Мазмұны Кіріспе 1 тарау


Тәрбиенің мақсаты жайлы жалпы түсінік



бет2/3
Дата01.07.2016
өлшемі235.5 Kb.
#171160
1   2   3

2.2. Тәрбиенің мақсаты жайлы жалпы түсінік.
Адамзат дамуының қай кезеңінде болмасын тәрбиенің тиімділігін жетілдіру ісі жүзеге асырылып келді. Бұл істі жүзеге асыру процесі әрбір қоғамдағы мемлекет қажеттігіне бағындырады. Өйткені мемлекет қажеттігінің орындалуы оның экономикалық күш-қуаты мен саясатына тәуелді екендігі белгілі. Олай болса тәрбие тиімділігінің ең басты шарты мемлекет мүмкіндігінің туындайтын қажеттікке сай тәрбиенің мақсатын нақты анықтау болып табылады.

Жалпы адамзаттық тұрғыдан қарағанда тәрбие мақсаты-тұлғаны әржақты және жарасымды етіп тәрбиелеу. Адам-жер бетіндегі тірі организмнің жоғары сатысы, қоғамдық - тарихи іс-әрекеті мен мәдениет субъектісі, басқаша айтқанда іс-әрекеті қарым-қатынас иесі.

Адам іс-әрекеті, сезімі мен ойлау ерекшеліктері оның өмір сүріп қоғамдық -тарихи жағдайларына тәуелді болады.

Қоғам дамуының белгілі сатысында педагогикалық философиялық ой-пікірлер пайда болып қалыптаса бастады. Тәрбие беру мақсатын анықтау ең басты мәселеге айналды. Осыған орай, балаларға білім мен тәрбие берудің негізгі жолдары белгіленген тәрбие іс-әрекеттерінің мазмұны анықталады, білім беру мен тәрбиені ұйымдастырудың нақтылы мәселері мен әдістері қаратылады.

Егер тәрбие мақсатының қалай өзгеріп отырғанына көз жіберсек, тәрбие мақсатын белгілеудің қаншалықты маңызы екенін айқын байқауға болады. Тәрбие қоғамдық құбылыс, онсыз ешбір қоғамның өмірі ілгері дамуы мүмкін емес. Сондыктан да В.И.Ленин тәжірибені жалпы және мәңгілік категория деп дәлелдеген. Тәрбие қоғамның пайда болуы мен бірге пайда болады, онсыз қоғам жоқ, ол өмір сүруін тоқтатады, ілгері дамымайды деді ол. Философия, социялогия, этика ілімдері мен қаруланған педагогика ғылымы адамды барлық жағынан дамытып, жарасымды етіп тәрбиелеуді өз алдына айқын мақсат етіп қойды. Халыққа білім беру кәсіптік даярлық жүйесін үздіксіз жетілдіріп отыруды көздейді. Бұл әсіресе қазіргі қайта құру кезеңін де ерекше маңызды.

Педагогика ғылымы тәрбиенің мақсатын жеке адамды жан-жақты дамыту, әділетті қоғамды өз қолымен құратын және оны қорғай алатын етіп тәрбиелеу деп қарастырады. Тұлғаны жан-жақты жетілдіріп, дамыту деген ұғымды оқу мен жастардың практикалық еңбегінің тікелей байланыс, дененің және ақыл-ой дамуының біртұтастығы деп түсіну керек.

Адам баласының жарқын болашағы толығымен жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне тәуелді. Мектепте тәрбиенің басты міндеттері-теориялық білімді еңбекпен, өмірмен байланыстыра жүргізу, оқушыларды еңбек тәрбиесіне баулу, оларды политехникалық, экономикалық, экологиялық біліммен қаруландыру, кәсіптік бағдар беруге тәрбиелеу. Олар болса, әрбір азамат тәрбиеге тікелей қатысы бар адамдар, ұйымдар мен мекемелер тәрбиенің мәніне, міндеттері мен мақсатын жете түсінуі қажет, осыған орай, тәрбиенің мақсаттары; а) жастардың дүниеге ғылыми -матералистік көзқарастарын қалыптастыру, ә) тұлғаның рухани және дене қабілеттерін жан-жақты дамытып, эстетикалық талғамдары мен сезімдерін қоғамның талаптарына сай тәрбиелеу.

Әрбір адамның дүниеге көзқарасын қалыптастыру - негізгі шарттарының бірі. Дүниетаным дегеніміз адамның табиғат пен әлеуметтік ортаны түсінуін және онымен қарым-қатынасын, оның барлық іс-әрекеттерінің бағытын бейнелейтін көзқарастарының жүйесі. Ал дүниеге көзқарас дегеніміз дүниенің даму заңдылықтарын, ғылым негізінде ашатын көзқарас.

Сонымен, елдіміздің болашағына сай адам - ол теориялық іліммен қаруланған, оны шығармашылықпен іс жүзіне асыратын белсенді қоғам қайраткері, жаңа қоғамдық өмір үшін күресуге қабілеті мол, жоғары мәдениетті, білімді, өз ісіне асқан шебер адам.

Тұлғаны барлық жағынан дамытып тәрбиелеу, жас ұрпақты қоғам құрылысына белсене қатысуға әзірлеу міндеттері мектеп арқылы жүзеге асырылады. Мектепте білім және тәрбие алу барысында жас түлектердің ақыл ойы дамиды, адамгершілік қасиеттері қалыптасады, ой еңбегіне төселеді, рухани өмір байлығын меңгереді, эстетикалық талғамы, сезімі артады. Өмір жастарды осы заманғы ғылым мен халық шаруашылығының кеңінен өркендеу дәрежесіне қарай жан-жақты тәрбиелеу міндеттерін талап етеді. Қоғамдық және мемлекеттік өмірдің түрлі салаларын да белсенді қызмет етуге қабілетті, сана сезімді және жоғары білімді адамдарды тәрбиелеп, даярлап шығару ды көздейді.

Мектеп реформасын жүзеге асырудың барысында оқу мен тәрбие жұмысының көптеген мәселелеріне түбегейлі өзгерді.

2.Тәрбие мен өзін-өзі тәрбелеудің бірлігі. Оқушы тұлғасының дамуы мен қалыптасуына белсенділіктің бірнеше түрлерін байқауға болады. Олар: қарым-қатынас белсенділігі және өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі.

Қарым-қатынас белсенділігі арқылы бала жолдастарымен Кейбір адамдармен қарым - қатынас жасайды, өзіне дос іздестіреді, тілектес дос табуға тырысады. Қарым-қатынас белсенділігінің нәтижесінде тұлғаның бойында мінез-құлық қасиеттері (қамқорлық, қайрымдылық, ілтипаттылық, жауапкершілік сезімі т.б.) қалыптасады.

Тұлғаның даму процесінде өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі Сапа жағынан ішкі факторға айналады. Оқушы үлгі аларлық Сөздермен, ережелерімен толықтырылған сауыт емес, ол шырақ, оны өзін-өзі тәрбиелеудің аса мейірімділік ынтықтығымен тұтандыру керек. Демек, жеткіншектер тек айналадағы дүниені танып қана қоймай, олар өзіне және өзінің ішкі дүниесіне үңіле қарай білулері қажет, яғни оқушы бір жағынан тәрбие субъектісі болады (белсенділік туралы 1 бөлім де баяндалған).

З. Тәрбие іс-әрекетінің және қарым-қатынастың шешуші ролі. Тәрбие, оқыту және білім беру іс-әрекетіне байланысты. Іс-әрекетің бірнеше түрлері бар. Оларға ойын, оқу, еңбек, Спорт, көркемдік, қоғамдық саяси іс-әрекеттері т.б. жатады. Осы іс-әрекеттердің нәтижесінде баланың ақыл ойы, дүниеге көзқарасы дамиды, мінез-құлық және эстетикалық қасиеттері қалыптасады, еңбек етуде жауапкершілік сезімі артады. Іс-әрекетінің барысында қарым-қатынас іске асырылады. Қарым-қатынас бұл адамдардың өзара әрекеттесіп, әртүрлі коммоникациялық құралдардың көмегімен бір-бірімен пікір алысуы. Қарым-қатынас әлеуметтік өмір құбылысы, ол хабарламалық нормативтік және таным процесі ретінде сипатталады. Қарым-қатынас оқушыларды мінез құлқы, іс-әрекеті, білім әдебиет өнер қоршаған орта туралы мол хабарлама пары мен байытып ой-өрісін дамытады.

Қарым-қатынас нормативтік процесс тұрғысынан қарастырсақ, оқушылардың қарым-қатынасы белгілі нормалар жинағы мен реттеледі. Ол нормаларды қоғам реттелейді. Қоғамдық нормалардың көзі идеология, қоғамдық нормалардың көзі идеологиядоғамның әлеуметтік-саяси.

Қайта құру қажеттігі туды. Солардың бастыларының бірі, мұғалім мен оқушы, мектеп басшылары мен педагог арасындағы қарым-қатынас сипатының өзін бүтіндей өзгерту қажет.

Осындай идеямен қаруланған халық ағарту қызметкерлерінің жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдерінің негізгі міндеттері оқушылардың ғылыми-техникалық дамудың қазіргі талаптарына сай баянды ғылым негіздерімен қаруландыру, политехникалық білім беру, еңбекке тарбиелеу, сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын, оқушылардың қоғамдық пайдалы еңбегін ұйымдастыру барысында жүзеге асыра білу болып табылады. Осы мәселлері өскелен өмір талабына сай ұйымастыру және іске асыру жас ұрпақты үйлесімді етіп тәрбиелеудің, дамыту мен қалыптастырудың негізі болады. Ал тұлғаны жан-жақты дамыту бұл тәрбиенің мақсаты.

Тәрбиенің жалпы мақсаттың жүзеге асыру ең алдымен тәрбие бөліктерін байланыстарын шешуді талап етеді. Тәрбиенің құрамды бөліктері: ақыл-ой тәрбиесі құқық тәрбиесі, еңбек тәрбиесі, экономикалық және экологиялық тәрбие,эстетикалық және дене тәрбиесі т.б.

Тәрбиенің құрамды бөліктерінің бірлігі мен өзара байланысының нәтижелі болуы ең алдымен мұғалімнің шеберлігіне, жалпы дайындығына байланысты. Сондықтан ол өзін-өзі дамытып, барлық іскерлігі мен білімін баланың бойына қоғамда өмір сүру үшін және оның істерін басқару үшін қажетті адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеуге және қалыптастыруға әрқашан да дайын болуы қажет. Міне, сонда мектептегі тәрбие жұмысының жемісті болуы мүмкін.

Тәрбие процесінің мәні және заңдылдықтары. Тәрбиенің мәнін анықтайтын белгілері болады. Ең алдымен, оның тәрбие бағытталған ықпалы көптеген жағдайларға байланысты қиындай түсетін өте күрделі диалектикалық сипатының болуы.

Тәрбиенің мақсатта бағытталған ықпалын қиындататын жағдайлар мыналар:түрлі әсердің бала (мектеп, үйелмен, көше, ресми емес топтар т.с.с) табиғатына үйлеспеуі, әр баланың өзіне тән белгілі бір жинақталған көз қарасы мен ынта ықыласы, әдеті мен талғамдарының болуы. Осы уақытқа дейін оқушының сабақка, тәртіпке, жолдастарына, үлкен кісілерге қатынасы жайлы кебірек назар аударылды.

Сондықтан оқушының ішкі рухани жан дүниесін ашудың қиындығы (оқушылар өздері тап болған жағдайдың себептерін, әрине, біле бермейді) бір педагогикалық ықпал нәтижесінің әр түрлілігінен, баланың қоғамдық мәнінен, өзіне тән әрекеті сипатынан келіп туады.

Тәрбие диалектикасы дегеніміздің өзі сыртқының объективті ішкі жағдайдың (субъективті) игілігіне айналатын адам санасының шеңбері не өткізілуі. Келешекте іс-әрекет нәтижесінде көрінетін құбылыс. Адамның қоғамдық мәні дамудың қай жағдайында жүруіне байланысты қалыптасады. Дегенмен, адамның қоғамдық мәнінің қалыптасуында, оның осы жағдайлардағы нақты орны, қатынасы және сол жағдайлардағы нақты орны, қатынасы және сол жағдайлардағы іс-әрекетінің сипаты маңызды роль ойнайды. Бұл дамудың әлеуметтік жағдайы деп алып кеткен. Тәрбие процесінде адамның қоғамдық мәнін қалыптастырудың қозғаушы күші деп саналатын бірқатар қарама қайшылықтар тән. Олар сыртқы және ішкі қарама-қайшылықтар болуы мүмкін.

Сыртқы қарама - қайшылықтар қоғамда объективті белгіленген ережелер мен баланы қоршаған адамдардың тәртібі арасындағы үйлес пеуден көрінеді. Көп жағдайда оқушы өз құрдастары мен ересектердің қоғамдық ережелерге қайшы келетін қылықтарының куәсі болады. Сыртқы қарама-қайшылыққа оқушының өзіне қойылатын талап пен нақты тәртібінің арақатынасы да жатады Мысалы, үзіліс кезінде мектеп ішінде жүгірме деген талап қойылғанымен, бастауыш сынып оқушысы бұл талапты орындауға әлі дайын емес. Ішкі қарама-қайшылықтарға оқушының талабы мен оны орындауға мүмкіндігінің арақатынасы жатады. Адамның қоғамдық мәнінің дамуындағы неізгі көздерінің бірі қажеттіліктер мен оларды қанағаттандыру тәсілдері арасындағы қарама қайшылық болып табылады.

Қарама-қайшылықтың әртүрлі сатыларынан өтіп, адамның қоғамдық мәні өз дамуында жаңа басшылыққа көтеріледі, яғни жаңа салаларға, күрделірек міндеттерді шешу дайындығына ие болады. Іс-әрекет пен тәртіптің жетілген тәсілдерін меңгереді.

Тәрбие процесі адамның қоғамдық мәнінің әлеуметтік маңызды сапаларын қалыптастыруға, оның қоғамға, адамдарға, өзді-өзінің қатынастарын жасауға және олардың шеңберін кеңейтуге бағытталады. Адамның қоғамдық, мәнінің, өмірдің түрлі жақтарына қатынасының жүйесі неғұрлым аумақты, кеңболған сайын, оның рухани жан -дүниесі соғұрлым жазиралы, бай болады. Тәрбиенің мәні-адамның қоғамдық мазмұнын әлеуметтендіріп, оның ұжыммен және қоғаммен практикалық қатынастарының жүйесін құру. Өзінің табиғаты жағынан тәрбие ісі педагогикалық міндеттердің төмендегідей бірқатар мәселелерін шешуді қамтиды.

Қарым-қатынас-таным процесі. Таным және қарым-қатынас өзара байланысты, мұны оқушылардың іс-әрекетінен көруге болады.

Тәрбие процесінде оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерін есепке алу.

Педагогикалық процесте ұжым мен адамның өзара байланысы. Оқушы тұлғасын қалыптастырудың негізгі көзі ұжым болады.

Көрнекті педагогтар Н.К.Крупская, А..С.Макаренко, В.А.Сухомлинский ұжымдық қатынастарды қалыптастырудың теориялық негіздерін жасады. Балалар мен тәрбиешілік ара-сындағы қарым-қатынас-ұжымның даму процесі. Педагогикалық процесте ұжымның басты борышы-әрбір адамның түлеп өсуіне қамқоршы болуы тиіс. Тәрбиенің ерекшелігі, оның ұжымдық бағытта іске асырылуында, өйткені тәрбие екі жақты, бір текті процес. Міне, осы тұрғыдан жаңашыл мұғалімдердің тәрбиешілер мен балалардың бірлесу іс-әрекетінің идеясы шығармашылық мақсаттықтың шешуші шарттарының бірі болды.

Сонымен тәрбие мазмұны қоғамның әлеуметтік - саяси, Экономикалық жағдайын бейнелейтін міндеттерге тәуелді.

Әдеттері принцип дегеніміз адамның нақты іс-әрекетінде өзі басшылыққа алатын алғы шарты, негізгі ережені бейнелейді.Тәрбие принциптері тәрбиеші басшылыққа алуға тиісті тәрбие процесінің жалпы заңдылықтарын бейнелейтін бастапқы ережелер. Тәрбиеші оларды таңдамайды, басшылыққа алады, солардың талабы тұрғысынан күрделі, жалпы немесе дербес, нақты мәселелердің шешімін іздейді. Мектеп өмірінде әр түрлі тәрбие принциптері қолданылады.

Тәрбиенің идеялылығы мен мақсаттылығы. Тәрбиенің алдына қоғам болашағына берік сенімі бар азаматтарды қалыптастыру міндеті қойылады. Мектептің бүкіл іс-әрекеті, қоғамдық өмірі осыған қызмет етуі керек. Кез-келген тәрбие жұмысының құндылығы оқушылар ұжымының идеялық өмірін байытумен, оқушылар санасын ғылыми білімнің дұрыстығына берік сендірумен қоғамдық саяси белсенділігін, жоғары моральдық және азаматтық сапаларын қалыптастырудағы ықпалымен бағалады.

Әрбір тәрбие жұмысына дайындалу үшін ең алдымен олардың Мақсаттары мен міндеттерін нақты ойластырып, анықтаған жөн. Мақсатсыз тәрбие жақсы нәтиже бермейді. Өйткені тәрбие әдістері олардың мақсаттарына байланысты. Осыған орай, әрбір баланың және ұжымның ерекшеліктерін еске алып, мұғалім тәрбие жұмыстарының формаларын, мазмұнын, әдістерін іріктеп алады. Оқыту мен тәрбие жұмыстарын осындай мақсат пен ұйымдастыру мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеттердің үнемі жоспарлы түрде өтуіне игі әсер етеді.

Тәрбиенің өмірмен, еңбекпен, қоғам құрылысының практикасы мен байланыс принципі. Бұл принциптің мәні қоғамның экономикалық, әлеуметтік және рухани қатынастарын, өмір шындығының моралі және әсемдікке көзқарасын тәрбие ісінде қолдану болып табылады.Осы принципті жүзеге асыру оқушыларды өмірге, еңбекке, мамандықты саналы таңдауға толық дайындалудың шынайы алғы шартын жасайды. Кейде тәрбиенің өмірмен байланысы тек оқушылардың тәрбие жұмысындағы өнімді еңбегімен байланысын жүзеге асыру деп қараушылар да бар. Бұл жеткіліксіз пікір, себебі қоғамдық өмір ұғымы өндірістік еңбек ұғымына қарағанда кеңірек және мазмұндырақ. Оқушыларды еңбектік іс-әрекеттің түрлеріне қатынастырып, ол әрекет қоғамның түпкі мүддесі үшін, материалдық және рухани игіліктерді байыту үшін күресетін құрамды бөлігі екенін қабылдайтындай жағдайға келу керек.

Ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу. Бұл тәрбие жұмысының жетекші принциптерінің бірі. Педагогика ғылымы балалар мен жас өспірімнің рухани байлығының, әлеуметтік белсенділік пен жауапкершілік сезімі қалыптасуының міндетті шарты деп қарайды. А.СМакаренко ұжымды адамның біртұтас түрлі сапалары жаттығып, қалыптасатын гимнастика залы, сондықтан тәрбие жүйесі «ұжым болып» ұйымдастырылған педагогикалық іс-әрекет процесін Басқаларынан жоғары қояды, -деп көрсетті. Бірлескен іс-әрекетге, орынды ұйымдастырылған ұжымдық қозғалыста ғана өзара тәуелді, өзара жауапкершілікті қатынастар туындайды, баланың тәжірибесі және ұжымдық өмір дағдыларын жинау процесі жүреді, оның қоғамдық мәнінің ұжымшылдық саналары қалыптасады.

Тәрбиеленушінің тұлғасына қойылатын талаптар мен көрсетілетін құрметтің бірлігі. А.С.Макоренко кезінде «Егер біреу-міреу педагогикалық тәжірибенің мәнін қысқаша ғана формуламен қалай анықтар едіңіз деп сұрай қалса, мен оған адамға мүмкіндігінше үлкен талап қою және құрмет керсету деп жауап едім»,-деген екен.

Мұғалім осы принципті басшылыққа алып, оқушы күш қуатына ерік беретін орынды әрекеттеріне және қылықтарына тербеліс туғызатын өзінің құлқын сезінуін және өз тәртібіне жауапкершілігін ұғындыратын өзіндік өрнегі (стилі) мен сарыны (тоны) бар қатынастарды таңдап алады. Егер талап ету ізденумен, қате түсінікпен, уақ-түйекпен байланыссыз болса, онда ол адамға деген құрметтің ең жоғары өлшемі болып табылады. А.С.Макаренконың айтуына қарағанда, белгілі бір шамада қателесу бола да, адамға үміт болжамы тұрмысынан қарау керек. Оқушы бойындағы орынды -рухани нәрсені жобалай біліп, оған сүйеніп, оның сеніміне иек артуымен қатар, мұғалім оқушының өз тәжірибесін дамытумен айналысуға дайындығын іске қоса білуі керек.

Тәрбиелік ықпалдардың тізбектестігі, жүйелілігі, беріктігі және үздіксіздігі. Бұл принципті ұстау әрбір бөліктері мен элементтері түгел бір тұтастықты құрайтын педагогикалық жүйенің болуын талап етеді. Тәрбие саласында жүргізілетін түрлі тәрбиелік шаралар бір-бірімен сабақтас болуы тиіс. Жаңадан өткізілетін тәрбие жұмысының мазмұны өткізілген тәрбиелік шаралардың логикалық жалғасы болуы қажет. Демек, өткізілген тәрбие жұмысының мазмұны онан ары қарай да дамып, тиісті сатыға көтеріледі. Сонда ғана аталған принциптер жүзеге асады. Педагогикалық ықпалдардың жүйесіздігі, кездейсоқтығы, бейтараптығы, келісімсіздігі, ретсіздігі тәрбие мақсатына үзілді-кесілді қарама-қайшы келеді. Тәрбие үшін оқушыға койылатын талаптардың ала-құлалығына бетер зиянды нәрсе жоқ. Мәселен, мектеп пен үйелменнің, сынып ұжымы мен жұмыс істейтін Мұғалімдердің оқушыларына қоятын талаптарының үйлеспей ала-құла болуы. Тәрбие кеп адамдар қатынасатын ұзақ іс-әрекеті. Сондықтан да олардың жұмыстарыида тізбектестік пен ұласымдылықтың сақталуы, оқушылардың тәрбиелік дәрежесінің дер кезінде анықталып отыруы аса маңызды мәселе. Тәрбие жұмысының барлығы білім мен сенімнің сөз бен істің үздіксіздігі негіздігі негізінде құрылуы қажет.

Тәрбиенің оқушылардың жас және дербес ерекшеліктеріне сәйкестігі. Бұл принципті жүзеге асыру оқушылар іс-әрекетінің мазмұны мен түрін олардың жасына, өмір тәжірибесіне, күш қуаты мен мүмкіндіктеріне сәйкес болуын талап етеді. Әрбір бала өзінше ерек ше бір бітім. Сондықтан олардың әрқайсысына тәрбие беру оқушы бойындағы қажеттілік пен қызығушылыққа сүйеніп, оны қанағаттандыратын және оқушының тәртібі мен іс-әрекетінің негізі болатын жаңа қажеттіліктер мен қызығушылықтарды туғызатын түрлер мен тәсілдерді таба білгенде ғана мүмкін болады.

Бастауыш сынып жасындағы баланың ерекшелігі мен дамуы. Адамның белгілі сипаты мен сапасын қалыптастырудағы тәрбиешілердің мақсат тәрбие белгілі бір жас мөлшеріндегі топқа бағытталған, осы арқылы сол топтың мүмкіндіктері мен міндеттері тәрбиенің әдістемелері қолданылады. Адам өмірінің мектепке дейінгі кезеңде, жасөспірім шақта және әлеуметтік ортада қалыптасқан есейген шақ кезеңдеріндегі мінез - құлқы ерекшеленеді.

Жас мөлшердің психологиясы курсында оқылатын жоғарыда айтылған жас мөлшерлік топтардың әрқайсысының сипаттамасын бұл тұста нақтылап қарастырмай-ақ, педагогтың әрбір жас мөлшері тобымен жүргізетін оқу-тәрбие жұмысында ескерілуі тиісті кейбір тәрбие ерекшеліктеріне тоқталамыз.

Жастарды өмірге және ұжымдық еңбекке тәрбиелеудің, әрбір жас адамның жеке тұлғасының өмірлік бағыт-бағдарын анықтайтын дүниетанымын қалыптастырудың қоғам алдындағы зор міндеттері мен мектепке жүктелген. Тәрбие, шын мәнінде, жеке тұлғаның дамуы мен жалпы қоғамның негізгі мақсаты болып табылады және ол қоғамның әрбір мүшесінің жан-жақты дамуына жағдай жасауға бағытталған.

Белгілі бір жастағы балалардың жас мөлшері де генде олардың көпшілігіне тән ерекшеліктер мен сипаттарды айтамыз. Бұл ерекшеліктерді педагогикалық процесте ескеру қажет және соған сәйкес оқыту,тәрбие берудің тиісті түрін, әдістемесін және тәсілін пайдалану керек.

Бастауыш сынып жасындағы баланың салмағы бір жылда 2-2,7кг өседі. бжастан 12 жасқа дейінгі аралықта бала денесінің салмағы екі есе артып, 18 килограм нан 36 килограмға дейін артады. Осы жаста бала миының көлемі де ұлғаяды, яғни, ол 5 жаста үлкен адам миының 90 пайызындай болса, 10 жаста 95 пайызына тең болады.

Нерв жүйесінің жетілуі жалғасады. Нерв клеткалары арасында жаңа байланыстар түзіліп, мидың жарты шарында икемділік күшейеді. 7-8 жаста жарты шарды жалғап тұрған нерв талшықтары жетіле түседі және олардың өзара қарым-қатынасының арта түсуін қамтиды.

Нерв жүйесіндегі бұл өзгешеліктер баланың ақыл-ойы дамуының келесі кезеңінің ірге тасы қалануына негіз болады.

Баланың білім алынудағы іс-әрекеті де, бұған дейінгі барлық іс-әрекеттер (манипулациялық, пәндік, ойын арқылы) сияқты, оған ену тәжірибесі арқылы бірте-бірте дамиды.

Білім алу іс-әрекетен оқушы баланың өзіне бақыталған іс-әрекеттен тұрады. Бала тек білім алуды ғана емес, сонымен бірге оны қалай меңгеруді де үйренеді. Жазу, есептеу, оқу және тағы басқаларына үйрену арқылы бала өзін-өзі өзгертуге қарай бағыттай алады, яғни,ол іс-әрекеттік және ақыл-ойлық қажетті әдістерді (оны қоршап тұрған мәдениетке тән) меңгереді. Рефлексиялы түрде, яғни, өз санасы арқылы өзінің психологиялық күйіне ой жүгіртіп, ол өзін бұрынғы және бүгінгі қалпымен салыстыра алады. Өзіндік өзгерістері өз бойындағы жетістіктері арқылы қадағаланады және айқындалады.

Білім алу іс-әрекетіндегі баланың маңызды әрекеті - бұл оның өз-өзіне деген рефлекциясы, жаңа жетістіктерін және болған өзгерістерді қадағалай алуы. «Бүған дейін қолымнан келмеді-енді келеді», «бұған дейін жасай алмадым-енді жасаймын»,«бұрын қандай болдым-қазір қандаймын»,міне,бұлар қол жеткізілгендер мен өзгерістердің терең рефлекциясы қортындысына берілген негізгі балалар. Баланың өзін-өзі үшін өзгеріс мәні және осы өгерістерді өзі үшін жүзеге асыратын субъекті бола алуы өте маңызды. Егер бала өзінің өрлеуіндегі оқу іс-әрекеті, өзін-өзі дамытудың жетілген түрінің рефлекция сынан қанағатталса, демек, бала оқу іс-әрекетіне психологиялық жағынан толықтап кірісті деген сөз.

Бастауыш сынып жасы-бұл айналадағы өзге әлемді баланың өз бойына сіңіре бастау,білім жинақтау, осыларды басымдылықпен игеру кезеңі болып табылады. Осы бір аса маңызды өмірлік функцияны табысты орындау балаиың өзіне тән бейімділігінің осы жаста қалыптасуына қолайлы жағдай жасайды. Міне, балалардың танымдық мүмкіндіктеріне өзіміз қарастырған осы ерекшеліктер зор ықпал етеді және ол баланың жалпы дамуының келешегінің алғы шарты болып табылады. Оқушылар әдетте, ата-аналар мен мұғалімдердің ерекше назарында болу керек. Бастауыш сынып жасындағы бала үшін ең маңыздысы педагог.

1. Педагогикалық жағдайлардың, тәрбиелік әсерлердің нәтиже-сін талдау, жоспарлау жұмысын реттеу. Сөйтіп, оқушылар тәрбиелілігінің деңгейін анықтауды, оның қоғамдық мәні мен ұжымның дамуын белгілеуді, нақты педагогикалық міндетті болуды және қалыптастыруды, оны шешудің жолдарын анықтауды, тәрбиенің құралдары мен әдістерін таңдай білуді т.б. қажет етеді.

2. Тәрбие процесінің жобасын құру және жүзеге асыру. Бұл өзі нің мазмұны жағынан педагогикалық іс-әрекеті пайдалы бөліктерге және ықпалдарға бөлудің, оқушылар ұжымдары мен шағын топтардың, жеке оқушымен дұрыс қарым-қатынастарды бекітудің, оқушылар тәртібінің әлеуметтік-психологиялық шарттары мен себептерін аңғара білудің, оқушыларға жеке қатынас жасау бірлігінің болуын талап етеді .

З. Тәрбиелік ықпалдарды реттеу және оларға түзетулер енгізу. Бұл мазмұны жағынан педагогикалық міндеттерге енгізілген түзетулерді орынды жүзеге асыруды, сыртқы ықпалдардың қалыпты жағдайға өтуін немесе қабылданбауын қамтамасыз етеді, қоршаған ортаға сай баланы дамыту үшін қажетті материалды таңдап алуды ұжым мен адамдар арасындағы қарым-қатынасты реттеуді, бағыттауды, дамытуды, пайда болатын жеке шиеленістерді жоюды оқушылар ара сындағы достық пен жолдастық қатынастарды нығайтуды, педагогикалық жағдайға байланысты талап логикасын түрлендіруді, өзгерген жағдайларда тәрбиелі ықпал жасаудың бағытын дұрыс анықтауды және тәсілдерді қайта құруды т.б. талап етеді.

Қорытынды есепке алу және бакылау. Мұның мазмұны әдепкі берілгендермен салыстырып, қол жеткен нәтижені талдау қолданылған тәрбие әдістерінің тиімділік шеңберін анықтау, балалардың дамуындағы және тәртібіндегі ойластырылмаған, қажетсіз құбылыстардың туу себептерін белгілеу, орынды құралдарды, әдістерді, тәсілдерді жинақтау, өз тәжірибесіне енгізу мақсатында басқа мұғалімдердің іс-әрекетін зерттеу, педагогикалық теория мен тәжірибелі сәйкестендіре білу деген сөз.

Тәрбие-бұл педагогикалық құбылыс. Олай болса педагогикалық құбылыстар мен процестер арасындағы байланыс мәселелерін қарайық. Бұл жерде кебір заңдылықтарды атауға болады.

1. Тәрбие қоғам мұқтаждығына және жағдайына байланысты. Неғұрлым қоғамның әлеуметтік экономикакалық мүмкіншілігі өскелең өмір талабына сәйкес дамып отырса, соғұрлым жастардың келешегіне, адамгершілік қасиеттерінің дамып қалыптасуына игі әсер етті.

Тәрбие әдісі – тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланыс іс - әрекеттерінде оқушылардың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына бағытталған педагогикалық жұмыс тәсілдері.

Тәрбие жұмыстарының әдістері тәрбиенің мақсатына, принциптеріне және мазмұнына, балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне, олардың тәрбиелік дәрежесіне байланысты. Тәрбие әдістері тәрбие жұмысының мақсаттары және мазмұнымен анықталады, ал мақсат әдістің бас ерекшелігі.

Әдістерді іске асыру барысында тәрбиеші оқушыларға педагогикалық ықпал жасайтын тәрбиенің тәсілдері мен құралдарын да қолданады.

Тәсіл әдістің құрамды бөліктері, әрбір әдістің тәсілдері болады. Мысалы, үйрету мен жаттықтыру әдістерінің тәсілдері нұсқау, көрсету, машықтандыру, тапсырма т.б.

Тәрбие құралдарына іс - әрекеттерінің түрлері, көрнекі құралдар, көптеген коммукация құралдары, педагогикалық ықпал жасау құралдары (мұғалім, ата – ана, ересек адамдардың сөзі, олардың өнегесі т.б.) жатады. Тәрбие мақсаты жемісті болу үшін осы құралдарды тиімді пайдалану қажет.

Оқушы тұлғасы қалыптасуының басқарылуын қамтамсыз ету – тәрбие нің негізгі құралдарын толық және тиімді пайдалана білу. Адам еңбектің, танымның, қарым – қатынастың субьектісі ретінде іс -әрекет барысында қалыптасады. Педагогикалық тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылса, тұлғасы қалыптасып келе жаиқан адмның негізгі іс - әрекет түрлері құралдары болып табылады.

Қазіргі кезде тәрбие әдістерін жіктеудің ІІ – ден астам түрлері бар. Герцен соның ішінде Т. Е. Конникова, Г. И. Шукина және А. С. Сластеник жасаған тәрбие әдістері жіктеуінде бірізділік байқалады. Бұл жіктеу мектептерде қолданылып келеді.

Герцен атындағы Санкт -Петербург мемлекеттік педагогикалық институтының ғалымдары (Т. Е. Конникова, Н. И. Шукина) жасаған тәрбие әдістерін жіктеу 3 топқа бөлінеді.

