ШаруашылықТЫҢ табиғи және климаттық жағдайы



бет1/7
Дата20.04.2024
өлшемі2.56 Mb.
#499348
  1   2   3   4   5   6   7
курсовой жож







МАЗМҰНЫ







КІРІСПЕ......................................................................................................

4

I.

ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ ТАБИҒИ ЖӘНЕ КЛИМАТТЫҚ ЖАҒДАЙЫ




1.1.

Шаруашылық туралы жалпы мәліметтер………………………………

5

1.2.

Табиғи жағдайлар………………………………………………………..

5

1.3.

Климаты…………………………………………………………………..

5

1.4.

Рельеф және топырақ түзуші жыныстар ………………………………

7

1.5.

Жер үсті және жер асты сулары………………………………………...

8

1.6.

Өсімдік жамылғысы……………………………………………………..

9

1.7.

Топырақ…………………………………………………………………..

9

II.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ




2.1.

Ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді есепке алу…………….

14

2.2.

Ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді бағалау………………..

16




ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………

19




ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР …………………………………..

20


КІРІСПЕ

Жерге орналастыру – мемелекеттің жер саясатын іске асырудың, жер қатынастарын реттеуге, жерді тиімді пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға арналған жер заңдарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар жүйесінің маңызды құралы болып саналады.


Жерге орналастыру – мемлекеттегі жер қатынастарын, жерді пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға бағытталған іс-шаралар жүйесі. Жерге орналастыру жұмыстары: жерді аймаққа бөлудің республикалық, облыстық және аймақтық жобалары мен жер ресурстарын пайдалану, жақсарту және қорғау бағдарламаларын әзірлеуді; жер пайдалану ісін жолға қою мен ретке келтіру жөнінде шаруашылық аралық жобалар жасауды; жер учаскесіне меншік құқығына және жер пайдалану құқығына құжаттар дайындауды; орналасқан жерінде елді мекендердің шекарасын анықтау мен белгілеуді; әкімшілік аумақтық құрылымдардың, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және жерді пайдалану мен қорғаудың ерекше жағдайлары бар басқа да жер учаскелерінің шекараларын белгілеуді; бүлінген жерлерді жаңғырту мен жаңа жерді игеру жобалары жатады.[]
Сондай-ақ, жерді пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да жобаларды әзірлеуді; жерді есепке алу ісін жүргізуді, пайдаланылмай жатқан, ұтымды пайдаланылмай жүрген немесе нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмай отырған жерде анықтауды; топографиялық, геодезиялық, картографиялық, топырақтық, геоботаникалық және басқа да зерттеу мен іздестіру жұмыстарын жүргізуді; жер ресурстарының жай-күйі мен пайдаланудың кадастрлық және тақырыптық карталары мен атластарын жасауды; жер-бағалау жұмыстарын жүргізуді қамтиды.[6 ]
Жерге орналастыру атқарушы органдардың шешімі не меншік иесінің, жер пайдаланушылардың өтініші бойынша жүргізіледі. Мемлекеттік меншіктегі жерден жеке меншікке немесе жер пайдалануға жер учаскелерін бөлуге, сатуға және бағалауға байланысты жерге орналастыру жұмыстары, сондай-ақ, әкімшілік-аумақтық құрылымдардың шекараларын белгілеу, жер кадастрын жүргізу және жерді есепке алу жөніндегі жұмыстар мемлекет тарапынан ғана жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының жер заңдарында, жерге орналастыру жер қатынастарын реттеуге, жердің тиімді пайдаланылуын және қорғалуын ұйымдастыруға бағытталған шаралар жүйесі ретінде сипатталады. Бұның нәтижесінде қолайлы экологиялық жағдай қалыптасып, табиғи ландшафттар жақсартуға тиісті. Жалпы алғанда, қабылданған заңдар мен актілер− жер қатынастарын, жер иелену мен пайдалануды реттеуші негізгі, ал жерге орналастыру өкіметтің және оның атқарушы органдарының осы актілерді жүзеге асыру жүзеге асыру жөніндегі тұрақты құралы болып табылады.[8]
Жерге орналастыру жобасы - територияларды ұйымдастырудың жаңа түрлерін жасау, оларды экономикалық, техникалық және периодтық негіздеу саласындағы жерді тиімді пайдалану және қорғауды қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет