М А З М Ұ Н Ы
|
Кіріспе
|
|
1.
|
Бағдарлама паспорты
|
3
|
2.
|
Ағымдағы ахуалдың талдауы
|
11
|
3.
|
Өңір дамуының болашақ көрінісі
|
64
|
4.
|
Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаттары, міндеттері, мақсатты индикаторлары және нәтижелер көрсеткіштері, қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдары және іске асыру мерзімдері көрсетілген тиісті шаралары
|
68
|
5.
|
Қажетті ресурстары
|
112
|
6.
|
Бағдарламаны басқару
|
113
|
К І Р І С П Е
Жамбыл ауданын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі –Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» (2009 жылғы 18 маусымдағы №827), Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» №931 Жарлығы, «2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мемлекеттік үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарын күші жойылды деп тану туралы» (2010 жылғы 19 наурыздағы №958) Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 17 ақпандағы №925 Жарлығымен бекітілген 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Ұлттық іс-шаралар жоспарының 9-тармағын орындау үшін және Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының шешуші бағыттарына сәйкес әзірленді.
Дамыту бағдарламасы ауданның барлық өңірлерінің тұрақты және теңдей дамуын, әртараптандыру және бәсекеге қабілеттілікті арттыру арқылы экономиканың өсімін қамтамасыз етуге бағытталған.
Дамыту бағдарламасы шеңберінде ауданның қазіргі әлеуметтік-экономикалық ахуалына талдау жүргізіліп, оның күшті және әлсіз жақтары, қауіптер мен даму мүмкіндіктері анықталды.
Ауданның негізгі бәсекелестік артықшылықтарына мыналар жатады: қолайлы географиялық орналасуы, пайдалы қазбалардың бай қорларының болуы, еңбекке қабілетті жастағы тұрғындардың көптігі, инвестициялық жобаларды табысты іске асыруға мүмкіндік беретін өндірістік инфрақұрылымның болуы.
Қолда бар бәсекелестік артықшылықтарды, сондай-ақ мүмкіндіктер мен қауіптерді ескере отырып Дамыту бағдарламасының іс-шараларын іске асыру тұрақты әлеуметтік, экономикалық және инфрақұрылымдық дамуды қамтамасыз етуге бағытталған. Стратегиялық мақсаты ел азаматтарының лайықты өмір сүруі үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге қабілетті күшті және тиімді мемлекетті құруға лайықты үлес қосуды қамтамасыз ету болып табылады. Халық өмірінің деңгейі мен сапасын жоғарылату сыртқы және ішкі факторларды барынша пайдалану, табиғи кешеннің әлеуетін молайтуды сақтай және қоршаған ортаны сауықтыра отырып экономикалық және әлеуметтік саланы қарқынды дамытуды қамтамасыз ету арқылы көзделеді.
1. БАҒДАРЛАМА ПАСПОРТЫ
Бағдарлама атауы
|
Жамбыл ауданын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
|
Әзірлеу үшін негіздеме
|
Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» №827 Жарлығы;
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» №931 Жарлығы;
Қазақстан Республикасы Президентінің 1.02.2010 жылғы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» №922 Жарлығы;
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бұдан әрі қолданылуының кейбір мәселелері туралы» №931 Жарлығы;
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы «2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мемлекеттік үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарын күші жойылды деп тану туралы» №958 Жарлығы
|
Өңірдің негізгі сипаттамалары
|
Жамбыл облысының Жамбыл ауданы облыстың оңтүстік батыс бөлігінде орналасқан. Жалпы жер көлемі 4,3 мың шаршы шақырымды немесе Жамбыл облысының жер көлемінің 3,0 пайызын құрайды.
Аудан аумағындағы 17 селолық /ауылдық/ округтерде 45 елді мекендер орналасқан.
Жамбыл ауданы облыс орталығы Тараз қаласының айналасын қоршай орналасқан. Ауданның батыс жағы Көделі мал жайылымымен шекаралас жатқан Талас ауданымен, шығысында қыратты Алмалы жотасы арқылы Тұрар Рысқұлов ауданымен және ортақ жайлау болған Дегереспен түйісіп көршілес Қырғызстан Республикасымен, солтүстігі Байзақ ауданымен, оңтүстігі Жуалы ауданымен шектесіп жатыр.
Географиялық жағынан аудан орталығы Аса селосы облыс орталығынан 24 шақырым қашықтықта, ал Жалпақтөбе, Қала маңы, Түрксиб, Ақбұлым, Жасөркен, Бектөбе, Құмшағал, Шайқорық елді мекендері облыс орталығы Тараз қаласымен шекаралас болса, ең алыс Ерназар елді мекені аудан орталығынан 36, ал облыс орталығынан 60 шақырым жерде орналасқан.
Аудандағы халық саны 2010 жылы 87 126-ге жетіп, жалпы облыс тұрғындарының 8,3 пайызын құрайды.
Бағытталуына қарай аудан аграрлық болып табылады.
2010 жылы жалпы шығарылған өнім көлемі 9453,0 млн теңге, оның ішінде өнеркәсіп өнімдерін өндіру 2103,6 млн теңге, ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру 7349,4 млн теңге.
Салалар бойынша негізгі секторлар болып мыналар танылады: ауыл шаруашылығы, тау-кен өндірісі және карьерлерді әзірлеу, түрлі қызметтер көрсету.
|
Бағыттары
| -
Агроөнеркәсіп кешеніне жоғары өндірісті технологияларды енгізу негізінде аудан экономикасының жеделдетілген дамуы;
-
Әлеуметтік саланың және адами әлеуеттің дамуы, халық өмірі сапасы деңгейінің жоғарылауы, сапалы әлеуметтік қызметтердің барлық түрлерімен қамтамасыз етілу;
● Экономиканы үдемелі индустриаландыруға және сапалы тұрғын үй-коммуналдық және көлік қызметтерімен қамтамасыз етуге ықпал ететін инфрақұрылым кешенін модернизациялау;
● Ауылдық аумақтарды жеделдетіп дамыту есебінен аудандық әкімшілік-аумақтық құрылымдарының әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлерін теңестіру;
-
Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесін дамыту.
|
Бағдарламаның мақсаттары
|
● Экономиканың сапалы әрі тұрақты өсімін қамтамасыз ету;
● Өңірлік экономиканы үдемелі индустриаландыру бойынша инновациялық жобаларды іске асыру арқылы басымды салалардағы жоғарғы шекті өнімге өту, нығайту және тиімділігін арттыру арқылы ауданның өнеркәсіптік әлеуетін арттыру;
● Тұрақты өсім қарқынымен осы заманғы озық технологияларды қолдана отырып бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіп кешенін және тамақ өнімдері өндірісін құру;
● Еркін бәсекелестікті дамыту және тауарлар мен қызметтер нарығына тең қолжетімділікті қамтамасыз ету арқылы бизнестің, оның ішінде ШОБ экономикалық белсенділігінің өсімі үшін қолайлы орта жасау;
● Тиімді сауда саясатын жүргізу;
-
Білімге қолжетімділікті және оның сапасын қамтамасыз ету, балалардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру;
-
Өнімді жұмыспен қамтуға ықпал ету;
-
Атаулылыққа және тиімділікке негізделген әлеуметтік қорғау жүйесін құру;
-
Мүгедектерді, қарт азаматтар мен қиын өмір жағдайларына ұшыраған азаматтарды әлеуметтік қолдау және олардың өмір сүру сапасын жақсарту;
-
Бұқаралық спортты және жоғары жетістіктер спортын дамыту;
-
Өңірдің тарихи-мәдени мұрасын сақтау, отандық мәдениет пен өнерді кеңінен насихаттау;
-
Көлік инфрақұрылымын дамыту;
-
Тұрғын үй құрылысы және ғимараттар мен имараттардың сейсмотұрақтылығын қамтамасыз ету;
-
Азаматтардың қолайлы өмір сүруі;
-
Ақпараттық қоғамға және инновациялық экономикаға өту мақсатында инфокоммуникация саласын дамытуға жағдайлар мен тетіктер жасау;
-
Ауылдық аумақтарды тұрақты дамытудың негіздерін жасау, ауылдық тұрғындардың тіршілігін қамтамасыз етудің жоғарырақ деңгейін қамтамасыз ету;
-
Қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру және жақсарту;
-
Мемлекеттік пен ұлттардың бірлігін одан ары нығайту, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету;
-
Аймақтық ақпараттық кеңістіктің тұрақты дамуын қамтамасыз ету және бәсекеге қабілеттілігін көтеру;
-
Жастардың дамуына жағдай жасау, оларды ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына тарту;
-
Мемлекеттік тілді және халықтың лингвистикалық капиталын дамыту;
-
Гендерлік тепе-теңдікті күшейту;
-
Көшелер мен басқа қоғамдық орындардағы құқық тәртібі мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу жүйесін дамыту;
-
Қылмысқа қарсы күрес, есірткі заттарының заңсыз айналымына және нашақорлыққа қарсы іс-қимыл;
-
Аудан аумағындағы авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру;
● Жамбыл ауданынының мұрағат саласын дамыту.
|
Міндеттер
| -
ЖШӨ жыл сайынғы нақты өсімін қамтамасыз ету;
-
Әртараптандыруды және бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ететін өнеркәсіптің басымды секторларын дамыту;
-
Инновацияларды дамыту және технологиялық модернизацияға ықпал ету;
-
Құрылыс материалдары өнімдері өндірісінің көлемдерін арттыру және жаңа өндірістер құру;
-
Мұнай өнімдері өндірісінің көлемін арттыру;
-
Озық технологияларды ендіру және материалдық-техникалық базаны жақсарту негізінде өсімдік шаруашылығын дамыту көрсеткіштерінің тұрақты өсімі;
-
Ауданда мал шаруашылығының негізгі құрамдас бөлігі ретінде асыл тұқымды және өнімділігі жоғары мал шаруашылығын дамыту;
-
Аудан аумағында мал шаруашылығының қызмет көрсететін инфрақұрылымын дамыту;
-
АӨК-тегі қайта өңдеу өндірісін тұрақты дамыту;
-
Ауыл шаруашылығы кәсіпкерлерін және ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын қолдау;
-
Жер үсті көздерінен су алуды азайту;
-
Ауданның жыртылған жерлерін пайдалану деңгейін арттыру;
-
Бизнес бастамаларды қолдау, кәсіпкерлік секторын сауықтыру, экспортқа бейімделген өндірісті қолдау;
-
Бәсекелестікті дамытудың тиімді жүйесін қалыптастыру;
-
Сауда инфрақұрылымын жетілдіру арқылы сауда тиімділігін арттыру, сауда саласындағы еңбек өнімділігін жоғарылату;
-
Туризм инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз ету;
-
Медициналық мекемелерді білікті кадрлармен қамтамасыз ету;
-
Халықты тиімді жұмыспен қамтуға қол жеткізу;
-
Халық табысын арттыру, азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілдіру;
-
Мүгедектерге, қарт азаматтар мен қиын өмір жағдайларына ұшыраған азаматтарға арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету;
-
Мүгедектер мен қарт азаматтарға қосымша әлеуметтік қолдау көрсету;
-
Бұқаралық спортты дамыту;
-
Жоғары жетістіктер спортын дамыту;
-
Аудандық тарихи-мәдени мұра объектілерін қалпына келтіру және сақтау;
-
Мәдениет және өнер саласын кеңінен таныту;
-
Тұрғындардың мәдени құндылыққа қол жеткізуін арттыру;
-
Жергілікті мәндегі автомобиль жолдарын дамыту;
-
Республикалық мәндегі автомобиль жолдарын дамыту;
-
Халықтың кең бөлігінің тұрғын үйге қолжетімділігін қамтамасыз ететін тұрғын үй құрылысы мәселелерін кешенді шешу;
-
Аумақтар мен елді мекендерге құрылыстар салу және тиімді дамыту;
-
Тұрғын үй-коммуналдық жүйелерді модернизациялау және дамыту;
-
Тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық қызметінің тиімділігін арттыру;
-
Халыққа қызмет көрсету үрдістерін жетілдіру;
-
Жоғары органдардың нормативтік және деректі құжаттарын орындаудың жеделдігін арттыру;
-
Компьютерлік сауаттылық деңгейін арттыру;
-
Әкімдік АҚ деңгейін 100% көтеру;
-
Әкімдік бастамаларын жалпыға таныту;
-
Байланыс қызметтерін жетілдіру;
-
Ауылдық жерлерде берілетін білім сапасын жақсарту;
-
Ауылдық жерлерде мәдениет пен спортты дамыту;
-
Ауылдық елді мекендерді газдандыру;
-
Ауыл халқын орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету;
-
Жергілікті мәндегі жолдардың жағдайын жақсарту;
-
Әлеуметтік сала мамандарын ауылдық жерлерге тарту;
-
Шағын несиелеу арқылы ауыл халқының кірістерін арттыру;
-
Атмосфералық ауаның, жер үсті және жер асты суларының ластану деңгейін төмендету, өнеркәсіп және тұрмыстық қалдықтардың шоғырлану көлемін азайту;
-
Ормандарды қорғау, сақтау және өсімін молайту, орман егу;
-
Жануарлар әлемін қорғау және өсімін молайту;
-
Этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтау мен нығайту;
-
Елдің даму Стратегиясын жүзеге асыруда азаматтық қоғам институттарының қатысуын арттыру;
-
Аймақтық электрондық және басылымды БАҚ арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу;
-
Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының құқықтық мәдениетін арттыру және заңнамалардың сақтауын қамтамасыз ету;
-
Аймақтық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттің даму Стратегиясын ақпараттық қолдау тиімділігін арттыру;
-
Жастарды мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету;
-
Жастарды жұмыспен қамтуда әлеуметтік қолдаумен қамту;
-
Жастар арасында салауатты өмір салтын, бағдарламалық ұстаным негіздерін насихаттау;
-
Жастардың кәсіпкерлік және инновациялық әлеуетін дамыту;
-
Мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік және біріктіру функцияларын кеңейту;
-
Қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын сақтау;
-
Өңірлердің көрнекілік ақпаратпен қамтылуын бақылау деңгейі;
-
Әйелдердің атқарушы және өкілетті билік органдарына жылжуына қатысу;
-
Қоғамдық тәртіпті нығайту және азаматтардың өмір қауіпсіздігінің, денсаулығының, конституциялық құқықтары мен еріктерінің қажетті деңгейін ұстау;
-
Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
-
Қылмысқа қарсы күрестің және қылмыскерлерді іздеудің тиімділігін арттыру, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес;
-
Зардап шеккен тұрғындарды бірінші кезекте қамтамасыз етуді ұйымдастыру, материалдық-техникалық, азық-түлік, медициналық және өзге құралдардың қорларын құру және оларды өз мақсаты бойынша пайдалану үшін тұрақты дайындықта ұстау;
-
Тұрмыстық, өндірістік және ландшафтық өрттерге қарсы іс-қимыл;
-
Жамбыл ауданының мұрағатында сақталатын Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорының құрамын және мазмұнын байыту, сақталуын қамтамасыз ету.
|
Іске асыру кезеңдері
| -
I кезең – аралық (3 жыл) – 2011-2013 жылдар – бірінші кезектегі іс-шараларды іске асыру.
● II кезең – қорытынды (2 жыл) – 2014-2015 жылдар – Бағдарламада қойылған міндеттерді шешу үшін жоспарланған іс-шараларды іске асыру.
|
Мақсатты индикаторлары
| -
ЖШӨ нақты өсімі 2015 жылы қарай 2011 жылдың деңгейіне қатысты 106,6% құрайды (2010 ж. – 100%);
-
ЖШӨ құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесінің 2015 жылға кем дегенде 7,0% ұлғаяды (2009 ж. – 52,3%);
-
Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 2015 жылы 4464,6 млн. теңге (2009 ж. – 2028,7 млн. теңге);
-
Өңдеу өнеркәсібінің еңбек өнімділігі 2015 жылы кем дегенде 1,4 есеге ұлғаюы, мың теңге/адам;
-
Инновациялық өнім өндіру көлемі 2015 ж. – 1650 млн. теңге;
-
Өңдеу өнеркәсібіндегі инновациялық белсенді кәсіпорындар үлесі 13,2% дейін (2009 ж. – 4,4%);
-
Мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың, жүйе құрушы кәсіпорындардың тауарлар сатып алуларындағы қазақстандық үлестің 64% дейін өсуі (2009 ж.-58%);
-
2015 жылы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың, жүйе құрушы кәсіпорындардың жұмыстар мен қызметтерді сатып алуларындағы қазақстандық үлестің 10,8% дейін өсуі (2009 ж.-85,0%);
-
Менеджмент жүйесін (ИСО және ХАССП) ендірген және сертификаттаған кәсіпорындар санының 8 бірлікке дейін өсуі (2009 ж.- 3 бірлік);
-
Құрылыс материалдары отандық өндірісі үлесінің артуы 2015 жылға 8,63% (2009ж. – 1,24);
-
Мұнай өнімдері өндірісі көлемдері 2015 жылы 1851 млн. теңге;
-
ЖШӨ құрылымындағы мұнай өнімдерін шығару үлесі 2015 жылы 13% (2009 ж. – 0,2%);
-
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің НКИ 2015 жылы 2014 жылдың деңгейіне 106,5% немесе 9566,2 млн. теңгені құрайды (2009 жылы – 106,7% немесе 7512,8 млн. теңге);
-
2015 жылы етті қайта өңдеу үлесі 37%, сүт - 42%, жеміс пен көкөніс – 3,3% артады (2009ж.: ет – 25,5%, сүт – 16,0%, жеміс пен көкөніс – 0,01%);
-
Жер үсті көздерінен су алу 0,8 млн. м³ қысқарылады;
-
Каналдардың пайдалы іс-әрекет коэффициенті 30,7 құрайды;
-
Жер ресурстарын басқару тиімділігі артады;
-
Белсенді жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпорындар саны 1000 тұрғынға шаққанда 2015 жылға 39 бірлікке көбейеді;
-
Сауданың алдыңғы жылға НКИ 2015 жылы 104% (2009 жылы -44,6% );
-
Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту – 2013 жылы – 52,3% және 2015 жылға қарай – 58,5%;
-
Табиғи-математикалық пәндер бойынша білім беру бағдарламаларын табысты меңгерген оқушылар үлесі 2013 жылы - 41%, 2015 жылға қарай - 50%;
-
Инклюзивтік білім беру үшін жағдайлар жасаған білім ұйымдарының олардың жалпы санындағы үлесі 2013 жылы – 40,5%, 2015 жылға қарай – 33,3%;
-
ТжКБ оқу орындары түлектерінің оқуды аяқтағаннан соң бірінші жылы жұмысқа орналасқандарының және жұмыспен қамтылғандарының үлесі 2013 жылы-60%, 2015 жылға қарай-62%;
-
Жұмыс берушілердің бірлестігіне біліктілігін тәуілсіз бағалаудан бірден өткізген ТжКБ оқу орындары түлектерінің үлесі 2013 жылы - 55%, 2015 жылы - 60%;
-
2015 жылға жұмыссыздық деңгейі - 4,1% құрайды;
-
Жұмыспен қамту органдарына жұмысқа орналастыруға ықпал етуге өтініш білдірген тұлғалар санынан жұмысқа орналасқандар үлесі 2015 жылға қарай 78% құрайды;
-
Жамбыл ауданы бойынша жұмыспен қамтылғандар құрамындағы біліктілігі жоғары жұмысшы күшінің үлесі 2015 жылға қарай деңгейі 38,5% жетеді;
-
«Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының іс-шараларымен қамту, 2011 жылы 11 адам;
-
Ең төменгі күнкөріс деңгейінен табысы аз тұрғындардың жалпы халықтың санындағы үлесі 2009 жылы 2,5% құраған, 2010 жылы 2,3% құрайды, аудан бойынша 2015ж-9% төмендейді;
-
Аудан бойынша атаулы әлеуметтік көмек алатындардың құрамындағы еңбекке қабілетті халықтың үлес салмағы 2009 жылы 4,3% құраған, 2010 жылы 4,1% құрайды, ал 2015 жылға қарай 30% төмендейді;
-
Арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтылған тұлғалар әлеуметтік қызмет көрсетілетін тұлғалардың жалпы санындағы үлесі 2009 жылы 100% құраған, 2015 жылы – 100%;
-
Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтар саны - 2013 жылы – 18,0%, 2015 жылға қарай – 21% (2009 жылы – 12%);
-
Аудандық спорт мекемелеріндегі 6 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер саны 2013 жылы – 10,4%, 2015 жылға қарай – 12,1% (2009 жылы-5,6%);
-
Аудан халқының мәдениет саласы қызметтерінің сапасына қанағаттану деңгейі (2009ж. – 45%) 2013 жылы - 70%, 2015 жылға қарай - 90%;
-
Орташа алғанда жергілікті мәндегі автомобиль жолдарының 50% жақсы және қанағаттанарлық жағдайда;
-
Орташа алғанда облыстық мәндегі автомобиль жолдарының 60% жақсы және қанағаттанарлық жағдайда;
-
Орташа алғанда республикалық мәндегі автомобиль жолдарының 100% жақсы және қанағаттанарлық жағдайда;
-
Қаржыландырудың барлық көздері есебінен тұрғын үй енгізу 2015 жылға қарай (2011-2015 жж. ішінде) 114,9 мың шаршы м. жетеді;
-
Азаматтық қолданыстағы нысандарды сейсмотұрақтылыққа зерттеу;
-
Ауылдық жерлердегі орталықтандырылған сумен қамтуға қолжетімділік 2015 жылға қарай – 75,5% құрайды (2009 ж. – 13,3%);
-
50% кем емес әлеуметтік-елеулі мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа ауыстыруды қамтамасыз ету;
-
2015 жылға қарай халықтың компьютерлік сауаттылығын 40% көтеру;
-
Даму әлеуеті жоғары ауылдық елді мекендердің саны артатын болады;
-
Стационарлық көздерден ауаға зиянды заттардың жалпы шығарылуы нормативтерінің белгіленген көлемі 2015 жылы 62 тоннаны құрайды;
-
Ластағыш заттардың жалпы шығарылуының белгіленген көлемі 2015 жылы 46 тоннаны құрайды;
-
Ауданның ормандануы артады;
-
Мемлекеттік орман қоры аумағындағы тұяқты жануарлардың жалпы санының өсімі 2015 жылы -100 га-ға 0,3 бірлікті құрайды;
-
Қоғамдық санада мемлекеттің даму Стратегиясын және мемлекеттің саясатын қолдау деңгейі 2009 жылы 82% құраған; 2015 жылға қарай 86,5% құрайды;
-
Азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің өзара қарым – қатынасын оңды бағалаған халық үлесі 2009 жылы – 85% құраған, 2015 жылға қарай 87% құрайды;
-
Тұтынушылардың өңірлік ақпараттық өнімге қажеттілік деңгейі 2009 ж. - 41,8%, 2015 жылға қарай 45,0% құрайды;
-
Мемлекеттік тапсырысты орындайтын БАҚ арқылы халықтың ел дамуының негізгі басымдықтары және жүргізіліп отырған мемлекеттік саясат туралы ақпараттандырылу деңгейі 2009 ж. – 85,5%, 2015 жылға қарай 91% құрайды;
-
Жастар ұйымдарының қызметіне қатысатын жастар үлесі 2009 жылғы 16%-дан 2015 жылы 28%-ға дейін ұлғаяды;
-
Жастар саясатын іске асыруға қатысатын жастар ұйымдарының үлесі 2015 жылы 37%-ға дейін ұлғаяды;
-
Жастар отансүйгіштігінің деңгейі (социологиялық сауалнаманың мәліметтері бойынша) 2009 жылғы 75,0%-дан 2015 жылы 80%-ға дейін ұлғаяды;
-
14 жастан 29 жасқа дейінгі халық арасындағы жастарға қатысты мемлекеттік саясатқа қанағаттану деңгейі 2009 жылғы 7,3 баллдан 2015 жылы 8,5 баллға дейін ұлғаяды;
-
Жастар арасындағы нашақорлық деңгейі 2009 жылғы 7%-дан 2015 жылы 2%-ға дейін төмендейді;
-
Жастардың жастар саясаты саласындағы бағдарламалық құжаттар және мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары туралы ақпараттану деңгейі 2009 жылғы 75%-дан 2015 жылы 82%-ға дейін ұлғаяды;
-
Мемлекеттік тілді меңгерген аудан халқының үлесі (2009ж.-85,5%) 2013 жылы - 94,0% , 2015жылға қарай 96 % құрайды;
-
Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген халық үлесі (2009ж.4,5%, 213 жылы – 7,0%, 2015 жылы - 8%);
-
Атқарушы және өкілетті билік органдарындағы әйелдер үлесі 2013 жылы – 45,7%, 2015 жылы -46,5% құрайды, 2009 жылы 44,0% құраған;
-
2011-2015 жылдары әйелдердің орташа жалақысының ерлердің жалақысынан кем дегенде 75% қатынасын қамтамасыз етіледі;
-
Азаматтардың ішкі істер органдарына сенімінің болжамдық деңгейі 2015 жылы 55% деңгейден кем емес (2009 ж. – 50%);
-
Жалпы қылмыстардың болжамдық деңгейі (10 мың тұрғынға шаққанда) 2015 жылы 35-тен жоғары емес (2009 ж. – 38,7);
-
Халқы 5 мың және одан көп адамды құрайтын елді мекендердің төтенше жағдай кезінде шұғыл әрекет ету күштерімен қамтылуы;
-
Мұрағат ақпаратын пайдаланушылар сұрақтарына оңды жауаптар беру үлесі 2015 жылы 78% құрайды (2009 жылы– 68%).
|
Қаржыландыру көздері және қажетті қаржыландыру көлемдері
|
2011 жыл – 4100264 мың.теңге;
2012 жыл – 2447604 мың.теңге;
2013 жыл – 3054957 мың. теңге;
2014 жыл – 1040474 мың.теңге;
2015 жыл – 1034474 мың.теңге.
|
2. Ағымдағы ахуалдың талдауы.
2.1. Ауданның ахуалының жағымды және жағымсыз жақтарын бағалау, сондай-ақ олардың еліміздің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына әсері
Жамбыл облысының Жамбыл ауданы облыстың оңтүстік батыс бөлігінде орналасқан. Жалпы жер көлемі 4,3 мың шаршы шақырымды немесе Жамбыл облысының жер көлемінің 3,0 пайызын құрайды.
Жамбыл ауданы облыс орталығы Тараз қаласының айналасын қоршай орналасқан. Ауданның батыс жағы Көделі мал жайылымымен шекаралас жатқан Талас ауданымен, шығысында қыратты Алмалы жотасы арқылы Тұрар Рысқұлов ауданымен және ортақ жайлау болған Дегереспен түйісіп көршілес Қырғызстан Республикасымен, солтүстігі Байзақ ауданымен, оңтүстігі Жуалы ауданымен шектесіп жатыр.
Географиялық жағынан аудан орталығы Аса селосы облыс орталығынан 24 шақырым қашықтықта, ал Жалпақтөбе, Қала маңы, Түрксиб, Ақбұлым, Жасөркен, Бектөбе, Құмшағал, Шайқорық елді мекендері облыс орталығы Тараз қаласымен шекаралас болса, ең алыс Ерназар елді мекені аудан орталығынан 36, ал облыс орталығынан 60 шақырым жерде орналасқан.
Аудан халқы Аса мен Талас өзендерінің бойын жағалай орналасқан. Аса өзені Жамбыл ауданы арқылы ағып өтіп көршілес Жуалы ауданындағы Билікөлге құяды, ұзындығы 105 шақырым, оның кішігірім 30-ға жуық саласы бар. Талас өзені Гродеково елді мекені арқылы ағып өтеді. Қос өзенмен қоса көрші ауданнан бастау алатын Теріс-Ащыбұлақ және Қырғызстан Республикасының «Шоң қақпа» су қоймасынан келетін су ресурстары ауданның ауыл шаруашылығы дақылдарын, орман көшеттерінің питомнигін, плантацияларын және бау бақшаларын өсіруге пайдаланылады. Бұдан басқа аудандағы шағын Таскөл, Бөгеткөл, Сеңгірбай көлдері мен бірнеше майда тоғандардың сулары ауылшаруашылық дақылдарын суғару үшін игілікке жаратылуда.
Ауылшаруашылық саласында өндірілетін өнім түрлерінің негізін бидай, арпа, жүгері, көкөніс, бақша өнімдері мен мал азығы құрайды.
Аудандағы көптеген елді мекендердің облыс орталығы Тараз қаласымен шекаралас болғандықтан, қала халқын ауданда өндірілетін ауылшаруашылық өнімдері және көкөніспен үздіксіз қамтамасыз ететін азық-түлік белдеуі болып табылады.
Аудан аймағындағы мол суармалы жер көлемі мен су ресурстары ауыл шаруашылығы саласының ішінде егін шаруашылығын дамытуға қолайлы жағдай туғызады. Аудандағы жалпы егіске жарамды жер көлемі 66232 гектарды құраса оның ішінде суармалысы 35058 гектар, немесе 52,9 пайыз.
Ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеуді жандандырып қолға алу мақсатында, көкөніс өнімдері көп мөлшерде егілетін әрі мол өнім жиналатын Ақбұлым, Айшабибі, Қаратобе, Қаламаңы, Жалпақтобе, Гродеково, Бесағаш, Түркісіб, Шайқорық және Жасөркен елді мекендерінде өндірілетін қызанақ, қияр, сәбіз, пияз, қырыққабат, алма, жүзім өнімдерінен қалбырланған өнім түрлерін шығаратын цехтар мен шарап зауыттарын ашуға мүмкіндіктер бар.
Ауданда мал шаруашылығын дамытудың келешегі бар. Қой шаруашылығын дамытуға ауданның Қаракемер, Өрнек, Ерназар, Пионер, Айшабибі, Бесағаш селолық, ауылдық округтерінің Мойынқұм аймағындағы мал жайылымдары жақсы өріс бола алады.
Сонымен қатар ірі қара басын көбейтіп тауарлы сүт фермаларын ашуға мүмкіндіктер бар.
Мал шаруашылығы жақсы дамыған жағдайда ет, сүт, жүн және т.б өнімдерді облыс орталығы Тараз қаласындағы ет, сүт комбинаттары мен жүнді алғашқы өңдеу фабрикасына және тамақ өнімдерін қайта өңдеу орындарына өткізуге қолайлы жағдай бар.
Ауданның өнеркәсіп әлеуетін жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорындар құрайды. Барлық өндірілген өнеркәсіп өнімдерінің ішінен тау-кен шикізатын өндіру қарқыны жоғары.
Ауданның инвестициялық тартымдылығын минералдық-шикізат ресурстары көлемінің көптігі мен оңды табиғи-климаттық жағдайларының болуы белгілейді, бұл өнеркәсіп дамуының дәстүрлі бағыттарымен бірге жаңа өндіріс орындарын ашуға да жағдай жасайды.
Жамбыл ауданында пайдалы қазбалардың бай қорлары бар: олар – гипс, қиыршық тас, құм және басқа да құрылыс материалдары.
Бүгінгі таңда «Кнауф гипс Тараз» ЖШС-гі Үлкен- Бурылтау кен орнынан ашық әдіспен гипс және андигрид кендерін өндіріп, республиканың Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы облыстарындағы цемент зауыттары мен Қапшағай қаласындағы гипс зауытына жөнелтуде.
«Шағал» ЖШС-гі Құмшағал карьерінде өндіріліп қайта өңдеуден өтетін өнімдерін «Қазақстан темір жолы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорынына темір жол құрылысын салуға қажет шағал және қиыршық тас өнімімен қамтамасыз ететін еңселі кәсіпорындардың бірі.
«Компания инвест МК» ЖШС-гі қиыршық тас өндірумен және асфальт- бетон өңдеумен айналысады.
«Аяда GROUP» ЖШС-нің шығаратын асфальт-бетон өнімдері облыс көлемінде жол құрылысының үлкен сұранысыне ие.
«Строи-сервис-Эльф», «Таң», «Аба-Қанағат» ЖШС-і мен жеке кәсіпкер В.Косенконың кірпіш зауыттарында шығарылатын силикат, қыш және шикі құрылыс кірпіштері облыс аумағындағы құрылыс объектілерінің сұранысын қанағаттандырып отыр. Бұдан басқа бірнеше кәсіпорындардың жер қойнауынан дайын күйінде өндіретін шағал, қиыршық тас, құм, топырақ өнімдері тұтынушыларға құрылыс материалдары ретінде жөнелтілуде.
Ауданның инвестицияға тартымдылығын аумақтан өтіп жатқан темір жол қатынасы, көптеген пайдалы жер қазбаларының мол қоры мен ауданның облыс орталығына жақын орналасқандығынан және транспорттық әлеуеті айқындайды. Біріншіден ол Қазақстан Республикасының мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында «Амангельдинский ГПЗ» ЖШС-нің мұнай өнімдерін өңдеу зауытының құрылысы толығымен аяталып, бензин, мазут, дизель отыны мен жеңіл дестилятор өнімін облыс, республика көлемінде жөнелтіп отырады.
Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының Қазақстанды индустрияландыру Картасына 2011 жылы екі жоба ұсынылып отыр. Оның бірінші жобасы «Супер-Фарм» ЖШС-нің фармацевтикалық бұйымдар шығаратын зауыт құрылысы. Жобаның жалпы құны 520,0 млн теңгені құрайды, жылына 15 млн. дана матадан жасалмайтын біржолғы медициналық киімдер мен төсек жамылғылары (медициналық халат, бинт, бахилдер, медициналық бетперделер, төсеніштер) шығарылатын болады.
Екінші жоба «Бином Строй Деталь» ЖШС-гі құрылыс материалдары комбинатының» темір-бетон бұйымдарын шығаратын зауыты. Жобаның жалпы құны 150 млн теңгені құрайды.
Сонымен қатар, «Әлжан-Азия» ЖШС-гі «Аманкелді» ӨК-нің 9 га жеріне «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның қаржыландыруымен жобалық құны 324,0 млн теңгені құрайтын, 104 жылыжайдың құрылысын жүргізуде.
Ауданның транзиттік әлеуетіне Құмшағал, Шөлдала станцияларының халықаралық «Транссібір» темір жолы торабының, ал Шайқорық, Аса, Жұма станцияларының «Жамбыл-Жаңатас» темір жолының бойында орналасуы және аудан жерінен халықаралық «Алматы-Термез» автомагистралінің өтіп жатқаны жақсы жағдай туғызады. Сонымен қатар жаңадан салынып жатқан жалпы ұзындығы 45 шақырым «Батыс Европа-Батыс Қытай» мегажобасының іске қосылуы республиканың барлық аймақтарымен тауар-тасымалдау транзиттік әлуетінің жоғарылайтынына оң әсер етуі тиіс.
Аудан көлемінде орналасқан туристік-саяхат орындарына жататын Айша-Бибі және Бабаджа Хатун кесенелері облыстағы туристік кластердің құрамына кіреді. Сонымен қатар автомагистраль бойынан туристік кафелер, демалыс орындарын, кемпингтер, сервистік-қызмет орталықтарын ашуға қолайлы жерлер бар.
Әлеуметтік сала қолайлы демографиялық жағдаймен сипатталады, аудандағы халық саны негізінен табиғи өсім арқылы көбеюде.
Денсаулық сақтау саласының күрделі мәселелерін шешуге мемлекет тарапынан мақсатты қаржыландыру жүргізіліп отырғандықтан, материалдық-техникалық жарақтандырылуы жақсарып, ана мен бала денсаулығына және көп кездесетін ауру түрлерінің алдын алу мен науқастарды емдеуге көп көңіл бөлініп отыр.
Білім саласының дамуы халықтың ауылдық жерлерде тұрақты орналасып отыруына оң әсерін тигізеді. Себебі аудандағы мектептерде ауыл тұрғындарының балалары білім алуда.
Соңғы жылдары экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны артып жалпы жұмыссыздық деңгейі төмендеуде.
Аудан аумағы облыс орталығына жақын орналасқандықтан халықтың қалаға жақын көшіп қону тартымдылығының жарқын жақтары байқалады. Тараз қаласының агломерациясы мен көршілес Қала маңы, Түрксиб, Жалпақтөбе, Гродеково, Ақбұлым, Бектөбе, Шайқорық, Құмшағал, Айшабибі елді мекендерінің геоэкономикалық жағдайлары тиімді.
Экономиканы әртараптандыруға Тараз қаласының біріктірме белдеуінің дамуы оң ықпал етеді.
Облыс орталығының дамуы сауда-өнеркәсіп-сервистік инфрақұрылым кешенін құруды қажет етсе, өз кезегінде бұл ауданда қайта өңдеу мен сервистік қызмет орындарының жедел дамуына ықпал етеді.
Сонымен қатар, бар мүмкіншіліктерді толық пайдалануға мүмкіндік бермейтін, экономиканың дамуын тежеп кері әсер ететін жақтары да бар.
Өндірістік күштердің орналасуы, өнеркәсіп буындары мен тізбегінің үйлесімсіздігі аудандағы үстеме құнның әркелкі дамуына әкеп соқтыруда. Себебі өнеркәсіп және ауыл шаруашылық саласындағы негізгі қондырғылардың тозығы жетіп, соңғы үлгілердегі жетілген технологиялық желілермен жабдықталмауы, энергияның, еңбек және материалдық ресурстардың өсуінен өндірілген дайын өнімдер бәсекелестікке қабілетті бола алмай отыр.
Сондықтан қала белдеуіне жақын орналасқан елді мекендерде өндіріс қуаттарын іске қосу көп тиімді.
Агроқұрылым кешенінің құрамында жеке шаруашылықтардың басымдығы осы саланың дамуын тежеуде. Себебі өндірілген шикізаттарының сапасы төмен (мал басы шаруашылық әдіспен сойылып, санитарлық бақылау нормаларының талаптарына сай келмейді, жем шөп қоры нашар), ал өнімді қайта өңдейтін технологиялық қондырғыларының жоқтығы тауардың сапасына көп әсер етеді.
Сондай-ақ ауыл шаруашылығындағы ұсақ тауар өндірісі, ірі масштабта іріктеу-асылдандыру жұмыстарының нашарлығы, ғылыми негізделген ауыспалы егіс алқаптарының сақталмауы, жетілген соңғы технологияларды кең пайдаланбау, механизациялау мен өндірісті автоматтандыру процесстерінің жүргізілмеуі қолбайлау болуда.
Қала халқын ауданда өндірілетін ауылшаруашылық өнімдері және көкөніспен үздіксіз қамтамасыз ететін азық-түлік белдеуі нөлдік бағамдағы азық-түліктерді сатуға басым жағдай жасап отырғандықтан ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуді қолға алу керек.
Өнеркәсіпті дамыту бағытында өндірісті әртараптандырудың деңгейі төмен. Себебі өндіріс тек тау-кен өнімдерін өндіру мен өңдеу бағытында ғана байқалады. Оның өзінде де негізгі құрал жабдықтардың әбден тозығы жеткендіктен тереңдетіп өңдеу жағы кемшін дамып отыр. Ауданда өнеркәсіп өнімін шығарумен, қайта өңдеумен, техникалық бұйымдар мен қосалқы бөлшектер шығару бағытында жүйе құрайтын кәсіпорындар жоқ.
Аудандағы табиғат байлығын игеру жұмыстарын жандандыру мақсатында инвестиция тарту баяу. Кәсіпорындар табиғи шикізаттарды өңдейтін, яғни тас қиыршықтау, асфальт-бетон, кірпіш, іргетас бетон блоктары мен плиталар шығаратын қондырғылар әкеліп орнатумен шектелуде. Алайда құрылыс және басқа салада үлкен сұранысқа ие болып отырған гипсокартон, полимер, пластмасса, шыны өнімдері, электр бұйымдары, түрлі бояу өнімдері және жабу, қаптау, қоршау материалдарын шығаруға бағытталған жаңа өндіріс орындарын ашуға бағытталған жобалар қолға алынбауда. Сонымен қатар түрлі сусындар, шырындар, сүт өнімдері, қалбырланған көкөністерді, тамақ өнімдері мен сұйық май шығаратын цехтар ашылмай отырғандықтан экспортқа шығаруға бағытталған, бәсекелес, нарықтық экономика талаптары мен Халықаралық стандарттар талабына сай келетін өнім түрлері өндірілмейді.
Атап айтатын жағдай, аудан аумағында 2000-2009 жылдар аралығында алкоголдік ішімдіктер мен этил спиртін өндіру дамыған болатын. Атап айтқанда «БМ», «Мұса и К», «Хэмшил», «Арыстан», ЖШС-тері мен Шайқорық және Жасөркен шарап зауыттарының өнеркәсіп нысандары жұмыс істеген болатын. Олар бюджеттің кіріс бөлігіне айтарлықтай салықтық түсімдердің түсуімен және жұмыс орындарымен қамтамасыз еткен. Бүгінгі таңда бұл кәсіпорындар жұмыс істемейді, тек «БМ» ЖШС мен Жасөркен шарап зауытының өндіріс орындары сақталған. Осы қолда бар өндірістік комплекс орындарында жұмысты қалпына келтіріп экономиканың осы саласын дамыту қажет.
Ауылдық елді мекендерді тұрақты дамыту үшін, қарапайым өмір сүруді қамтамасыз ететін инфрақұрылымдар деңгейінің жеткіліксіздігі басты мәселе болып табылады.
Тұрмыстық жиһаздар жасайтын цехтар, жекеменшік автокөліктерді жөндеу, қызмет көрсету (монша, киім тігу, аяқ киім жөндеу шеберханалары, шаштараз, суретхана, химиялық тазалау, тоңазытқыштар мен телерадио, компьютерлер мен оның жабдықтарын және басқа тұрмыстық техникаларға қызмет көрсету пункттері) дамымай отыр.
Ауылдық мәндегі жолдардың тозығы жеткен, елді мекендердегі орталық көшелердің басым көпшілігі жарықтандырылмаған. Халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында бірқатар оң істер атқарылғанымен, аудандағы 45 елді мекеннің 6-ы ғана таза ауыз сумен қамтылған. Сонымен қатар 31 елді мекеннің тұрғындары табиғи газ игілігін көре алмағандықтан қатты көмірмен жылытылады.
Аудан орталығындағы мемлекеттік мекемелер мен тұрғындарға жылу, су жеткізу және кәріз жүйесінің жұмысын қалыпты жүргізу мемлекеттік коммуналдық шаруашылық мекемесіне жүктелген. Алайда коммуналдық шаруашылық объектілерінің тозығы 80-90 пайызға жеткен. Техникалық паркі арнайы техникалармен жарақтандырылмағандықтан, бұл сала жеке ілкімді азаматтар тарапынан инвестиция тартуға ешқандай қызығушылық тудырмай отыр. Осының салдарынан негізгі құрал жабдықтары жұмыс істеу барысында электр энергиясын тұтынудан, су пайдаланудан мол зиян әкелуде.
Аудан орталығындағы мекемелердің, тұрғын үйлердің, аурухана, мектептер мен балабақшалардың сарқынды суларын тазалау, кәріз жүйесін күрделі жөндеу, шешімін күтіп отырған күрделі мәселе.
Ауданда халық санының өсу тенденциясы байқалады. Жаңадан туылған балалар санының артуы мен қайтыс болған адамдар санының төмен көрсеткіштері аудан тұрғындарының табиғи өсімін қалыптастыруда. Сонымен қатар халық саны көршілес жақын мемлекеттерден және облыстың шалғай аудандарынан қалаға жақын орналасқан біздің ауданның елді мекендеріне көшіп келуі есебінен өсуде.
Денсаулық саласының кемшін тұстарына, жұқпалы өкпе ауруымен және қан-тамыр ауруымен ауыратын науқастар санының ұлғайып отырғанын, дәрігер мамандардың жетіспеушілігін, ауылдық жерлердегі дәрігерлік пункттер мен амбулаториялар ғимараттарының табиғи және сапалық тозуы мен денсаулық сақтау мекемелерінің жұмысын жақсартуға үнемі қосымша қаржы керектігін жатқызуға болады.
Білім саласында 1 жас пен 6 жас аралығындағы бүлдіршіндерді мектепке дейінгі дайындық ұйымдарында ұстаудың үлес салмағы төмен. Кейбір үлкен ауылдарда балабақшалар жоқ. Бұрынғы балабақша ғимараттары жеке тұлғалардың иелігіне өтіп кеткендіктен, соңғы жылдары оларды бюджет қаржысына сатып алып іске қосу қолға алынуда.
Аудан орталығы Аса ауылында бір кездері 5 балабақша жұмыс істегенін ескерсек, бүгінгі таңда 176 баланы тәрбиелеуге арналған «Сәуле» бала бақшасы ғана жұмыс істеп тұр.
Сонымен қатар жалпы білім беретін мектептерде педагог мамандар жетіспеушілігі, мектеп ғимараттары мен жылу қазандықтарының табиғи және сапалық тозуы, мектепке дейінгі мекемелердің, мектептердің және кәсіби-техникалық білім беру орындарының тиісті құрал жабдықтармен, қондырғылармен және мүліктермен жеткіліксіз жабдықталуы білім саласының дамуына кері әсер тигізеді.
Қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету мақсатында алдын алу іс-шараларының төмен деңгейде жүргізілуі, қоғамдық орындар мен көшелерде тәртіп бұзушылар санының өсуіне әсер етуде. Жолдардың техникалық жағдайының нашарлығына қарамастан жүргізушілер мен жаяу жүргіндер арасында жол қауіпсіздігі тәртібін сақтау мәдениеті төмен.
-
Ауданның әлеуметтік-экономикалық ахуалының талдауы
2.2.1 Экономикалық даму
Достарыңызбен бөлісу: |