Бірінші топ - тәрбиеленушілердің іс - әрекеттеріндегі, қарым – қатынгасындағы, міәнез – құлқындағы жағымды тәжірибені қалыптастыру әдістері: талап, қоғамдық пікір, үйрету, жаттықтыру, арнайы тәрбиелік ситуация.

Екінші топ. Жеке адамның санасын қалыптастыру әдістері (ұғым, байымдау – пікірін айту, баға беру, сендіру). Бұл топтың әдістері саяси, этикалық әңгіме, әңгімелесу, пікірталас, лекциялар, өнеге.

Бұл әдістердің балалар санасына ықпал жасауда маңызы өте зор. Осы тұрғыдан балаларды өмірдің, еңбектің қоғамдық нормасыны қатыстыру қажет, ал бұл балалардан осы нормалар жөнінде білімді, байымдауды, баға беруді талап етеді. Бұл жағдай жеке адамның өмірлік позициясын, яғни көзқарасын сипаттайды.

Үшінші топ – мадақтау және жазалау әдістері. Өткізілетін тәрбиелік шаралардың сапасын және тиімділі арттыру үшін, кеде, адамгершілік тәрбиесінің әдістері көмектесуді қажет етеді. Бұл жағдайда мадақтау және жазалау әдістері пайдаланылады. Мадақтау тәрбиеленушіні іс - әрекетінде және мінез – құлқында белсенділікке ынталандырады. Жазалау - баланы өзінің теріс мінездері үшін ұялиады, оның теріс қылықтарын тежейді.

Сонымен, Санкт – Петербург педагогикалық институтының ғалымдары жасаған тәрбие әдістерінің жіктеуінде ең алғашқы рет баланың адамгершілік санасы мен мінезі туралы анықтамалар берілген.

Мектеп өмірінде В. А. Сластенин жасаған тәрбие әдістерін жіктеу ойдағыдай қолданылуда. Бұл жіктеуде тәрбие әдістерінің ІІ тобы қарасытырылады.

Бірінші топ. Жеке адамның санасын қалыптьастыру әдістері: әңгіме, лекция, пікір – талас, өнеге.

Екінші топ. Қоғамдық, мінез – құлық тәжірибесін қалыптастыру және іс - әрекетті ұйымдастыру әдістері: педагогикалық талап, қоғамдық пікір, тапсырма, жаттықтыру, тәрбиеленуші ситуация.

Үшінші топ. Іс - әрекетін және мінез – құлықты ынталандыру әдістерә: жарыс, мадақтау, жазалау.

Төртінші топ. Бақылау, өзін - өзі бақылау және тәрбиеде өзіне - өзі баға беру әдістері: педагогикалық бақылау, әңгіме, сұрау (анкета, ауызша т.б.), қоғамдық пайдалы іс - әрекеттерінің нәтижелерін талдау, балалар ұйымдастыруының тапсырмаларын орындау.

Тәрбие әдістерінің мақсаты оқушыларды адмгершілік көзқарасқа сендіре білуге, жеке және қоғамдық өмірдегі мінез – құлық нормаларын меңгеруге үйретеді.

Тәрбие әдістерінің көмегімен оқушылардың әр түрлі іс - әрекеттері ұйымдастырылады, мақсатқа сәйкес бағытталады, олардың адамгершілік тәжірибесі байыййды; екіншіден, тәрбие әдістерінің көмегімен оқушылардың дүниеге көзқарасы қалыптасады, олар қоғамдық өмірге қатысады, тәрбиенің әлеуметтік мақсаты іске асырылады.

Барлық тәрбие әдістері бір – бірімен өзара байланысты, өзара тәуелді. Ешбір әдіс тәрбиенің универсальды құралы бола алмайды. Барлық тәрбие әдістері бір – бірін толықтырады. Мысалы, оқушыларды әдептілікке тәрбиелеу үшін көбінесе үйрету әдісі қолданылады дедік. Егер ұжым адамгершілік мораль элементтерінің ұғымдарымен таныс болмаса жеке адамның сапасын қалыпьастыру әдістетін (әңніме, әңнімелеу, пікірталас, лекция т.б) пайдалану керек. Бұл ситуацияда пікірталас және әңгіме әдістерінен гөрі, этикалық тақырыптарға әңнімелесу немесе лекция әдістерін қолдану өте қолайлы. Егер оқушылар ұғымының адамгершілік нормасы жөнінде белгілі түсініктері болса, онда пікірталас немесе этикалық әңнімені қолданған жөн. Осы әдістері бойынша адамгершілік нормасы туралы сөз ету, оқушыларға өз бетімен қорытынды шығаруға дұрыс баға беруге, теріс көзқарастарды сынай білуге көмектемкен жөн.

Әдістердің бірлігі тәрбие жұмысына игі әсер етеді, балалардың білімін, іскерлігін және дағдысын тереңдетеі; қоғамдық өмірге, еңбекке баулиды, адамгершілік тәдірибесін байытады; жалпы мәдениеттелік, ой - өрісін кеңейтеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет