Мазмұны жалпы бөлім 1-бөлiм. Негiзгi ережелер


-бап. Апелляциялық сатының өкілеттігі



бет29/42
Дата14.06.2016
өлшемі2.57 Mb.
#135967
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   42

430-бап. Апелляциялық сатының өкілеттігі

1. Апелляциялық шағыммен немесе наразылықпен бірге келіп түскен істі қарау кезінде сот үкімнің заңдылығын тексеру және істі дұрыс шешу мақсатында тараптардың өтінішхаты бойынша:

1) сотталған адамның, жәбірленушінің және іске қатысушы басқа да адамдардың денсаулық жағдайына, отбасы жағдайына және бұрынғы соттылықтары туралы деректерге байланысты құжаттарды талап етіп алуға, тараптардың өтінішхаты бойынша басқа да құжаттарды талап етіп алуға;

2) сот-психиатриялық немесе өзге де сараптама тағайындауға;

3) сот отырысына қосымша куәларды, сарапшыларды, мамандарды шақыртып, олардан жауап алуға, тараптар табыс еткен немесе олардың өтініші бойынша талап етіп алынған жазбаша, заттай немесе өзге де дәлелдемелерді зерттеуге;

4) бірінші сатыдағы сот зерттеген материалдарды дәлелдеме ретінде пайдалануға жол берілмейді деп тануға және оларды дәлелдемелер қатарынан алып тастауға;

5) бірінші сатыдағы сот дәлелдемелер қатарынан алып тастаған материалдарды дәлелдеме ретінде пайдалануға жол беріледі деп тануға және оларды зерттеуге;

6) азаматтық қуынымға қатысты мән-жайларды зерттеуге және азаматтық қуыным бойынша шешім қабылдауға;

7) істің барлық материалдарын толық, жан-жақты және объективті түрде зерттеуді қамтамасыз ету және іс бойынша ақиқатты анықтау үшін қажетті басқа да іс-әрекеттерді орындауға құқылы.

2. Бірінші сатыдағы сот жауап алған, сот отырысының хаттамасында жазылған сотталған (ақталған) адамның, жәбірленушілердің, куәлардың, басқа да адамдардың айғақтарында әртүрлі түсінуге мүмкіндік беретін түсініксіз жайлар болған кезде сот өз бастамасы бойынша немесе тараптардың өтінішхаты бойынша осы мән-жайлар бойынша жауап алу арқылы олардың айғақтарын нақтылауға құқылы.

3. Іс жүргізетінлік келісімі немесе бірінші сатыдағы сотта медиациялық тәртіппен бітімгершілікке қол жеткізу туралы келісім жасалған кезде апелляциялық саты соты оларды жасаудың мән-жайларын тексереді.
431-бап. Апелляциялық саты қабылдайтын шешімдер

1. Сот істі апелляциялық тәртіппен қараудың нәтижесінде мынадай:

1) бірінші сатыдағы соттың үкімін (қаулысын) – өзгеріссіз, ал апелляциялық (жеке) шағымды, наразылықты қанағаттандырусыз қалдыру туралы;

2) үкімді өзгерту туралы;

3) үкімнің күшін жою және істі толық көлемінде немесе бөліктері бойынша қысқарту туралы;

4) айыптау үкімінің күшін жою туралы және жаңа айыптау немесе ақтау үкімін шығару туралы;

5) ақтау үкімінің күшін жою және жаңа ақтау немесе айыптау үкімін шығару туралы;

6) алқабилердің қатысуымен шығарылған үкімнің күшін жою және істі жаңадан сот қарауына жіберу туралы;

7) қаулыны өзгерту, жаңа қаулы қабылдау арқылы қаулының күшін жою туралы;

8) үкімнің күшін жою және істі осы Кодекстің 323-бабына сәйкес прокурорға жолдау туралы шешімдердің бірін қабылдайды.

2. Апелляциялық сатыдағы сот айыптау тарапының шағымдарында, наразылығында көрсетілген шектерде және негіздер бойынша ғана сотталған (ақталған) адамның жағдайын нашарлататын шешім қабылдауға құқылы.

3. Осы Кодекстің 405-бабында көрсетілген мән-жайлар анықталған кезде апелляциялық сатыдағы сот жеке қаулы шығарады.


432-бап. Апелляциялық сатының қылмыстық процесте азаматтық қуынымды қарауы

1. Апелляциялық сатыдағы сот істі қараған кезде үкімнің азаматтық қуыным бөлігінде заңдылығын, негізділігін және әділдігін де тексереді, егер тараптардың шағымдарында, наразылығында осы туралы қамтылса, осы Кодекстің 170-бабының талаптарын сақтай отырып, шешім қабылдайды.

2. Апелляциялық сатыдағы сот үкімді азаматтық қуыным бөлігінде өзгертуге құқылы.

3. Азаматтық қуыным бойынша сотталған адамның жағдайын нашарлататын шешім қабылдауға айыптау тарапының шағымдарында немесе прокурордың наразылығында тиісті дәлелдер болған кезде ғана жол беріледі.


433-бап. Yкiмнiң күшiн жоюға немесе оны өзгертуге негiздер

Мыналар:


1) сот тергеуiнiң бiржақтылығы және толық еместiгi;

2) соттың үкiмде (қаулыда) айтылған тұжырымдарының iстiң нақты мән-жайына сәйкес келмеуi;

3) қылмыстық iс жүргiзу заңының айтарлықтай бұзылуы;

4) қылмыстық заңның дұрыс қолданылмауы;

5) жазаның қылмыстық құқық бұзушылықтың ауырлығына және сотталған адамның жеке басына сәйкес келмеуi бiрiншi сатыдағы сот үкiмiнiң күшiн жоюға не оны өзгертуге негiз болып табылады.
434-бап. Сот тергеуiнiң бiржақтылығы немесе толық еместiгi

1. Анықталған жағдайда iстiң дұрыс шешiлуi үшiн елеулi мәнi болуы мүмкiн мән-жайларды ашылмаған күйi қалдырған сот тергеуi бiржақты жүргізілген немесе толықтай жүргізілмеген деп танылады.

2. Iс бойынша айғақтарының iс үшiн елеулi мәнi бар адамдардан жауап алынбаған немесе заң бойынша жүргiзiлуi мiндеттi болып табылатын сараптама жүргiзiлмеген, сол сияқты елеулi мәнi бар құжаттар немесе заттай дәлелдемелер сұратып алынбаған барлық жағдайда да сот тергеуi толық емес деп танылады.

3. Сот тергеуі олқылықтарының орнын толтырғаннан кейін апелляциялық сатыдағы сот осы Кодекстің 431-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген шешімдердің бірін қабылдайды.

4. Осы Кодекстің талаптары сақтала отырып, қысқартылған тәртіппен жүргізілген сот тергеуі толық емес немесе біржақты деп қарастырылмайды және ол осы негіздер бойынша сот үкімінің (қаулысының) күшін жоюға әкеп соқпайды.
435-бап. Соттың үкiмде (қаулыда) айтылған тұжырымдарының iстiң нақты мән-жайына сәйкес келмеуi

1. Егер:


1) сот тұжырымдары сот отырысында қаралған дәлелдемелермен расталмаса;

2) сот өз тұжырымдарына айтарлықтай әсерін тигізе алатын мән-жайларды ескермесе;

3) сот тұжырымдары үшiн елеулi мәнi бар қарама-қайшы дәлелдемелер болған жағдайда, үкiмде (қаулыда) соттың бұл дәлелдемелердiң бiрқатарын қабылдап, өзгелерiн қабылдамай тастауына қандай негiздер болғаны көрсетiлмесе;

4) соттың үкiмде (қаулыда) айтылған тұжырымдарында айтарлықтай қайшылықтар болып, олар iстiң шешiлуiне, оның iшiнде сотталған адамның, ақталған адамның кiнәлiлiгi немесе кiнәсiздiгi туралы мәселенi соттың шешуiне, қылмыстық заңды қолданудың дұрыстығына немесе жазалау шараларын анықтауға ықпал еткен немесе ықпал етуi мүмкiн болса, үкiм (қаулы) iстiң нақты мән-жайына сәйкес келмейдi деп танылады.

2. Іс материалдарын, тараптар табыс еткен және істі апелляциялық қарау барысында алынған дәлелдемелерді қарап шығып, сот оларды жаңадан бағалауға және осы Кодекстің 431-бабының бірінші бөлігінде көзделген жаңа шешімді қабылдауға құқылы.
436-бап. Қылмыстық iс жүргiзу заңының елеулi түрде бұзылуы

1. Сотқа дейінгі тергеу барысында немесе істі сотта қарау кезінде жол берілген осы Кодекстiң қағидаттары мен өзге де жалпы қағидаларын бұзушылықтар, сондай-ақ iске қатысушы адамдарды заңда кепілдiк берiлген құқықтарынан айыру немесе оларға қысым көрсету, сот iсiн жүргiзу рәсiмiн сақтамау жолымен немесе өзгедей жолмен iстiң мән-жайын жан-жақты, толық және объективтi зерттеуге кедергi жасаған, сот төрелігінің үкімін немесе соттың өзге де шешімдерін шығаруға ықпал ететін немесе ықпал етуі мүмкін өзге де заңбұзушылықтар қылмыстық iс жүргізу заңын елеулi түрде бұзушылық болып танылады.

2. Бірінші сатыдағы сот міндетті түрде зерттелуге тиіс дәлелдемелердің зерттелмеуі салдарынан жол берген сот тергеуінің біржақтылығы немесе толық еместігі жол берілетін дәлелдемелерді талқылаудан қателесіп алып тастаудың немесе тарапқа іс үшін маңызы болуы мүмкін дәлелдемелерді зерттеуден негізсіз бас тартудың не жол берілмейтін дәлелдемелерді зерттеудің нәтижесі болып табылса, үкімнің күші жойылуға немесе ол өзгертілуге жатады.

3. Егер:


1) сот осы Кодекстiң 35-бабында көзделген негiздер болғанда қылмыстық iс қысқартылмаса;

2) үкiмдi соттың заңсыз құрамы шығарған болса;

3) осы Кодекстiң 335-бабының екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, iс сотталушы жоқта қаралса;

4) заң бойынша жәбірленушінің қорғаушысы немесе өкілі қатысуы мiндеттi болғанда сотта iс олардың қатысуынсыз қаралса немесе сотталушының қорғалу құқығы өзгедей жолмен бұзылса;

5) сотта сотталушының немесе жәбірленушінің ана тiлiн немесе өздері білетін тiлдi не аудармашы қызметiн пайдалану құқығы бұзылса;

6) осы Кодекстің талаптарына сәйкес жарыссөз жүргізілмеген жағдайларды қоспағанда, сотталушыға сот жарыссөзiне қатысу құқығы берілмесе;

7) осы Кодекстің талаптарына сәйкес соңғы сөз беру көзделмеген жағдайларды қоспағанда, сотталушыға соңғы сөз берiлмесе;

8) үкім шығару құпиясы бұзылса;

9) үкiмге судья қол қоймаса, үкімнің (қаулының) күшi жойылуға тиіс

4. Істе сот отырысының хаттамасы болмаған кезде апелляциялық саты соты істі қосымша ресімдеу үшін бірінші сатыдағы сотқа жолдайды.



437-бап. Қылмыстық заңды дұрыс қолданбау

Мыналар:


1) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң Жалпы бөлiмi талаптарының бұзылуы;

2) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексi Ерекше бөлiмiнiң қолданылуға тиiстiлерiнен өзгедей баптың, бап бөлiгiнiң, бап бөлiгi тармағының қолданылуы;

3) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексi Ерекше бөлiмiнiң тиiстi бабының санкциясында көзделгендегiден неғұрлым қатаң жазаның тағайындалуы қылмыстық заңды дұрыс қолданбау болып табылады.
438-бап. Сот тағайындаған жазаның қылмыстық құқық бұзушылықтың ауырлығына және сотталған адамның жеке басына сәйкес келмеуі

1. Жаза қолданудың жалпы негіздері есепке алынбай тағайындалған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің тиісті бабы санкциясының көзделген шегінен шықпаса да, өзінің түрі мен мөлшері жағынан шектен тыс жеңілдігі немесе шектен тыс қатаңдығы салдарынан әділетсіз болып табылатын жаза құқық бұзушылық қылмыстың ауырлығына және сотталған адамның жеке басына сәйкес келмейді деп танылады.

2. Апелляциялық сатыдағы сот жазаны жеңілдетуге немесе неғұрлым ауыр қылмыстық құқық бұзушылық туралы заңды қолданумен байланысты, сол сияқты сотталған адамның іс-әрекетін қайта сараламастан неғұрлым қатаң жаза тағайындау туралы шешім қабылдауға құқылы. Айыптау тарапының шағымдарында немесе прокурордың наразылығында тиісті дәлелдер бар болған кезде және солардың шегінде ғана сотталған адамның жағдайын нашарлататын шешім қабылдауға жол беріледі. Ауыр қылмыстық құқық бұзушылық туралы заңды қолдану сотталушыға тағылған және бірінші сатыдағы сотта айыптау тарапынан қолдау тапқан айыптау шегінен шықпауға тиіс.

3. Бірінші сатыдағы сот қылмыстық құқық бұзушылықты мемлекеттік және жеке айыптаушылардың айыпты онша ауыр емес айыпқа өзгертуіне байланысты осы Кодекстің 337-бабы жетінші бөлігінің негізінде саралау туралы шешім қабылдаған жағдайларда, апелляциялық сатының аса ауыр қылмыстық құқық бұзушылық туралы заңды қолдануға құқығы жоқ, алайда, ол жазаның мерзімін немесе мөлшерін шағымдардағы, наразылықтағы дәлелдер шегінде ұлғайтуға не сотталған адамға үкімде көрсетілгеннен гөрі жазаның неғұрлым қатаң түрін тағайындауға құқылы.


439-бап. Істі қысқарта отырып айыптау үкімінің күшін жою

1. Апелляциялық шағымдарды, наразылықты қараған кезде апелляциялық сатыдағы сот осы Кодекстің 35-бабы бірінші бөлігінің 3) – 10) тармақтарында көзделген негіздер болған жағдайда үкімнің күшін жойып, істі қысқартады.

2. Іс осы Кодекстің 35-бабы бірінші бөлігінің 9) тармағында көзделген негіздер бойынша қысқартылған кезде апелляциялық сатыдағы сот осы Кодекстің 520-бабында көрсетілген мәселелерді шешеді және осы Кодекстің 521-бабына сәйкес қаулы шығарады.

3. Тараптар сотталушының жәбірленушімен бітімгершілікке келуіне байланысты істі қысқарту туралы өтініш жасауға құқылы. Мұндай жағдайларда апелляциялық саты соты өтінішхаттарда көрсетілген мән-жайлардың бар болуын және дәйектілігін тексереді. Істің қысқартылуға жататындығына сәйкес немесе тараптардың бітімгершілікке келуіне байланысты қысқартылуы мүмкін негіздерді анықтаған кезде сот аталған негіз бойынша үкімнің күшін жою немесе істі қысқарту туралы қаулы шығарады.


440-бап. Ақтау үкiмiнiң күшiн жою

1. Апелляциялық саты тек прокурордың наразылығы бойынша не жәбiрленушiнiң немесе оның өкiлiнiң, сондай-ақ сот арқылы ақталған, ақталу негiздерiмен келiспеген адамның шағымы бойынша ғана ақтау үкімiнiң, істі қысқарту туралы қаулының немесе сотталушының пайдасына шығарылған өзге де шешiмнiң күшiн жоя алады.

2. Егер ақталған адамның кiнәсiздiгiне немесе сотталушының пайдасына шығарылған өзге де шешiмнiң мәнiне дау айтылмаса, осы Кодекстің 436-бабында көрсетілген қылмыстық iс жүргiзу заңы елеулi бұзылды деген себеппен ақтау үкiмiнiң, iстi қысқарту туралы қаулының немесе сотталушының пайдасына шығарылған өзге де шешiмнiң күшiн жоюға болмайды.

3. Істі аппеляциялық тәртіппен қарау кезінде мемлекеттік айыптаушының және жәбірленушілердің айыптаудан бас тартуына байланысты істі қысқарту туралы сот қаулысының күші жойылмайды.


441-бап. Жаңа үкім шығара отырып, үкімнің күшін жою

1. Апелляциялық сатыдағы сот осы Кодекстің 46-тарауының талаптарын сақтай отырып:

1) осы Кодекстің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақтарында көзделген негіздер болған кезде айыптау үкімінің күшін жоюға және ақтау үкімін шығаруға;

2) айыптау тарапының шағымы немесе наразылығы бойынша ақтау үкімінің күшін жоюға және айыптау үкімін шығаруға;

3) айыптау үкімінің күшін жойып, жаңа айыптау үкімін шығаруға;

4) ақтау үкімінің күшін жойып, жаңа ақтау үкімін шығаруға құқылы.

2. Жаңа айыптау үкімін шығарған кезде апелляциялық сатыдағы сот тағылған айыптың шегінен, сондай-ақ басты сот талқылауы кезінде мемлекеттік немесе жеке айыптаушы қолдаған айыптаудың және жаза мөлшерінің шегінен шығуға құқылы емес.

442-бап. Yкiмдi өзгерту

1. Апелляциялық сатыдағы сот үкімді мына тұрғыда өзгертуге құқылы:

1) сот тағайындаған жазаны немесе қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің түрiн жеңiлдетуге;

2) онша ауыр емес қылмыстық құқық бұзушылық туралы заңды қолдануға және қылмыс дәрежесiнiң өзгеруiне сәйкес жаза белгiлеуге;

3) егер жаза мөлшерiн ұлғайту арифметикалық қателердi немесе алдын ала күзетте ұстауды есептеу кезiндегi қателердi жоюға байланысты болса, қылмыстар жиынтығы бойынша немесе үкiмдер жиынтығы бойынша, сондай-ақ қылмыстардың қайталануы кезiнде жаза белгiлеудi реттейтiн қылмыстық құқық бұзушылық заңының дұрыс қолданылмауын жоя отырып, жаза мөлшерiн ұлғайтуға;

4) дұрыс анықталмаған жағдайлар, дәлелдемелерді толық зерттеген және талдаған, сотталған адамның іс-әрекетін дұрыс құқықтық саралаған және негізгі жаза дұрыс тағайындалған жағдайда қосымша жаза қолдануға;

5) сотталған адамға қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің заңда көзделгенiнен неғұрлым жеңіл түрiн тағайындаудың күшiн жоюға және түзеу мекемесiнiң түрiн Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне сәйкес тағайындауға;

6) егер бiрiншi сатыдағы сот жасамаса немесе дұрыс жасамаса, тиiстi қылмыстардың қайталануының орын алғандығын тануға және түзеу колониясы режимінің неғұрлым қатаң түрін тағайындауға;

7) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 65-бабының бесiншi бөлiгiне сәйкес бұрынғы үкiм бойынша шартты соттаудың күшiн жоюға және осыған байланысты, егер бiрiншi сатыдағы сот жасамаған болса, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 61-бабының ережелерi бойынша жаза тағайындауға;

8) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 73-бабы жетінші бөлігінің 2) және 3) тармақтарында көзделген жағдайларда шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жоюға және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 61-бабының қағидалары бойынша жаза тағайындауға;

9) үкімге азаматтық қуыным бөлігінде, сондай-ақ іс жүргізу шығындарын өндіріп алу мәселелері бойынша заттай дәлелдемелер туралы шешім бөлігінде өзгерістер енгізуге;

10) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 98-бабына сәйкес медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.

2. Апелляциялық сатыдағы сот сотталған адамның жағдайын нашарлататын шешімдерді осы негiздер бойынша прокурор наразылық білдiрген немесе жеке айыптаушы, жәбiрленуші, олардың өкiлдерi шағым жасаған жағдайда ғана қабылдауға құқылы.
443-бап. Апелляциялық үкімнің, қаулының мазмұны

1. Осы Кодекстің 431-бабы бірінші бөлігінің 1) – 3), 8) тармақтарында көзделген жағдайларда (бірінші сатыдағы соттың үкімін өзгеріссіз қалдыру туралы, үкімді өзгерту туралы, істі қысқарта отырып үкімнің күшін жою туралы, үкімнің күшін жою және істі осы Кодекстің 323-бабына сәйкес прокурорға жолдау туралы) апелляциялық қаулы шығарылады.

Апелляциялық қаулы кiрiспе, сипаттамалы-дәлелді және қарар бөлiктерiнен тұрады.

2. Қаулының кiрiспе бөлiмiнде:

1) қаулы шығарылған уақыт пен орын;

2) қаулыны шығарған соттың атауы және соттың құрамы;

3) апелляциялық наразылықнемесе апелляциялық шағым жасаған адамдар;

4) iстi апелляциялық сатыда қарауға қатысқан адамдар көрсетiлуге тиiс.

3. Қаулының сипаттамалы-дәлелді бөлiгiнде сот актісінің мәнін, берiлген шағымдардың, наразылықтың, оларға қарсылықтардың дәлелдерін, сондай-ақ іс жүргізуге шағым бермеген қатысушылардың шағымға қарсылықтарымен бірге сот актісімен келісуі немесе келіспеуі туралы дәлелдері, басқа процеске қатысушының қарсылығы, апелляциялық сатыдағы сотқа қатысқан адамдардың пiкiрлерiн, сондай-ақ қабылданған шешiмнiң себептерiн қысқаша жазу қамтылуға тиiс.

4. Жаңа дәлелдердің болмауына байланысты шағым, наразылық қанағаттандырусыз қалдырылған кезде апелляциялық қаулының сипаттамалы-дәлелді бөлiгiнде сот актісіне өзгерістер енгізу не оның күшін жою үшін осы Кодексте көзделген негіздердің жоқ екендігі ғана көрсетіледі.

Апелляциялық шағымда бірінші сатыдағы сотта қарау нысанасы болып табылмайтын жаңа дәлелдер келтірілген жағдайда, сипаттамалы-дәлелді бөлiгiнде жаңа дәлелдер негізді немесе негізсіз деп танылған негіздер көрсетілуге тиіс.

5. Yкiмнiң күшi жойылған немесе ол өзгертiлген жағдайда, қаулыда қылмыстық немесе қылмыстық iс жүргiзу заңының қандай нормаларының талаптары бұзылғаны, бұл бұзушылықтардың неден тұратындығы, бiрiншi сатыдағы соттың үкiмiне олар бойынша өзгерiстер енгiзілген негiздер көрсетiлуге тиiс.

6. Апелляциялық қаулының қарар бөлігінде апелляциялық сатыдағы соттың шағым немесе наразылық бойынша шешімі, қаулының заңды күшіне ену уақыты, оған шағымданудың тәртібі мен мерзімі көрсетіледі.

7. Осы Кодекстің 431-бабы бірінші бөлігінің 4) және 6) тармақтарында көзделген жағдайларда (айыптау үкімінің күшін жою туралы және ақтау үкімін шығару туралы, ақтау үкімінің күшін жою туралы және айыптау үкімін шығару туралы), осы Кодекстің 45-тарауының қағидалары бойынша апелляциялық үкім шығарылады.

8. Апелляциялық үкімнің құрылымы мен мазмұны осы Кодекстің 395 – 402-баптарының талаптарына сай болуға тиісті.

9. Егер апелляциялық сатыдағы сот осы Кодекстiң 442-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген шешiмдердi қабылдаса, қаулының сипаттамалы-дәлелді бөлiгiнде бiрiншi сатыдағы соттың шешiмi олар бойынша дұрыс емес деп танылған себептер, сондай-ақ сотталған адам жағдайының нашарлауы негiздерi көрсетiлуге тиiс.

10. Апелляциялық сатыдағы сот апелляциялық үкімнің немесе қаулының мәнін өзгертпей, жіберілген айқын қате жазуларды түзету туралы және олардың түсініксіз тұстарына түсінік беру туралы қосымша қаулы шығаруға құқылы
444-бап. Апелляциялық үкім, қаулы шығару және олардың заңды күшіне енуі

1. Апелляциялық үкім, қаулы кеңесу бөлмесінде шығарылады, оларға судья (судьялар) қол қояды және олар судья (судьялар) кеңесу бөлмесінен қайта оралғаннан кейін отырыс залында оқылады.

2. Егер қаулы жасау айтарлықтай уақытты талап ететін болса, сот осы баптың бірінші бөлігінің талаптарын сақтай отырып, апелляциялық үкімнің, қаулының қарар бөлімін шығара алады. Бұл жағдайда апелляциялық үкімнің, қаулының толық мәтіні іс қаралған күннен бастап он тәулік ішінде жасалып, оларға судья (судьялар) қол қояды.

Қаулының қарар бөлігінде сот қаулыны жария ету уақытын толық көлемде көрсетеді. Мәтіні толық әзірленіп болған соң жарияланған уақытта қаулы процеске қатысушыларға жария етілуге тиіс.

3. Апелляциялық үкім, қаулы олар жария етілген кезден бастап заңды күшіне енеді.

4. Апелляциялық сатының қаулысы кассациялық тәртіппен қайта қаралуы мүмкін.


445-бап. Апелляциялық сатыдағы соттың үкімін, қаулысын орындауға кiрiсу

1. Апелляциялық сатының үкімі немесе қаулысы олар шығарылған күннен бастап үш тәулiктен кешiктiрiлмей, ал осы Кодекстiң 444-бабының екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайда, оның толық мәтiнi дайындалған күннен бастап iспен бiрге бірінші сатыдағы сотқа жiберiледi.

2. Сотталған адамды күзетпен ұстаудан босатылуға жатқызылатын үкім, қаулы, егер сотталған адам кассациялық сатыдағы сот отырысына қатысып отырса, осы бөлігінде дереу орындалады. Өзге жағдайларда кассациялық қаулының көшірмесі немесе кассациялық қаулының қарар бөлігінің үзінді көшірмесі сотталған адамды күзетпен ұстаудан босату туралы шешімді орындау үшін қамау орнының әкімшілігіне дереу жіберіледі.

446-бап. Істі апелляциялық сатыда қайта қарау

1. Егер:


1) белгіленген мерзімде берілген, кейбір сотталған адамдарға қатысты апелляциялық шағымдар, наразылық, үкімге (қаулыға) апелляциялық шағымдану құқығы берілген процестің басқа қатысушыларының шағымдары апелляциялық сатыдағы сотқа істерді процестің басқа қатысушыларының шағымдары бойынша қарағаннан кейін келіп түссе;

2) шағымданудың, наразылық білдірудің өтіп кеткен мерзімін сот істі апелляциялық сатыда процестің басқа қатысушыларының шағымдары бойынша істі қарағаннан кейін осы Кодексте көзделген тәртіппен қалпына келтірсе, бірінші сатыдағы сот үкімінің заңдылығын тексеру кезінде шығарылған бірінші апелляциялық үкімнің, қаулының күші жойылмастан істі апелляциялық сатыда қайтадан қарауға жол беріледі.

2. Апелляциялық сатыдағы сот сотталған адамның, оның қорғаушысының немесе өкілінің шағымдарын осы адамға қатысты іс процеске қатысушы басқа да адамдардың апелляциялық шағымдары, наразылығы бойынша қаралған жағдайларда да қарауға міндетті.

3. Егер жаңадан шығарылған үкім, қаулы апелляциялық сатының бұрын шығарылған үкіміне, қаулысына қайшы келсе, алқа төрағасы облыстық және оған теңестірілген соттың кассациялық сатысына туындаған қайшылықтарды жою туралы ұсыным енгізеді.


447-бап. Алқабилердің қатысуымен шығарылған бастапқы үкiмнiң күшi жойылғаннан кейiн iстi бiрiншi саты бойынша қарау

1. Бастапқы үкiмнiң күшi жойылғаннан кейiн iс осы Кодекстің 64-тарауында көзделген тәртiппен қаралуға жатады.

Егер алқабилердің қатысуымен қаралған іс бойынша шығарылған үкім басты сот талқылауын тағайындау сатысынан бастап жаңадан қарауға істі жолдай отырып күші жойылса, сот істі жаңадан қараған кезде істі алдын ала тыңдау жүргізеді және сотталған адамның ерік білдіруіне қарай істі алқабилердің қатысуымен не олардың қатысуынсыз жаңадан қарау туралы шешім қабылдайды. Егер бастапқы үкім басты сот талқылауы сатысынан бастап соттың жаңадан қарауына жолдай отырып күші жойылса, сот басты сот талқылауын тағайындайды, алқабилердің жаңа қатарын қалыптастыруды жүргізеді және осы Кодекстің 65-тарауының ережелеріне сәйкес істі қарайды.

Бұл ретте сот сотталған адамның жағдайын осы Кодекстің 48-тарауы мен 661-бабының талаптарын төрағалық етушінің бұзуына байланысты күші жойылған алдыңғы үкіммен салыстырғанда нашарлатуға құқығы жоқ.

2. Істі жаңадан қараған кезде бірінші сатыдағы сот шығарған үкімге жалпы тәртіппен шағымдануға болады.
50-тарау. Кассациялық шағымдар, наразылықтар бойынша істерді қарау
448-бап. Соттың үкімдеріне, қаулыларына кассациялық тәртіппен шағымданудың, наразылық білдірудің жалпы шарттары

1. Осы тараудың қағидалары бойынша аудандық және оларға теңестірілген соттардың (солардың ішінде мамандандырылған, ауданаралық соттардың) үкімдері, қаулылары, тек қаңа олардың апелляциялық сатыда қаралғаннан кейін, сондай-ақ апелляциялық үкімдер және қаулылар қайта қаралуға жатады.

2. Соттардың мемлекеттік және жеке айыптаушының айыптаудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ тергеу судьяларының құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша шығарылған үкімдері, қаулылары кассациялық тәртіппен қайта қаралуға жатпайды.

3. Кассациялық шағымдар жасау құқығына ие адамдар тобы және шағым жасау тәртібі осы Кодекстің 414 және 417-баптарында көрсетілген қағидалар бойынша айқындалады.

Осы істе тараптар болып табылмайтын адамдар да өздерінің құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысты бөлікте үкімге, қаулыға кассациялық шағым беруге құқылы.

4. Сот актісін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы наразылықты облыс прокуроры және оған теңестірілген прокурор білдіруі мүмкін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен оның орынбасарлары да мұны осы Кодекстің 417-бабында көрсетілген қағидалар бойынша білдіре алады.

Қылмыстық істі кассациялық тәртіппен тексеру үшін тиісті соттан Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, оның орынбасарлары, облыстардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар осы Кодекстің 484-бабының үшінші бөлігінде көрсетілген мерзімдерде талап етіп алуы мүмкін.

5. Сотталған адамның кінәсіздігі себептері бойынша, сондай-ақ жазаның қаталдығы үшін немесе сотталған адамның жағдайын жақсартуға әкеп соғатын өзге де негіздер бойынша неғұрлым ауыр емес қылмыстық құқық бұзушылық туралы заң қолдану қажеттігіне байланысты апелляциялық қаулыны қайта қарау туралы кассациялық шағым, наразылық беру мерзімдермен шектелмейді.

Сотталғанның (ақталғанның) жағдайын нашарлату себептері бойынша заңды күшіне енген апелляциялық қаулыны, үкімді қайта қарау туралы кассациялық шағым, наразылық беруге оны жариялаған күннен бастап алты ай ішінде жол беріледі.

Көрсетілген мерзім оны өткізіп алған жағдайда қалпына келтіруге жатпайды. Кассациялық саты сотының алты ай мерзім ішінде кассациялық шағым, наразылық беруі және сотталған адамның жағдайын нашарлататын шешімнің өзін қабылдауы негізінде сот отырысында қарауға істі даярлау бойынша әрекеті алты айлық мерзімге кірмейді және олар ол аяқталғаннан кейін де, бірақ кассациялық сатыда істі қарау үшін белгіленген мерзімдерді сақтай отырып жүзеге асырылуы мүмкін.

6. Осы Кодекстің 446-бабының үшінші бөлігінде көзделген жағдайда енгізілген апелляциялық саты төрағасының ұсынымы істі кассациялық сатыда қарауға себеп болуы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет