Мазмұны глоссарий Дәрістер Практикалық және лабораториялық сабақтар Курстық жұмыс және дипломдық проект Студенттің өздік жұмысы 1 глоссарий



бет1/5
Дата13.06.2016
өлшемі498.5 Kb.
#133214
  1   2   3   4   5


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ




3 дәрежелі СМК құжат

УМКД

УМКД

042.042-14.4.0120.09/03-2013



УМКД

«ҚР орман фонды. Орман шаруашылығындағы басқару құрылымы» пәнінен жұмыс оқыту программасы



Басылым №2


«ҚР орман фонды. Орман шаруашылығындағы басқару құрылымы»


ПӘНІНЕН ОҚУ-МЕТОДИКАЛЫҚ КОМПЛЕКСІ

ОҚУ МЕТОДИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР

Семей – 2013
МАЗМҰНЫ



  1. Глоссарий

  2. Дәрістер

  3. Практикалық және лабораториялық сабақтар

  4. Курстық жұмыс және дипломдық проект

  5. Студенттің өздік жұмысы


1 ГЛОССАРИЙ

1.1 агроорманмелиоративті екпелер – орманның қорғаныштық екпелері, ол ауыл шаруашылығына табиғи факторлардң кері әсерін азайтуға көмектеседі;

1.2 ағаш және бұталы тұқымдардың селекциясы(орман селециясы)- шаруашылықта немесе басқа бағалы қасиеті бар орман сорттарын және формаларын табиғи өзіндік популяция арқылы іріктеп алу шараларының жиынтығы;

1.3кесу- ағаштары кесіліп, бірақ оның орнына жаңдан орман екпелері өсіп үлгермеген орман алабы;

1.4 алаңқай- ағаштары жоқ бірақ орман өсімдіктерінің элементтерін сақтап қалға орман алқабы;

1.5 аралық қолдануға арналған кесу - орманды күту үшін кесу, таңдамалы санитарлық кесу және аз бағалы орман екпелеріне реконструкция жұмыстарын жүргізуге арналған кесу жұмыстары, және қорғаныштық пен су тоқтатушы орман екпелерінің өзінің фукциясын атқара алмаған жағдайдағы кесу, жас ағаштарды сирету үшін кесу жұмыстары;

1.6 арнайы мақсатты екпелердің плантациясы - өндірітік, энергетикалық, азықтық және т.б. мақсаттарда екпелерді қолдан жасанды трде өсіру;

1.7 плюстік ағаштар- шаруашылықтардың бір немесе бірнеше бағалы қасиеттеріне ие маңайындағы қоршаған ағаштардың басым болып келеді.



1) агроорман-мелиорациялық екпе - ауыл шаруашылығы үшiн қолайсыз табиғи факторлардың әсерiн азайтуға мүмкiндiк беретiн қорғаныштық орман екпесi;
      2) артықшылығы бар ағаштар клондарының мұрағаты - артықшылығы бар ағаштардың гендiк қорын сақтау және олардың тұқым қуалау қасиеттерiн зерттеу мақсатында артықшылығы бар ағаштардың өсiмтал тұқымдарын пайдалану арқылы өсiрiлген екпелер;

      3) биологиялық әралуандық - белгiлi бiр аумаққа тән өсiмдiктер мен жануарлар организмдерiнiң жиынтығы;
      4) биоқауымдастық - белгiлi бiр, салыстырмалы түрде бiртектi жер учаскесiн немесе су айдыны учаскесiн мекендейтiн және өзара қарым-қатынастағы өсiмдiктердiң, жануарлар мен микроорганизмдердiң жиынтығы;
      5) орман аурулары - қоршаған ортаның қолайсыз факторларынан немесе ауру өсiмдiктерден сау өсiмдiктерге берiлетiн организмдерден туындайтын және өсiмдiктер құрылысының өзгеруiне немесе олардың құрып кетуiне әкеп соқтыратын патологиялық процестер;
      6) кеспеағаш аймағынан тыс қоқыс - ағаштың (дiндердiң және бұтақтардың) кеспеағаш аймағынан тыс жерде жатқан және өнеркәсiптiк мақсаттарда дайындалмайтын табиғи құлап, үзiлiп түсуi;
      7) орманды қайта жаңғырту - сүрекдiңдер арасында, сондай-ақ ағашы кесiлген, өрт шалған және бұрын орман болған басқа да алаңдарда орманның жаңа түптерiнiң пайда болуының табиғи процесi;
      8) кесу жасы - сүрекдiңдердiң толыса бастаған санатынан толысқан санатына өтуден басталатын және басты пайдалану мақсатында кесуге болатын жасы;
      9) орманды молықтыру - орман ағаштарын отырғызуға немесе орманды күтiп-баптау және оны сауықтыру жөнiндегi шараларды қоса алғанда, бұрынғы орманды алқаптарды табиғи түрде қайта жаңғыртуға ықпал ететiн шаралар жүргiзу;
      10) орман зиянкестерi - орман екпелерiн зақымдайтын организмдер;
      11) қосалқы сүрек ресурстары (материалдары) (бұдан әрi - қосалқы сүрек ресурстары) - ағаштар мен бұталардың қабықтары, бұтақтары, томарлары, тамырлары, жапырақтары, бүршiктерi;
      12) ағашы кесiлген жер - екпе ағашы кесiп алынған, ал орманның жаңа түптерi әлi көтерiле қоймаған орман алқабы;
      13) өртең - екпе ағашын өрт жойып жiберген, ал жаңа түптерi әлi көтерiле қоймаған орман алқабы;
      14) гендiк қор - дарақтардың бiр тобы гендерiнiң (популяциялардың, популяциялар тобының немесе түрлердiң) олардың белгiлi бiр кездесу жиiлiгiмен сипатталатын шектегi жиынтығы;
      15) географиялық дақылдар - жаңа жағдайда сынақтан өткiзу мақсатымен бiрнеше экотиптердiң (климатиптердiң) неғұрлым сипатты популяцияларының тұқымдық ұрығынан арнаулы әдiстер бойынша өсiрiлетiн тәжiрибелiк дақылдар;
      16) қала ормандары және орманды саябақтар - қалалық елдi мекен шекарасы шегiнде орналасқан және мемлекеттiк орман қорының құрамына кiретiн сауықтыру және рекреациялық мақсаттағы ормандар;
      17) мемлекеттiк орман орналастыру ұйымы - қызметi орман ресурстарын есепке алуды, орман қорын аумақтық орналастыруды, мемлекеттiк орман мониторингiн, орман шаруашылығын жүргiзу iсiн жоспарлауды және орман пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталатын орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органның қарауында болатын ұйым;
      18) орман шаруашылығы мемлекеттiк мекемесi - мемлекеттiк орман қорын күзету мен қорғау, ормандарды молықтыру мен орман өсiру, орман пайдалануды реттеу жөнiндегi шараларды жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен құрылған мекеме;
      19) сүрекдiңдер - орман екпелерiнiң негiзгi бөлiгi болып табылатын ағаштар жиынтығы;
      20) шайыр - қылқан жапырақты ағаштар зақымданған кезде бөлiнетiн қоймалжың зат;
      21) орманды қорғау - орманды зиянкестерден, аурулардан, антропогендiк және табиғи сипаттағы қолайсыз факторлар әсерiнен қорғау жөнiндегi, жер үстiнде және авиациялық әдiстермен жүзеге асырылатын iс-шаралар жиынтығы;
      22) орман қорын түгендеу - орман қорының жекелеген учаскелерiнiң сандық және сапалық көрсеткiштерiн сипаттау, картаға түсiру және анықтау жөнiндегi жұмыстар кешенi;
      23) мемлекеттiк орман қорының санаты - мемлекеттiк орман қорының Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен бөлiнген, ерекше қорғалатын, су сақтау, санитарлық-гигиеналық, рекреациялық, ғылыми немесе өзге де арнайы мақсаттағы, аумағында орман шаруашылығын жүргiзу мен орман пайдаланудың ерекше режимi белгiленген бiр бөлiгi;
      24) орман - ағаш пен бұта өсiмдiктерiнiң және жанды табиғаттың басқа да компоненттерiнiң жиынтығы негiзiнде белгiлi бiр аумақта қалыптасқан, қоршаған ортамен өзара байланыстағы және маңызды экологиялық, экономикалық және әлеуметтiк мәнi бар табиғи кешен;
      25) орманды өңiр - қайсыбiр аумақта орман өсуiнiң жердiң жалпы алаңына орман өскен жердiң қатысы арқылы анықталып, процентпен белгiленетiн дәрежесi;
      26) орманшылық - орман иеленушiнiң өз шекарасында орналасқан, орман шаруашылығы iс-шараларын жоспарлау мен орындауға, орман пайдалану көлемiн есептеуге арналған құрылымдық бөлiмшесi;
      27) орман тұқым шаруашылығы - тұқым қуалаушылық қасиеттерi құнды және себу сапасы жоғары тұқым алуға бағытталған орман тұқымдарын дайындау, өңдеу, сақтау және пайдалану, олардың сапасы мен шығу тегiне бақылау жасау жөнiндегi iс-шаралар кешенi;
      28) орман шаруашылығы - орман қорын күзету мен қорғау, ормандарды молықтыру мен орман өсiру, орман пайдалануды реттеу және оның жүзеге асырылуын бақылау жөнiндегi iс-шараларды қоса, орман қорын зерттеу және оның есебiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын экономика саласы;
      29) орман шеберiнiң учаскесi - орманшылық аумағының құрамында екi және одан да көп орман қарау аймағы бар бiр орман шеберiне бекiтiлген және орман шаруашылығы iс-шараларын орындауға арналған бiр бөлiгi;
      30) орман қарау аймағы - орманшылық аумағын күзету үшiн бiр орманшыға бекiтiлiп берiлетiн, осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген тәртiппен айқындалатын бiр бөлiгi;
      31) орман питомнигi - орман қоры аумағының ағаш және бұта тұқымдас екпе материалдарды өсiруге арналған учаскесi;
      32) орманның гендiк резерваты - өсiмдiктер түрi, түр тармағы популяцияларының гендiк-селекциялық тұрғыдан құнды бөлiгi бар орман учаскесi;
      33) орман ағаштары - орманның сүрiктi ағаш және бұта тұқымдастарынан қолдан отырғызылған екпелер;
      34) орман иеленушiлер - мемлекеттiк орман қоры учаскелерi тұрақты жер пайдалану құқығымен берiлген мемлекеттiк ұйымдар, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес жекеше орман қоры учаскесi меншiгiнде болатын жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғалар;
      35) орман иелену - орман шаруашылығын жүргiзу мен орман пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жұмыс iстеуi үшiн мемлекеттiк орман иеленушiлерге Қазақстан Республикасының Үкiметi беретiн мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн иелену мен пайдалану құқығы, сондай-ақ жекеше орман иеленушiлерге осы Кодексте белгiленген тәртiппен берiлетiн жекеше орман қорын иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы;
      36) орман пайдалану - орман ресурстары мен орманның пайдалы қасиеттерiн пайдалану жөнiндегi заңдық және экономикалық жағынан регламенттелген қызмет;
      37) орман пайдаланушы - осы Кодексте белгiленген тәртiппен уақытша орман пайдалану құқығы берiлген жеке немесе заңды тұлға;
      38) кеспеағаш аймағы - ағаш кесудiң барлық түрлерi үшiн бөлiнген немесе ағаштары кесiлу сатысындағы орман учаскесi;
      39) орман өсiру - бұрын орман болмаған аумақтарда ағаш екпелерiн қолдан отырғызу және өсiру;
      40) орман шаруашылығы iс-шаралары - орман орналастыру материалдары негiзiнде жүргiзiлетiн орман қорын күзету, қорғау, ормандарды молықтыру мен орман өсiру, орман пайдалануды реттеу жөнiндегi кешендi ұйымдастырушылық және техникалық iс-шаралар;
      41) кемiстiгi бар екпе - орман өсiрудiң белгiлi бiр жағдайында өнiмдiлiгi төмен және сапасы нашар екпе;
      42) кесiлмеген ағаш - кесуге арналған, бiрақ ағаш кесу билетiнде көзделген мерзiмде кесiлмеген орман ағаштары немесе учаскелерi;
      43) орманның жинақталмаған ағаштары - жасанды жолмен өсiрiлген (себiлген немесе отырғызылған), бiрақ орманды алқаптарға көшiрiлмеген ағаштар;
      44) қалыпты екпе - өнiмдiлiгi жоғары және орташа, орман өсiрудiң белгiлi бiр жағдайында сапасы жақсы және орташа екпе;
      45) ормандану - ағаш өспеген алқаптарда орманды қолдан өсiрiп шығару немесе орманның табиғи түрде өсiп шығуы;
      46) аса бағалы орман алаптары - тұқымдық құрамы бойынша сирек кездесетiн және эндемиктiк тұқымдар бар бiрегей орман; өнiмдiлiгi мен гендiк сапасы бойынша бiрегей орман; күрделi табиғи жағдайларда маңызды қорғаныштық функцияларын орындайтын орман;
      47) орманның аса қауiптi зиянкестерi - жаппай көбейiп, таралатын, сөйтiп ормандарға зияндылықтың экономикалық шегiнен асып кететiн залал келтiретiн зиянкес организмдер;
      48) кеспеағаш аймағын бөлу - шекараны нақтылы және кеспеағаштарды мөлшерлей отырып айқындау, кесуге жатқызылған ағаштарға белгi соғу, кеспеағаш алқабында есепке алынған сүректердi заттай және ақшалай бағалау жөнiндегi iс-шаралар;
      49) ормандарды күзету - орман өртiнiң алдын алу және орман өртiне, ағаштың заңсыз кесiлуiне және Қазақстан Республикасының орман заңдарын басқа да бұзушылықтарға қарсы күрес жөнiндегi iс-шаралар жиынтығы;
      50) арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер - өнеркәсiптiк, энергетикалық, тағамдық және өзге де мақсаттар үшiн қолдан өсiрiлетiн екпелер;
      51) артықшылығы бар ағаш - өзiмен бiр жастағы және бiрдей фенологиялық нысандағы, дәл сондай орман өсiру жағдайында өзiмен қатар айналасында өсiп тұрған ағаштардан бiр немесе бiрнеше шаруашылық-құндылық белгiлерi және қасиеттерi жағынан айтарлықтай асып түсетiн ағаш;
      52) артықшылығы бар екпе - орман өсiрудiң белгiлi бiр жағдайында өнiмдiлiгi жоғары және тұрақты екпе;
      53) өскiн - орман арасындағы немесе ағашы кесiлген жерде қалған, көтерiлiп өсуге немесе аналық сүрекдiңдердi алмастыруға жарамды сүрек ағаштардың жас түптерi;
      54) сөл алу - ағаштардың дiңдерiнен шайыр, шырын алу үшiн оларды көктеп-өсу кезеңiнде қолдан зақымдау;
      55) ормандағы өрт қаупi мол маусым - климат және ауа райы факторларын негiзге алып орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган, облыстық атқарушы орган айқындайтын, орман өртi шығу қаупi болуы мүмкiн күнтiзбелiк жылдың бiр бөлiгi;
      56) орман қорын пайдалану - жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген орман пайдалану, сондай-ақ орман қоры аумағындағы жердi, суды және кең таралған пайдалы қазбаларды шаруашылық және өзге де мақсаттарда пайдалану құқығы;
      57) тұрақты орман тұқым базасы - тұқым қуалаушылық қасиетi құнды және себу сапасы жоғары тұқым алу үшiн Қазақстан Республикасының орман заңдарында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк орман қорында аумағы жағынан бөлiнген, селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектiлер жиынтығы;
      57-1) орман қорын күзету, қорғау, оларды пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру саласындағы тексеру (бұдан әрi - тексеру) - орман қорын күзету, қорғау, оны пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның және оның аумақтық органдары лауазымды адамдарының, орман иеленушiлердiң, орман пайдаланушылардың және өзге де шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң Қазақстан Республикасының орман қорын күзету, қорғау, оны пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауын айқындау мақсатында жасайтын iс-әрекетi;
      58) алаңқай жерлер - ағашы жоқ, бiрақ орман өсiмдiктерiнiң қалдықтары сақталған орман алаңы;
      59) орман соқпағы - орман шаршыларының шекараларын белгiлеу немесе өзге мақсаттар үшiн ағаш және бұта өсiмдiктерiнен тазартылып жасалған белдеу;
      60) тексеру кезеңi - орман шаруашылығын жүргiзу үшiн орман орналастыру жобасы немесе ерекше қорғалатын табиғи аумақты басқару жоспары әзiрленетiн мерзiм;
      61) селдiреу - жуандығы 0,1 - 0,2 мөлшерiндегi жасы бiрiншi және екiншi сыныптағы шыбықтарды қоспағанда, өзi өсiп шыққан сүрекдiңдер;
      62) басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу - сүрек дайындау үшiн толысқан және қураған сүрекдiңдердi кесу;
      63) аралық мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу - орманды күтiп-баптау мақсатында ағаш кесу, iрiктеп санитарлық мақсатта ағаш кесу, құндылығы төмен орман екпе ағаштарын, сондай-ақ қорғаныштық, су сақтау және басқа да қасиеттерiнен айырылған екпе ағаштарды қайта жаңғыртуға байланысты кесу, жекелеген талшыбықтарды кесу;
      64) орманды күтiп-баптау мақсатында ағаш кесу - жоғары өнiмдi және төзiмдi екпелердi қалыптастыру мақсатында екпелердiң арасынан өспей қалған немесе ағаштардың басты тұқымдарының өсуiне кедергi келтiретiн ағаштарды жою жолымен жүзеге асырылатын орманды мерзiмдiк күтiп-баптау;
      65) санитарлық мақсатта ағаш кесу - орманның санитарлық жай-күйiн жақсарту мақсатында жүргiзiлетiн ағаш кесу (iшiнара, жаппай), оның барысында жекелеген ауру, зақымданған, солып қалған және қураған ағаштар кесiледi;
      66) орманның санитарлық жай-күйi - қоқыстану, солып қалған және қураған ағаштар туралы мәлiметтердi, зиянкестер санының және орман ауруларының таралу жылдамдығын, орманның жағдайына керi әсер ететiн басқа да жағымсыз факторларды қамтитын жай-күйiнiң сипаттамасы;
      67) ағаш және бұта тұқымдарының селекциясы (орман селекциясы) - табиғи популяция арқылы iрiктеу немесе орман тұқымдарының шаруашылық және өзге де құндылығы бар түрлерi мен сорттарын қолдан өсiру жөнiндегi iс-шаралар кешенi;
      68) орманды (кеспеағашты) мөлшерлеу - орман ресурстарының, соның iшiнде кесу көзделетiн екпе ағаштардың сапалық және сандық сипаттамаларын анықтау, есепке алу, бағалау жөнiндегi iс-шаралар;
      69) мемлекеттiк орман қоры алқабы - орман орналастыру кезiнде орман қорын мемлекеттiк есепке алу, арнайы картаға түсiру мен орман шаруашылығы iс-шараларын жоспарлау мақсатында мемлекеттiк орман қоры құрамында бөлiнетiн жер учаскелерi;
      70) орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласында басқару мен бақылау функциясын жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
      71) усадьба - ағаш өспеген алқаптарға жататын, орман шаруашылығын жүргiзумен және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жұмыс iстеуiмен байланысты тұрғын үйге арналған және кiсi тұрмайтын қора-жайлар орналасқан жер учаскелерiн бiлдiретiн мемлекеттiк орман қоры алқаптарының түрi;
      72) зияндылықтың экономикалық шегi - орман зиянкестерiнiң орман ресурстарына келтiрген залал құны бойынша осы зиянкестермен күресуге жұмсалатын шығыннан артып кететiн тығыздығы.

ЛЕКЦИЯ №1.

ҚР орман фонды.

  1. ҚР орман фондының мақсаты мен тапсырмалары.

  2. ҚР мемлекеттік және жекешелендірілген орман фонды.

Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан ормандар, сонымен қатар орман өсімдіктерімен жабылмаған, бірақ орман шаруашылығының қажеттіліктерін өтейтін орман қорының жерлері ҚР орман фондын құрайды.

Орман фонды мемлекеттік және жекешелендірілген орман фондтарынан тұрады.

Мемлекеттік орман фондына жатады:



  1. Ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың жерлеріндегі табиғи және қолдан өсірілген ормандар. (орман және ормансыз аймақтар қосылады).

  2. Мемлекеттік орман фондының жерлеріндегі орман шаруашылығының қажеттіліктерін қамтамасыз ететін табиғи және қолдан өсірілген орман алқаптары, сонымен қоса, орман өсімдіктері өспейтін жер алқаптары;

  3. Халықаралық және республикалық маңызы бар темір жол және автокөлік жолдарының бойындағы қорғаныштық екпелер, каналдар, магистральды құбырлар мен т.б. түзу құрылымдардың (ені 10 м-ден астам, аумағы 0,05м көп) бойындағы екпелер.

Жекешелендірілген орман фондына жатады: қолдан өсірілген ормандар, агромелиоративті орман екпелері, арнайы мақсат үшін өсірілген ені 10 метрден асатын және аумағы 0,05 га-дан астам плантациялық екпелер (жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың қаржыландырылуымен) және бюджеттен қаржыландырылған, бірақ жеке меншікке өткізілген немесе ұзақ уақытқа пайдалануға берілген агромелиоративті орман екпелері (ҚР жер туралы мемлекеттік актісіне сәйкес).

Орман фондына жатпайды:



  1. Мемлекеттік орман фондының жерлерінен тыс орналасқан аумағы 0,05га-дан аз болатын жеке ағаштар мен ағаштар тобы, ауыл шаруашылық мақсаттағы бұталы өсімдіктердің өсетін жерлері;

  2. Қала ормандары мен орман парктерінен басқа, тұрғын үйлердің аумақтарының маңайындағы көгалдандыру екпелері;

  3. Саяжай, бақша және үйдің маңайындағы ағаштар мен бұталар.

Мақсаты: орманды қорғау, күзету, қайта жанарту және орманды өсіру, орманшылықты арттыру және орманның ресурсты потенциалын және жануарлар әлемін көбейту, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің биологиялық алуан түрлілігін, ерекше және сирек кездесетін ландшафтарды сақтау.

Тапсырмалары:

  1. Орман қорының аумағындағы өртке қарсы және санитарлы жабдықталуын жүзеге асыру, өрт қауіпсіздігі туралы және орманды пайдаланудың ережелерін бұзылуы туралы алдыын ала ескерту

  2. Орман өрттерін сөндіруде керекті әрекеттерді қабылдау, зиянкестер мен орман аурулары, заңсыз кесулерге қарсы әрекеттерді жүзеге асыру

  3. Орман қорындағы өсімдік және жануарлар әлемінің ресурстарын тиімді пайдалануын қамтамасыз ету;

  4. Орма тұқым ісі мен орман питомниктерінің дамуын қамтамсыз ету;

  5. Орман ресурстарын тендерге арналған материалдарды дайындау.


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. ҚР орман фондының мақсаты мен тапсырмалары.

  2. ҚР мемлекеттік және жекешелендірілген орман фонды.

Әдебиеттер тізімі:

  1. Лесоведение и лесоводство: Учебник для студентов вузов. – М.: Издательский центр. «Академия», 2005, 256 стр.

2. Лесной кодекс Республики Казахстан. – Алматы: Юрист, 2000, 30 с.

Лекция №2,3.

Орман шаруашылығын жоспарлау. Орман фондының жерлеріндегі жерді пайдалану құқығы.

  1. Орман шаруашылығын жоспарлау.

  2. Орман фондының жерлеріндегі жерді пайдалану құқығы.

Орман шаруашылығын құрудың перспективті жоспарын дайындаудағы орманды өсірудің ең басты тапсырмасына орман өсіру ұйымы мен орманшылықта орманды пайдалану формаларын үйлестіру жатады, сонымен қатар халық шаруашылығының мағынасына және орманның белгілі бір мақсатқа пайдалануына байланысты бұл ұйымдардың формалары әр түрлі болуы керек. Орман шаруашылығын жоспарлаудағы орманды орналастырудың қажеттілігі сол шаруашылық объектілерінің табиғи спецификалық ерекшеліктерімен түсіндіріледі.



Бұл ерекшеліктерге жатады:

а) орман өсіру процесінің ұзақтығы, бірнеше ондаған жылдармен есептеледі;

б) орман фондының уақытпен динамикалығы, жасына байланысты сандық және сапалық көрсеткіштерінің өзгеруі, сонымен қатар екпелердің өскіндер түрінде өнімділігі және орман шаруашылығының басқа да салаларымен кең байланыста болуы, яғни орманның көптеген пайдалы қасиеттері.

Барлық орманды орналастыру жоспарын құратын шаралар, барлық ұйымдастырылатын объектіде жоспарға сай жасалуы керек. Сондықтан орманды орналастырудың басты міндетіне халық шаруашылығының және салалық жоспардың 5 жылдық тапсырмасын орындау. Бекітілген перспективті халық шаруашылық және салалық жоспарлар және де әрбір мекемеге дейін жеткізілген жоспарлар директивті құжат болып есептеледі, соған орманды орналастыру үшін әрбір мекеме арқа сүйеп, орман шаруашылығын құрудың перспективалық жоспарын жасайды.

Орман шаруашылығы мен орман өнеркәсібінде 5 жылдық салалық жоспарды құруда орманды орналастыру материалдары, мемлекеттің орман шикізаттық қоры мен экономикалық аудандар мен облыстар аймағында орналастыру осы немесе басқа шешімдерді қабылдауда негізгі болып табылады. Осы мәліметтер болмаса орманды орналастыру жоспары көрсетілген халық шаруашылығының салаларынсыз негізсіз болар еді.

Жоспарлаудың жаңа формасына сай кең ауқымды орман массивтерінде орман өнеркәсібін игеруіндегі басты жоспарлау сызбалары, ал кіші орманды аймақтарда басты жоспарлаудың сызбасы (мағынасы) орман дақылдарын дамытудың кең етек жаюы. Өнеркәсіптік орманды игерудің басты сызбалары орман өнеркәсібін жоспарлау институттарында жүргізіледі. Оларда орманды пайдаланудың сұрақтары мен орман шарушылығының (жыл бойынша шабу көлемі, орман қорының жеке игеру кеңділігі, орманды аймақтандыру және т.б.) негізгі сұрақтары көрсетілуі керек. Орман шаруашылығының дамуының басты жоспары көбінесе ұзақ уақыт (20-30 жыл) жасалады, үлкен аймақтарға (мемлекет, аймақ, экономикалық аудан). Орманды орналастыру орманшылық пен орман шаруашылығының облыстық басқармаларының перспективті бес жылдық жоспарымен, сонымен қатар орманшылықтың жылдық жоспарымен тығыз байланыста. Бұл жоспарлар мемлекеттің халық шаруашылық жоспарына негіздеме облыс немесе орманшылықтан алынған қорытынды сандармен негізделіп жасалады. Орманшылықта осы жоспарларды дайындау үшін орман құраушы материалдар үлкен көмек көрсетеді.



Ауданда өндірістік орманды пайдалану жоспарларымен орман құрау арнайы айналыспайды. Бұл сұрақтарды арнайы жоспарлаушы институттар шешеді (Гипролестранс, Гипролеспром, т.б.). бірақта орман құраушы материалдар жоспарларды құруда ерекше маңызды рөл атқарады. Орман құру мен орман басқарудың арасында кең байланыс бар. Бізге белгілідей, кез келген объектідегі орман құру жұмыстары орманды басқару ұйымына жоспар құрумен аяқталады. Орманшылықтағы барлық орман шаруашылық іс шараларын толығымен зерттегеннен кейін, орманның қолданылу мақсатына байланысты басқару анализін, ревизиялық аралықтағы келер жұмыс көлемімен орман құру шаруашылықтағы белсенділігіне қатысты орман басқару ұйымы жаңадан шешім қабылдайды, орманшылық, техникалық бөліктер мен айналмалар, олардың саны мен территорияда орналасуы өзгереді. Орман басқару органдары орман орналастыру жұмыстарының құрылымы мен мінезін анықтап, өздері белсенді түрде орындалуын, жетістікпен аяқталуы үшін барлық іс-шараларды қабылдайды.

Орман фондының жерлерінде жерді пайдалану құқығы. Орман фондының жерлерін пайдаланушы субъектері болып орманшылық, қорықтар, ұлттық табиғи парктар, колхоздар, совхоздар, басқа да ауыл шаруашылық құрылымдар, оқу және тәжірибелік орман шаруашылығы, орман шаруашылығын жүргізуді жүзеге асыратын ұйымдар жатады. Жерді пайдалану құқықтық объектісіне орман фондының жер телімдері жатады.

Орман фондының жерін пайдаланушылар орманның жеке иесі болмайды. Олар мен орталық арасында бірегей жерді пайдалану мен басқарудың міндеттері қарастырылады. Орман фондының жерлерін пайдаланушыға тән қызмет, ол орман фондын иелену заңды түрдегі құзыры.

Иелену орман фондының иесінің құқықтық мәртебесі, оған қоса заңмен белгіленген құқықтың айналасындағы нұсқаулық және белгілі бір мақсатқа пайдалану кіреді.

Орман фондының иесі бірнеше міндеттерді атқарады, есеп, орман фондының жер телімдерін қысқа немесе ұзақ уақытқа жалға беру, кеспеағаштарды бөліп беру және орманды кесуге рұқсат қағаздарды беру, орманның өртке қарсы және санитарлы жабдықтау, орман ағаштарын қайта жанарту және өнімділігін арттыру, орманды пайдалануды қадағалау.

Бұл жұмыстарды толығымен орындау орманшылықтарға тән. Сол уақытта қорықтар, ұлттық саябақтар және осындай субъектер орманды жалға беруге, кесу билеттерін, кеспеағаштарды беруге құқықтары жоқ. Осындай шектеулер колхоздарға, оқу және тәжірибелік алаңдар иелеріне де қойылады.

Жер телімдерін жалға беру орман фондының иесі мен жергілікті әкімшіліктің біріккен шешімімен қоршаған ортаны қорғау органдарымен келісуімен жүзеге асады. Орман фондының жерін жалға беру қатынасы реттеліп отырылады.

Келісімшарт бойынша жалға алушылар құқылы: орман шаруашылық саласын таңдауға, кесудің барлық түрлерін жүргізуге (келісімшартта көрсетілген), ғимараттар салуға (орманды пайдалану үшін), оны қорғау мен күзету. Сонымен қатар жалға алушы міндетті: орманды қорғау ережелерн сақтауға, өртке қарсы шараларды жүргізуге, орманды қайта қалпына келтіруге. Жұмыс біткеннен кейін жалға алушы орманның жер телімін мақсатына пайдалануға болатын жағдайға келтіруі керек. Жалға беру лицензия берумен іске асады. Жер телімін жалға беру мөлшерін орман шаруашылығы шешеді. Жалға беру келесі орман пайдалану жұмыстары үшін беріледі: ағаш дайындау, шайыр дайындау, екінші сортты орман материалдарын дайындау, орманды қосымша пайдалану үшін. Жалға алушылар заңды тұлғалар, шетелдіктер және орманды пайдалануға рұқсаттары бар азаматтар болады.

Жер телімдерін пайдаланушылар жалға алу ақысын төлейді. Жалға алу ақысы орманды пайдалану, ресурс түріне, олардың орналасуына сәйкес өзгереді. Орманшылықтың иесі үнемі жалға алушының келісімшартты орындауын қадағалап отырады. Егер пайдалану ережелерін бұзған жағдай туындаса орманшылық иесі жалға беру келісімшартын бұзып, оны сотқа (зардаптарды) зиян келтіргені үшін бере алады.

Бақылау сұрақтары:


  1. Орман шаруашылығын жоспарлау.

  2. Орман фонды жерлерінде жерді қолдану құқығы.

Список литературы:

  1. Лесоведение и лесоводство: Учебник для студентов вузов. – М.: Издательский центр. «Академия», 2005, 256 стр.

2. Лесной кодекс Республики Казахстан. – Алматы: Юрист, 2000.

Лекция №4. Орман шаруашылығының ұйымы.

  1. Орман шаруашылығын жүргізуге арналған негізгі функциялар мен шарттар.

  2. Орманды қорғау мен күзетудің даму аясындағы приоритеттер.

Орман шаруашылығының негізгі қызметтік функциясы, ол орман шаруашылығы жұмыстарын құруда орманды қорғау мен күзету, қайта жанарту, тиімді қолдануға бағытталған шараларды іске асыру. Бұл жұмыстарға келесі көрсеткіштер кіреді: орман шаруашылығын жүргізудегі негізгі талаптар, қорғану категориялары мен группаларға орманды бөлу, кеспеағаштарды есептеу, орман фондына ие болу.

Орман шаруашылығын жүргізудегі негізгі талаптарға орман шаруашылық қарым-қатынастарының принциптерін қосады: орманның экологиялық функцияларын сақтау мен күшейту, оның табиғат қорғау мәнін жоғарылату, орманды қайта жанарту және оның тұқымдық құрамын жақсарту, орман шаруашылығын жүргізудің тиімділігі.

Функциялар тізіміндегі басымды бөлігі орман шаруашылық жұмыстарының экологиялық, орман қорғау бағыттарында жүргізіледі. Орманды халық шаруашылығында шикізат ретінде пайдалану екінші қойылған.

Орман шаруашылығын жүргізудегі негізгі талаптар ҚР орман Кодексінің 12 бабында көрестілген және олар Казлесхоз жүйесінің орман шаруашылық органдарына ғана қатысты емес. Олар Қазақстан ормандарындағы барлық орман пайдаланушыларға қолданылады. Бұл талаптар ормандардың атқаратын қызметіне байланысты экологиялық, экономикалық және мәдени-сауықтыру функцияларына қатысты топтарға бөлінуіне негіз салды.

Барлық Қазақстан ормандары экологиялық, экономикалық және мәдени-сауықтыру мағынасына байланысты 3 топқа бөлінеді. Бұндай бөлу баяғы заманнан бар. Ал қазіргі заң бұнын құқықтық және ұйымдық мағынасын тағы да растайды.

Орманның бірінші тобына экологиялық және табиғи қорғау функцияларын басым атқаратын ормандар жатады. Бұл топырақ қорғаушы, су күзетуші, санитарлы-гигиеналық, қалалық ормандар, қорық ормандары, табиғи ұлттық саябақтар ормандары жатады. Бұл орман топтары Қазақстанның барлық ормандарында орналасқан. Бірінші топ ормандарында басты қолдануға арналған ағаш кесу жұмыстары тыйым салынған. Орманды күту үшін жүргізілетін кесулер, ағаштарды санитарлық кесу жұмыстарын атқаруға болады, тек ол орманды қорғау мақсатына қайшы келмесе болды.

Екінші топты орманға халық тығыздығы үлкен және транспорттық жолдары дамыған, қалалар мен аудандар, (орман аз болады), жатады. Екінші топты ормандар табиғи қорғау және пайдалану мәнінде шектеу болады. Бұл ормандарда ағаш дайындау кеспеағаштарды есептеумен жүргізіледі.

ҚР орман кодексінде кеспеағаштар есебін жыл сайын кесуге арналған ағаш көлемі ретінде көрсетілген. Бірақ бұл қате пікір. Кеспеағаштарды кесу нормасы мемлекетте, облыста, аймақта, ауданда, орманшылықта ағаштың өсімдігіне сәйкес жүргізілуі керек. Сонымен қатар, таңдамау кеспеағаштарды бір жылға есептеу сол көлемде орманды келесі жылға сақталуына кепілдік бермейді.

Орманның үшінші тобына орманы көп аймақтар, орман ағаштары жалпы ауданның 50% құрайтын ормандар жатады. Бұл ормандарды пайдалану мағынасына басым болады. Олар негізінен халық шаруашылығының қажеттіліктерін өтеу үшін қолданылады. Сонымен қатар, бұл орман тобы өзі орналасқан аймақтағы маңызды экологиялық функцияны атқарады. Соның ішінде атап өтетін негізгі басым салмақ атмосфераға оттегінің қорын көбейтіп отыруы жатады.

Орманның барлық топтарына орман шаруашылығының ұйымдастыруымен орман қолдану режимін шектеулі ерекше орман аймақтары бөлінуі мүмкін. Бірінші топты ормандарда бұл қорықтар, ұлттық парктер, қала мен жасыл аймақтар, қорғаныштық және санитарлы т.б. ормандар жатады. Екінші және үшінші топ ормандарында қорғалатын аймақтарға орманның ерекше бағалы бөлігі, алқапты қорғаушы екпелер, сирек кездесетін және жойылып бара жатқан, яғни Қызыл кітапқа енгізілген, жануарлар мен өсімдіктер мекендейтін ормандар кіреді.

Бірінші топты орман жерлерін ормансыз шараларға қолдану үшін мемлекеттік ұйымдардан рұқсат алу керек. Орман шаруашылығын жүргізуде орманды жерлерді ормансыз мақсатқа пайдалану (жол салу, орман өнімін қайта өңдеуге арналған кәсіпорын салу, т.б.) орман шаруашылығының облыстық басқармасының мемлекеттік ұйымының рұқсатымен ғана іске асады. 2006 жылғы дөңгелек столдағы Қазан жиналысында мемлекетіміздің орман шаруашылығын жүргізуде жетістіктеріміз бен қиындықтарымыз талқыға түсіп, орманның мемлекеттің экономикалық өсуіне және қоршаған ортаның қолайлы болуы үшін керектігіне көз жеткізілді.

Бұл съезде орманды басқару мен пайдалануда әсерлігін көбейтетін, сонымен қатар орманның жалпы жағдайын жақсартатын келесідей ұсыныстар көрсетілді:



  1. Орман өрттерінің мониторинг жүйесінің дамуы, яғни жер үсті, авиациялы және космостық жүйелер және құрылғылар мен бақылау тәсілдері арқылы қазіргі заманғы телекоммуникациялық торлармен, геоинформациялық технологиялар мен грозопеленгациялық жүйені комплексті түрде пайдалануға негізделген.

  2. Орман патологиялық мониторингі арқылы орман қорғау базасында аудандарға бөліп жетілдіру, соған қоса ормандағы радиологиялық жағдайды бағалау.

  3. Орман өрттерінің табиғатын, орман аурулары мен зиянкестерін, басқа да қолайсыз факторлардың табиғатын және орман экосистемасы мен глобальды биосфералық циклге оның жағдай мен динамикасына әсерін зерттеуді кеңейту.

  4. Орман фондының аймақтарын ғылыми зерттеулер арқылы орман өрттерінің, аурулар мен зиянкестерден қорғау және т.б. қолайсыз факторлар түріне және деңгейі бойынша орманды аймақтандыру.

Облыстарда орманды жанарту мен орманды өсіру бойынша приоритетті тапсырмалар деп қабылдау:

  1. Орманды қайта жанарту концепциясын ойластыру

  2. Климаттың өзгеруі туралы БҰҰ-ның Конвенциясындағы Киот протоколының талаптарына сәйкес облыстағы орманды жанарту мен өсірудің жүйесін анықтау

  3. Ауыл шаруашылық жерлерді ұзақ уақытқа жалға беру механизмін ойлап табу, яғни қазіргі уақытта қолданыста жоқ және онда орман плантацияларын құру үшін.

Орман басқару мен реформалары орман комплексінің кадрларын дайындауда келесідей іс-шараларды жүргізуді ұсынады:

  1. Концепция дайындамаларына сәйкес жоғары, орташа және қосымша орман кәсібінің білімін орман заңнамасына сәйкес дамыту.

  2. Дайындау мен іске асыру, салалық кәсіподақ пен орман бизнесінің өкілдері, орман шаруашылық саласының жұмысшыларының өмір сүру деңгейін арттыруға арналған шараларды іске асыру, орман өндірісі мен орман шаруашылығын жүргізу саласында жұмыс орындарын көбейту.

Тұрақты механизмдер мен қарапайым халықпен тиімді қарым-қатынасты реттейтін, орман басқару мен орман пайдалану туралы сұрақтарды шешетін институттарды құру осы мақсатта:

  1. Салалық қоғамдық ұйымдар мен орман шаруашылығы мен орман өндірістік комплекстің консультациялық кеңестерінде қоғамдық ұйымдармен байланысты кеңейтужөнінде жүзеге асатын шараларды қабылдау, сонымен қатар ұйымдар мен кеңестердің ережелеріне сәйкесінше өзгерістер мен қосымшаларды енгізіп отыру.

  2. Басты басқармалардағы жиналған тәжірибені субъектер арқылы аймақтық орталықтарға тарату.

Орман сертификациясының жұмыстарын жалғастыру және осы мақсатта құзыреттік басқару органдары мен атқарушы федеральды органдарға субъектерге құқықтық қолдау көрсетуді ұсыну:

  • Мемлекеттік қажеттіліктерді өтеу үшін сертификаты бар ағаш шикізаты мен дайын орман өнімін сатып алуы

  • Компанияларға преференцияларды құру, орман өнімін жеткізетін және өздігінен орман басқару сертификациясын жеткізу.

Орман пайдалануда экологиялық бағдарланған түрлердің приоритетті дамуын қолдап және ұсыну:

  • Белгілі бір аймақтық рекреациялық жүктемелерінің методикалық типтік есептеулерінде дайындау және бекіту, құрал-жабдықтарды, туристік-рекреациялық ресустарды аймақтандыру және экономикалық бағалау.

  • Орман учаскелерін рекреациялық және туризмдік мақсатты жалға беру келісімшартты бекіту ретінде анықтау, тоқтату және бұзу.

ҚР атқарушы органдарының субъектері жергілікті өзін-өзі билеуші органдардың қатысуымен қажетті экологиялық және социальды шектеулерімен туризм мен рекреациялық дамуды орман фондының жерлерінде жасау үшін инвестицияны тарту, сонымен қатар мемлекеттік-жеке меншік серіктестікті алға қою.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Орман шаруашылығын жүргізуге арналған негізгі функциялар мен шарттар.

  2. Орманды қорғау мен күзетудің даму аясындағы приоритеттер.

Әдебиеттер тізімі:

  1. Лесоведение и лесоводство: Учебник для студентов вузов. – М.: Издательский центр. «Академия», 2005, 256 стр.

2. Лесной кодекс Республики Казахстан. – Алматы: Юрист, 2000.

Лекция №5,6.

Шығыс Қазақстан ормандарында орман шаруашылығын жүргізу жүйесі.

Жоспары:

  1. Шығыс Қазақстан ормандарында орман шаруашылығын жүргізу жүйесі.

  2. Табиғи жағдайлар. Табиғи жағдайлардың жалпы мінездемесі.

  3. Орман шаруашылығын жүргізу жүйесінің экономикалық тиімділігі.

1.Шығыс Қазақстанның таулы ормандары маңызды экономикалық, топырақ қорғаушы және су реттейтін-қорғайтын мағынаға ие. Ол географиялық орналасу мен табиғи ресурстарға бай халық шаруашылық роліне ие және мемлекетіміздің жоғары дамыған өндірістік бөлігі болып табылады. Ағаш дайындау бойынша Шығыс Қазақстан Қазақстан бойынша бірінші орынға ие.

Жаңа бесжылдықта Қазақстанда халық шаруашылығы жоғары қарқынмен дамиды. Болашақ халық шаруашылығы жоспары бойынша Шығыс Қазақстанда орман материалдарын жеткізетін ірі жеткізуші болады деген ой бар. Бұл орман шикізатын тиімді пайдалану керектігін көрсетіп, орманның өнімділігін артуын, ормандылықтың оптимальды принципін сақтау, кеспе ормандардың қорын рационалды пайдалану, оны қалпына келуін, толығымен дайындалатын және қайта өнделетін ағаш массасы мен қалдықтарды пайдалану.

Облыстың орман қоры мемлекеттік орман фондының 29% , ал ормандылық 12,9% құрайды. Мемлекеттік орман қорының жалпы көлемі 2,77 млн га орман ауданы 1,69 млн га(61,0%), ормандалығы 1,25 млн га(45,1%). Орман қорының есебі бойынша орманмен жабылмаған ауданы көрсетілген: 185,2мың га аралас, 106,9мың га жанған және қураған екпелермен, 91,4мың га бос жерлер мен тастақты жерлер және 57,9мың га кесілген жерлер. 1га орманмен жабылған аумақтың орташа ағаш қоры 101,9м3, орташа өсінділер-1,73м2. Бұл мәліметтерге қарағанда орман шаруалығын жүргізудің жоғары дәрежеде жүргізілмейтіні көрсетіліп тұр.

Алтай тауларының ормандарында басым тұқымдар сібір самырсыны-39,3%, басқа тұқымдар құрайды: сібір балқарағайы-13,0%, көктерек-10,2%, қайың-9,1%, самырсын-3,1%, кәдімгі қарағай-3,2%. Сібір шыршасы, терек, өзен бойларында өсетін ағаш тәріздес және бұталы талдар сирек кездеседі.

Орман өсімдіктерінің әртүрлі вариациялары жағдайларының молдығы және ағаш тұқымдарының алуантүрлігі бұл аймақта орман шаруашылығын жүргізуді қиындатады.

Шығыс Қазақстан облысындағы орман шаруашылығының басты сұрақтары болып келесілер есептеледі:


  1. таулы ормандарда кесудің тісңлдері мен көлемі;

  2. кеспелерді қалпына келтіру мен тізбектелген екпелерді қайта қалпына келтіру;

  3. ағаш тұқымдарының екпе материалдарын өсіру тәсілдері;

  4. жоғары топырақ қорғаушы, су күзететін және басқа да қасиеттерге ие жас шыбықтардан жоғары өнімді ағаш діңгектерін қалыптастыру және қайта қалпына келтіру;

  5. орман аурулары мен зиянкестерімен күресу тәсілдері;

  6. орман шаруашылығы өндірісінде жұмыс өнімділігін арттыру жолдары;

  7. ормандағы өрт қауіптілігін төмендету жолдары және таулы ормандарда орман өрттерімен күресу шаралары;

  8. орманның кәсіптілік мағынасын жоғарылату.

Бұл сұрақтарды шешу орман шаруашылық өнімділігін жоғарылатып, ал басқа да халық шаруашылықтағы келелі мәселелер Шығыс Қазақстан облысындағы ормандардың ролі мен мағынасын жоғарылатады.

Табиғи жағдайлар.

Шығыс Қазақстан аймағы табиғи жағдайы бойынша бай және алуан түрлі болып келеді. Бұнда 5 физикалық-географиялық бөліктер: Батыс-Алтай – Рудный Алтай, Оңтүстік Алтай –Оңтүстік Алтай , Зайсан, Сауыр жәнеТарбағатай.

Ормандар көбінесе Рудный Алтайда, Оңтүстік Алтайда және Сауырда орналасқан.

Рудный Алтайдың жер рельефі алуантүрлі болып келеді, ол Убаның төменгі бөлігіндегі жазықтан басталып және көп қатпарлы биік таулы аймаққа дейін созылған. Сонымен қатар, оған Ертістің сол жақ жағалауындағы ұсақ құмды жерлер жатады. Мұнда төмен таулы, орташа таулы және биік таулы рельефтің типтері анықталады.



Орман шаруашылығын жүргізудің экономикалық тиімділігі.

Шығыс Қазақстан облысында орман шаруашылығын жүргізудің жүйесі ғылымның жетістіктерімен, өндірістік тәжірибеге, орманшылықтардың нақты мүмкіндіктеріне сай және тапсырмаларды орындауға бағытталған.

Орман өсіру – бұл ұзақ процесс, сондықтан енгізілген шаралардан эффект біраз уақыттан кейін көрінеді.

Кейбір енгізілген шаралардың нәтижесі сол жылы немесе келесі 2-3 жылда көрінеді. Бұл шаралар жүргізілетін жұмыстардың өзіндік құнын төмендету үшін және жұмыс өнімділігін жоғарылату: екпе материалдарды өсіру, Басты мақсатты кесулер және аралық пайдалану үшін кесулерде қолданылады.

Басты мақсатта пайдалану үшін кесу кезінде бағалы тұқымды өскіндерді қалдырып отыру және дұрыс ұйымдастырылған күту үшін кесу жұмыстары ағаш діңдерін аз уақыт ішінде қажетті сапа мен көлемге жеткізіп, өзіндік құлаған ағаштарды қолдануға болатын мүмкіндіктерді тудырады.

Ағаштардың өнімділігін арттыруға және қажетті сапалы ағашты өсіру уақытын азайтуға арналған шаралар сол жылы нәтиже бермейді. Ол басты мақсатта пайдалануға арналған кесу кезінде көрінеді. Селекция нәтижесінде және орман өсіру жұмыстарының нәтижесінде орман өнімділігін арттыруға арналған жұмыстар көлемді бірлікте өлшенеді. Орманды зиянкестерден, аурулар мен өрттерден қорғау шаралары қолда бар екпелерді сақтау үшін жүргізіледі.



Өзінді тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Шығыс Қазақстан ормандарында орман шаруашылығын жүргізу жүйесі.

  2. Табиғи жағдайлар. Табиғи жағдайлардың жалпы мінездемесі.

  3. Орман шаруашылығын жүргізу жүйесінің экономикалық тиімділігі.


Дәріс 7-8.

Қазіргі заманғы шаруашылықтың келелі мәселелері.

Дәрістің жоспары:

  1. Орман ресурстарының азаюы туралы келелі мәселе. Тоқтаусыз және таусылмайтын орман шаруашылығы концепциясы.

  2. 20 ғасырда дамыған елдерде көп мақсатты тоқтаусыз және таусылмайтын орман шаруашылығының пайда болуы.

Адамзат тарихында табиғи ресурстардың таусылуынан кейбір елдер және аудандар дағдарысқа ұшырап, адамдардың қоныстануы мен ауыл шаруашылығына, өнеркәсіпке және халықаралық саудаға әсерін тигізді. «Төзу» деген ұғым экономикалық даму саласында осындай дағдарыстардан өту үшін пайда болған. Соған сәйкес орманды пайдалануда бұл жағдай орман ресурстарын пайдалану мөлшері оның табиғи қалпына келу жылдамдығынан бірнеше есе көп жылдамдықпен іске аса бастағанда пайда болды.

Сондықтан, «Тұрақты орман шаруашылығы» термині осыдан 300 жыл бұрын пайда болды.

ХХ ғасырдың соңында бумен жұмыс істейтін қағаз жасаушы машиналар ойлап табылды, ол ағаш целлюлозасынан жасалатын қағаздың бағасын тез төмендетті. Сиялы қалам, қарындаш, булы баспа пресі пайда болғаннан бастап қағаз жаппай пайдалану тауарына айналды. Оны өндіруге қысқа өлшемді қылқанды ағаш тұқымы (баланс) және ағаш қалдықтары жарамды болды.

Тоқтаусыз және таусылмайтын өндіріс орманның біраз бөлігін қарқынды орман шаруашылығына ауыстырылып, орманды тез өсіруге бағытталды. Негізгі тәсілдеріне орман екпелерін дайындау, күту мақсатында кесу жұмыстарын жүргізу, тыңайтқыштар мен гербицидтерді пайдалану, шелқабықты ормандарды зерттеу, қараусыз жатқан орман шаруашылық алқапта орман өсіру жұмыстарын жүргізу. Аймақтар мен борлы ормандарда орман шаруашылығы қарқынды түрде таза қылқанды ағаш тұқымдарын өсірумен айналысты. Орман шаруашылығында қарқынды өсіру жұмыстар алқаптың бірлігінен өнімді бірнеше есе арттырды, және қажетті қасиеттерге ие болып ағашты қолданудың тиімділігін арттырды. Бұл пайдаланылатын орман алқабының көлемін кішірейтіп екінші ретті ормандарды өнімді түрде қолдануға мүмкіндік берді.



Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Орман ресурстарынын сарқылуы. Таусылмайтын және тоқтаусыз орман шаруашылығы концепциясы. (17-19ғғ.)

  2. 20 ғ. көп мақсатты тоқтаусыз және таусылмайтын орман шаруашылықтарының дамыған елдерде пайда болуы .

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:

  1. Ормантану және орманшылық: ЖОО студенттеріне арналған оқулық.-М.: Баспа орталығы. «Академия», 2005, 256 бет.

  2. Қазақстан Республикасының Орман кодексі. – Алматы: Юрист, 2000.


Дәріс №9.

Орман шаруашылығы тұрақты орман басқаруын қамтамасыз етуші тәсіл ретінде.

Дәріс жоспары:

  1. Орман шаруашылығын жүргізудің жалпы принциптері.

  2. Орманның ағаш ресурстарын тұрақты пайдалану.

  3. Орман пайдаланудың сарқылмауы тұрақтылықтың негізгі шарты ретінде орман ресурстарын сарқылмайтындай пайдалану.

Орман шаруашылығы ретінде орман пайдалануға негізделген экономикалық қызметті айтамыз. Бұндай түсінікте орман шаруашылығы өзіне орман пайдалану, орманды жабдықтау мен қамтамасыз ету, оны қайта дамытумен қатар, күзету, қолайсыз әсерлерден қорғау, орман дұрыс пайдалануды жоспарлау мен ұйымдастыру. Сондықтан, әрбір орман пайдалануды орман шаруашылығ деп атауға болмайды. Адамзат тарихында орман ресурстары және олардың өздігінен қайта қалпына келуі адамның қажеттілік мөлшерінен асып тұрған. Сондықтан, орманды дұрыс орналастыру, оны дұрыс пайдалануды жоспарлау, күзету және қайта қалпына келтіру туралы ой болмаған.

Орман шаруашылығы- бұл орманды сақтауда қолданылатын шаралар, оның өнімділігін арттыратын, адамның қажеттіліктерін тоқтаусыз қамтамасыз етіп отыратын шарапат. Нақты орманның қажеттіліктері орман шаруашылығын жүргізілуін анықтап отырады. Орманның кейбір бөліктері өзара орамн шаруашылығын жүргізу бойынша әртүрлі болады. Бұл түрлер табиғи жағдайға, жергілікті халық пен өндірістің қажеттілігіне байланысты, табиғатты қорғау көзқарасы бойынша орманның бағалылығы, белгілі бір орман телімінің заңды беделіне және ағы басқаларға байланысты.

Кесу жұмыстары тек ағашты отынға дайындау үшін ана емес – кейбіреулері адамның орманды қандай бейнеде көргісі келетіндігіне байланысты болады (мысалы, күту үшін жүргізілетін кесу жұмыстары және санитарлы кесулер). Бұл кесулерде керек, бірақ бұлар уақытпен белгіленген нәтжені ғана береді.

Күту үшін жүргізілетін кесу жұмыстарының мақсаты, осы алқаптан кейінірек жоғары сапалы ағаш тұқымдарын алу. Бұл мақсатты орындау үшін орман шаруашылығында өсетін қажетсіз ағаштар жойылып, ал қажеттілер өскіндер максималды жуандықта өсуге арналған қалыңдыққа дейін сиректеледі.

Санитарлы кесу жұмыстарының мақсаты- қатерлі аурулар мен зиянкестердің таралуын тоқтату және бұл ауруларға шалдыққан ағаштарды кесіп, отынға дайындау. Ең маңыздысы, орманшылар ағашты дайындайтын алқаптардағы тірі жәндіктерді ауру тудырушы және зиянкестер деп есептейді.

Кесудің ағаш дайындауға қатысы жоқ басқа да түрлері болады, олар ландшафты кесулер деп аталып, демалыс орындарында орман парктық ландшафтарды жасайды. Сондықтан әрбір кесу жұмыстары орманның пайдалану мақсатына сай әр жерде әрқалай жоспарланып жүргізілуі тиіс. Осы ережелерді қатаң түрде сақтау – орманды басқарудың тұрақты негізінің бірі болып табылады. әйтпесе, орманға экология жағынан ғана емес кесу жұмыстары экономикалық тұрғыдан да шығын алып келеді.

Сарқылмау орман пайдалануда тұрақты шарттарының бірі. Сарқылмайтын орман ресурстарын пайдалану – бұл жоспарланған немесе орманды белгілі бір көлемде және тәсілмен пайдалану, бұл тәсіл орман ресурстарын ұзақ уақыт бойы тұрақты түрде өздігінен қалпына келетіндей пайдалану болып табылады.



Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Орман шаруашылығын жүргізудегі жалпы қағидалар.

  2. Орманның ағаш ресурстарын тұрақты пайдалану

  3. тұрақтылықтың негізгі шарты ретінде орман ресурстарын сарқылмайтындай пайдалану.

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:

  1. Ормантану және орманшылық: ЖОО студенттеріне арналған оқулық.-М.: Баспа орталығы. «Академия», 2005, 256 бет.

  2. Қазақстан Республикасының Орман кодексі. – Алматы: Юрист, 2000.

Дәріс № 10-11

Қазақстан Республикасының орман заңдары мен оған енгізілген жаңартулар және қосымшалар(жануарлар,өсімдіктер, және т.б)

      1. Қазақстан Республикасының орман заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актiлерiнен тұрады.
      2. Өсiмдiктер (ормандардан басқа) мен жануарлар дүниесiн, су объектiлерiн, жер қойнауын, жердi, атмосфералық ауаны, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану мен қорғау саласындағы құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасының арнайы заңдарымен реттеледi.
      3. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Кодекстегіден өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

Осы Кодекспен реттелетін қатынастар

      1. Осы Кодекс орман қорын иелену, пайдалану, оған билiк ету жөнiндегi қоғамдық қатынастарды реттейдi, сондай-ақ орман қорын күзетудiң, қорғаудың, молықтырудың, оның экологиялық және ресурстық әлеуетiн көтерудiң, оны ұтымды пайдаланудың құқықтық негiздерiн белгiлейдi.


      2. Орман құқығы қатынастарын реттеу орман биосфераның ғаламдық экологиялық, әлеуметтiк және экономикалық мәнi бар аса маңызды компоненттерiнiң бiрi болып табылатыны негiзге алына отырып жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасы орман заңдарының  принциптерi

      Қазақстан Республикасының орман заңдары:
      1) ормандардың климатты реттейтiн, орта түзетiн, егiс-топырақ қорғау, су сақтау және санитарлық-гигиеналық функцияларды орындайтын жалпымемлекеттiк мәнiн мойындау;
      2) ормандарды тұрақты дамыту (Қазақстан Республикасының орманды аумақтарын тұрақты ұлғайту);
      3) ормандардың, мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң, мәдени және табиғи мұраның биологиялық әралуандығын сақтау;
      4) ормандарды көп мақсатқа пайдалану;
      5) орман ресурстарын ұтымды, үздiксiз, сарқылмайтындай етiп пайдалану;
      6) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы мемлекеттiк реттеу мен бақылау;
      7) басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу мен алынған сүректi қайта өңдеудi жүзеге асыру функцияларынан орман пайдалануды реттеу функцияларының ара жiгiн ажырату;
      8) Қазақстан Республикасының орман заңдарын бұзудан келтiрiлген залалдың орнын толтыру;
      9) орман ресурстарын ақылы пайдалану;
      10) орман қорының жай-күйi туралы ақпараттың қол жетiмдiлiгi;
      11) халықтың және қоғамдық бiрлестiктердiң орман қорын күзетуге және қорғауға қатысу принциптерiне негiзделедi.

      Осы Кодексте пайдаланылатын негiзгi ұғымдар



      Осы Кодексте мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) агроорман-мелиорациялық екпе - ауыл шаруашылығы үшiн қолайсыз табиғи факторлардың әсерiн азайтуға мүмкiндiк беретiн қорғаныштық орман екпесi;
      2) артықшылығы бар ағаштар клондарының мұрағаты - артықшылығы бар ағаштардың гендiк қорын сақтау және олардың тұқым қуалау қасиеттерiн зерттеу мақсатында артықшылығы бар ағаштардың өсiмтал тұқымдарын пайдалану арқылы өсiрiлген екпелер;
      3) биологиялық әралуандық - белгiлi бiр аумаққа тән өсiмдiктер мен жануарлар организмдерiнiң жиынтығы;
      4) биоқауымдастық - белгiлi бiр, салыстырмалы түрде бiртектi жер учаскесiн немесе су айдыны учаскесiн мекендейтiн және өзара қарым-қатынастағы өсiмдiктердiң, жануарлар мен микроорганизмдердiң жиынтығы;
      5) орман аурулары - қоршаған ортаның қолайсыз факторларынан немесе ауру өсiмдiктерден сау өсiмдiктерге берiлетiн организмдерден туындайтын және өсiмдiктер құрылысының өзгеруiне немесе олардың құрып кетуiне әкеп соқтыратын патологиялық процестер;
      6) кеспеағаш аймағынан тыс қоқыс - ағаштың (дiндердiң және бұтақтардың) кеспеағаш аймағынан тыс жерде жатқан және өнеркәсiптiк мақсаттарда дайындалмайтын табиғи құлап, үзiлiп түсуi;
      7) орманды қайта жаңғырту - сүрекдiңдер арасында, сондай-ақ ағашы кесiлген, өрт шалған және бұрын орман болған басқа да алаңдарда орманның жаңа түптерiнiң пайда болуының табиғи процесi;
      8) кесу жасы - сүрекдiңдердiң толыса бастаған санатынан толысқан санатына өтуден басталатын және басты пайдалану мақсатында кесуге болатын жасы;
      9) орманды молықтыру - орман ағаштарын отырғызуға немесе орманды күтiп-баптау және оны сауықтыру жөнiндегi шараларды қоса алғанда, бұрынғы орманды алқаптарды табиғи түрде қайта жаңғыртуға ықпал ететiн шаралар жүргiзу;
      10) орман зиянкестерi - орман екпелерiн зақымдайтын организмдер;
      11) қосалқы сүрек ресурстары (материалдары) (бұдан әрi - қосалқы сүрек ресурстары) - ағаштар мен бұталардың қабықтары, бұтақтары, томарлары, тамырлары, жапырақтары, бүршiктерi;
      12) ағашы кесiлген жер - екпе ағашы кесiп алынған, ал орманның жаңа түптерi әлi көтерiле қоймаған орман алқабы;
      13) өртең - екпе ағашын өрт жойып жiберген, ал жаңа түптерi әлi көтерiле қоймаған орман алқабы;
      14) гендiк қор - дарақтардың бiр тобы гендерiнiң (популяциялардың, популяциялар тобының немесе түрлердiң) олардың белгiлi бiр кездесу жиiлiгiмен сипатталатын шектегi жиынтығы;
      15) географиялық дақылдар - жаңа жағдайда сынақтан өткiзу мақсатымен бiрнеше экотиптердiң (климатиптердiң) неғұрлым сипатты популяцияларының тұқымдық ұрығынан арнаулы әдiстер бойынша өсiрiлетiн тәжiрибелiк дақылдар;
      16) қала ормандары және орманды саябақтар - қалалық елдi мекен шекарасы шегiнде орналасқан және мемлекеттiк орман қорының құрамына кiретiн сауықтыру және рекреациялық мақсаттағы ормандар;
      17) мемлекеттiк орман орналастыру ұйымы - қызметi орман ресурстарын есепке алуды, орман қорын аумақтық орналастыруды, мемлекеттiк орман мониторингiн, орман шаруашылығын жүргiзу iсiн жоспарлауды және орман пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталатын орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органның қарауында болатын ұйым;
      18) орман шаруашылығы мемлекеттiк мекемесi - мемлекеттiк орман қорын күзету мен қорғау, ормандарды молықтыру мен орман өсiру, орман пайдалануды реттеу жөнiндегi шараларды жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен құрылған мекеме;
      19) сүрекдiңдер - орман екпелерiнiң негiзгi бөлiгi болып табылатын ағаштар жиынтығы;
      20) шайыр - қылқан жапырақты ағаштар зақымданған кезде бөлiнетiн қоймалжың зат;
      21) орманды қорғау - орманды зиянкестерден, аурулардан, антропогендiк және табиғи сипаттағы қолайсыз факторлар әсерiнен қорғау жөнiндегi, жер үстiнде және авиациялық әдiстермен жүзеге асырылатын iс-шаралар жиынтығы;
      22) орман қорын түгендеу - орман қорының жекелеген учаскелерiнiң сандық және сапалық көрсеткiштерiн сипаттау, картаға түсiру және анықтау жөнiндегi жұмыстар кешенi;
      23) мемлекеттiк орман қорының санаты - мемлекеттiк орман қорының Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен бөлiнген, ерекше қорғалатын, су сақтау, санитарлық-гигиеналық, рекреациялық, ғылыми немесе өзге де арнайы мақсаттағы, аумағында орман шаруашылығын жүргiзу мен орман пайдаланудың ерекше режимi белгiленген бiр бөлiгi;
      24) орман - ағаш пен бұта өсiмдiктерiнiң және жанды табиғаттың басқа да компоненттерiнiң жиынтығы негiзiнде белгiлi бiр аумақта қалыптасқан, қоршаған ортамен өзара байланыстағы және маңызды экологиялық, экономикалық және әлеуметтiк мәнi бар табиғи кешен;
      25) орманды өңiр - қайсыбiр аумақта орман өсуiнiң жердiң жалпы алаңына орман өскен жердiң қатысы арқылы анықталып, процентпен белгiленетiн дәрежесi;
      26) орманшылық - орман иеленушiнiң өз шекарасында орналасқан, орман шаруашылығы iс-шараларын жоспарлау мен орындауға, орман пайдалану көлемiн есептеуге арналған құрылымдық бөлiмшесi;
      27) орман тұқым шаруашылығы - тұқым қуалаушылық қасиеттерi құнды және себу сапасы жоғары тұқым алуға бағытталған орман тұқымдарын дайындау, өңдеу, сақтау және пайдалану, олардың сапасы мен шығу тегiне бақылау жасау жөнiндегi iс-шаралар кешенi;
      28) орман шаруашылығы - орман қорын күзету мен қорғау, ормандарды молықтыру мен орман өсiру, орман пайдалануды реттеу және оның жүзеге асырылуын бақылау жөнiндегi iс-шараларды қоса, орман қорын зерттеу және оның есебiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын экономика саласы;
      29) орман шеберiнiң учаскесi - орманшылық аумағының құрамында екi және одан да көп орман қарау аймағы бар бiр орман шеберiне бекiтiлген және орман шаруашылығы iс-шараларын орындауға арналған бiр бөлiгi;
      30) орман қарау аймағы - орманшылық аумағын күзету үшiн бiр орманшыға бекiтiлiп берiлетiн, осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген тәртiппен айқындалатын бiр бөлiгi;
      31) орман питомнигi - орман қоры аумағының ағаш және бұта тұқымдас екпе материалдарды өсiруге арналған учаскесi;
      32) орманның гендiк резерваты - өсiмдiктер түрi, түр тармағы популяцияларының гендiк-селекциялық тұрғыдан құнды бөлiгi бар орман учаскесi;
      33) орман ағаштары - орманның сүрiктi ағаш және бұта тұқымдастарынан қолдан отырғызылған екпелер;
      34) орман иеленушiлер - мемлекеттiк орман қоры учаскелерi тұрақты жер пайдалану құқығымен берiлген мемлекеттiк ұйымдар, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес жекеше орман қоры учаскесi меншiгiнде болатын жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғалар;
      35) орман иелену - орман шаруашылығын жүргiзу мен орман пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жұмыс iстеуi үшiн мемлекеттiк орман иеленушiлерге Қазақстан Республикасының Үкiметi беретiн мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн иелену мен пайдалану құқығы, сондай-ақ жекеше орман иеленушiлерге осы Кодексте белгiленген тәртiппен берiлетiн жекеше орман қорын иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы;
      36) орман пайдалану - орман ресурстары мен орманның пайдалы қасиеттерiн пайдалану жөнiндегi заңдық және экономикалық жағынан регламенттелген қызмет;
      37) орман пайдаланушы - осы Кодексте белгiленген тәртiппен уақытша орман пайдалану құқығы берiлген жеке немесе заңды тұлға;
      38) кеспеағаш аймағы - ағаш кесудiң барлық түрлерi үшiн бөлiнген немесе ағаштары кесiлу сатысындағы орман учаскесi;
      39) орман өсiру - бұрын орман болмаған аумақтарда ағаш екпелерiн қолдан отырғызу және өсiру;
      40) орман шаруашылығы iс-шаралары - орман орналастыру материалдары негiзiнде жүргiзiлетiн орман қорын күзету, қорғау, ормандарды молықтыру мен орман өсiру, орман пайдалануды реттеу жөнiндегi кешендi ұйымдастырушылық және техникалық iс-шаралар;
      41) кемiстiгi бар екпе - орман өсiрудiң белгiлi бiр жағдайында өнiмдiлiгi төмен және сапасы нашар екпе;
      42) кесiлмеген ағаш - кесуге арналған, бiрақ ағаш кесу билетiнде көзделген мерзiмде кесiлмеген орман ағаштары немесе учаскелерi;
      43) орманның жинақталмаған ағаштары - жасанды жолмен өсiрiлген (себiлген немесе отырғызылған), бiрақ орманды алқаптарға көшiрiлмеген ағаштар;
      44) қалыпты екпе - өнiмдiлiгi жоғары және орташа, орман өсiрудiң белгiлi бiр жағдайында сапасы жақсы және орташа екпе;
      45) ормандану - ағаш өспеген алқаптарда орманды қолдан өсiрiп шығару немесе орманның табиғи түрде өсiп шығуы;
      46) аса бағалы орман алаптары - тұқымдық құрамы бойынша сирек кездесетiн және эндемиктiк тұқымдар бар бiрегей орман; өнiмдiлiгi мен гендiк сапасы бойынша бiрегей орман; күрделi табиғи жағдайларда маңызды қорғаныштық функцияларын орындайтын орман;
      47) орманның аса қауiптi зиянкестерi - жаппай көбейiп, таралатын, сөйтiп ормандарға зияндылықтың экономикалық шегiнен асып кететiн залал келтiретiн зиянкес организмдер;
      48) кеспеағаш аймағын бөлу - шекараны нақтылы және кеспеағаштарды мөлшерлей отырып айқындау, кесуге жатқызылған ағаштарға белгi соғу, кеспеағаш алқабында есепке алынған сүректердi заттай және ақшалай бағалау жөнiндегi iс-шаралар;
      49) ормандарды күзету - орман өртiнiң алдын алу және орман өртiне, ағаштың заңсыз кесiлуiне және Қазақстан Республикасының орман заңдарын басқа да бұзушылықтарға қарсы күрес жөнiндегi iс-шаралар жиынтығы;
      50) арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер - өнеркәсiптiк, энергетикалық, тағамдық және өзге де мақсаттар үшiн қолдан өсiрiлетiн екпелер;
      51) артықшылығы бар ағаш - өзiмен бiр жастағы және бiрдей фенологиялық нысандағы, дәл сондай орман өсiру жағдайында өзiмен қатар айналасында өсiп тұрған ағаштардан бiр немесе бiрнеше шаруашылық-құндылық белгiлерi және қасиеттерi жағынан айтарлықтай асып түсетiн ағаш;
      52) артықшылығы бар екпе - орман өсiрудiң белгiлi бiр жағдайында өнiмдiлiгi жоғары және тұрақты екпе;
      53) өскiн - орман арасындағы немесе ағашы кесiлген жерде қалған, көтерiлiп өсуге немесе аналық сүрекдiңдердi алмастыруға жарамды сүрек ағаштардың жас түптерi;
      54) сөл алу - ағаштардың дiңдерiнен шайыр, шырын алу үшiн оларды көктеп-өсу кезеңiнде қолдан зақымдау;
      55) ормандағы өрт қаупi мол маусым - климат және ауа райы факторларын негiзге алып орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган, облыстық атқарушы орган айқындайтын, орман өртi шығу қаупi болуы мүмкiн күнтiзбелiк жылдың бiр бөлiгi;
      56) орман қорын пайдалану - жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген орман пайдалану, сондай-ақ орман қоры аумағындағы жердi, суды және кең таралған пайдалы қазбаларды шаруашылық және өзге де мақсаттарда пайдалану құқығы;
      57) тұрақты орман тұқым базасы - тұқым қуалаушылық қасиетi құнды және себу сапасы жоғары тұқым алу үшiн Қазақстан Республикасының орман заңдарында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк орман қорында аумағы жағынан бөлiнген, селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектiлер жиынтығы;
      57-1) орман қорын күзету, қорғау, оларды пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру саласындағы тексеру (бұдан әрi - тексеру) - орман қорын күзету, қорғау, оны пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның және оның аумақтық органдары лауазымды адамдарының, орман иеленушiлердiң, орман пайдаланушылардың және өзге де шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң Қазақстан Республикасының орман қорын күзету, қорғау, оны пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауын айқындау мақсатында жасайтын iс-әрекетi;
      58) алаңқай жерлер - ағашы жоқ, бiрақ орман өсiмдiктерiнiң қалдықтары сақталған орман алаңы;
      59) орман соқпағы - орман шаршыларының шекараларын белгiлеу немесе өзге мақсаттар үшiн ағаш және бұта өсiмдiктерiнен тазартылып жасалған белдеу;
      60) тексеру кезеңi - орман шаруашылығын жүргiзу үшiн орман орналастыру жобасы немесе ерекше қорғалатын табиғи аумақты басқару жоспары әзiрленетiн мерзiм;
      61) селдiреу - жуандығы 0,1 - 0,2 мөлшерiндегi жасы бiрiншi және екiншi сыныптағы шыбықтарды қоспағанда, өзi өсiп шыққан сүрекдiңдер;
      62) басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу - сүрек дайындау үшiн толысқан және қураған сүрекдiңдердi кесу;
      63) аралық мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу - орманды күтiп-баптау мақсатында ағаш кесу, iрiктеп санитарлық мақсатта ағаш кесу, құндылығы төмен орман екпе ағаштарын, сондай-ақ қорғаныштық, су сақтау және басқа да қасиеттерiнен айырылған екпе ағаштарды қайта жаңғыртуға байланысты кесу, жекелеген талшыбықтарды кесу;
      64) орманды күтiп-баптау мақсатында ағаш кесу - жоғары өнiмдi және төзiмдi екпелердi қалыптастыру мақсатында екпелердiң арасынан өспей қалған немесе ағаштардың басты тұқымдарының өсуiне кедергi келтiретiн ағаштарды жою жолымен жүзеге асырылатын орманды мерзiмдiк күтiп-баптау;
      65) санитарлық мақсатта ағаш кесу - орманның санитарлық жай-күйiн жақсарту мақсатында жүргiзiлетiн ағаш кесу (iшiнара, жаппай), оның барысында жекелеген ауру, зақымданған, солып қалған және қураған ағаштар кесiледi;
      66) орманның санитарлық жай-күйi - қоқыстану, солып қалған және қураған ағаштар туралы мәлiметтердi, зиянкестер санының және орман ауруларының таралу жылдамдығын, орманның жағдайына керi әсер ететiн басқа да жағымсыз факторларды қамтитын жай-күйiнiң сипаттамасы;
      67) ағаш және бұта тұқымдарының селекциясы (орман селекциясы) - табиғи популяция арқылы iрiктеу немесе орман тұқымдарының шаруашылық және өзге де құндылығы бар түрлерi мен сорттарын қолдан өсiру жөнiндегi iс-шаралар кешенi;
      68) орманды (кеспеағашты) мөлшерлеу - орман ресурстарының, соның iшiнде кесу көзделетiн екпе ағаштардың сапалық және сандық сипаттамаларын анықтау, есепке алу, бағалау жөнiндегi iс-шаралар;
      69) мемлекеттiк орман қоры алқабы - орман орналастыру кезiнде орман қорын мемлекеттiк есепке алу, арнайы картаға түсiру мен орман шаруашылығы iс-шараларын жоспарлау мақсатында мемлекеттiк орман қоры құрамында бөлiнетiн жер учаскелерi;
      70) орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласында басқару мен бақылау функциясын жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
      71) усадьба - ағаш өспеген алқаптарға жататын, орман шаруашылығын жүргiзумен және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жұмыс iстеуiмен байланысты тұрғын үйге арналған және кiсi тұрмайтын қора-жайлар орналасқан жер учаскелерiн бiлдiретiн мемлекеттiк орман қоры алқаптарының түрi;
      72) зияндылықтың экономикалық шегi - орман зиянкестерiнiң орман ресурстарына келтiрген залал құны бойынша осы зиянкестермен күресуге жұмсалатын шығыннан артып кететiн тығыздығы.
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:

  1. Ормантану және орманшылық: ЖОО студенттеріне арналған оқулық.-М.: Баспа орталығы. «Академия», 2005, 256 бет.

  2. Қазақстан Республикасының Орман кодексі. – Алматы: Юрист, 2000.

Лекция № 12,13



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет