Материали


МАТЕРИАЛИ ЗА XX МЕЖДУНАРОДНА НАУЧНА ПРАКТИЧНА КОНФЕРЕНЦИЯ



Pdf көрінісі
бет56/150
Дата27.03.2023
өлшемі2.16 Mb.
#471154
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   150
2023-03-21-A4-tom-9

МАТЕРИАЛИ ЗА XX МЕЖДУНАРОДНА НАУЧНА ПРАКТИЧНА КОНФЕРЕНЦИЯ  17 - 25 март, 2023 
73 
белсенділік тұлғаның іс-әрекетін, мінез-құлқын стратегиясын және қатынасын 
жобалайды деген пікір ұстана отырып, креативтілікте белсенділіктің рөлін 
ерекше атап кетеді [6].
Б.К. Сақтағанов креативтілікті жаңа өмірдегі қажеттіліктерге дұрыс 
бағытталуға қабілеттілік және жаңа тұғырлар ретінде қарастыра келе: 
«Дарындылықтың бірден бір анықтаушы компоненті болып табылатын индивид 
психикасының бұндай сапаларына көзқарастар сан түрлі. Бір іс-әрекет түрінен 
жоғарғы нәтижеге жету іс-әрекетке, дарындылықты (интеллектік, мотивация 
және т.б.) құрайтын басқа факторлар жиынтығынан өзгеше жаңа 
шығармашылық тұғырды болжайды және ерекше жетістік үшін ішкі жағдай 
тудырады», - деп пайымдайды.
А.С. Мұстаяпова кретивтілікке берген шетел ғалымдарының 
анықтамаларын саралай келе былай деп қорытындылайды: «Креативтілік - 
рухани құндылықтарды жасаушы және жеке тұлғаның шығармашылық тұрғыдан 
өзін-өзі дамыту шарты бола отырып, рефлексия мен субьективтік өзін-өзі 
бағалау негізінде жаңа нәтижелерге жетуде шығармашылыққа қабілеттілігінен 
көрінетін тұлғаның сапалық қасиеті [7]. 
Психология-педагогикалық сөздікте "креативтілік" түсінігі ойлау кезінде, 
сезімде, қарым-қатынаста, әрекеттің жеке түрінде көрініс табатын адамның 
шығармашылық мүмкіндіктері; түрлі оригиналды идеяларды тудыру 
қабілеттілігі деп қарастырады; тар мағынада, креативтілік - дивергентті ойлау
яғни дұрыс шешім табу мақсатында вариативті іздеу қабілеттілігі. Кең мағынада, 
креативтілік - шығармашылық және интеллктуалдық қабілеттер, жаңаны 
тәжірибеде жүзеге асыру, жаңа проблемалар аясында жаңа идеяларды тудыру 
қабілеттілігі деп қарастырылады. 
Классикалық психология мен педагогиканың түсіндіруінше, бұл ұғым 
"шығармашылыққа қабілеттілік", "шығармашылық белсенділіктің айрықша 
формасы", "жаңа дағлыларды қалыптастыратын және жаңа ұғымдарды 
шығаратын индивидтің қасиетін бйнелейді", "өзінің қабілеттерін дамытуға және 
қолдануға дайын болуы" және тағы басқа ретінде баяндалады. 
Міне осындай креативтілікке берген ғалымдардың анықтамалары 
қаншама. Ғалымдардың бұндай көзқарастары тереңінен дәлелденген және 
мойындалған. Егер креативтілік аталған позициялардың бірімен ғана 
анықталатын болса, оның зерттеу проблемалар ауқымы тарылып, біржақты ғана 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   150




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет