Тақырыбы: Мақсаты



Дата17.07.2016
өлшемі46 Kb.
#206183
Тақырыбы:

Мақсаты: Балаларға Наурыз туралы түсінік беру. Қазақтың жаңа жылы, Қыдыр ата және қазақтың салт-дәстүрлері туралы ұғымдарды үйрету. Инабаттылыққа, тәрбиелікке, адамгершілікке баулу.
1-жүргізуші:

Уа, жарандар, жарандар,

Бәрің бері қараңдар!

Наурыз думан басталды,

Бір сәт зейін салайық.

Ұштасқан оймен мәңгілік

Біздерде бар сан ғұрып,

Ғасырлардан ғасырға

Келе жатқан жаңғырып.

Бермен жақын тұрыңдар,

Сөзіме көңіл бұрыңдар.

Жауқазындай наурыздың

Жарапазан жыры бар.

 

2-жүргізуші:

Ассалаумағалейкум, ағайын!

Ұлыс оң болсын!

Ақ мол болсын!

 

1-жүргізуші:

Ұлыс күні кәрі-жас

Құшақтасып көріскен.

Жаңа ағытқан қозыдай

Жамырасып өріскен.

Ұлыс күні қар еріп,

Сай-салалар гүрілдер.

Көк шөбі шығып желкілдеп,

Дүние біткен күлімдер.

 

2-жүргізуші:

Наурыз тойын жұп жазбай

Қошеметпен қарсы алайық.

Досқа құшақ ашайық.

Өлең-жырға басайық.

Қазақтың бір салты деп

Тойға шашу шашайық.
Мерекелік сөз кезегін балабақша меңгерушісі С Елубайқызына беріледі.
1-жүргізуші: Қадірлі ағайын, біз бүгінгі мерекелік кешімізді сайыс түрінде өткізуді жөн көріп отырмыз. Алдарыңызда екі ауыл салтанат құрып отыр. Бүгін осы екі ауыл мынадай сайыстар бойынша сынға түседі:
І. Ұлттық киім

ІІ. Ұлттық тағамдар

ІІІ. Ұлттық өнер

ІV. Наурызға байланысты сұрақтарға жауап беру.

V. Салт-дәстүрді сахнада көрсету.

 

2-жүргізуші: Ауылдарымызға «Балауса» тобына- «Бәйшешек»,

«Ақбота» тобына - «Наурызша», деген аттар бердік.

 

1-жүргізуші:  Уа, ағайын! «Наурызым – бабамның сөзі, Наурызым – анамның сөзі, Ғасырдан ғасырға жеткен Даламның сөзі» демекші, тойды бастамас бұрын екі биімізден бата сұрап алайық:


Төле би рөлінде: Алихан

Сұрасаң бата берейін,

Үстем болсын мерейің!

Ықыласпен қол жайсаң,

Ақ тілекті төгейін.

Дастарханың мол болсын,

Абыройың зор болсын!
Әйтеке би рөлінде: Мансұр

Жарылқа, Алла, қабыл ет,

Жарылқаудың қамын ет!

Ізет, абырой, бақ-дәулет,

Қызыр қарап бақ қонып,

Жақсылық үшін қызмет ет!

 

2-жүргізуші: Баталарыңыз қабыл болсын дейміз! Алдарыңызда «Балауса» тобы балаларының орындауында «Көктем» әні.
1-жүргізуші: Алғашқы кезеңімізді бастаймыз. Бастамас бұрын әділ қазылар алқасын сайлап алайық.

Әрбір ауыл өздері дайындағын (І кезең) киім үлгілерін ортаға шығарып көрсетеді.

 

2-жүргізуші:

Бауырласқан тәнтіміз,

Бұзылмаған салтымыз.

Өзге ұлттай біздің де

Бар дәстүр менен салтымыз, - дей отырып келесі кезеңді бастайық. Әділ-қазы алқасы әрбір ауылды аралап, ( ІІ кезең) ұлттық тағамдарға баға қояды. Олар өздеріне берілген тапсырманы орындап болғанша балалардың тақпақтарына берейік.

Армысыздар, халайық!

Бармысыздар, халайық!

Ақ қар кетіп, көктем жетіп,

Наурызды қарсы алайық! Жаннұр.
Көктем келді, Наурыз келді,

Жер көгеріп, жайнай берді.

Дастарханы аққа толы,

Жақсылық пен бақыт келді. Медина.


Аманбысың, армысың, халқым менің!

Ақтарған кең даламның алтын кенін,

Мереке басы болсын берекелі,

Ардақты Наурыз тойыы, салтым менің. Аяулым


Наурыз келді құт болып,

Мына бізге сүт болып,

Аққа аузымыз толады,

Бар жақсылық болады. Нұрғиса


Наурыз тойы құтты болсын,

Жер көгеріп, малға толсын.

Ырыс тасып берекелі,

Елім менің бақытты болсын. Махбал


Бәйшешек гүл ашады,

Мұздар сайға қашады.

Суға толы өзен-көл,

Кемерінен асады. Адриана


Жас қосатын жасыңа,

Жыл басы бұл-Наурыз.

Әр кіргізген асыңа,

Бал татыған сары уыз. Гиленко Анна.


1-жүргізуші:

Тойла бүгін, тауларым мен боз далам,

Тойла бүгін, қарттарым мен бозбалам.

Қайта оралған намысымдай Наурызым,

Жаңа жыл боп қош келіпсің, Наурызым!
 2-жүргізуші:

Жақындатып өткенге, кеткенге енді,

Көктем келді балбырап, көктем келді.

Суық сорған жаныма шуақ құйған,

Осы еді ғой күткенім көптен бері.
Ақбота тобының баларын ортаға шақырайық:

Наурыз гүл көктем

Сәнді ай арайлы

Күлімдеп күн көктен

Нұр шашып қарайды. Азамат
Көктем, көктем, көктемде.

Күн нұрын төккенде

Қар еріп, ақты су. Лиза
Құтты болсын, наурыз

Ұлы күні ұлыстың.

Дастарханда барымыз. Самира
Құтты болсын наурыз!

Сарқылмасын сары уыз.

Кенелсін көкеніске

Гүлдеп бақша бауымыз. Амир


Наурыз тойы әдемі

Әжем еске түсірді

Біздерге арнап әдейі

Наурыз көже пісірді. Мансұр


Арпа, бидай, тары бар.

Қатық малта тағы бар.

Ішілетін, жейтіннің

Бұл көжеде бәрі бар. Мәңгілік


Ұлы күні ұлыстың,

Күнмен түні теңеген,

Тәтті дәмін ырыстың,

Таттық наурыз көжеден. Әсет


Ашылды да кебеже,

Дәм әзірлеу басталды.

Әжем наурыз көжеге

Жеті түрлі ас салды Гүлдана


Ойнаймыз шаттана

Ішеміз күнде айран

Балаға, қартқа да.

Ортаққой бұл мейрам. Татияна


Наурызды қаламыз,

Жыл басы санайды.

Көнермес салтымыз.

Көктемдей арайлы. Маргарита


Алма, өрік ағашы,

Әдемі алқа таққандай.

Көк өзеннің жағасы

Думандасып жатқандай. Даниель


Ұлы күні ұлыстың,

Күн мен түнді теңеген

Тәтті дәмін ырыстың

Таттық наурыз көжеден. Диана


Сылдыр сұйық су емес,

Ішсең шөлің қанады.

Ақ болсада да қар емес.

Шешуін кім табады? Жалғас

 

1-жүргізуші. Ауылдарымыз (ІІІ-кезең) ұлттық өнерлерін көрсетеді. Бірге тамашалайық! (екі ауыл би, ән, күй өнерін көрсету керек)

 

Екі ауылдың ұлдары «Қара жорға» биін билейді.



2-жүргізуші:

Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тірлікке,

Қастерледік, қадіріңді білдік те.

Құтты болсын, ұлыс күні жұмылдыр

Бәрімізді Ынтымақ пен Бірлікке!

 

1-жүргізуші: Енді ортаға әрбір ауылдың басшыларын шақырайық. Олар Наурыз мерекесіне қатысты (ІҮ кезең) сұрақтарға жауап береді.

Жыл басында алғаш жауған қар қалай аталады? (Ақша қар)

Жыл басының алғашқы күні? (Ұлыс күні)

Жыл басының алғашқы желі? (Алтын күрек)

Жыл басының алғашқы төлі? (Дүбір аяқ)

Жыл басының алғашқы сүті?(Уыз)

Жыл басының алғашқы көгі? (Бәйшешек)

Жыл басының алғашқы асы (Наурыз көже)

Жыл басының алғашқы белгісі (Көрісу)

Жыл басының алғашқы сый тамағы (Ұйқыашар)

Жігіттердің қыздарға беретін сыйы (Селтеткізер)

Наурыз айында ұшып келетін көктем құсы (Наурызек)

Наурыз айында өсетін жапырақты, қауашақты түрлі гүл (Наурыз шешек)


Келесі кезеңде ауылдар белгілі бір (Ү-кезең) салт-дәстүрді көрініс етіп қояды: «Бесікке салу», «Тұсау кесер».

 2-жүргізуші: Барлық кезеңнің тапсырмаларын сәйкесінше орындадық деп ойлаймыз, ендеше әділ-қазылардың бағасын білейік.

Әділ-қазылардың бағасы шыққанша екі ауылдың қыздары «Қамажай» биін орындайды.
1-жүргізуші: 

Шыға келді сыланып сылаң келер,

Қияңдағы қиылды қыранға ерлер.

Қызғалдақты кешіп жүр қыр астында

Мың бұрала жүгірген бұраң белдер.

 

2-жүргізуші:

Арда өсіп, адал емген ақ уызың,

Қалдырған ғасырларға нәрлі ізін.

Көк бөрілі байрағын желбіретіп,

Көк түріктер тойлаған Наурызым!



 

1-жүргізуші: Наурыз мерекесі құтты болсын! Келесі жылы амандықта жүздескенше!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет