Мазмұны 1 Глоссарий 2 Дәрістер 3Студенттің өздік жұмысы 1 глоссарий академия


тақырып: Психолог- маман ретінде өзін реттеуі



бет4/4
Дата20.06.2016
өлшемі270 Kb.
#150791
1   2   3   4

10 тақырып: Психолог- маман ретінде өзін реттеуі.
Халқымыздың ғылым-білімнің осы саласындағы рухани мұралары ұшаң –теңіз. Оның ілкі сілемі сонау Орхон Енисей ежелгі түркі жазбаларынан (6-8 ғғ.) басталып, қазан төңкерісіне дейінгі 14 ғасырлық ұзақ мерзімді қамтиды. Бұл жерде ірі-ірі бел-белестерді ғана атап өтетін болсақ, алдымен айтарымыз кезінде Шығыс Арестотелі атанған, қазақ жерінен шыққан энциклопедист ғалым Әбу Нәсір әл-Фараби (10 ғ), тек соңғы кездегі ғана халқына мәлім бола бастаған ғұлама Өтей Бойдық Тілеуқабылұлы (15 ғ). Осы аралықта ғұмыр кешкен Ж.Баласағұни, М.Қашқари, Ахмет Иүгінеки, Қожа Ахмет Иасауи,МұхаммедХайдар Дулати; Қадырғали Жалаири, Асанқайғы, Шалкиіз,Бұхар жыраулардың аталмыш мәселеге қосқан үлестері де өз алдына бір төбе.

19- ғасырдың екінші жартысымен 20 ғ. Басында әлемдік озық мәдениетке өлшеусіз үлес қосқан шоқ жұлдыздар; Шоқан,Ыбырай, Абай, Шәкәрім, Сұлтанмахмұт сияқты біртуар перзенттердің халақымыздың өзіндік ерекшелікке толы жан жүйесі жәйлі толғаныс тебіреністерінің алатын орны ерекше.

20- ғасырдың алғашқы ширегінде туған халқының жарқын болашағы, оның тәуелсіздігі мен бостандығы, рухани өрлеуі жолындағы қалтықсыз қызмет етіп, осы жолда шыбын жанын пида еткендіктері көрнекті ғұлама қоғамдық қайраткерлер қазақ аспанында шоқ жұлдыз жарқырап, рухани-мәдени дамудың жаңа кезеңі қазақ Ренессансының (Қайта өрлеу) іргесін қалаған Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Х.Досмұхамедов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Н.Құлжанова т.б. еді. Осынау біртуар жандардың ғылымдар саласына сіңгрген тәлім тәрбиелік еңбектері ерекше.

Сөйтіп, өздеріңіз байқап отырғандай, қазақ халқының ғасырлық психологиялық ой-пікірлері Қазан төңкерісіне дейін анықталып, жүйеленіп, мұнысы Батыс пен Шығыстағы өркениетті деген елдердің қай-қайсысынан кем түспейтін дәрежеге жеткен еді.Әттең біздің сорымызға, большевиктер өкімет басына келіп, біздің құнарлы топырақта тамырын терең жайған имандылық пен мейірімділікке инабаттық пен бауырмалдыққа негізделген жайсаң психологияның қасиеттерімізді осыған қалыптасқан ымыздың қай жерде дами түсуіне жағдай жасамақ түгіл, оның түп тамырына балта шаба бастады емес пе? Осындай жағдайда қазақ жерінде ғылыми психологияның, әсіресе, оның эксперименттік саласының дамуына тұсау салынды. Бұлжерде большевиктік ұлт саясатына орналасқан шовинистік, яғниөздерінен басқаның бәрін бұратаналар («инородцы» оларды «бөліп ал да, билей бер») дейтін жексұрын тактикасы да іске қосылды.

Алтынсарин Ыбырай (Ибраһим) /1841-1889/ - қазақ халқының аса көрнекті ағартушы, жаңа үлгідегі демократ тәлімгері, ғылым-этографы, тұңғыш педагогі, ақын-жазушы қоғам қайраткері. Қазақ халқының дарынды перзенті Ы.Алтынсарин аса күрделі тарихи кезеңде, патша үкіметі Шығыс халықтары арасында қатаң отарлау саясатын жүргізіп жатқан кезеңде өмір сүрді. Ол 19-ғасырдың екінші жартысында қазақ халқының алдыңғы қатарлы ой-пікірлерін уағыздаушыларының бірі болды.

Ыбырай Алтынсарин қазіргі Қостанай облысының бұрынғы Обаған /қазіргі Затобол/ ауданында 1841 жылы 20 қазанда туған. Ыбырайдың – жас кезінде әкесі Алтынсарин ерте қайтыс болғандықтан, үлкен әкесі Балғажа бидің тәрбиесінде өседі.Балғожа би прогресшіл адам болған, 1850 жылы тамыздың 22 күні 9 жасар немересі Ыбырайды Орынбор қаласындағы жеті жылдық мектепке оқуға түсіреді. Оны Ыбырай 1957 жылы ойдағыдай бітіріп шығады.

Жақсы кәсіби маман болып шығу үшін ұлы ұстаздардың іс-тәжірибелерін білу өте қажет.Сонымен қазақ жеріндегі ұлы ұстаздардың шыққан ортасын танып білу үлкен көмегін тигізеді.
4. Студенттердің өздік жұмысы.
4.1. СӨЖ және СӨЖО тапсырмаларын орындауға әдістемелік нұсқау.

Студенттердің өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер (нұсқаулар)
1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ) ие болу керек.

2. Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану.

3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.

4.Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан ақыл-кеңес алудың пайдасы зор.

5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.

6. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.



7. Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек.


Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар.

    • Жұмыстың көлемін шамадан тыс асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару;

    • Студенттердің өздік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу;

    • Студенттердің дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту;

    • Өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу;

    • Студенттерді табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды өздігінен талдап түсінуге үйрету;

    • Студенттердің алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру;

    • Студенттерді оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу;

    • Студенттердің өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдыларын қалыптастыру.


СӨЖ тақырыптарының тізімі


  1. «Психология» терминінің мәні мен пайда болуы

  2. Психология ғылымының мәнісі мен мағынасы

  3. Халықтық білім көлеміндегі психология

  4. Клиникалық психология

  5. Психология мамандығының таңдаудағы мотивация

  6. Профессионалдық іс-әрекетіндегі специфика

  7. Психологтың кәсібилігі.

Психоанализ және самоанализ
СОӨЖ тақырыптарының тізімі



Психологиялық ғылымға кіріспе. Психология ғылым ретінде түсінігі.

Психологиялық ғылымның негізгі бөлімдері.

Психологиядағы ғылыми емес зерттеулер.

Психологиялық ғылымның дамуы. Ғылымға дейінгі психология

Ғылыми психологияның пайда болуы.

Психология мектебі және бағыты.

Қазақстан Республикасындағы психология ғылымының дамуы.

Қазіргі Қазақстан психологиясының және этнопсихологиясының дамуы.

Психологиялық мамандық ретінде. Кәсіби ажырату және оның мәнісі тұлғаның өзін реттеуі.

Психолог- маман ретінде өзін реттеуі





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет