революция және қазақтар» атты мақаласы жарияланды. Онда Алаш қозғалысының бастау көздері, Алаш автономиясын жариялау мен оның үкіметін құрудағы себептер ашып көрсетілді. Алаш Ордасының құрылуын 1917 жылы қазан революциясының жеңісі әкелген анархияға қарсы тосқауыл болған еді деп бағалады. Мұны А.Байтұрсыновтың мақаласы жарияланысымен және сол «Жизнь национальностей» апталығында Сейфуллиннің Манай Шамиль деген бүркеншік атпен «Қырғыз интеллигенциясы туралы» атты мақаласы жарық көрді.
Алашорда үкіметі, соның ішінде, оның Батыс бөлімі жайында құнды мәлімет беретін еңбектің бірі – «Жизнь национальностей» газетінің 1921 жылғы 3 қарашадағы №20 (118 нөмірінде Тер-Погос Асетисовтың мақаласы жарық көрген. Автор қазақ зиялы қауымының қалыптасу эволюциясына тоқтала келе: «1918-1920 жылы Алашорда атты ұлттық мемлекет құрылып,кейін оның екіге бөліну себебі бірін-бірі түсінбеушіліктен емес, қазақ жерінің кеңдігінен болды» дейді.\ 1\
Осы еңбек Батыс Алашорда алғашқы күннен-ақ Орал, Орынбор қазақтармен, башқұрттармен бірігіп, Кеңес үкіметіне қарсы және елде мобилизация жариялап, әскер құрғаны жайлы мәлеметтер берді.
1925-1933 жылдары Қазақ өлкелік партия комитетіне жетекшілікке жіберілген Ф.И.Голощекиннің кезінде Алашорда мәселесінің тарихнамасы «толыға» түсті. Оған себеп болған алашордашыларды қуғындау саясатының күшеюі еді, Осы кезде А.Богачев, Н.Мартыненко. С.Брайнин мен Ш.Шафироның еңбектері жарық көрді. А.Богачевтың еңбегінде Алашорданың Батыс бөлімінің құрылу хаттамасы, оның құрамы мен жетекшілері, билік жүргізетін аумағы туралы мәлеметтер берілді. Дегенмен,автор Алашорда тарихы мен қызметтеріне жан-жақты талдау жасай алмаған. Ал бұл еңбекті Н.Мартыненконың құрастыруымен 1929 жылы жарық көрген Алашорда тарихына арналған құжаттар жинағы толықтырды. Еңбекте «Алашорданың батыс бөлімінің құрылуы», «Ойыл уалаяты»уақытша үкіметі», «1917 жылы Орал қазақтарының облыстық съезінің материалдары», «Алашорданың Батыс бөлімінің 1918-1920 жылдардағы қызметтері» туралы мағлұматтар бар.
Тоталитарлық жүйенің толық орнауы отандық тарихнамада 1930 жылдардың ортасынан 1980 жылдардың соңына дейін Алаш қозғалысы туралы зерттеулер жүргізуге мүмкіндік бермеді.
1980 жылдың соңына қарай еліміздегі қоғамдық-саяси өмірдегі қайта құру мен оң өзгерістер Алаш қозғалысы тарихы жаңа сапалық деңгейде, обьективті тұрғыды жаңаша зерделеуге жол ашып берді.Алғашқы шара 1989 жылғы шілдеде Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің жанандағы Партия тарихы институтында «Алашорда:пайда болуының, қызметі мен күйреуінің тарихы» деген тақырыпта пікір алмасу ұйымдаст ырылды.Онда республикаға белгілі тарихшы, қоғамтанушы ғалымдар өз ойларын ортаға салды.Бұл пікір алмасудың ғылыми нәтижелері мен қорытындылары баспасөз бен жеке арнаулы еңбектер ретінде қоғам назарына ұсынылды. Ал,1990 жылы Алашорда тарихына байланысты ғалым А.Сармурзиннің еңбегі жарияланды. Бұл еңбекте Алашорда үкіметінің қызметіне талдау жасалған және оның күйреуінің обьективті себептерін ашып көрсетеді.Сонымен бірге,Батыс Алашорда бөліміне қатысты маңызды құжат деректері берілген.
Алаштануды бүгінгі Қазақстанның бойтұмарына, қоғамдық-саяси, ғылыми-көркем құндылығына айналдыруда Қазақстан Республикасы тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың орны мен ықпалы айрықша маңызға ие.Алаш қозғаласын жаңа тұрпатты қазақ мемлекетінің бастауына балаған Елбасы «Тарих толқыныңда» деп аталатын кітабының тұтас тарауын «Алаш мұрасы және осы заман»атауы да бізді үлкен ойға жетелейді.
Ұлы дала төсінде ұрпақтар сабақтастығы үзілмей жалғасып келеді. Қара шаңыраққа ие болып, Алаш ұғымын сақтап қалған халқымыз сан ғасырлық тарихында қилы-қилы кезендері талай-талай «тар жол,тайғақ кешулерді» бастан өткерді. Бодандық қамытын киген қазақ халқы жерінің құнарынан жүректі ұланынан айырылды. Хандық жүйенің жойылуымен бірге халықтың тұтастығы мен елдің тәуелсіздігі де біржола жоғалатының сезген ерлер тас- түйін тәуекел етіп, атқа қонды. Қашанда «малым-жанымның садағасы, жаным-арымның садағасы»деген қағидатты ұстанған халқымыз бас бостандығы мен рух еркіндігі үшін күреске шықты. Оның айғағы ретінде соңғы үш ғасырда қазақ халқының отаршылдық езгіге қарсы 300-ге жуық ұлт-азаттық көтерілісті бастан кешкеннін айтсақ та жеткілікті.
Жиырмасыншы ғасырдың бас жағында біздің сан ғасырлық тарихымызда тұңғыш рет халықты әлемдік айдынға алып шығуға нақты мүмкіндік туды. Ол мүмкіндікті туғызғандар «Алаштың» алыптары болатын. Зиялылардың «Алаш» атауын таңдауы да жайдан-жай емес еді. Үркердей топ ежелден келе жатқан «Керегеміз-ағаш,ұранымыз-алаш» деген қазақтың қанатты сөзін басшылыққа алды. Байырғы түрік заманынан жеткен Алаш идеясы қазақтың ұлттық идеясының темірқазығына айналып. Озық ойлы, көзі ашық, батыстағы саяси бағыттардан хабардар зиялылар ортақ ұранның төңірегіне топтаса түсті. Байырғы түркілік айбардың,қаймағы бұзылмаған ынтымақ-бірліктің рәмізі болған алаш ендігі жерде жаңа тұрпатты елдіктің бағдарына айналды.
Сондықтан жалпыұлттық деңгейге көтерілген Алаш идеясы елдің еркіндігі мен егемендігін, тәуелсіздігі мен тұтастығын ту етіп ұстаған Абылай хан оның даңқты немересі Кенесары хан бастаған күрестің жалғасы деп батыл айта аламыз.
Қытай ақылманы Конфуций «Біздің өткеніміз-қанымызды жаңартып отыратын ауа» деп айтқан екен. Тоталитарлық режимнің идеологиялық қысымы салдарынан кейбір фактілер мен құбылыстар әдейі назардан тыс қалдырылып, бағаланбай, олар туралы үндемеу орын алды. Мемлекеттік тәуелсіздікке қол жеткізу, қоғамның демократияға бет бұруы Отанымыздың шежіресінің көптеген беттерін қайта қарауға мүмкіндік берді.
Түркілердің Алашты алты ұлт құрайды қазақ, өзбек, қырғыз, түркімен, қарақалпақ, башқұрт. Өткен ғасырда ұлт тағдыры үшін жан аянбай күрескен ардақтыларды «Алты Алаштың арыстары», «Алаш тұлғалары», «Алаш көсемдері» деп жіктеп жүрміз. Бізден басқа, Алашқа қатысты әр ұлт өз тұлғаларын осындай бағалаған да шығар. Бірақ сол тұлғалардың бәрі біз айтқандай алты Алашқа әйгілі ме? Бар гәп осында.
Қазақта алты Алашқа белгілі тұлғалар бар ма? Бар. Олар - Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Тұрар Рысқұлов, Сұлтанбек Қожанов, Нәзір Төреқұлов. Олар туралы көп жазылды. Ғылыми зерттеулерден бөлек көркем шығармалар да бар. Дегенмен де, олардың мемлекет қайраткерлігі істерінде әлі де түйіндей түсетін, анықтап ашығын айтатын жайлар жетерлік.
Әсіресе, Ә.Н.Бөкейханов – алты Алашқа танылған тұлға. Оған қазақтың атақты қоғамдық және саяси қайраткері. Ірі ғалым-энциклопедист Әлихан Бөкейханға арналған С.Аққұлыұлының, М.Базарбаевтың, Қ.Сәрсекеевтің, Б.Қойшыбаевтың ғылыми монографиялық, көркем шығармалары, көптеген мақалалары дәлел.
Қазақта: «Ел болса, ер туғызбай тұра алмайды» - деген дана сөз бар. Ықылым заманнан «ел» деп талай еңіреген ерлер өтті. Олардың бәрінің атын атап, түсін түстеуің қажеті шамалы.
«Білікті бірді жығар, білімді мыңды жығар» деген сөздің төркініне келсек, Қазақстанның ХХ ғасырдың бас кезіндегі рухани-интеллектуалдық элитасының лидері, мемлекетіміздің тарихында өте терең із қалдырған Әлихан Бөкейханды атау керек. Ол ұлы гуманист, демократ, либерал, ең алғашқы ұлттық саяси партияның негізін қалаушысы болды. Оны халық ұлы ағарушы, шын мәнінде халық мұғалімі ретінде есінде сақтады. Ол Ресей қалалары және қайраткерлері съезінің депутаты, алғашқы Мемлекеттік Дума мен Ресейдің мұсылман халықтарының депутаты, төртінші Мемлекеттік Думаның мұсылман фракциясының бюро мүшесі. Кадеттер партиясы Орталық Комитетінің мүшесі, «Алаш» партиясының негізін салушы, «Алаш Орда» мемлекетінің басшысы. Ә.Н.Бөкейхан - ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ.басындағы қазақ даласының жан-жақты өмірін, аймақтың тарихын, мәдениетін, тұрмысын, шаруашылығын, табиғи байлықтарын жоспарлы зерттеудің негізін салған ірі ғалымдарының бірі. Ол орман шаруашылығы, экономика, тарих этнография, филология, стаститика, саясаттану салаларының маманы әрі ғалым. Өкінішке орай, өткен кеңес дәуірінде оның ғылыми мұрасын зерттеу мүмкін болмады, бұл жағдай буржуазиялық-ұлтшылдық деп саналды.
Әлихан Бөкейханов Дала өлкесіндегі Семей облысының Қарқаралы уезінде, Тоқырауын болысының №7 ауылында өмірге келді. Кеңес өкіметі тұсында ол жер Жезқазған облысының Ақтоғай ауданындағы Қаратал кеңшарының аумағына кіреді. Тәуелсіздік кезінен бері оның туған жері - Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданының Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан атындағы ауыл деп аталады.
Ұлы даланың көгінен шоқ жұлдыздай ағып өткен Әлиханның аңыз ғұмыры туралы сырды тереңнен тартар болсақ, талай-талай бел-белеске, тарих қойнауына жетелейді. Асылдың сынығы, жақсының көзі Әлихан ата-тегі Шыңғыс ханның өрбитін төре тұқымынан - Көкжал Барақханның баласы Бөкейханнан тарайды. Бөкейханның бес әйелінен он бір ұл, сол он бір ұлдың бірі - Әлиханның арғы бабасы Батыр. Батырдан - Рүстем, Әшімтай, Мырзатай туады. Мырзатайдан - Нұрмұхамед (Әлиханның әкесі елдегі аты Мұқан), Қоске, Шолақ, Әптіхан. Нұрмұхамедтен - Әлихан, Смахан, Базылхан, Әзімхан, Тәтіхан деген бес ұл мен Нұрбек атты бір қыз туды.
Әлекеңнің інісі Смаханның «Әлекеңнің өмірі» атты естелігінде Әлиханның балалық, жастық шағынан біраз мәлімет берілген, «Алты жасқа дейін тілі шықпаған. Балуан, аусар, теріс бұтақ, қисық, көнбейтін. Бақсы, балгер, құмалақшы көрсе өтірік айтады деп қуады. Бақсы: «Әлихан келсе, жын қашады» дейді екен. Зорлықшы баланы сабап, жетім-жесірге жаны ашып, әлсізге көмектесуге дайын тұрады екен. Аң аулағанда бүркіт ұша алмаймайтын қызыл шұнақ аязда тоңбайды екен».
1879 жылы әкесі Нұрмұхамед ұлын Қарқаралы медресесіне оқуға апарады. Бірақ зерек те алғыр жеткіншек уақыт талабына сай білім алуды аңсайды. Баласының тауын шақпай, Нұрмұхамед сұлтан оны үш сыныптық қалалық орыс қазақ мектебіне ауыстырды.
Бітірді деген аттестатқа уезд бастығының өзі қол қояды. Аттестатқа «Қарқаралы уезінің Тоқырауын болысының сұлтанының ұлы Қарқаралы қырғыз ер адамдар мектебінде 1879 ж. 16-қыркүйектен 1886 ж. 16 маусымға дейін тәрбие алды және оқыған кезде өзін өте жақсы жағынан көрсетті. Оқушыларды ақтық тексеруден өткізгеннен кейін Қарқаралы үш сыныптық қалалық училищесінің аттестатына алып шықты. Оқып жүрген кезінде аяқ-киім тігу өнерімен айналысып, бұл өнерімен өз бетінше де айналады»,-делінген еді.
Осы 1886 жылы Бөкейханов Қарқаралы уезінің басқармасы берген мінездеме хатпен Омбыға жолға шығады. Жолға ол бір халат, бір тон және екі іш киім ғана алған еді. Омбыда ол салынып жатқан Сібір темір жолына мамандар даярлап жатқан жергілікті техникалық училищеге түседі.
1890 жылы оқуды аяқталады. 4 жылдық оқуды 24 жасар Әлихан орыс тілі, орыс тарихы, геометрия, алгебра, тригонометрия, физика, механика, ағаш және металл өндеу, есеп айырысу және құрылыс өндірі пәндерін «өте жақсы» бағаға, ал сызу, сурет және шеберханалық практикалық жұмысты «жақсы» деген бағаға аяқтады.
1905-1907 жылдары қазақ ұлттық қозғалысының көсемдері Ә.Бөкейхановтың, А.Байтұрсыновтың М,Дулатовтың, Ж.Ақбаевтың, Б.Қаратаевтың басшылығымен қоғамдық қозғалыс санасын конституциялық монархия және либералдық реформа үшін күреске бұруға ұмтылыс жасады.
1905 жылдың жазында Қоянды жәрмеңкесінде бұл кісілермен қоса,қазақ зиялылары халық атынан патша өкіметіне петиция жазды. Бұл Қазақстан тарихына Қаралы петициясы атымен енген, өзге баламасы жоқ бірден-бір құжатта, алғашқы рет қазақ халқының арманы мен империяға тең құқылық, тәуелсіздік талаптары қойылған.
Петицияда былай делінген:
«Не халықтың мүдесімен, не оның тарихи құқықтарымен санаспай, бір орыстану саясатын көздеген жергілікті әкімшілік бұл саясатпен келіспегендердің бәрін жоюға ұмтылды. Әкімшілік қырғыз далаларының жаулап алынбай өз еркімен қосылғандығын назардан мүлдем тыс қалдырды.
Қырғыздар орыстардың құрамына сырттан қорғаныс ретінде, олардың ішкі істерге араласатындарын білмей кірген еді. Мемлекеттің діни саласына зорлықпен енуін қырғыздар олардың діндеріне қол сұғуы деп танып үкіметтің әрекеттеріне сенбеушілікпен қарайды».
Сонымен қатар петиция авторлары: «Аталарының қанымен алынған, өздерінің жеке меншіктері деп санаған жерлерді қырғыздар Ресей құрамына кіргенде мемлекет жеке меншікке қол сұғады деп ойламаған еді; ал орыс үкіметі еш себепсіз, тек қана күштінің құқығымен барлық қырғыз даласы мемлекеттің жеке меншігі болып саналатын және соның негізінде көшіріп-қондыру қозғалысы басталып, ең шұрайлы жерлер көшіп келгендерге бұйырып, нашар жерлер қырғыздарға қалатын заңдарды құрды» деп жазды.
Петицияны құрғандар енді қуғынға ұшырады. 1906 жылдың қаңтарында Әлихан Бөкейхан тұтқындалып, А.Байтұрсынов пен Ж.Ақбаев бақылауға алынды. Алайда, патша жандармериясы бұнымен тоқталмай, 1908 жылы Ж.Ақбаев, сонынан 1909 жылдың шілде айында А.Байтұрсынов тұтқындалды.
1905 жылдың қараша айында Ә.Бөкейханов төрт миллионнан астам қазақ халқының атынан Мәскеуде Ресейдің земстволық қалалық қайраткерлерінің кезекті съезіне қатысты. Соның бір жиналысында ол мына сөздермен шығады:
«Мен Оралдан Алтайға, Сібір темір жолымен Омбыға дейінгі территорияны алып жатқан төрт миллион қазақ халқының өкілі болып табыламын. Мен осы жерде поляктар, малоросстар, латыштар және тағы басқалардың айтқандарын естігенімді, бір ескі кітапты оқығандай болып отырмын. Бізде де қырғыз, қазақ тілдеріндегі мектептер қуғынға ұшырап, біз де цензура қысымында отырған халықпыз… Сондықтан, мен де съезге қойылған жергілікті тілдерге барлық шектеулерді тез арада жоюды талап еткен азаматтардың ұсыныстарына қосыламын».
Мәскеуден оралған Әлихан Бөкейханов сайлау алдындағы науқанға тез арада кірісіп кетті. Өз күресін ол қазақ тілінде газет шығарудан бастады. Оған «Біздің өмір» атты кадеттік газет куә. Бірақ үкімет оның Мемлекеттік Думаға сайлануымен қауіптенді.
Оның 1906 жылы 15 сәуірде заңсыз тұтқынға алынуына байланысты заң қорғау органдары жіберген бірнеше хаттары нәтижесінде ол Павлодар түрмесінен Омбы түрмесіне ауыстырылды. 15 күннен кейін оның бір-ауыздан өз болысында сайланғаны белгілі болып Әлихан Бөкейханов түрмеден босатылды.
Ә.Бөкейханов 1917 жылғы Ақпан революциясын құптады.
1917 жылғы 20-наурызда Ә.Бөкейханов, М.Дулатұлы және М.Шоқайұлы бірігіп, «Алаш ұлына» атты үндеу әзірлейді. Оны «Қазақ» газетіне бастырды. Бұл үндеуде қазақ азаматтарына уақытша өкімет шараларын қолдауға, оны түсіністікпен қабылдауға шақырған: «Еркіндік таңы атты. Құдайдың көмегімен аңсаған арманымызға жеттік. Кеше ғана біреудің құлы болып едік, бүгін бәріміз тең болдық... Халықты көп ғасырлық құлдықта ұстаған үкімет күйрейді!».
«Алаш» партиясы құрылуынан бастап ол барлық зорлық-зомбылыққа қарсы шықты. Оның озаттары қазақ халқының ұлттық сана-сезімін оятуға бағытталған саяси күрес арқылы алып бермекші болды. Олар қантөгіс пен зорлыққа қарсы болды, Зорлыққа қарсы шығып, мемлекеттің таптық табиғатына кері көзқараспен қарайтын алаштықтар қоғамдағы таптық диктатурасына қарсы болды. Олар барлық қазақ халқының атынан сөйледі.
1920 жылы наурыздың 5-інде Кирревкомның қабылданған қаулысына сәйкес ұлттық Алашорда үкіметі, атап айқанда, оның Батыс бөлімі толықтай таратылды.
Кеңестік негіздегі пролетариат диктатурасы ұлттық мемлекеттікті қабылдамады, оған қарсы тұрған кеңестік Ресейдегі басқа да ұлттық қоғамдық-саяси қозғалыстар сияқты, Алаш қозғалысы да тарих сахнасынан ал оның халық таныған көсемдері саяси күрес пен қызмет аренасынан күштеп қуылды.
Бұлардың қатарында, әрине, Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов та бар еді.
Арқалы ақын Ғафу Қайырбековтың мына бір тамаша жыр жолдары еске түседі;
«Еренді үзілетін тепсе темір,
Кең еді Арқа кеуде,Көкше көңіл.
Жанындай сүюші еді өз өлкесін,
Дос еткен ер серісін,қыз еркесін.
Япырмай-ай,қайран сабаз,қайда кеттің,
Мен түгіл,жер жоқтады,тартады іші ...»
Өкінішке орай, Ә.Н.Бөкейхановты ақтау туралы құжат 52 жылға кешікті. Тек, 1989 жылдың 14-мамырында ғана КСРО Жоғарғы Сотының қаулысы бойынша әрекетінде қылмыс құрамы жоқ болғандықтан ұлы Қайраткер, кемеңгер Қазақ, асыл Азамат, алты Алаштың Әлиханы ақталды. Ал екі жылдан соң Ә.Бөкейхановтың жұрты да Азаттық алды, және Тәуелсіз Ел болды!
Алаш идеялары салтанат құрған заманға жеттік, азаттықтың көк байрағы төбемізде желбіреуде.Тағдырдың тезінен аман қалған қазаққа бұдан артық қандай бақыт болуы мүмкін. Енді Алаштықтар аңсаған тәуелсіздігіміз Бен мемлекеттімізді күн сайын нығайта беруге еңбек етуіміз керек.
Достарыңызбен бөлісу: |