Мазмұны Кіріспе ҚазЕжӨШҒзи орналасуы, ауданы



бет1/5
Дата19.05.2022
өлшемі57.95 Kb.
#457697
  1   2   3   4   5
климат КИЗ (1)


Мазмұны
Кіріспе
1.ҚазЕжӨШҒЗИ орналасуы , ауданы
1.1.Шаруашылықтың ұйымдастырушылық-экономикалық сипаттамасы: негізгі өндірістік бағыты
1.2.Шаруашылықтың климаттық жағдайы , топырақ жамылғысы
2.Шаруашылықтағы егіс көлемінің құрлымы
2.1.Жоңышқа дақылының морфологиялық – биологиялық ерекшеліктері
2.2.Жоңышқа дақылының сорттары
2.3.Жоңышқа дақылының өсіру технологиясы
2.4.Топырақ өңдеу жүйесі
Қорытынды


Кіріспе
ҚР ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестициялар көлемі 21,1%-ға артып, 25,5 млрд теңгені құрады, деп мәлімдеді ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева.
«2016 жылдың бірінші тоқсанында ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы көлемі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,9 %-ға артып, 317,8 млрд теңгені құрады. Аталмыш өсім мал шаруашылығы өндірісі өнімінің 3%-ға артқаны есебінен қамтамасыз етіліп отыр. (303,6 млрд теңге)»,-деді Г.Исаева.
Осыған байланысты оның айтуынша ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестициялар көлемі 21,1%-ға артып, 25,5 млрд теңгені құрады.
Қазіргі таңда Қазақстанның оңтүстік,шығыс және батыс облыстарында көктемгі дала жұмыстары жүргізіліп жатыр. Астық 963,4 мың гектарға, майлы дақылдар-586,1 мың гектарға, көпжылдық шөптер-190,8 мың гектарға, бақша дақылдары-160,2 мың гектарға, картоп-84,3 мың гектарға,қант қызылшасы-10,1 мың гектарға және мақта 90 мың гектарға егілген.
Г.Исаева биыл ауыл шаруашылығы дақылдары егілген алаң 21,6 млн гектарды құрағанын атап өтті. Астық дақылдары 15,2 млн га, майлы дақылдар -1,9 млн га, жем-шөп млн га, көкөніс-бақша дақылдары мен картоп- 411 мың га егілді.


ҚазЕжӨШҒЗИ орналасуы , ауданы
«ҚазЕжӨШҒЗИ» жауапкершілігі шектелген серіктестік Қазақстан ауыл шаруашылығы салаларында ғылыми зерттеу жұмыстарын жүзеге асырады және олардың нәтижелерін өндіріске енгізумен айналысады. Институт Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның тау бөктерлік-далалық аймағындағы Алматы облысы, Қарасай ауданы, Алмалыбақ ауылында орналасқан. Егіншілік және өсімдік шаруашылығы саласы бойынша республикамыздың оңтүстік-шығыс өңіріндегі ірі ғылыми орталық болып табылады. Мекеме бұрынғы академик В.Р.Вильямс атындағы Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтының орнына құрылған. Ол 2002 жылдан бастап Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министірлігі жүйесінде жұмыс істейді, 2007 жылдан “ҚазАгроИнновация” акционерлік қоғамының жетекші ғылыми институты, ал қазір Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты деп аталды. Институттың құрамында 14 бөлім мен зертхана бар, мұнда 297 адам, 216 ғылыми қызметкер, оның ішінде 185 ғылым докторы мен кандидаты, 3 ҚР ҰҒА академигі және 11 ҚР АШҒА академигі жұмыс істейді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет