Мазмұны Жоспар бет



бет1/6
Дата11.06.2016
өлшемі0.8 Mb.
#128288
  1   2   3   4   5   6
Мазмұны

Жоспар бет
Кіріспе ............................................................................................................. 3

І. Өнімді өткізуден түскен табыстардың теориялық негіздері.

1.1.Табыстылықтың теориялық сипаттамасы......................................... 5

1.2.«АВК Капланбек» ЖШС-нің жалпы экономикалық сипаттамасы

және экономикалық көрсеткіштері ............................................... 11

1.3. «АВК Капланбек» ЖШС-нің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру... 14


ІІ. Кәсіпорынның негізгі қызмет табыстарының талдауы

2.1 Кәсіпорын табыстылығының көрсеткіштері және оларды талдаудың

міндеттері............................................................................................. 17

2.2 Табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерін талдау......................... 21

2.3 Маржиналды табысты талдау............................................................ 34

2.4 Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштерін талдау................ 49


ІІІ. Өнімді өткізуден түскен табыстардың аудиті мен жетілдіру жолдары

3.1 Аудиттің маңыздылығы мен әдістері............................................... 68

3.2 Негізгі қызмет табыстарының аудиті және аудитті жүргізудегі

процедуралардың жетілдіру жолдары................................................. 76


Қорытынды........................................................................................................ 82
Пайдалынылған әдебиеттер тізімі.................................................................... 84

Кіріспе

Қазіргі нарықтық жағдайда ұйымдарда табыстылық маңызды орын алады. Республикамыздағы бухгалтерлік есеп жүйесі максималды түрде халықаралық қаржылық есептілік стандартқа көше бастаған.

Қаржының тұрақтылығы мен рентабельділікке талдау жүргізу мәліметтері ұйымдардың жедел басшылық жұмысы және олардың құрылымдық бөлімдері үшін қолданылады, мемлекеттік қаржылық есеп беруді құрастыру үшін, экономикалық болжамды және ағымдағы жоспарды, қорыта келе, еліміздің экономикасын дамыту заңдылықтарын оқып білу және зерттеу қажет.

Қазіргі заман шартында шаруашылықпен айналысатын ұйымның қаржы жүйесі заманға сай, толық және дұрыс экономикалық ақпараттарсыз күрделі экономикалық механизммен басқару тәжірибелі түрде жүргізу мүмкін емес.

Диплом жұмысының мақсаты «Өнімді өткізуден түскен табыстың талдауы және аудиті» туралы алдағы кезеңдегі жағдайын қарастыру болып табылады.

Диплом жұмыс үш бөлімнен тұрады. Әр бөлім атауларына сай толық ашылады.

1-бөлім Кәсіпорынның жалпы экономикалық сипаттамасы

2- бөлім Кәсіпорынның негізгі қызмет табыстылығын талдау

3-бөлім Өнімді өткізуден түскен табыстарының аудиті мен жетілдіру жолдары

Осы бөлімдер бөлімшелерден тұрады. Осы жұмысты жазу кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулылары және заң актілері білімді экономистердің теориялық және тәжірибелік бағыттары, жұмыстары қолданылады. Бұл дипломдық жұмыста статистикалық экономика-математикалық және жеке ауқымды зерттеу әдістерін қолдана отырып, кәсіпорынның қаржылық есеп беру мәліметтеріне талдау жасалған.

Диплом жұмысының бірінші бөлімінде табыстылықтың теориялық аспектілері қарастырылады. Яғни, көптеген білімді экономистердің теориялық, тәжірибелік бағыттары және жұмыстары қолданылады. Сонымен қатар, қарастырып отырған мекеменің жалпы экономикалық сипаттамасы, көрсеткіштері қолданылады және бухгалтерлік есебінің ұйымдастырылу жолдары қарастырылады.

Екінші бөлімінде Кәсіпорынның негізгі қызметтен түскен табыстылығын

талдау сонымен қатар табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерін талдау және маржиналды табысты талдау жолдары толығымен ашылады.

Үшінші бөлімінде Өнімді өткізуден түскен табыстардың аудиті мен жетілдіру жолдары жазылады. Қаржылардың келіп түсуінен және жұмсалуынан қаржы нәтижесі орныдалады. Мұнда қаржы көрсеткіштерінің деңгейін және өсіңкілігін талдау, рентабельділік көрсеткіштеріне кестелер түрінде талдау жасалған.

Бизнестің кәсіби аудит проблемасын зерттеудің көкейтестілігі мүмкіндігінше аз шығынмен аса жоғары экономикалық тиімділікке қол жеткізуді оңтайлы ұйымдастыруға ұмтылатын барлық қатысушылардың мүддесінен білінеді. Аудит жоспарлау, талдау, үйлестіру, есеп, ұйымдастыру, бақылау және реттеу сияқты басқару қызметтерімен тығыз байланысты.

Егер есептің көмегімен ақпарат көздері қалыптасатын болса, онда оның кешенді аудиті шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық процестерін жоспарлау, ұйымдастыру және реттеу барысында жіберілген кемшіліктер мен қателіктерді анықтауға және оны қайтадан болдырмауға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасында индустриясы дамыған елдердің озық тәжірибесіне сәйкес бизнестің жаңаша кешенді тәуелсіз кәсіби аудиті жүзеге асырылуда. Операциондық аудит пен қаржылық есептілік аудит және оның басқа да маңызды түрлері посткеңестік аумақтарда нарықтық экономиканың қалыптасуындағы шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің тиімділігін арттыру бойынша ғылыми негізделген ұсыныстармен және шындыққа жанасымды ақпараттармен мүдделілік танытатын пайдаланушылардың қажеттіліктерін қамтамасыз етеді.
1-Бөлім. Өнімді өткізуден түскен табыстардың теориялық негіздері

1.1. Табыстылықтың теориялық сипаттамасы

Шаруашылық субъектісінің табыстары- деп Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есебінің №5 «Табыс» - деп аталатын стандартына сәйкес есепті кезеңдегі активтердің көбеюін (ақша қаражаттарының, басқа да мүліктердің келіп түсуін, кіріске алынуын) және міндеттемелердің азаюы (өтелінуі) негізінде капиталдың көбеюін (үлес қосушылардың қосқан жарналарынан басқа) яғни экономикалық пайда табуды айтамыз.

Мұндай табыстарға:


  • дайын бұйымдар мен тауарларды сатудан алынатын табыстар;

  • қызмет көрсетуден алынатын табыстар;

  • дивиденттер, ролятилер және пайыз (процент) түрінде алынатын және тағы да басқа табыстар жатады.

Бұл жоғарыда аталған табыстар қатарына шаруашылық субъектісіне келіп түскен, кіріс етілген және субъектінің төлеген сомалары мына жағдайларда жатқызылмайды:

  • алдын ала аванс ретінде алынған табыстар;

  • алынған несиелердің және қарыздардың қайтарылуы.

Сондай-ақ, қызметтер көрсету жөніндегі мәміленің (келісімнің) нәтижесін барынша дұрыс бағалау мүмкін болмаған уақытта табыс жұмсалған шығындар мөлшерінде ғана танылады.

Алынған табыстар шаруашылық субъектісі қызметінің түріне және бағытына байланысты мынадай түрлерге бөлінеді:



  • негізгі қызметтен алынған табыстар;

  • негізгі емес қызметтен (жанама қызметтен) алынған табыстар.

Субъектінің негізгі қызметтен алынған табыстары мен негізгі емес қызметтен (жанама қызметтен) алынған табыстарының қосындысы оның жиынтық табысын құрайды.Ал бұл табыс сатылған өнімнен, көрсетілген қызметтен алынған немесе алынуға тиісті өткізу құны бойынша бағаланады.Өткізу құны шаруашылық субъектісімен активті сатып алушының немесе пайдаланушының арасындағы келісім-шарт бойынша анықталады.

Шаруашылық субъектісінің табыстары мынадай шарттар қанағаттандырылған кезде танылады:



  • табыс сомасы дұрыс бағаланған жағдайда;

  • субъектінің экономикалық пайдаларды алу ықтималдығы болған жағдайда;

  • субъекті сатып алынған меншік құқығын берген жағдайда;

  • мәміле бойынша нақтылы жұмсалған немесе күтіліп отырған шығындар дұрыс бағаланған жағдайда.

Шаруашылық субъектісінің негізгі қызметтен алатын табыстары – деп кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі өндірісі шығарған тауарларды сатудан, көрсеткен қызметтерден, сондай-ақ орындалған жұмыстардың барысында тапқан табыстары саналады.Субъектінің негізгі қызметтен алынатын табыстарының есебі 70-(6010) «Негізгі қызметтен түскен табыс» - деп аталатын жұмыс жоспарының бөлімше шоттарында жүргізіледі

Кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі емес қызметінен түскен табыстары – деп субъектінің нақтылы негізгі қызметтерінен басқа жұмыстарды (қызметтерді) орындауы (атқаруы) барысында тапқан табыстарын айтады.Шаруашылық субъектісінің бұндай қызметтерді атқаруы,жұмыстарды орындауы барысында алған табыстары 72-(6210)«Негізгі емес қызметінен түскен табыс» - деп аталатын бас шоттың бөлімше шоттарында есептелінеді.

Нарықтық экономика шарты бойынша кәсіпорынның экономикалық мақсаты табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы нақты және салыстырмалы көрсеткіштер арқылы сипатталады. Нақты табыс көрсеткіші- бұл табыспен пайданың жиынтығы. Шет елдерде "табыс" ұғымы келесі мағынада анықталады: Табыс-бұл экономикалық пайданың өсуі есеп беру мерзіміндегі активтердің ұлғаюы немесе акционерлердің жарналарын қоспағанда пассивтердің азаюынан капиталдың өсуі.

Табыс көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржы нәтижелерінің нақты көрсеткіштерінен тұрады. Оған мыналар жатады:



  • Өнімдерді сату мен қызметтер көрсетуден түскен кіріс;

  • Жалпы табыс;

  • Қаржыландырудан түскен кірістер;

  • өзге кірістер;

  • негізгі емес қызметтен алынатын табыс;

  • салық салынғанға дейінгі табыс;

  • салық салынғаннан кейінгі жай қызметтен түскен табыс;

  • төтенше жағдайлардан болатын табыстар;

  • кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі болып танылатын таза табыс.

Табыс жалпы алғанда тірі және затқа айналған еңбек шығындарының өнімділігін, шаруашылықтың нәтижелерін көрсетеді. Кейбір экономистер оны экономикалық тиімділік көрсеткішіне басқа экономистер кәсіпорын жұмысы тиімділігіне жатқызады. Біздің көзқарасымыз бойынша бірінші айтылған сөздер дұрыс.

Қазіргі нарықтық заманға сай табыстың маңызы өте зор. Табыс: не өндіреміз, кімге және қалай өндіреміз деген үш түбірлі бір бірімен тығыз байланысты мәселелерді шешуді анықтайды.

Табыс, нарықтық экономикада өндірістік және әлеуметтік дамуының негізгі көзі болғандықтан, кез келген кәсіпорын қызметінің мақсаты табыс табу болып табылады. Табыстың көлемі кәсіпорынның шаруашылық қызметінің сәтті болуына, өз өзін қаржыландыруына әсерін тигізеді. Әр кәсіпорын ағымдағы және қаржылық шығындарын өздерінің меншікті көздері арқылы жабады. Уақытша жетіспеушілік кезінде қысқа мерзімдік банк қарызы және коммерциялық несие бойынша қамтамасыз етеді.

Өнімнің бағасы еңбек шығындарына сәйкес болуын, сонымен бірге еңбек өнімділігін жоғарылауын және өзіндік құнынның төмендеуін ескеру қажет. Бұйымдардың есептелген жүйесі және өнімнің өзіндік құнын анықтау ғылыми негізделген болуы керек. Табысты бөлу механизмі белсенді орныды алуы тиіс және өндірістің дамуын, тиімділігінің жоғарылауына ынталандырушы фактор қызметін атқарады.

Табысты тиімді пайдалану тек қалған барлық қаржылық жүйесінде ғана (амортизациялық аударымдар жарнасы, қаржылық жазалау шаралары, салық салу акциздер, жол ақысы, дивиденттер, өсім ақы, салымдар, пай жарнасы, қаржы салымдары, несие түрлері, валюта және бағалы қағаздардың құндылығы, тағы басқа).

Нақты табыс көлемі кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің (кіріс және шығыс туралы есеп беру) тиімділігі емес, экономикалық тиімділік көрсеткішіне жатады.

Бес жүз мың теңгелік табыс қызмет масштабының және кәсіпорынның салған қаржы мөлшерінің табысы болуы мүмкін. Осыған орай салыстырмалы сомасы бірдей болмайды. Сол себептен, алынатын табысты нақты бағалау үшін салыстырмалы табыс көрсеткішін қолданады, оған әр түрлі пайдалылық көрсеткіштер қатысты. Табыс деңгейін және кісіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын кәсіпорынның табыс көрсеткіштерінің дамуына шаруашылық субъектісі сияқты мемлекетте көңіл бөледі. Сондықтан әр кәсіпорында нақты және салыстырмалы табыс көрсеткіштеріне жүйелік талдау жүргізу өте қажет.

Тауарларды сатудан түскен пайда, талдау жасалатын ұйымдар есеп беру мерзіміндегі пайданың бастапқы мерзімі мен немесе басқа шаруашылық ұйымдар сол мерзіміндегі өзгерістерін салыстыру арқылы жеке факторлардың қызметін анықтау осы талдаудың маңызы болып табылады.

Кәсіпорынның қаржы нәтижелері сипаттамасы пайда жиынтығының көрсеткіштерімен шектеліп қана қоюға болмайды, себебі нақты пайда көлемін – қандай шаруашылықта, қай салада қорлар тиімді қолданылатындығын түсіну қиынға соғады. Пайда көлемінің өсуі, ақшаның құнсыздануына әкеліп соғатын өнімнің өзіндік құнының өсуі себебінен болуы мүмкін. Мұндай жағдайда ең сенімді өндірістік тиімділік көрсеткіші – пайдалылылық /рентабельділік/ болып табылады, ол, баланстық пайданың өткізілген өнімнің толық өзіндік құнына қатынасын білдіреді.

Пайда көрсеткіштері:

1. баланстық пайда ол қаржылық нәтижелерде, жұмыс пен қызмет, басқада өткізулер, өткізуден тыс операциялар бойынша табыстар мен шығындардан тұрады.

Жұмыс, қызметтің қаржы нәтижелері:



  • өнімді сатудын көлемі, дайын өнімнің ауыспалы қалдықтарынан, дайын өнімді шығару, төленбей тиелген өнімнің өзгерістерінен тұрады;

  • тауар өнімдерінің құрылымы;

  • тауар өнімінің сапасымен, өнімдерді өткізу нарығы, сату нарығы мен құнсыздану процесіндегі бағаның өзгеруінен құралатын сату бағасы;

  • өнімнің өзіндік құны;

Басқа өткізуден түскен пайда үш факторға бөлінеді:

  • Қорларды сатудан пайда;

  • Қосалқы шаруашылық өнімін сатудан түскен пайда;

  • Негізгі қорларды және материалдық емес активтерді өткізуден пайда.

Өткізуден тыс қаржы нәтижелері біріккен кәсіпорындарда, үлестік қатыстар пайдасынан құралады:

  • негізгі құралдарды және жерді жалға беруден пайда;

  • алынған және төленетін өсім айыбы мен жазалар;

  • дебиторлық берешектерді есептен шығарғандағы шығындар;

  • табиғи апаттан шығындар;

  • акция, облигация, депозиттерден табыстар;

  • валюталық операциялар бойынша табыстар мен шығындар.

Салық салынатын пайда баланстық пайда мен мүлікке салынатын салық сомасы пайда. Табыс салығы ұсталатын (құнды қағаз және бірлескен кәсіпорынның үштік қатысы бойынша) пайдалар, тек пайдалылық дәрежесінен жоғары алынған, бюджетке толық шығын, есептегенде пайдаға салынатын салыққа жеңілдікті есептеуде қаралатын.

Таза пайда- бұл барлық салықтардан, экономикалық жазалау шараларынан және қайырымдылық қорларына аударымдардан кейін кәсіпорын басшылығында қалатын пайда.

Талдау процесінде таза табыс көлемінің өзгеру динамикасы, пайдалылық (рентабельділік) деңгейі және оған әсер ететін факторлар зерттеледі. Таза табысқа әсер ететін негізгі факторлар болып, өнімді өткізуден түсім көлемі, өзіндік құнының деңгейі, пайдалылық деңгейі, өткізуден тыс операциялар табысы, олар бойынша шығындар табыс салығы мен басқа да салықтар көлемі жиынтық табыстан төленетін кәсіпорын табыстылығын талдау өткен кезеңмен жоспарды салыстырумен жүргізіледі.

Пайда және кірістің молдығы өндірістің маңызды тиімділік көрсеткіші болып табылады. Пайда- бұл, біріншіден, кәсіпорын қорының негізгі көзі, екіншіден мемлекеттік және жергілікті бюджет табыстарының көзі

Табыс деңгейі мен кәсіпорын рентабельділігі өндірісті қарқындардыру және маркетингтік қызметтің көрсеткіштері болады. Табыстылықты тереңірек талдау үшін әсер етуші факторларды мақсатқа сай топтастыру керек.

Сыртқы факторлар тобына:



  • табиғи жағдайлар көліктік және басқа да факторлар, яғни, бір кәсіпорында қосымша шығындар шығаратын, екіншіден қосымша пайда әкелетін;

  • өзгерістер, кәсіпорын жоспарында қаралмаған өнімнің көтерме бағасы, қолданылатын шикізат, материал, жанармай, жартылай фабрикаттар, қызметтер мен тасымалдарға белгіленген бағалар, сауда жеңілдігі, амортизациялық аударым жарнасының мөлшері, еңбек ақы мөлшері және оған қосымша төлем;

  • тағы басқа жинақтардың мөлшері кәсіпорын төлейтін салық;

  • кәсіпорынға әсер ететін шаруашылық сұрақтары бойынша жабдықтаушылармен, жабдықтау- өткізу, жоғарғы шаруашылық, қаржылық, банктік және басқа мемлекеттік тәртіп органдар мен бұзушылық.

Ішкі факторлар:

  • негізгі факторлар:

а) еңбек нәтижелерін анықтайтын және мемлекеттік тәртіпті бұзумен байланысты факторлар.

Кәсіпорынның әр түрлі өндірістік, тұрмыстық және қаржылық қызметтері соңғы ақшалай бағасын қаржы нәтижелер көрсеткіші жүйесінде алады. Оған кіретіндер өнімді өткізуден табыс (зиян); басқа да өткізулерден (жұмыс, қызмет) пайда (зиян); өткізуден тыс операциялардан табыс, шығын; баланстық пайда салық салынатын табыс, таза табыс және тағы басқалары.

Қаржы нәтижелері көрсеткіші кәсіпорын шаруашылығының нақты тиімділігін сипаттайды. Табыс бойынша авансталған қаржыны қайтарым даңгейі кәсіпорынға салынған активтердің табыстылығы анықталады.

Табыс көрсеткіштерін есептеудің бастапқы кезеңі, өнімді өткізу айналымы болып табылады. Өнімді сатудан түскен қаржы кәсіпорынның өндірістік ісінің аяқталғанын авансталған қаржының қайтарылуын сипаттайды. Сату көлеміндегі өзгеріс қаржы нәтижелеріне маңызды әсер тигізеді.




    1. «АВК Капланбек» ЖШС-нің жалпы экономикалық сипаттамасы

Капланбек шарап заводының негізі 1934 жылы құрылған.1994 жылға дейін мемлекет меншігінде болып өнім беріп келген.Кеңестер одағы тарағасын 1994 жылдан бастап завод жекешелендіріліп «Капланбек Агровинкомбинат» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі болып қайта құрылды.

Міне содан бері 13 жыл көлемінде шарап түрлерін өндіріп өз алдына жеке құрылып өндірістің көптеген қыр-сырын игеріп шарап өндіру мен сатып-өткізудің тәжірибелік сырларын игерді.



  • Заводтың болашақ жоспарында жүзімдіктерді көбейтіп, ескірген жүзімдіктерді жаңартып және жаңа жүзім сорттарын өсіру арқылы шараптың жаңа түрлерін шығару қаралған.

  • Шаруа қожалықтарымен келісім-шартқа отырып және жергілікті тұрғындармен жеке жүзім өндірушілермен келісім-шарт арқылы жүзім шикізатын көбейтеді.

  • «Капланбек АВК» ЖШС-нің шығарған өнімдерін Қазақстанның қалалары аудандары және алыс жақын шет елдерге жіберіледі.

  • Сатып өткізу негізінен келісілген көтерме сауда арқылы және дүкендер арқылы жүргізіледі.

Өндірістік өнім өндіру көлемі шамамен жылына 6,7 млн теңгеге жетеді.заводтың негізгі бәсекелестері болып:

  1. «Бахус» Ашық Акционерлік Қоғамы;

  2. «Конысбаев» - шарап заводы және Абай аудандағы «Назико» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі;

  3. Өзбекстандағы шарап заводтары есептеледі.

«Капланбек АВК» ЖШС Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында бірден-бір ірі шығаратын кәсіпорын болып есептеледі.

Заводтың барлық инфраструктура мен жарақталған шарап өнімдерін шығару үшін технологиясы барлық стандартқа сай құрылған.

Өндірістің негізіне жүзімді өңдеу арқылы маркалы шараптың 8 түрі өндіріледі.

Олар: «Херес», «Капланбек», «Мускат», «Ақ-бұлақ», «Ислам», «Жоламан», «Ерке-Тумаш», «Қызыл-Таң» және де орденді шараптың үш түрі бар,олар: «Ахдам», «Талас», «Рубин».Бұл шараптар 12 халықаралық сайыстардың жеңімпазы аталған.1995 жылы завод бөлім-бөлімімен қайта жаңартудан өтіп бірнеше ғимараттар мен үлкен жертөле салынды.Заводтың шарап шығару қуаты жылына 20000 долл.1997 жылы шарап өндіру цехы тоқтаусыз және көпжақты ашыту бойынша қайта жарақталып,1200 гкал/сағ мұздатқышы, 4-16 т/сағ қазандығы қойылды.

Заводта:


  • сөткесіне 850 тонна жүзімді өңдейтін 8 желі бар;

  • сөткесіне 75 тонна жеміс өңдейтін 2 желі бар;

  • сағатына 1500 шөлмек құятын 2 желі бар;

  • сағатына 5000 шөлмек құятын 1 желі бар;

  • сөткесіне 500 долл беретін спирт колоннасы құрастырылып жатыр;

  • сөткесіне 280 дол беретін коньяк колоннасы жұмыс істеп тұр.

Басқарма ғимараты 2 қабаттан тұрады.Осы ғимаратта керекті құралдармен жабдықталған зертхана орналасқан.Зертханада шараптардың және шарап өнімдерінің сомасына талдау жүргізіледі.

Есеп шоты – 009467183 Халық Банкі

Шымкент қаласы МФО – 195801604

СТН – 581200001712



Қаржылық шаруашылық іс-әрекеті туралы көрсеткіштер Кесте-1

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2005 г

2006г

2007г

1.Өндіріс көлемі

Мың долл

228,94

114,56

19201,5

2.Өндіріс көлемі

Мың долл

91396,0

93406,2

97506,8

3.Өндіру көлемі

Мың долл

16,69

67,83

35,95

4.Сатудан түскен пайда

Мың теңге

12633,7

25131,6

24397,5

5.Өндірілген өнімнің өзіндік құны

Мың теңге

48028,3

126,25

5208,2

6.Сатудан түскен өнімнің өзіндік құны

Мың теңге

11747,7

19252,5

19728,3

7.Сатудан түскен өнімнің қаржылық нәтижесі

Мың теңге

+886,0

+15145,0

+5403,3


8.Амортизациялық шегерім

Мың теңге

2136,8

2620,7

3494,3

9.Салықтар ж/е басқа да шығындар

Мың теңге

125,2

13953,2

2615,0

10.Қаржылық нәтиженің барлығы (+,-)

Мың теңге

-1250,8

-1428,9

-706,0


Кесте-2


Есеп беру жылына жоспарланған баланстық табыстың орындалуын және өсу құрамын талдау

Баланстық табыстың құрылымы

Өткен жыл

(мың,тг)


Есеп беру жылы

Жоспар

Нақты

Баланстық пайда

939200


15458,97

164094

Өнімді өткізуден түскен табыс

12633,7

15458,97

19252,5

Мерзімі өткізілген өнімнен түскен табыс

12633,7

15458,97

17983,6

Жалпы өткізілген өнімдердің нәтижесі


1250,8

15458,97






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет